Мұғалім Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «ХХI ғасыр көшбасшысы» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
ХХI ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата- бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты көтеру, халқымыздың аса бай рухани қазынасы – ана тілімізді ардақтау.
Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру әр азаматтың парызы.
Сондықтан ортамызға бүгінгі сайыскерлеріміз келіп отыр. Олар тілді сүйемін, білемін, үйренемін, ойға түйемін деген мақсатпен ойындарын бастамақшы.
Мақсаты Оқушыларды өз тілдерін аялауға шақыра отырып, адалдыққа және білімділікке баулу. Білімдерін пайдалана білуге үйрету.
Барысы Ұйымдастыру кезеңі. 6А, 6Ә сыныптарын ойын барысымен таныстыру. Әр топтан екі топ басшы сайлау. Топ басшылар өздерін таныстыра кетеді.
Аты- жөні.
Алдына қойған мақсаты.
Ұнататын пәндері.
Бос уақытын қалай өткізеді?
«XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
- Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы шығып отырады.
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
4 - кезең: «Жорға»
Негізгі бөлім:
- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.
1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, бірлеріңе сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!
1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
11. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 - дің қосындысы 60 - қа тең.(х+50=60 х=10)
12. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
14. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)
15. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)
16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
19. Тамырлар сөзін сөз құрамына талда
20. а+35қай түріне жатады? (санды өрнек)
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
3. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
4. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.
(ит – собака - dog)
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
- Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.
20 ұпай: Шоқан туралы көп жазған балалар жазушысы? (с. Бегалин)
20 ұпай: Үш кесіндіден тұратын фигура. (Үшбұрыш)
20 ұпай: 0 ондық 3 бірлік пен 5 бірліктің қосындысы?
30 ұпай: Тыңайту дегеніміз не?
30 ұпай: Лондон олимпиадасында неше алтын алды?
30 ұпай: Жазылуы бір, мағынасы әртүрлі сөз деген не? Мысал келтір.
40 ұпай: Үй тапсырмасына 24 сөз жазуға берілді. Әсел оның 10 сөзін оқыды. Әсел енді неше сөз оқуы керек?
40 ұпай: Қ. Р. Ұлтаралық тілі?
40 ұпай: Көкжиектің негізгі тұстарын ата?
4 - кезең: «Жорға»:
- Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1. Үш би?
2. Қ. Р. Президенті?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Сөйлем неден құралады?
6. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?
7. Төрт түлік малды ата?
8. 1 сағатта неше минут бар?
9. Өсімдік тіршілігіне не қажет?
10. «Үлгілі бала» кітабының авторы кім?
11. 1 дм неше см?
12. Жуан дауыстыларды ата?
13. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
14. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы кім?
15. Астанамыз қай қала?
16. Ұя салмайтын құс?
17. Абайдың әжесі?
18. Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады?
19. «Байлық пен ақыл» ертегінің қай түріне жатады?
20. 5 ондық пен 3 бірліктің қосындысы неге тең?
1. Орман дәрігері?
2. «Қартқожа», «Ақбілек» кімнің романдары?
3. 12 мен 5 - тің қосындысы неге тең?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеу?
5. Балықшы сөзінің түбірін тап?
6. Түйенің төлі қалай аталады?
7. Қосымша нешеге бөлінеді?
8. 12 ай неге тең?
9. Абайдың анасы?
10. 7 ондық 0 бірлік неге тең?
11. Шаршы қандай фигура?
12. Түбір сөз дегеніміз не?
13. Тіктөртбұрыштың қасиеті?
14. «Сұлба» деген не?
15. Ауаның негізгі қасиеті?
16. Буын дегеніміз не?
17. Сапарғали Бегалин қай жақта дүниеге келген?
18. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?
19. 1 метрде неше см?
20. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?
Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтау. Тақырбыбы: ХХІ, асыр көшбасшысы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып ой - өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйлелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрибелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: "ХХІ ғасыр көшбасшы" деген лента, әр пәннен "Қызықты деректерге арналған" сұрақтар. Ойншылар көтеретін номерлер. Оқушылардың сыныбы, топтардың жазылған алдарына қоятын қағаздар.
Сайыстын барысы:
1. Ойынның мақсатымен таныстыру.
2. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
3. Жеңімпазды анықтау.
4. Жеңімпазды марапаттау.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің ХХІ ғасыр көшбасшы аты сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.
Ойынның негізі шарты:
1 - кезең: Таныстыру
2 - кезең: Қазақ тілі, әдебиет пәндерінен сұрақтар қойылады.
3 - кезең: "Кім жылдам" тұрақты сөз тіркесі
4 - кезең:"Кім көп біледі" 2 - минут беріледі
5 - кезең: Мақал - мәтел, жұмбақтар сайысы
Ғылымның сырын ұғына Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік, Жеткізер сіздердей өренді Жеңістің мынау шыңына, - дей келе сайыскерлерге сәт - сапар тілейік.
1 кезең. Таныстыру «Тапқырлар» және «Ойшылдар» топ басшысы топтарын таныстырып өтеді.
2 - кезең: «Тапқырлар» тобына сұрақтар қойылады.
1. Омонимдер дегеніміз не?(Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа сөздер.)
2. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар, атап шық. (9. зат, сан, сын, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу, шылау, одағай)
3. Сан есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді? (Есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік.(6)
4. Сөз тіркесі дегеніміз не? (сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі дейміз.)
5. Жақты сөйлем дегеніміз не? (бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем)
6. Біріккен сөздер деген не? (екі немесе одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін сөз)
7. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді? (дара, күрделі)
8. Тұйық буын дегеніміз не? ( дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталады)
9. Қосымшаның қандай түрлері бар? (жұрнақ, жалғау)
10. Жалаң сөйлем дегеніміз не? (тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлем)
11."Менің атым Қожа" авторы кім? (Бердібек Соқпақпаев)
12."Бай баласы мен жарлы баласы" авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
13. Қырағықыз, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтаусар кездесетін ертегі. (Ер Төстік)
14."Оян, қазақ!" кітабының авторы (М. Дулатов)
15."Көксерек" шығарманың авторын ата. ( М. Әуезов)
ІІ кезең. «Ойшылдар» тобына сұрақтар қойылады.
1. Синоноимдер дегеніміз не? (мағыналары жақын, әр түрлі дыбысталады)
2. Қазақ тілінде қанша септік бар, атап шық. ( атау, ілік, барыс, табыс, жатыс шығыс, көмектес)
3. Сын есім мағынасына қарай қандай түрге бөлінеді? (сапалақ, өатастық)
4. Қос сөз дегеніміз не? (сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуы)
5. Жақсыз сөйлем дегеніміз не? (баяндауышытың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлем)
6. Қос сөздің қандай түрлері бар? (қайталама, қосарлама)
7. Етістік дегеніміз не?
8. Бітеу буын дегеніміз не? (дауыссыздан басталып, дауыссыздан аяқталады)
9. Туынды түбір деген не? (бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер)
10. Жайылма сөйлем дегеніміз не? (тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем)
11."Білім таппай мақтанба" авторы кім? (Абай)
12."Ереуіл атқа ер салмай" авторы кім? (Махамбет)
13. 8 ағасын іздеп шығатын ертегі кейіпкері? (Ер Төстік)
14. Қазақтың тұңғыш романы "Бақытсыз Жамал"
15."Маса" кітабының авторы. ( А. Байтұрсынов)
ІІІ - кезең: "Кім жылдам" Екі топқа бірдей сұрақтар қойылады. 1. Тас бауыр – мейрімсіз 2. Су жүрек - қорқақ
3. Айы оңынан туды - жолы болды.
4. Қыздың жиған жүгіндей - әсем, көрікті
5. Көзге ілмеу - байқамау
6. Аты жер жару - шулату
7. Мұзға отырғызып кетті - алдады
8. Қас қаққанша - жылдам
9. Қара жүрек - сұм
10. Бас ұру - өкіну
11. Жұмған ауызын ашпау - ештене айтпау
12. Бетінен от шықты - ұялу
13. Зәресі ұшу - қорқу
14. Жүрегі зу ету - шошып кету
15. Ауызына қақпақ болу - ауызын аштырмау
16. Көзді ашып - жұмғанша
17. Қолды болды
18. Жүрегі орына түсу
19. Ат ізін салмау
20. Көз қырын салу
ІҮ - кезең. "Кім көп біледі"
«Тапқыр»: Қ - әріпінен басталатын сөздер жазып шығады
«Ойшылдар»: С - әріпінен басталатын сөздер жазып шығады.
5 - кезең: Мақал - мәтелдің жалғасын, жұмбақтын шешуін табады. Бірінші «Тапқырлар» тобы сұрақтарға жаупа береді. Екінші «Ойшылдар» тоба жауып сұрақтарға береді
І - «Тапқырлар» тобына:
1. Кітап - білім... не? (бұлағы)
2. Байлықтың табысы... не? (еңбек)
3. Ат адамның... (қанаты)
4. Ел іші - алтын... (бесік)
5. Балалы үй.... (базар)
6. Аяғы жоқ, қолы жоқ.
Шиыр - шиыр жолы көп
Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді. ( қарындаш)
7. Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәні түсінуге жараған. (әріптер)
8. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күн)
9. Түсі аппақ қарадан да,
Жеңсең тәтті баладан да. (Қант)
10. Көк көлекті
Көлбен - көлбен етеді (түтін)
ІІ - «Ойшылдар»:
1. Ата - кеме, ана - (дария)
2. Отан үшін отқа түс - (күймейсін)
3. Елдің көзі - (елу)
4. Баяғы жартас.... (бір жартас)
5. Оқу кілті - (еңбек)
6. Ортасында шегесі,
Жіп - жіңішке денесі. (Қарындаш)
7. Қашсам - құтылмадым,
Ұстасам - қолыма тұрмады (Көлеңке)
8. Бес ін,
Бес іннің ауызы бір ін (Қолғап)
9. Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ. (Мысық)
10. Аттан биік,
Қойдан аласа. (Ер - тоқым)
Әділқазылар алқасы ойының қортындысын шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |