Мақсаты: Құрал-жабдықтар



Дата02.10.2023
өлшемі394.88 Kb.
#479545
Зертханалық жұмыс


Зертханалық жұмыс № 1

Тақырыбы: Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.
Қауіпсіздік ережесі:
1.Микроскоппен отырып қана жұмыс істеу керек. Оны үстелдің шетіне (5-8 см қашықтықта) орнықты етіп қояды. Жұмыс істеп болғанша микроскопты орнынан қозғамайды.
2. Қарайтын заттың дайын препаратын микроскоптың зат үстелшесі ортасындағы тесікке дәл келтіріп орналастырады.
3. Қозғалмалы айна арқылы заттық үстелшедегі препаратқа жарық түсірілуі тиіс (жарықтың түскен-түспегенін окулярға қарап бақылайды).
4. Бұрандамен зат анық көрінгенше көру түтігін ептеп қана жоғары немесе төмен қозғайды. Объективпен көретін заттың арақашықтығы мөлшермен 1 см-дей болғанда, зат анық көріне бастайды.
5. Жұмыс істеп болған соң микроскопты қабына салу қажет.
6. Микроскопты түрлі химиялық реактивтермен қатар қоюға болмайды, бөлек таза шкафта сақталады.


Жұмыс барысы:
1.Штативті (тұтқалы) ұлғайтқыш қол әйнек пен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау.

2. Микроскоптың бөліктеріің орналасуымен танысып қалай аталатынын білу.



3. Микроскопқа керекті құрал-жабдықтармен танысып, қалай пайдалану керектігіне зер салу.


4. Препарат дайындауды және оны микроскоппен қарауды үйрену (жаттығу).
Қорытынды:
Зертханалық жұмыс №2


Тақырыбы: Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепараттарын даярлау.


Мақсаты:
Қ ұрал-жабдықтар: микроскоп, аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.


Жұмыс барысы:
1.Пияз қабығының өңінен жасалған препараттың микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге салу, жасуша пішініне көңіл аудару.


2. Жеке жасушаның бөліктерінің атын жазып, оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.


3. Бөлме өсімдігі жапырағының жұқа көлденең кесіндісінен препарат жасап, жасыл пластидтердің пішіні мен түсіне көңіл аудару (жапырақтары түксіз өсімдіктер алынады). Тіпті жапырақ өңін азғана жұмсағымен сылып қараса пластидтер көрінеді.


Ескерту: Көрнекілікке қосымша кез келген бөлме өсімдіктері алынады (хлорофилді көру).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет