Альфред Бине фр. Alfred Binet; 1857 ж. 11 шілде 1911 ж



Дата11.02.2022
өлшемі13.56 Kb.
#455268
Альфред Бине


Альфред Бине (фр. Alfred Binet; 1857 ж. 11 шілде – 1911 ж. 18 қазан) – француз психологы, Париж университетінің медицина және заң ғылымдарының докторы, Франциядағы алғашқы эксперименталды психология зертханасының негізін қалаушы. Ол психологияда объективті зерттеу әдісін орнатуға ұмтылды.

Дәрігер және суретшінің жалғыз ұлы Альфред Бинет 1857 жылы 11 шілдеде Ниццада дүниеге келген. 1878 жылы Париждегі заң мектебін бітірді. Жоғары заң мектебінде оқып жүргенде Бинет психологияға қызығушылық танытты.

Тесттің алғашқы дамуы XIX ғасырмен байланысты. Тесттің теориялық және практикалық дамуына Француз дәрігері Ф.Бинэ үлкен үлес қосқан. Альфред Бине (1857-1911) Франциядағы эксперименталды психологияның және тестологияның негізін салушы болып табылады. 1889 жылы Сарбонда Франциядағы алғашқы эксперименталды психология лабороториясының негізін салды. XX ғасыр басында Симонмен бірге ақыл-ойы мен таным процестерінің даму деңгейін анықтайтын тест құрастырды. Сана және жеке адам патологиясы, ақыл-естің тежелуін, ойлау, ес процестерінің индивидуалды ерекшеліктері және т.б. мәселелерді өңдеумен шұғылданды.

Қазіргі кезде Стэнфорд – Бине тесті кеңінен қолданылады. Ол тест сөйлеудің даму деңгейін, қабылдауын, ес пен логикалық ойлау қабілетін бағалауға арналған шкалалардан тұрады. Бұл тест арқылы зерттелушінің ақыл-ойы мен психологиялық жасын анықтауға болады.



1904 жылы Францияда ақыл-ойы тежелген балалардың қабілетін анықтауға арналған А.Бине және Т.Симон тесттер жиынтығын ұсынды. Олар 1908 жылы «интеллектуалдық коэффициентін» анықтайтын шкаласын ұсынса, кейіннен ол кәсіби құндылығы бар тесттер қатарына жетті.

АҚШ-та Бине-Симон шкаласының кеңінен таралуына американ психологы К.Халл күш салды. Ол оқушылардың интеллектісін анықтауда тәжірбиелік зерттеу нәтижесі мен педагогикалық практика тиімділігі арасындағы байланыстың бар екендігін анықтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет