Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Талдыбұлақ ауылы, «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп мдшо» кмм педагог-психологы Алтай Ғалия Асқарқызына мінездеме



Дата10.11.2022
өлшемі15.29 Kb.
#464430
түріСабақ
мінездеме ғалия


Алматы облысы,
Кербұлақ ауданы,
Талдыбұлақ ауылы,
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп МДШО» КММ
педагог-психологы
Алтай Ғалия Асқарқызына
МІНЕЗДЕМЕ
Алтай Ғалия Асқарқызы 2012 жылдан бастап аталған мектепте қызмет атқарып келеді. Білімі жоғары, педагог-сарапшы. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып, атап айтсақ «Ең үздік жыл психологы» 3-орын және «Креативті психолог» номинациясы, Әдістемелік сандықша сайысынан 3-орынға иеленген және т.б мақтау қағаздарымен марапатталып, мақалаларын жариялап, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.
Педагогтың негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. 
Сабақ беретін өзін-өзі тану пәнінен және психологиялық тренингтер арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре отырып, оқушылардың қызығушылықтарын ойын, жаттығулар, дидактикалық материалдарды қолдану арқылы өткізеді. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды.
2020 оқу жылында ҚР «Өрлеу» біліктілікті арттыру шеңберінде «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми әдіснамалық негіздері» тақырыбында 72 сағ.бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды. Қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарына қатысып білімін арттыруда.
Сонымен қатар Ғалия мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол екі баланың анасы, аяулы жар. 
Ұжымда Ғалия Асқарқызы заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол!

Мектеп директоры: Ғ.Иманбекова


Анықтама
Берілді: Алтай Ғалия Асқарқызы 14.10.1993 жылы туылған. Ол «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы» КММ бойынша 05 ставка педагог-психолог және өзін-өзі тану пәнінің
мұғалімі болып жұмыс істейді.
Анықтама талап еткен жерге берілді.
Мектеп директоры Ғ.Иманбекова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет