Алға негізгі мектебінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жоғары спорт жетістіктері және салауатты өмір салты саласындағы жетістіктеріне насихаттау тақырыбында ақпан айында өткізілген іс- шараға мәтіндік есеп



Дата09.07.2016
өлшемі14.36 Kb.
#186081
Алға негізгі мектебінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жоғары спорт жетістіктері және салауатты өмір салты саласындағы жетістіктеріне насихаттау тақырыбында ақпан айында өткізілген іс- шараға мәтіндік есеп

2015-2016 ж
Ақпан айында жоспар бойынша іс-шаралар жоспарға сай өткізілді. Дене тәрбиесі мұғалімі О.Булатова күнделікті « Таңғы жаттығу » флешмобы жүргізілді. Мектеп оқушылары тегіс қатысып отырды. Сонымен қатар мерейтойға байланысты спорттық

іс-шаралар өткізілді. Оқушыларға жарыстың шарттары таныстырылды.Бұл жарыста түрлі қызықты эстафеталық ойындар болды.Оқушылар екі топқа бөлініп, топ бойынша өз тапсырмаларын бұлжытпай орындады. « Пирамида құрастыру », « Ракеткамен шарды алып жүру », «Секіртпемен жүгіру», « Допты ұяшыққа салу» ойын түрлері болды. Оқушылар өз шапшаңдықтарын, мықтылықтарын, күш-жігерін көрсете білді.Әділ-қазы алқасы ұпай санын беріп отырды. Жарыс өз мәресіне жетті.

Мектебімізде оқушылар арасында Абай оқулары өтті. Қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі А.Бекенова өткізді. Соның ішінде Аудандық Абай оқуларына І номинация « Өлең сөздің патшасы » бойынша 8-сынып оқушысы Тілеубаева Бегайым , ІІ номинация « Көңілім әнді сүйеді » 7-сынып оқушысы Бекенова Аружан қатысты.

Дене тәрбиесі мұғалімі О.Булатова « Әкем, анам, және мен » жанұялық жарыс өткізді. Бұл жарыста үш жанұя қатысты. әр жанұя өз ұранын, топ атынмен таныстырып өтті.

Сайыс екі бөлімнен тұрады: І бөлім «Жарысайық бәріміз », ІІ бөлім «Кім ұқыпты, кім шапшаң » Жарыс өте қызықты, әрі тартымды болды. Жанұялар өз өнерлерін аямады. Сайыс соңында жанұяларды мақтау қағаздарымен марапатталды.

Осы айда Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай 5-8 сынып оқушыларымен « Жыр алыбы- Жамбыл » атты кеш өткізілді. Кешті қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі А.Бекенова ұйымдастырып, өткізді. 7-8-сынып оқушылары слайд көрсете отырып, Жамбыл ақынның шығармашылығына тоқталып өтті. Бастауыш сынып оқушылары ақынның өлеңдерін айтып берді. 5-6 сынып оқушылары «Ән шашу » әнін орындады.



Мектеп директоры: Қ.Қауданова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет