Сабақты қорытындылау



Дата30.09.2022
өлшемі1.13 Mb.
#461667
түріСабақ
қмж 7 сынып жаңа


Сабақтың соңы

  1. Сабақты қорытындылау.

Семантикалық карта. Жеке жұмыс

Мұғалім сабақ мақсатына сәйкес сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылайды.



Физикалық шама

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем
бірлігі

Формула түрлендіру

Механикалық жұмыс













Қуат















Рефлексия. Қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы:

Механикалық жұмыс. Қуат.

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 «А»

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.3.1 – механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.3.7 – Қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру.

Сабақ мақсаты

  • механикалық жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын түсіну;

  • механикалық жұмыс пен қуаттың формуласын есептер шығаруда қолдана білу.

Бағалау критерийлері

  • Механикалық жұмыстың физикалық мағынасын түсінеді;

  • Механикалық жұмыстың орындалу шарттарын біледі;

  • Механикалық жұмыстың формуласын есептер шығаруда қолданады.

  • Қуаттың физикалық мағынасын түсінеді;

  • Қуаттың және жұмыстың формулаларын есептер шығаруда қолданады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сыныптағы білім алушыларды түгендеу.


2. Әр топ басшыларын сайлау.
Сұрақтар қою.

  1. Үйге келер кіріс

Бақ-береке, ырыс
Қарыныңды тоқ қылар
Болса егер —...... (Жұмыс)



  1. Сипаттайды жұмысты
    Тындырады көп істі
    Ол көп болса ширақсың
    Кімдер әлсіз, кім күшті? (Қуат)




  1. Физикалық шамалардың серіктері? (Өлшем бірліктер)

3. Үй тапсырмасын тексеру :
«QR cod» әдісі арқылы өткен сабаққа шолу жасап өту.

  1. Архимед заңы дегеніміз не?

  2. Қатынас ыдыстар дегеніміз не?

  3. Паскаль заңы дегеніміз не?

  4. Архимед заңының формуласын көрсет.

  5. Қатты денелердегі қысым формуласын көрсет.

  6. Паскаль заңының формуласын көрсет.




Топқа бөлініп қойған білім алушыларға жұмбақ жасыра арқылы: жұмыс, қуат, өлшем бірліктер. Топ басшысы сайланады.
Смартфон арқылы сұрақтарға жауап береді. Топ басшысы өз тобындағы білім алушыларды бағалап отырады.

Оқушылар белсенділігіне байланысты мұғалім бағалайды





Интербелсенді тақта және смартфон.


Презентация


Сабақтың ортасы

4.Жаңа білім.
Пәнге тән терминология:

Қазақша

English

Механикалық жұмыс

Mechanic work

Қуат

Power

Күнделікті өмірімізде жұмыс ұғымын жиі естиміз. Алайда физиологиялық жұмыстың физикадағы (механикалық) жұмыстан айырмашылығын аңғара алуымыз қажет.


Сабақтан кейін сіз «Мен бүгін көп жұмыс жасадым!» десеңіз, бұл – физиологиялық жұмыс болады.


Егер сіз бір нәрсенің орнын қозғалту кезінде оған күш түсірсеңіз, бұл – механикалық жұмыс болып саналады.

Денеге түсірілген күш нәтижесінде, дене өзінің орнын өзгертсе, осы дене механикалық жұмыс жасайды.



  • Механикалық жұмыс деп денеге әрекет ететін күштің осы күш нәтижесінде ауыстырған орнына көбейтіндісін сипаттайтын скаляр шаманы айтамыз.


А механикалық жұмыс
F денеге түсірілген күш
s орын ауыстыру
ХБЖ-дегі жұмыстың өлшем бірлігі 1 Н күш әрекеті нәтижесінде
1 м-ге орын ауыстырған дененің атқарған жұмысы 1 Дж (джоуль)-ге тең
Механикалық жұмыс жасаудың шарттары

  1. Денеге белгілі бір күш әрекет етуі қажет;

  2. Осы күш әрекетінен дене орнын ауыстыруы қажет;

  3. Түсірілген күш бағыты, қозғалыс бағытына перпендикуляр болмауы қажет.

Егер аталған шарттардың кез келген біреуі орындалмаса, механикалық жұмыс нөлге тең болады!




Бірдей жұмысты қайсысы тез орындайды?
Күтілетін жауап: Жұмыс техниканың көмегімен тезірек жасалады.
Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама – қуат деп аталады.
Қуат бірлік уақыттағы дененің жасаған жұмысын сипаттайтын скаляр шама.

Nқуат, [Вт] – Ватт
5. «СТО (сын тұрғысынан ойлау)» әдісі. Топтық жұмыс.
Тапсырма 1.
«Жұмыс» тобы: арбашаларды жүргізу арқылы «механикалық жұмыс» ұғымын түсіндіреді.


«Қуат» тобы: ойыншық машиналарды жүргізу арқылы «қуат» ұғымын түсіндіреді.


«Өлшем бірліктер» тобы: механикалық жұмыс пен қуаттың өлшем бірліктерін түсіндіреді және мысалдар келтіреді.


6. Жұптық жұмыс. Оқулықпен жұмыс.
Тапсырма 2


I жұп: Мәшине 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 секундта қанша жұмыс атқарады?



II жұп: Арбаға жегілген ат 400 Н күш жұмсап, оны 0,8 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғап келеді. Ат 1 сағатта қанша жұмыс істейді?

III жұп: Биіктігі 10 м сарқырамадан 2 минутта 50 м3 су құлап ағады. Су ағынының қуаты қандай?
IV жұп: Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?




Білім алушылар мұқият тыңдайды


Анықтамаларды,формулаларды дәптерлеріне жазып алады.

Білім алушылар жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады.
Механикалық жұмыс формуласы мен мысалдарын жазады.

Қуат формуласы мен мысалдарын жазады.


Екі топқа зертханалық құралдар беріледі. Сол құралдармен практикалық тапсырма көрсету арқылы жаңа тақырыпты қорғап шығады.


Дескриптор
Білім алушылар
- Практикалық тапсырманы орындап көрсетеді;
-Мысал келтіреді;
-Формуласын жазып түсіндіреді.

Әр топтан 2-2 білім алушыдан оқулықтағы 5,1 және 5,2 есептерді шығарады.


(136-138 беттер)
Дескриптор
Білім алушылар
-Есептің берілгенін жазады;
-Халық аралық бірліктер жүйесіне келтіреді;
-Формуласын жазады;
-Шешуін жазады.






Презентация

Презентация

Презентация

Презентация


Презентация


Презентация
Презентация

Презентация


Презентация


Презентация

Презентация




«Padlet» әдісі

Оқу тапсырмасы: Оқулықтан 5,1 және 5,2 есептер, (136-138 бет)

Білім алушылар интербелсенді тақтаға жауаптарын
жазады.
Білім алушылар «Padlet» платформасы арқылы сабақ бойынша кері байланыстарын жазады..

Оқушылар белсенділігі бойынша мұғалім бағалауы

Мұғалімнің бағалауы



Презентация


Смартфондар

https://padlet.com/asemaseitzhan/1qwbrdb42pyasmok





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?








Жұптар бір-бірін бағалайды.
Топтар бірін-бірі бағалайды.




Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет