Мазмұны 2 кіріспе 3 І бөлім мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері 8



бет1/6
Дата05.07.2016
өлшемі311 Kb.
#180187
  1   2   3   4   5   6


МАЗМҰНЫ


2

КІРІСПЕ 3

І БӨЛІМ МЕКТЕП ПЕН ЖАНҰЯ БІРЛІГІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8

1.1 Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұя бірлігінің педагогикалық негіздері 8

1.2Мектеп пен жанұя бірлігі - оқушыларды жан-жақты дамытудың бірден – бір құралы 14

ІІ БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДА МЕКТЕПТІҢ АТА-АНАЛАРМЕН БІРЛЕСЕ ЖҮРГІЗЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ 28

2.1 Мектеп пен жанұяның оқушыларды жан-жақты дамытуда бірлесе атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері 28

2.2 Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының формалары мен әдістемелері. 40

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ 49

ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 53



V ҚОСЫМШАЛАР 56

КІРІСПЕ


Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі кезеңде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Әлемдік бәсекелестік заманда әрбір адамның білім санасын, қабілеттілік деңгейін, іскерлік мүмкінділігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып отыр, яғни адамның білімі мен біліктілігі қазіргі заманда мемлекеттердің бәкесеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналды. Сондықтан көптеген елдер бәсекеге қабілетті қоғам үшін адам ресурстарын дамыту, әсіресе оның қабілетін арттыру сияқты арнайы бағдарламалар қабылдауға кірісті. Сондықтан да, үздіксіз білім беру жүйесінің басты міндеті – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл әлеуметтік педагогикалық міндетті орындау үшін тәрбие жұмысымен тікелей айналысушылардың жүргізетін тәрбие мазмұны қоғамның бүгінгі талабына сай болуы керек. Жалпы білім беруде мектеп өзінің міндетін толық атқару үшін, қоғамның оған қоятын әлеуметтік сұранысын ескере отырып, тәрбие мазмұнын жақсарту үшін мектеп пен жанұяның бірлігін қамтамасыз ету қажет.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымызбен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткенде қандай күйде көргіміз келеді» делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған. Демек, балаға дұрыс бағыт беретін үлкен мықты тәрбие ошағы – отбасы болып саналады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «...Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Бүгіннен бастап, ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген болатын. [1]

Өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу» - ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты міндеттердің ең бастысы. Осы тұста Мағжан Жұмабаев былай дейді: «Әрбір ел келешегіне қызмет етуге негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде салмақ. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл – ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Тарихты аз ғана болса да ақтарған кісі мұны біледі. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт». [2]

Келешек ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде, жаңа заманда көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматты тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі үдеріс болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ойшылдар мен ғалымдар өз үлестерін қосқан.

Отбасы тәрбиесі мәселелері Шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.Иассауи, М.Қашғари, классик педагогтер Я.Коменский, К.Ушинский, И.Песталоцци, қазақ ағартушылары Абай Құнанбаев пен Ы.Алтынсарин еңбектерінде, кеңес педагогтері В.Сухомлинский, А.Макаренко, Н.Крупская, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов және т.б. еңбектерінде кеңінен орын алады. Бүгінде отбасы тәрбиесі мәселелері қазақстандық ғалымдар С.Ғаббасов, Р.Қоянбаев, Г.Байделдинова, В.Лысенкова, Р.Төлеубекова және т.б. тарапынан зерттелініп келеді.

Ал мектеп пен жанұяның бірлігі мәселесі бойынша Гиппенрейтер Ю.Б., Дереклеева Н.И., Карнеги Д., Кипнис М. , Минияров В.М., Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А., Хухлаева О. еңбектерін атап көрсетуге болады. [3]

Біз зерттеу барысында мектеп пен жанұяның бірлігі негізінде оқушыларда жан-жақты тәрбиелеуде балалардың ерекшеліктерін, даму өзгешелігін зерттеген психолог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, оларды әлеуметтендіруде “әлеуметтік–педагогикалық” білімдермен, жұмыстар жүйесінің, ақпараттық көмектің қажетті екендігін көре алдық.



Бұл мәселенің нақты зерттелуіне келер болсақ, Б.Т.Лихачев, Е.В.Стребелова, Н.М.Михайлицкая, А.И.Прихожин, Н.Н.Толстыхтың және т.б. еңбектерін негізге алуға болады. [4]

Жоғарыдағы аталған ғалымдардың еңбектерін саралай келе, біз аталмыш мәселенің терең өз дәрежесінде зерттелмегенін айқындадық. Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігіне қойылатын қоғам талаптары; олардың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына қоғамның, жанұяның толық тартылмауы, көмек көрсетулері арасында; оқушыларды жан-жақты дамытудағы кәсіби біліктілік пен жеке адам ретінде тиімді іс-шаралар ұйымдастыру арасындағы мектеп пен жанұяның бірлесе жұмыс жүргізу ерекшеліктері мен қажеттіліктері арасындағы; қайшылықтарды ескере отырып, тақырыпты «Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі» деп таңдап алдық.



Зерттеу нысаны: Оқушыларды мектеп пен жанұяның бірлігі негізінде тәрбиелеу үдерісі.

Зерттеудің пәні: Мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекеті арқылы оқушыларды жан-жақты дамыту.

Зерттеудің мақсаты: оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігін теориялық тұрғыдан негіздеу, мүмкіндіктерін айқындау және практикада қолданыстағы олардың тиімді жолдарын белгілеу.

Зерттеудің міндеттері:

- оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігін теориялық тұрғыдан негіздеу;

- «оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі» ұғымының мәнін ашу;

- оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігінің мүмкіндіктерін айқындау;

- оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысын ұйымдастырудың практикада қолданыстағы тиімді жолдарын белгілеу;

Зерттеу әдістері:

Ғылыми-педагогикалық зерттеу тақырыптар бойынша философиялық психологиялық, педагогикалық, экологиялық-әдістемелік, ғылыми ізденістердегі әдебиеттерді теориялық талдау жасау, орта мектептердің оқу-әдістемелік қүжаттарын талдау, зерттеу мәселесі бойынша озық педагогикалық іс-тәжірибелермен танысып үйрену, талдау және қорыту; бақылау, сауалнама, әңгімелесу, педагогикалық модельдеу;



Зерттеу көздері:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы қарарлары, тұжырымдамалары, Қазақстан Республикасы « Білім туралы» заңы , мемлекеттік білім стандарты, оқу жоспарлары және бағдарламалары.

- философия, педагог, психологтардың ғылыми-әдістемелік еңбектері мен іргелі зерттеулері, озат тәжірибелі мұғалімдердің сабақтары.

Зерттеу базасы. Түркістан қаласы, №1 орта мектебі, М.Әбенова атындағы орта мектебі.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі мен маңыздылығы негізделді, жұмыстың мақсаты, объектісі, пәні анықталды, зерттеудің міндеттері мен практикалық маңыздылығы, зерттеу әдістері көрсетілді.

«Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми еңбектерге талдау жасалып, оқушыларды жан-жақты дамытудың педагогикалық негіздерінің қазіргі теориядағы және практикадағы жай-күйі зерделенді, үздіксіз білім беру процесінің тұжырымдамасының қалыптасу кезеңдері жіктеліп, мектеп пен жанұя бірлігі - оқушыларды жан-жақты дамытудың бірден - бір жолы мәселелері, «оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі» ұғымының мәні «оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі» ұғымының мәнін ашу маңызы айқындалды.

«Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектептің ата-аналармен бірлесе жүргізетін тәрбиелік жұмыстары» атты екінші бөлімде мектеп пен жанұяның оқушыларды жан-жақты дамытуда бірлесе атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері айқындалып, мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының формалары мен әдістері сарапталып, олардың тиімді жолдары белгіленді.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымы баяндалды, ғылыми-практикалық ұсыныстар берілді. Зерттеу проблемасына байланысты болашақтағы атқарылатын жұмыстың бағыттары белгіленді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет