Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін



Дата08.11.2022
өлшемі16.56 Kb.
#464231
Зерттеу през


Зерттеу жұмыстың өзектілігі тақырыбын қарастыру сәтті болуы үшін бұл зерттеу қазіргі қоғамның даму саласындағы ағымдағы жағдайды жақсартуға қалай көмектесетінін көрсету қажет. Алдымен тақырыптың маңыздылығын негіздеу керек, содан кейін ғана - оның негізгі мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу жұмыстың өзектілігін негіздеу сәтті болуы үшін автор қазіргі уақыт кезеңінде оның зерттеуінің мақсатын нақты не анықтайтынын шебер түсіндіруі керек. Студент қандай аспектілері әлі жеткілікті түрде зерттелмегенін және бұл олқылықты қалай толтыруға болатынын көрсетуі керек. Сондай-ақ қарастырылып отырған тақырып пен осы саладағы еліміздегі қазіргі жағдайдың байланысын айта кеткен жөн. Содан кейін, сіз бұл зерттеу мен оны жүзеге асыру жұмыстың тақырыбы байланыстырылған нақты объектінің де, тұтастай алғанда бүкіл елдің дамуына қалай ықпал ететініне назар аударуыңыз керек.
Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді. Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны.
Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.
Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
- Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
- Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
- Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);
- Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).
- Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
- Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».
3. Проблеманы қою және дамыту
- Педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау.
- Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау.
- Нақты пәндік зерттеуді анықтау.
- Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету.
- Тақырыпты нақтылау және ықшамдау.
- Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу.
- Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу үрдісі барысында нақтылау. 
Болжам жасау, не белгілі не білгісіз және нені шешу керектігін анықтау. Проблеманы шешу жолдарын көрсету.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет