- Параметрлік цикл немесе есептегішті цикл – қайталану саны алдын-ала белгілі болатын цикл.
- Осы құрылымның модификациялау блогында параметрдің айнымалысының өзгеру заңы көрсетіледі.
- Мұндағы:
- xo – параметрдің бастапқы мәні;
- h – қадам;
- xn – параметрдің соңғы мәні.
- Параметрлі циклдер құру үшін келесі ережелерді қолдану қажет:
- 1. Цикл параметрі, оның бастапқы және соңғы мәндері және қадамы бір типтес болуы тиіс;
- 2. Цикл денесінде параметр үшін бастапқы, ағымдағы және соңғы мәндерді өзгертуге тиым салынады;
- 3. Модификациялау блогына қатынас жасамай циклге кіруге тиым салынады;
- 4. Егер бастапқы мән соңғыдан үлкен болса, онда қадам теріс сан;
- 5. Циклдан оны аяқтамай шығуға болады, онда параметр айнымалы өзінің соңғы мәнін сақтайды.
- Массивтерді өңдеуге параметрлі циклдерді қолдану
- Массив – бір типті мәліметтерді сақтауға арналған тізбектелген құрылым. Массивтегі элементтер тізбектілігі индекстері бойынша жүреді. Индекс – элементтің тізбектік номері. Массив атауы (латын бас әріптері), мәліметтер типтері және өлшемі бойынша беріледі. Өлшем – массивтегі элементтердің мүмкін болатын максималды мәні. Бір уақыт мезетінде массивтің бір элементіне ғана қатынас жасауға болады. Ол үшін массив аты және жақша ішінде элемент индексі көрсетіледі.
- Массивтер:
- бір өлшемді (сызықты);
- екі өлшемді болып бөлінеді.
- Бір өлшемді массивтің математикадағы түп бейнесі вектор, ал екі өлшемді массивтікі матрица болып табылады.
- 1. Сызықты алгоритм дегеніміз не?
- 2. Тармақталған құрылымды алгоритм дегеніміз не?
- 3. Циклдық құрылымды алгоритм дегеніміз не?
- 4. Массивтер дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |