Алипбаева Г. А., Нурова А. К


Өз-өзін бақылау сұрақтары



бет25/38
Дата03.12.2023
өлшемі240.59 Kb.
#485256
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
дүниетану оқыту әдістемесі

Өз-өзін бақылау сұрақтары:


  1. Жұмыс дәптерінің ерекшеліктері

  2. Жұмыс дәптерлерінің түрлері

  3. Арнайы мектептерде дәстүрлі білімді тексерудің түрлері.

ТАРАУ 3 Арнайы мектепте қоршаған айналаны оқыту әдістері


Жоспары:


    1. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесін оқытудың сөздік әдістері

    2. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесін оқытудың көрнекі әдістері

    3. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесін оқытудың тәжірибелік әдістері



    1. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесін оқытудың сөздік әдістері


Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қол- данатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушы- ның ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжіри- бенің арасын жақындатады.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығарма- шылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі – дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестен- дірілген.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың таным- дық белсенділігі әртүрлі.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен бола- ды.Оқытудың мақсаты оқушының адамзат тәжірибесін игеруінде. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсіл, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділігі педагогикалық ынтымақтастыққа байланысты.
Оқыту процесінің нәтижесі ең алдымен оқушылардың оқыту әдістер- дің ұйымдастыруға тәуелді. Сондықтан, мұғалімдер оқыту әдістерін жетілдіру үінін әртүрлі тәсілдер колданылады.
Оқыту әдістері арнайы зерттеу негізінде топтарға бөлінді. Оқыту әдістерін әртүрлі белгімен топтастыруға болады. Мысалы, оқыту кезе- ніне байланысты жіктеуге болады.

  • білім алудың алғашқы кезеніндегі әдістер;

  • білімді бекіту кезеңіндегі әдістер;

  • дамыту әдістері.

Арнайы педагогиканың дидактикасы, жалпы педагогиканың әдістерін қолдана отырып, өзінің арнайы әдістерін ажыратады. Олар:

  • логикалық әдістер-бұл индукция, дедукция жолымен оқыту.

  • гностикалық әдістер – іздеуге байланыстырылған әдістер

  • репродуктивті әдістер – еске түсіру, қайталау әдісі

Бұл әдістер жалпы мектепте дербестілік жолымен болса, арнайы мектепте тек мұғалімнің жетекшілігімен ғана іске асырылуы мүмкін. Арнайы оқыту әдістерінің жіктелуі жалпы педагогиканың әдістерінің жік- телуімен бірдей. Ол жіктеу бойынша әдістер үш топқа бөлінеді.

  • сөздік әдістер тобы;

  • көрнекілік әдістер тобы;

  • практикалық әдістер тобы.

Бұлай топқа бөлудің білім алуда негізгі танымдық іс-әрекеттің жетекші жолы ретінде қарау болып табылады.
Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіндру, кітаппен жұмыс істеу. Әңгімелеу – мұғалім оқу материалын бір ізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Деректерге негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдалынылады. Әдетте, әңгімелеу, арнайы мектептің бас- таушы сыныптарда он, он бес, ал жоғарғы сыныптарда жиырма –жиырма бес минутқа созылады. Әңгімелеу әдісі көбіне әдебиет, тарих география сабақтарында пайдаланылады. Әңгімелеу оқыту процесінің әртүрлі ке- зеңінде пайдаланылады: кіріспе, оқыту, бекіту.
Әңгімелеу әдісіне қойылатын жалпы педогогикалық талаптар:

  • әңгімелеу мазмұны маңызды, оқу бағдармадағы тақырыпқа сәйкес болуы тиіс;

  • мұғалім әңгімелеумен бірге сурет, көрнекілік пайдалануы тиіс. Арнайы мектеп оқушыларының зейін ерекшеліктерін ескере отырып

  • әңгімелеу бір маңызды оқиға туралы болуы тиіс, сондықтан оқушы- ларды жиі сұрақпен алаңдатпау керек. Арнайы мектептерде әңгімелеуді ұжыммен бірге жүргізуге болады. Мысалы, әңгімелеудің басын мұғалім бастайды, ал оқушылар жалғастырады, бірақ оларға мазмұны таныс бо- луы тиіс. Қиын танымсыз сөздерді алдын ала талдап оқыту керек. Әңгі- мелеу аяқталған соң мұғалім оқушылармен қорытынды әңгіме жүргізуге тиісті, өйткені олардың толық түсінгедеріне толық сенімді болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет