«Бекітемін»
______________
Мектеп директоры
1. Сабақтың тақырыбы: Кіріспе.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Бастапқы әскери даярлық» сабағының мақсатымен таныстыру.
3. Уақыты: 45 минут.
4.Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі, 10 сынып
5.Өткізілетін күні:
6.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы
7.Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 10 мин.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт беруді, амандасуды, түгендеуді, оқушылардың сырт көрінісін тексеруді көрсету,түсіндіру.
б) Негізгі бөлім – 25 мин. Кіріспе сабағы. ҚР-ның «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы»заңдары және ҚР Үкіметінің 2006 жылғы «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» № 449 қаулысы.
КІРІСПЕ.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде қызмет ету–оның әр азаматының міндеті. Бұл – бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде әскери қызметшілерге білдірген халықтың сенімі.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір егемен елдің, оның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деп көрсетеді: «Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз–аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету».
Елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету – бүкілхалықтық іс, сондықтан қазақстандықтарға жаңа мұраттар негізінде білім мен тәрбие беру міндет. Олар қазақстандық патриотизм, көп ұлтты Отанына деген сүйіспеншілік, еліміздің қауіпсіздігі мен гүлденуіне деген жеке жауапкершілікті сезіну.
Қазіргі уақытта, армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтануына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделенді. Қысқа мерзімде қазіргі қаруды меңгеру, өзіңнің Отаныңның лайықты қорғаушысы болу - күрделі іс; сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны ҚР мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуға тиіс. Орта оқу орындарында «Алғашқы әскери дайындық» курсын меңгеру жастарға ҚР ҚК-нің қатарында қызмет етуге дайындалуына көмектеседі.
Оқушылардың алғашқы әскери даярлығы мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
-
оқушылардың ҚР Конституциясының ережелерін, мемлекет қорғанысының негіздерін білу;
-
ҚР ҚК-нің тағайындалуын, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, әскери қызметтің мәнін, әскери анттың, ҚР ҚК Жарғыларының негізгі талаптарын түсіну;
-
әскери бөлімдердің қару-жарағымен және әскери техникасымен, жеке құрамның орналасуымен, өмірімен танысу;
-
қажетті әскери білім мен практикалық дағдылар алу;
-
төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздерін меңгеру.
ҚР Үкіметінің 2006 жылдың 24 мамырындағы «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлау және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» №449 қаулысына сәйкес, әскери білім беру, меншік түріне қарамастан,еліміздің барлық орта білім беретін оқу орындарында жүргізіледі.
ҚР-ның 2005 жылғы 7 қаңтардағы «ҚР-ның қорғанысы мен ҚК туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Келісімшарт бойынша әскери қызмет туралы» заңдарына сәйкес, жастарды әскери қызметке даярлау ісі ҚР Үкіметінің басшылығымен орталық және жергілікті өкімет органдары арқылы жүзеге асырылады.
«Алғашқы әскери дайындық» барысында оқушылар ҚР ҚК-ндегі әскери қызметке шақырылған кезде әскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімде бейімделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы меңгеруі үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез-құлық орнықтылығын қалыптастыруға тиіс.
1992 жылдың 7 мамыры ҚР ҚК-нің құрылған күні болып қабылданған.
«Алғашқы әскери дайындық» оқулығы төмендегідей тараулардан тұрады: тактикалық дайындық; атыс дайындығы; саптық дайындық; атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру; Қарулы Күштер ҚР егемендігінің күзетінде; ҚР ҚК-нің әскери жарғылары; әскери топография; азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері.
Взвод және бөлімше командирлерін тағайындау,олардың міндеттерін түсіндіру.
в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- «Бастапқы әскери даярлық» сабағының мақсаты қандай?
-
«Бастапқы әскери даярлық» сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сәйкес жүргізіледі?
-
«Алғашқы әскери дайындық» оқулығы қандай бөлімдерден тұрады?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________
Достарыңызбен бөлісу: |