«Шипагер «медицина колледжі Дәріс Тақырыбы: Жүрек физиологиясы
«
Лекцияның жоспары - Қанайналым жүйесі туралы жалпы түсінік
- Қан айналымының шеңберлері
- Жүректің құрылысы
- Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
5.Жүректің өткізгіш жүйесі Қанайналым жүйесі туралы жалпы түсінік - Қанайналымы жүйесі қанды қан тамырларына айдайды және оның үздіксіз түрде ағысқа айналуын қамтамасыз етеді
- Қанайналымы жүйесі жүрек пен қанайналымының үлкен және кіші шеңберінен тұрады
- Жүрек биологиялық насос есебінде қызмет атқарады,соның ,қан, тамырлар жүйесімен тасымалданып отырады
Қанайналымының үлкен шеңбері Қанайналымының үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан шығатын қолқадан басталады Қан қолқадан артерияларға одан әрі капиллярларға жетеді Қан құрамындағы оттегі ұлпаларға, ұлпалардағы көмір қышқыл газы қанға өтеді де, артериялық қан вена қанына айналады Вена қаны капиллярлардан жіңішке венулаларға, веналарға, жоғарғы және төменгі венаға жетеді де, жүректің оң жүрекшесіне құйылады.Сонымен қанайналымының үлкен шеңбері аяқталады Қанайналымының кіші шеңбері Қанайналымының кіші шеңбері жүректің оң қарыншасынан шығатын өкпе сабауынан басталады Өкпе сабауындағы қан көмір қышқыл газға бай веналық қан. Бұл қан артериялар арқылы өкпе көпіршіктеріне қарай өкпе капиллярларына жетеді, қандағы көмір қышқыл газ өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де веналық қан артериялық қанға айналады Артериялық қан әр өкпеден төрт вена арқылы ағып,сол жүрекшеге құйылады. Қан айналымының шеңберлері
Жүрек – көкірек қуысында орналасқан, қан айналымының орталық мүшесі
Жүректің құрылысы
Жоғарғы қуысты вена
Аорта
Оң жақ құлақша
Оң жақ қарынша
Сол жақ қарынша
Сол жақ құлақша
Өкпе артериясы
Күретамырлар
Достарыңызбен бөлісу: |