Өкпе және өкпе аурулары



бет1/4
Дата27.12.2022
өлшемі25.36 Kb.
#467985
  1   2   3   4
Өкпе


Өкпе және өкпе аурулары
Өкпенiң (pulmo) ауасүзгiш бөлiмi сыртқы тыныс алу қызметiн-екi орта (сыртқы, iшкi) арасында ауа алмасуын iске асырып, құрылым-қызмет бiрлiгi-өкпе ацинустарынан (acinus pulmonaris) тұрады. Әр ацинус диаметрi 0,5 мм жуық ауасүзгiш ауатамыршаларынан, өкпе көпiршiктерi жолдарынан және қапшықшаларынан, қан, лимфа тамырлары, дәнекер ұлпа және жүйкелермен байланыстағы өкпе көпiршiктерiнен тұрады.
Ауасүзгiш ауатамыршалар (bronchiolus respiratorius) бiр қабатты куб тәрiздi эпителиймен төселген. Ол Клара, жеке кiрпiкшелi жасушаларынан тұрады. Қабырғасында жайпақ жасушалардан құралған өкпе көпiршiктерi болады. Онда ауа алмасуы жүреді. Дистальдi бағытта өкпе көпiршiктерiнің саны артады, куб тәрiздi эпителиймен астарланған аралары азаяды.
Өкпе көпiршiктерiнiң жолдары (ductuli alveolares) ауасүзгiш ауатамыршаларынан тарамдалады, ал қабырғалары өкпенің көпiршiктерiнен құралады. Олардың арасында жүзiк тәрiздi бiрыңғай салалы бұлшық еттің шоғырлары орналасады.
Өкпе көпiршiктерi қапшықшаларын (sacculi alveolares) көпiршiктер жолының дистальдi жиегiнде жиналған өкпенің көпiршiктерi түзедi. Қапшықшалардың тарамданатын бөлiмi кiреберiсi (atrium) деп аталады.
Өкпе көпiршiктерi-дөңгелек құрылымдар, диаметрi 200-300 мкм, жайпақ эпителиймен төселген, сырты өте қалың қылтамырлар торымен қоршалған. Оның эпителийiн екi түрлi жасушалар құрады. Бiрiншiсi-жайпақ, пiшiнi дұрыс емес, жiңiшке цитоплазмасында тұрақты қосындылар нашар дамыған, пиноцитоз көпiршiктерiнің саны өте көп, ауа-қан тосқауылы құрамбөлiгiнiң бiрi, өзара тығыз байланысады, улы заттарға өте сезгiш жасушалар, оларды ауасүзгiш-бiрiншi типтi деп атайды (136 суреттi қара). Екiншiсiн-үлкен, түйiршiктi немесе екiншi типтi деп атайды. Бiрiншiдегiдей саны көп, алғашқы жасушалардың арасында жеке және ұсақ топ (2-3) құрып орналасады, куб тәрiздi пiшiндi, секреторлы, тұрақты қосындылары жақсы дамыған, диаметрi 1-2 мкм осмий сүйгiш түйiршiгi тақташа денешiктер сақтайды. Түйiршiктер iшiндегiсi бөлiнiп, альвеола эпителийi бетiнде беткi-белсендi зат қабатын құрады, ол липопротеид негiздi - сурфактант заты.
Сурфактант мына қызметтердi атқарады: ұлпа сұйығы жұқа қабығының керу бетiн төмендетедi. Бұл қабық альвеолалар жасушаларының бетiн жабып тұрады. Тыныс алуда альвеола жазылуын қамтамасыз етiп, қабырғаларының жабысуына бөгет болады; iсiнуге қарсы тосқауылды қалыптастырады. Ол iшкi жасушалардан альвеоланың кеңiстiгiне сұйықтық бөлiнуiн тежейдi; бактерияларды жояды; иммунитет бiрқалыптылығын сақтайды; альвеолалар жемiр жасушаларының белсендiлiгiне түрткi салады. Сурфактант газды өткiзедi, ауа-қан тосқауылы құрамына кiредi.
Сурфактант жатырдағы даму соңында өндiрiлiп, төлдеу алдында қалыпты тынысты қамтамасыз ету үшiн өкпеде болады. Сурфактант болмаса немесе тапшылығы байқалса, тыныстың жеткiлiксiздiгi дамиды. Сондықтан ұрық жетiлуiн бағалау үшiн амнион сұйықтығындағы сурфактанттың деңгейiн анықтайды.
Өкпе (Pulmones, лат. pulmo – өкпе) — адам мен жануарлардың тыныс алу мүшесі. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлінеді әрі тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді онымен қоса оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршіктер сияды. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы – 2680'120. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюы, ақуыз, май және көміртек алмасу процестеріне қатысады. Көп кездесетін өкпе аурулары: өкпе қабынуы, өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, т.б. Өкпе омыртқалалардың эволюциялық даму барысында девон кезеңінде тіршілік еткен сауытты және саусаққанатты балықтарда, ал палеозойда – қостынысты балықтарда пайда болды. Кейбір құйрықты қосмекенділерде (мысалы, өкпесіз саламандрда) өкпе болмайды. Қазіргі кезде тіршілік ететін қостыныстыларда, қосмекенділерде, кейбір бауырымен жорғалаушыларда (гаттерия, жармасқы) газ алмасу жүретін бір бөлікті өкпенің үстіңгі беті дәнекерұлпалы-бұлшықетті перде бөлетін ұяшықтар немесе көпіршік түзілістер есебінен ұлғаяды. Кесірткелер мен жыландарда перделер күрделіленіп ұзарады. Тасбақа, келестерде, негізінен қолтырауындарда күрделіленген перделер көп бөлікті өкпе түзеді. Құстардың өкпесі тығыз, оны ауамен ауа қапшықтар жүйесі толтырады. Сүтқоректілердің өкпесі кеуекті, майысқақ, сондықтан да оның көлемінің ұлғаюы өкпе ішіндегі шеміршекті қаңқа мен тегіс бұлшық еттің дамуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет