Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
8
жат-
қан Үйсін, Дулат, Жалайыр, Қаңлы тәрізді көптеген салты мен дәстүрі бір
рулармен бірігіп, қазақ деген ел болсақ деп талпынған-ды. Осы кездегі бүкіл
Дәшті Қыпшақтың ханы Әбілқайыр өз ордасын қазақ даласына тіксе де,
жаулап
алған жерлері сол Мауреннахр, Соғды, Қорасан жағы болғандықтан көңілін көбіне
осы тұсқа аударған. Солардан қыз алып, Орда салтын да көбіне Мауреннахр елінің
әдет-ғұрпына қарай көшіре бастаған.
Қарамағындағы көшпелі елдерге алым-салықты көп салып, оны тек бөтен
жұртты шабатын әскерге жұмсап, халықтың күйін нашарлатып жіберген. Және өзі
Дәшті Қыпшақтың даласынан көрі Мауреннахр шаһарларының бірін хан Ордасы
етуді дұрыс көрген. Бұның бәрі көшпелі Дәшті Қыпшақтың асау жыл-
қы тәрізді, арда руларын ханнан шошытуға айналған. Өзінің шаруашылығын,
дәстүрін, салт-ғұрпын, бәрін түбі Мауреннахр тұрғын елінің дегеніне қарай
айналдырғысы келетінін сезген Дәшті Қыпшақ
тайпалары енді Әбілқайырдан
іргесін әрі салуды ойлаған. Осы тілектің туын көтерген басты адам — Жәнібек
сұлтан. Әрине, Жәнібектің бұл қылығы Әбілқайырға ұнамайтын. Орыс ханның
ұрпақтарының ел арасын былай қобалжыта бастауы тек өздері хан болғылары
келуден деп қана түсінетін Дәшті Қыпшақ әміршісі алдымен Жәнібекті құртуды
көксеген. Ал бұл көкейкесті арманның түбі халықта жатқанын ол аңғармаған.
Халыққа тек импрам
1
деп қарайтын Әбілқайыр,
сонау апай төс, жүнді балақ
батырлардың артында рулары барын, ал ел деген мағына осы руларда екенін
есепке алмайтын. Ханның ұғымы бойынша бұл импрамдарды сұлтандар
басқарады. Тек сол сұлтандармен тіл тапса болғаны. Сондықтан Әбілқайыр Орда
маңына қазақтың Қаптағай, Бөрібай, Қарақожа секілді ерлігі үшін әр ру аттарын
ұран ғып көтерген аңғал
батырлардан көрі, өзі тәрізді, дәулеті шалқыған сұлтан,
әмір, хакімдерді жинайтын.
Әбілқайырдың ойынша осылармен тіл тапса, болғаны. Ал, тіл табу үшін хан
қандай тәсіл қолданса да, Жәнібек пен Керей көнбей-ақ қойған. Бұл сұлтандар
күннен-күнге араларын ханнан алыстатып бара жатқан. Арғын мен Қыпшақтың да
қазір екі бөлінуінің түп себебі де осы екеуінің хан Ордасына деген ала көздігінен
туған.
Ел билеу! Бұл — мансапқор жанның ұлы тілегі. Кенет Әбілқайырдың есіне
Шыңғыстың ел билеу жөнінде балаларына айтыпты-мыс деген қағидасы түсті.
Ұлы хан жаулап алған жерін төрт ұлысқа бөліп, төрт баласына беріпті. Сол
мәжілісте әкесінен өсиет естігісі келген үлкен ұлы Жошы: «Ұлы мәртебелі, әлем
әміршісі, хан қандай болу керек?» — деп сұрапты. Шыңғыс: «Хан
халқының
көңілін табу үшін ақылды, ал халқы оның көңілін табу үшін тақымды болуы
керек», — деп жауап беріпті.
Шыңғыстың екінші баласы Жағатай: «Ханды қайткенде халқы сыйлайды?» —
деп сұрапты. Шыңғысхан: «Халқың сыйласын десең тағыңнан түспе», — деп
жауап беріпті.
Шыңғысханның үшінші баласы Үгедей: «Хан қайткенде тағынан түспейді?» —
деп сұрапты. Шыңғысхан: «Маңына өзінен ақылы төмен, бірақ құлқы өзіндей
адамдарды жинай білсе, сол хан тағында ұзақ отырады», — деп жауап беріпті.
1
И м п р а м — көне түркі тілі, тобыр.