Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
10
Шыңғыс тұқымы, бұл жолы қасара қалады. Жәнібекпен, түбі бірге от жағып, түтін
түтете
алмайтынын сезген хан, қызын беруден үзілді-кесілді бас тартты. Бірақ
жауабын тікелей айтуға, Тоқай Темір ұрпағын біржолата шамдандырып алармын
деп ойлайды да, «Жақсы, ойланып көрелік, шешімін күз қыстауға қайтқанда
естірсіңдер» дейді Керейге. Ханның бергісі келмей отырғанын түсінген Керей
намысқа шауып, Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімнің бетінің ашылып қалғанын
алыстан тұспалдап сездіреді. Енді қызының абыройы үшін Жәнібекке бергенің
дұрыс деген сыңай білдіреді. Қызының мұндай күйге
ұшырағанына намыстанып
қалған хан, сырттай сыр бермей:
— Жақсы, жауабын күз қыстауға барған соң аларсыңдар, — дейді жаңағы сөзін
қайталап, сазарған қалпында, Керей кеткеннен кейін, дәйекші Инелікті жіберіп,
шымшып алар еті жоқ, қан-сөлсіз сұп-сұр боп қатып қалған Құрыбай жан
алғышты шақыртып алады.
— Менің қызым Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегім бабалары заңы бойынша «қан
төгілмей» өлуге тиісті! — деді оған.
«Қан төкпей» өлтіру — ақ кигізге орап, екі жағынан бұрап тұншықтырып, не
аяғы мен басын артына қайырып, бел омыртқасын сындырып өлтіру. Көне монғол
ғұрпында бұл жеңіл өлім.
Ертеңіне Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімді бабасы Жошы ажал тапқан көне
монғол әдісімен емес, басқа тәсілмен: жүрегіне қанжар салып өлтіріп кетеді. Бұлай
өлтіру кімнің ісі екенін білсе де жұрт үндемейді.
Хан жарлығы екенін сезіп,
жұмған ауыздарын ашпайды.
Қызын құрметтеп қойып, жетісін бергеннен кейін, хан тағы Құрыбайды
шақыртып алып:
— Ертең аңға шығамыз. Жаныңа екі-үш сенімді адамыңды ерт. Жәнібек сұлтан
да Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегім ажалымен өлуге тиісті, — деп бұйы-рады.
Бұл жолы Құрыбай жан алғыш жалт береді. Жәнібекті өлтірсе жауапсыз
кетпейтінінен қорқады.
— Менің қай уақытта аңға шығатынымды білетін сұлтандар сезіктеніп
қалулары мүмкін, — деген ол, — бұ жолы аңға шықпауға, хан ием рұқсат етіңіз...
Менің орныма туған інім Сарыбай барсын...
Өз басын
пәледен аман алып қалғысы кеп, туған інісін қауіпке қиып тұрған
қасқыр мінездес Құрыбайдың қылығына Әбілқайыр хан езу тартып күлген. Иә,
хан маңайына өзіне керек адамдарды тарта білген. Бабасы Шыңғысханның
Жағатайға айтқан ақылын құрандай бекер жаттап алмаған екен. Хан тағының
амандығы, міне, осындай құлқы өзі тектес жандармен сақталады. Бұлар барда,
Әбілқайыр да бар.
— Болсын, — деген ол, — тек не істейтінін Сарыбайға дұрыстап түсіндір.
Ал Жәнібек ханның мезгілсіз кезде, қызының мынандай жан түршігерлік
айуандық әдіспен қаза тапқан шағында, аңға
шығуының болашақ бір қанды
оқиғамен байланысты екенін айтпай-ақ түсінген. Оның үстіне Әбілқайыр Жәнібек
пен Керей сұлтанға «Менімен бірге аңға шықпай ма екен?» — деп арнаулы кісі
салған.
Хан аңға шығарда Орда маңындағы сұлтан, әмір, батыр, билерге хабар беру
ежелгі салт. Жәнібек бұдан күдіктенген жоқ. Оның күдіктенгені ханның аңға
мезгілсіз уақытта шығуы мен басқа бір себеп еді. Сұлтан астыртын тіл алып көрсе,
соңғы кезде Әбілқайырға қырғи қабақтана бастаған бекзадалардан ешкім