Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»



Дата06.06.2024
өлшемі4.92 Mb.
#502370
түріСабақ
5 сынып«Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Сәйбек қарттың әңгімесі

Пәні: қазақ әдебиеті 5-сынып Бөлім: «Адамгершілік - асыл қасиет» Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Сәйбек қарттың әңгімесі

«Бұл кім» ойыны Берілген үзінділерді оқи отырып, кейіпкерлердің сөзін сәйкестендіріңіз.


Үзінді

Кейіпкерлер

1. Аузымды түтінге толтырып, алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп, ала кеп түсті... жер –дүние төңкеріліп бара жатты.

Майқанованың сөзі

2. Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады.

Жантастың сөзі

3. Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай жайыңа жүрсең болды. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім көтермейді.

Сәйбек қарттың сөзі

4. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойынымда оның тиын емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр.

Қожаның сөзі

5. – Немене, жолдама алдың ба?

Анасы Милләттің сөзі

Дескриптор:
- өткен тақырыптарды қайталап, еске түсіреді;

Анықтама бұрышы:


Сюжет дегеніміз – өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.
Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері де, яғни, бастамасы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегіне жетуі, шешімі немесе аяқталуы болады.
Фабула дегеніміз – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау, әңгімелеу.

1-тапсырма. Кестеде көрсетілген іс-әрекеттерді кейіпкерлермен сәйкестендіріңіз. (графикалық органайзер тәсілінің “Сәйкестендіру” кестесі.


Дескриптор:
  • Үзіндіден кейіпкер іс-әрекетін оқиды;
  • Кейіпкермен сәйкестендіреді:

Кейіпкер

Шығармадан үзінді

Ахметов

- Қара көже, мынаның не екенін білесің бе?

Сәйбек қарт

- Сені мектеп өмірі тойдырды ма? Ендеше, неге қоймайсың тәртіпсіздікті!

Қожа

Бар, әне, шақырып жатыр. Әй, сотанағым.

Жантас

Майқанова содан сабаққа екі күн келмеді. Шошынып ауырып өалыпты. Жұмысқа бүгін ғана шығып отыр

Анасы Милләт

Ал, екіншіден, ең әуелі біз лагерге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз

Майқанова

Қу жалғыз, сенің-ақ күйігіңді тартып өлетін болдым ғой. Осы сен не болып барасың, күннен күнге? Бұл не сұмдық?

Сәйбек қарт

Келесі сабақта қайссың бақа ұстап әкелесіңдер?

Оспанов ағай

Әй, Қожа. Сенің әкең марқұм азамат еді ғой. Оған тартсаң, директор түгілі, одан үлкені боласың.

2-тапсырма. «Оқиғалар тізбегі» ойыны. Бұл тапсырмада шатасқан оқиғаларды рет-ретімен орналастырып, жазыңыз.


Дескриптор:
  • оқиғаларды ретімен орналастырады;
  • Сюжеттің дамуын сипаттайды;
  • Сәйбек қарт пен Қожа
  • Қожаның кешірім сұрауы
  • Ақымақ иттер
  • Галифе шалбар киген Ахметов
  • Мектепке жол тартқан анасы мен Қожа

3-тапсырма. Бекіту тапсырмасы.

  • Сәйбек қарттың әңгімесі Қожаға қалай әсер етті? Неліктен?
  • Қожа Сәйбек қартпен не үшін әзілдесті? Қожаның үлкен кісімен әзілдесуі дұрыс па?

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,…»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын…»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім…»
Дескриптор:
- тақырып туралы өз ойын жазады;
  • тақырыпты түсіну сөйлемін жазады;
  • өз көзқарасына шығармадан дәлелдер келтіре алады;
  • тақырып бойынша қорытынды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет