Алмасай ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті жерлестер! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстар жайындағы есебі»



Дата23.02.2016
өлшемі92.82 Kb.
#2540
Алмасай ауылдық округі әкімінің 2012 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Құрметті жерлестер!
Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы № 1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстар жайындағы есебі» туралы Жарлығына байланысты 2012 жылы атқарылған жұмыстар туралы сіздердің алдарыңызда есеп беруге рұқсат етіңіздер.

Ауылдық округінің әкімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35- бабында белгіленген құзырлығындағы міндеттер негізінде атқарады.

Құқықтық жағынан ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының керекті заңнамалармен, басқа да нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілген және қызмет барысында осы құжаттарды басшылыққа алады.

Сонымен қатар, жұмыс регламенті, жылдық және айлық жоспарлар, ауылдық округі әкімінің Ережесі бойынша өз жұмысын жүргізеді.



Ауыл шаруашылығы
Ауылдық округ аумағының жалпы ауданы 28 989 га құрайды. Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлердің көлемі 19 171 га. Оның ішінде егістік жерлердің көлемі – 3755 га, жайлымдар –12 653 га. Округ аумағында 116 шаруа қожалығы тіркелген. Шаруа қожалықтары негізінен мал шаруашылығымен айналысады.

2012 жылы егістік алқабы 2120,6 га құрады,оның ішінде арпа- 40 га, картоп- 2 га, көконіс- 0,5 га, көпжылдық шөптер- 2078,1 га. Округ тұрғындары өткен жаз және күз мезгілдерінде 6 рет облыстық ауылшаруашылық өнімдерін саудалау жәрменкесіне қатысты. 1500 кг ірі қара мал еті, 640 кг қой еті, сүт өнімдері: сары май, қаймақ, ірімшік, құрт сатылды. Округ аумағында тіркелген шаруа қожалық басшыларымен бөлінген жерді тиімді және мақсатты түрде пайдалану туралы мәселе азаматтық жиындарда бірнеше рет көтерілді.

Ауылдық округте екі елді мекен бар. Жалпы тұрғындар саны -1565 адам.

Б. Өтепов ауылы бойынша – 495, Алмасай ауылы бойынша- 1070 адам.

Округ бойынша 329 аула бар, оның ішінде Алмасай ауылында- 226 аула,

Б. Өтепов ауылында -103 аула.

2013 жылдың 1 қаңтарына 2502 бас ірі қара мал, соның ішінде сиыр- 1126 бас, 5093 бас ұсақ мал, 758 бас жылқы, 66 бас түйе , 1240 бас құс тіркелген.

2012 жылы 6127 центнер ет, 32444 центнер сүт, 86 центнер қымыз, 133 мың дана жұмыртқа өндірілді.

2012 жылы ветеринарлық алдын алу іс-шаралар жоспары бекітілген мерзімде 100 пайызға орындалды. 2012 жылы аса қауіпті мал аурулары тіркелген жоқ. Жоспарға сәйкес малдарға ветеринарлық төлқұжат беріліп, құлағына сырға салынып, компьютерлік қорға енгізілді.
Кәсіпкерлік
Жалпы округ бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны 25 адам. Соның ішінде 8 дүкен, 1 дүнгіршек, екі мектеп жанындағы асхана жұмыс жасауда. Бағаларды тұрақтандыру мақсатында дүкен иелерімен 10 пайыздық сауда қосымшалар бойынша меморандумдар жасалған.

2012 жылы қыркүйек айында жеке кәсіпкер Саят Муликов «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 2 млн. тенге несие алып, бұрыңғы шағын наубайханасының жұмысын қайта жандандырып, нан өнімдерін дайындау ісін қолға алды. Наубайхана нан пісіруге лайық барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі таңда күніне 250-300 бөлке нан пісіріп, жергілікті екі дукенге және Қасым Қайсенов, Айыртау елді мекендерін ыстық нанмен қамтамасыз етеді. Нанның бағасы -50 теңге.

Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында Алмасай ауылында аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шығыс Самғау» жауапкешілігі шектеулі серіктестігі бірнеше рет «Шығыс Қазақстан облыстық тұрақтандыру қорының» жәрменкесін өткізді. Толайым бағалары бойынша қант, күріш, кұнбағыс майы, картоп және т.б. ауылшаруашылық өнімдері сатылды. Осы іс-шара өткізілгені үшін ауыл тұрғындары ұйымдастырушыларға риза болып, алғысын білдірді.
Бюджет
2012 жылы Алмасай ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметіне және әлеуметтік сұрақтарды шешуге 6 млн 285 мың теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражат әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысы, электркуат, байланыс қызметінің шығындарына, қызметтік көлікті пайдаланумен жөндеу жұмыстарына және кеңсе тауарларын алуға қарастырылған.

Округ аумағының санитарлық жағдайын қамтамасыз ету үшін 150 мың теңге, аббатандыру және көгалдандыруға 150 мың еңге бөлінді. Бұл қаражатқа ауылдардағы қоқыс төгетін орындардың маңайлары тазаланды. Көшеттер мен ағаштар отырғызылып, гүлзарлар салынды.

Бюджеттен бөлінген қаражат 100% игерілді.

Келесі жылға округтің әкімі аппаратының қызметіне 8 млн. 037 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр.

2012 жылы теңге – 29574 теңге мүлік салығы, 73731 теңге жер салығы жиналып тапсырылды, біржолғы талонның жоспары 100 %-ға орындалды.
Әлеуметтік қорғау
Округ аумағында зейнеткерлер саны 146 адам, мүгедек адамдар саны 40 адам, бала жасынан мүгедектер саны 2 адам, тыл еңбеккерлерінің саны – 29 адам, «Алтын алқа» иегерлерінің саны – 23 адам, «Күміс алқа» иегерлерінің саны – 13 адам.

2013 жылдың 1 қаңтарына аудандық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде

4 адам тұр. Жыл ішінде 37 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Екі жоғары оқу орнын бітірген жас маман әкім аппаратынан жастар тәжірибиесінен өтті. Тұрақты жұмысқа орналасқандардың саны 8 адам. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 8 адам қайта даярлау курстарында «жүргізуші», «іс жұргізуші», «есепші», «тракторист-машинист» мамандықтары бойынша оқып шықты.

Мемлекеттік атаулы көмек 1 отбасына, жалпы сомасы 30000 теңге, балаларға арналған жәрдемақы 16 отбасына, жалпы сомасы 81550 теңге құрады. Жалғызбасты зейнеткерлерге, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларына берілетін тұрғын үй жәрдемақысы 4 отбасына берілді.

Өткен жылы Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 4 өтініш берушілерге материалдық көмек бөлінді. Жалпы соммасы 30000 теңге. Ұлы Отан соғысының ардегерлеріне 9 Мамыр Жеңіс күніне, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерелеріне және көпбалалы аналарға 8 Мамыр халықаралық әйелдер күніне, 1 маусым балалар куніне материалдық көмек бөлінді.

2012 жылы аудан бойынша берілген разнарядка негізінде «Ұлан таңы» газеті 30 тұрғынға, «Егемен Қазақстан» газеті 4 адамға, «Казахстанская правда» газеті – 1 адамға, «Дидар» газеті - 6 адамға, «Рудный Алтай» газеті-1 адамға тегін жазылу көмегі көрсетілді.

«Туған жерге тағзым!» акция аясында округтен шыққан кәсіпкерлерімен 2 млн. 100000 мың теңгеге 5 меморандум жасалынып, орындалды. Жеке кәсіпкер Нукасов Казбекпен жасалған меморандум арқасында Алмасай ауылының мәдениет үйінің ғимараты тегін коммуналдық меншікке аударылды.

Округтегі жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету үшін 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Оның міндетінде 7 жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсету бекітілген. Ол пәтер тазалығын, дәрі-дәрмекпен, керек – жарақпен қамтамасыз етуі, су әкелу, құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын атқарады. Әлеуметтік қызметкер ауылдық медициналық пунктімен тығыз қарым – қатынаста жұмыс істейді.


Білім саласы
Алмасай ауылдық округі аумағында 2 білім беру мекемесі жұмыс атқаруда. Алмасай ауылындағы Абай орта мектебінде жалпы оқушылардың саны -129. Мектепке дейінгі топта– 11 бала.

2012 жылғы 12 қараша күні Абай орта мектебінің жаныңдағы «Ақбота» шағын орталығының екінші тобының ашылу салтанаты өткізілді. Мерекелік іс-шараға аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілдері, жергілікті әкімшілік мамандары, ауыл тұрғындары және ата-аналар қатысты.

Жөндеу жұмыстарына және құрал- жабдықтар алу үшін «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 824000 теңге қаражат бөлініп, игерілді. Тағы да 25 кішкентай алмасайлықтар жарық және таза мектепке дейінгі мекемеге баруға мүмкүндік алды. Қосымша тағы да 5 жаңа жұмыс орны ашылды.

2012 жылы мектепті 13 оқушы бітірді. Ұлттық тестілеу қортындысы бойынша орта балл – 72,3 % құрады . 2012 жылы жоғары оқу орындарына грантқа 7 түлек, ақылы оқуға 2 түлек түсті.

Абай орта мектебінде 28 мұғалім жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңда пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі жоқ.

17 км. елді мекенінен мектепке дейін 12 оқушы тасымалданады. Мектептің автобусы күніне 3 рейс жасайды. Техникалық қамтамасыз етілген жағдайын айта кетсек, орта мектепте 4 компьютер және 16 ноутбукпен жабдықталған 1 мультимедиялық, 1 физика кабинеті бар. Бір компьютер интернет желісіне қосылған. Компьютерлік сынып жоқ.

Жыл сайын жазғы демалыс уақытында оқушылар мектеп жанындағы учаскеде көкөніс өсірумен айналысып, жазғы лагерлерде демалды. Оқу жылы бойы бастауыш сынып оқушылары және аз қамтылған отбасының балалары (47 бала) тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Орта мектепте волейболдан, баскетболдан, үстел теннисінен, еркін күрестен спорттық секция жұмыс атқарады. Қатысатындардың саны 86 оқушы.

Абай орта мектебінің ауласына 1 миллион 500 мың теңге құрайтын хоккей корабшасы салынды. Бұл жоба «Алмасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және Өскемен қаласындағы «NS trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бастығы Даулет Бейсембаевич Адылбековпен жасалған меморандумы арқылы жүзеге асты. Құрылыс жұмыстары Қайрат Бабахановтың басшылығымен жұргізілді.

Б. Өтепов ауылындағы Амангелді негізгі мектебінде жалпы оқушылар саны-43, мектепке дейінгі топта- 10 бала. Шағын орталыкка 10 бала барып жұр. Бастауыш сыныптың оқушылары және аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары, барлығы- 13 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. 8 компьютермен жабдықталған информатика кабинеті бар, 2 компьютер интернет желісіне қосылған. Амангелді негізгі мектебінде 15 жоғары және арнаулы орта білімдері бар мұғалімдер жұмыс атқаруда.

Мектепте сыныптан тыс футболдан, тоғыз- құмалақтан, дойбыдан, үстел теннисінен, қол күрестен спорттық ұйірмелер жұргізіледі. Барлығы қатысатын оқушылар саны- 30.
Медициналық қызмет
Алмасай ауылдық округі бойынша медициналық құралдармен жабдықталған екі медициналық пункт бар. Онда үш орта білімді медбике халыққа медициналық қызмет көрсетеді.

Медициналық пунктер медициналық құралдармен жабдықталған және салауатты өмір салтын сақтау жөнінде ақпараттар мен жас аналарға арналған бұрыштар орналастырылған. Алмасай ауылындағы медициналық пункт ғимараты қыс мезгілінде электр қуатымен, ал Б.Өтепов ауылындағы медициналық пункті отын және көмірмен жылынады, қосымша медициналық пуктке екі теплофон қойылды.


Инфраструктура
Округ тұрғындары телефон байланысымен, электр қуатымен, әкелінетін газбен қамтамасыз етілген. Байланыс абоненттерінің саны Алмасай ауылында 182 адам, Б.Өтепов ауылында 2012 жылы 56 абонентке жетті.

Алмасай ауылына кіреберіс 7 км. асфальт жолдың шұнқырларын жабу және пучиндық учаскесін жөндеу жұмыстарына 1 млн. 200 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Құқықтық қорғау
Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын – алу бойынша 1 учаскелік полиция инспекторы жұмыс атқаруда. 2012 жылы учаскелік полиция инспекторіне Алмасай ауылынан қызметтік пәтер сатып алынып, коммуналдық меншікке аудару жұмыстары жұргізулуде.

Учаскелік полиция жаныңдағы қоғамдық кеңес 2011 жылы қыркүйек айынан бастап жұмысын жасауда. Қоғамдық кеңестің отырысы қажеттілігіне орай, тоқсанына 1 реттен кем емес өткізіледі. Қоғамдық кеңес мүшелері өз отырыстарында жүйелі түрде спирттік ішімдіктерді пайдаланып жұрген ауылдастарының, ұрлық жасаған жасөспірімдердің тәртіптерін қарап, талқыға салды. Жыл қортындысы бойынша Алмасай ауылдық округінің учаскелік полиция жаныңдағы қоғамдық кеңес мүшелелері жақсы жетістіктер үшін облыстық ішкі істер бөлімінің басшысы атынан ақшалай сыйлықтарына ие бодды.

Учаскелік полиция қызметкерінің профилактикалық есебінде 42 адам тұр. Оның ішінде бұрын сотталғандар – 4 адам, шартты түрде сотталғандар – 6 адам, созылмалы алкоголизммен ауыратын – 30 адам, есепте тұрған жасөспірімдер 2 бала.

2012 жылы Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексі негізінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 126 хаттама толтырылды, оның ішінде: отбасылық – тұрмыстық аясында құқыққа қарсы іс - әрекеттер жасағандары үшін – 6 адам, бұзақылық жасағандары үшін –7 адам, түнгі уақытта тыныштық сақтау ережесін бұзған үшін – 5 адам, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендері үшін – 5 адам, паспорттық режимін бұзғаны үшін – 33 адам, көріктендіру тәртібін бұзғандары үшін – 25 адам. Алкоголь өнімдерін шектен тыс пайдаланатын 2 адам мәжбірлеу тәртібімен емделуге жіберілді. 2012 жылдың 12 айы ішінде тұрғындардың арыз өтініштерін және құқықбұзушылық пен оқиғаларды тіркеу кітабында 27 факті, оның ішінде –13 қылмыс тіркелген, қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 10 ашылды.


Тұрғындардың өтініштерін қарау
2012 жылдың 12 айында округ әкімінің атына 11 тұрғыннан және 1 заңды тұлғадан арыз - өтініш келіп түсті. Өтініштер негізінде тұғын үй мәселесі, жер және жерді пайдалану мәселелері, санитарлық тазалық мәселелері жөнінде. Барлық арыз - өтініштер уақытында қаралып, жауаптар қайтарылды.

Округтің санитарлық тазалығын жақсарту мақсатында жыл көлемінде біршама жұмыстар атқарылды. Округте елді - мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу мақсатымен 2012 жылғы 1 сәуір - 1 -ші маусым аралығында Ұлан ауданының әкімдігі қаулысымен бекітілген екі айлық өткізілді. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалауды жүргізу үшін комиссия құрылып, іс – жоспары дайындалды және округтегі әр көшеге келісім бойынша жауаптылар тағайындалды. Негізгі мақсат - әр үй, аула, мекеме маңдарында тазалық орнатуды іске асыру. Әр аптаның бейсенбісі «Тазалық бейсенбісі» деп белгіленді. Тазалық жүргізу іс-шараларына ауылдық округ әкімшілігі, мектептер, шаруа қожалықтары, медициналық пункттердің ұжымдары түгел қатысты. Округте тазалық жұмыстарын жүргізу барысында аксакалдар, әйелдер алқаларының, ардагерлер кеңесінің, жастар бастауыш ұйымының мүшелері белсенділік көрсетті. Ақсақалдар алқасының мүшелерінің қатысуымен округтегі ауылдарда рейдтер жүргізіліп, ескертулер жасалды.



Округте өтетін мәдени іс-шараларды ұйымдастыратын 2 мәдени қызметкер өз жұмысын атқарады. 2012 жылы округте барлық маңызды мерекелерге, атаулы күндерге арналған іс – шаралар жоғары деңгейде өткізілді. Жыл көлемінде Жаңа жыл, 8 наурыз –халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, 9 мамыр Жеңіс күні, 1 маусым – балаларды қорғау күні, Конституция күні, Білім күні және тағы басқа да мерекелеріне арналған концерттік бағдарламалар, би кештері өткізілді. 1 қазанда қарттар мен мүгедектер күніне арналған «Көгілдір от» мерекесі өткізілді. Осы бүгінгі күнді пайдаланып, округте өткізіліп жатқан іс – шараларға үнемі демеушілік көрсетіп отырған шаруа қожалықтарының басшылары Мейрамгазы Сагатовқа, Адылхан Меирбаевқа, Жайдарбек Абильмажинов, Ақылбек, Еркинбек Аубакировтарға жеке кәсіпкерлер Алия Кыдырмолдинаға, Рысжан Жакежановаға, Жанат Еркебаеваға алғысымды білдіремін.
Назарларыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет