Алмасай ауылдық округінің 2009 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар ! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі»



Дата23.02.2016
өлшемі92.46 Kb.
#4395
Алмасай ауылдық округінің 2009 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі
Құрметті ауылдастар !
Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы № 1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі» туралы жарлығына байланысты 2009 жылы атқарылған жұмыстары туралы Алмасай ауылдық округінің әкіміне сіздердің алдарыңызда есеп беруге рұқсат етіңіздер.

2009 жылғы Алмасай ауылдық округі бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Ауылдағы атқарылып жатқан жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» жолдауынан туындап отыр. Округте «Ұлан жастары» бастауыш ұйымы, ақсақалдар алқасы және әйелдер кеңестері табысты жұмыс істеуде.

Алмасай ауылдық округінде үш елді мекен бар. Тұрғындар саны Алмасай ауылы бойынша- 927, Б. Өтепов ауылы бойынша- 491, 17 км. елді мекні бойынша -127. Барлығы- 1545 адам. Оның ішінде 175 зейнеткер, 857 жұмыс жасындағы, 234 оқушылар, 62 мектеп жасына дейінгі балалар. Жұмыспен қамтылған 538 адам, жұмыссыздар орталығында тіркелгендердің саны- 3 адам.

Округ бойынша бір орта, бір негізгі мектеп, екі фельдшерский пункт, 212 номерлі АТС, 7 дүкен, бір наубайхана, 114 шаруа қожалықтары тіркелген. Басты мақсат халықтың экономикалық- әлеуметтік жағдайын жақсарту.


Халықты әлеуметтік қорғау нышаны бойынша
Ауылдық округте күн көрісі төмен отбасылардың саны жылдан- жылға қысқарып келеді. Жылдан- жылға өндіріс орындары тұрақты жұмыс істеп, күннен-күнге жұмыс орындарының ашылуы айғақ. 2009 жылы ауылдық округ бойынша 57 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Тұрақты деп отырғаным барлық жұмысқа орналасушылар әлеуметтік жағынан қорғалған. Өкінішке орай көп жерлерде әлеуметтік жағдайды ескермей жұмыс жасауда, ол дұрыс емес. Азаматтардың барлық іс- әрекеттері заңды болуы қажет.

Жұмыспен қамтылмаған халықты кәсіптік қайта даярлау аудандық жұмыспен қамту бөлімі жұмысының негізгі бағыты болып табылады. Азаматтарды жұмыспен қамтудың бір тәсілі мамандыққа қайта оқыту немесе қайта жаңа мамандыққа даярлау, бұл бүгінгі таңда өмір талабы.

2009 жылы 7 азамат өз мамандықтарын қайта өзгертті.

Көп балалы аналарға, тұрмысы төмен азаматтарға 2009 жылы төмендегідей жәрдемақы төленді.

1. Адрестік әлеуметтік көмек 11 отбасы, жалпы сомасы 835 123 теңге,

2. Балаларға арналған жәрдемақы 56 отбасы, жалпы сомасы 162 000 теңгені құрады

Аз қамтылған отбасыларына және тұрмысы төмен отбасыларына қаржылай

заттай, өндірістері ілгері басқан азаматтардан 462 мың теңгенің көмегі көрсетілді.


Ауыл шаруашылығы
Ауылдық округ аумағының жалпы ауданы 28 989 га жерді құрайды, оның 19 171 га жер ауылшаруашылық құрылымдарына жалға берілген.

Ауылшаруашылық жұмыстарымен 2 өндірістік кооператив және 114 шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

2009 жылы төмендегідей ауылшаруашылық өнімдері өндірілген:

- ет.........................................5488 ц;

- сүт........................................32437 ц;

- жұмыртқа........................... 168 мың дана;

- жүн...................................... 198 ц.
Былтырғы жылмен салыстырғанға:

- ет.........................................109%

- сүт.......................................107 % өскен
2010 жылғы 1 қаңтарға түлік саны төмендегідей:

- ірі қара............................. 2 936 бас,

оның ішінде сиырлар...... 1189 бас;

-қой .....................................7850 бас;

- ешкі................................... 572 бас;

- жылқы.................................751 бас;

- түйе........................................56 бас;

- марал.....................................389 бас;

- шошқа.................................... 3 бас;

- құстар.................................1130 бас,

оның ішінде мекиен тауықтар 1130 бас;

мал басы былтырғы жылмен салыстырғында .

- ірі қара......................101 %

- қой.............................103 %

Мал басы қарқынды өсіп, «Дархан» шаруа қожалығы Бариев Б.Б селекциялық жұмыстармен шұғылдануда. 2009 жылы қойларына «байыс» тұқымдас, жылқысына асыл тұқымды қазақ жылқы малын өсіруші статусы берілді.

2009 жылы ҚР «Ветеринария туралы» Заңына өзгерістер еңгізу негізінде округте жеке кәсіпкер Адылхан Меирбаев мал сою алаңын ашып жұмыс жүргізіп жатыр. Мал соятын алаңның тұрған жері жеке қоршалды, асты бетондалды, суағары жасалынды, су мәселесі шешілді.

2009 жылы көкөніс өндіру көлемін арттыру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды. Өткен жылмен салыстырғанда көкөніс және картоп өндіру көлемі 1,5 есе артты.

Демек, ағымдағы жылы картоп және көкөніс көлемі төмедегідей:

- картоп ............... 63,8 га,

- көкөніс............... 4,3 га,

оның ішінде

- сәбіз............................0,8га,

- қызанақ......................0,6 га,

- қырыққабат...............0,4 га,

- свекла.........................0,3 га,

- сарымсақ....................0,4 га,

- қияр............................0,7 га,

- басқа түрлері..............1,1 га

2009 жылы жеке кәсіпкер Ділмұрат Жұмаш жалпы көлемі 560 кв.м. жылыжай салуды жоспарлады. Ол үшін ескі МТМ-нің ғимаратының ауласынан 3 га жер учаскесі бөлінді. КХР- нан жылыжай құрылыс жабдықтары әкелініп, құрылыс басталуда. Қазіргі таңда жылыжай толық іске қосылу үшін барлық шара атқарылуда, бірақ құрылыс барысында көптеген қиыншылықтар бар.

Жеке шаруа қожалықтарын ұлғайтуға, мал басын көбейту үшін «Ауыл шаруашылығын ұлғайту фонды» арқылы несие алушылар саны 15 адамнан асты, алынған несиелер биылғы жылы 6 млн. теңгені құрады. «Көмек» ЖШС-тігінен 15 адам 3 млн. теңге көлемінде шағын несие алды. Бірақ, кейбір азаматтар алған несиесін уақытында қайтармауына байланысты, Ұлан ауданы бойынша биылғы жылға несие беру уақытша тоқтатылып тұр. Бұл шара несие толығымен өтеліп болғанша болады.


Құрылыс бөлімі бойынша
Алмасай ауылындағы су құбыры Республикалық «Таза су» бағдарламасына кіріп, 2008 жылы сметалық жоспары мен экспертизалық құжаттары рәсімделіп, Алмасай ауылына жаңа су құбырын тартуға 87 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаржы толығымен игеріліп 2009 жылдың қараша айында су құбыры қолданысқа енгізілді. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары осы ауыз суын пайдалануда.

17 км елді мекенінің насос станциясынының ғимаратын жөндеуге 200 мың теңге бөлініп, игерілді.

2009 жылғы 6 мамырдағы Елбасының Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты жолдауы бойынша Жол картасы шегінде Алмасай ауылдық округінде

3 жоба игерілді. Соның ішінде бірінші жоба «Алмасай ауылына кіреберіс жолын ағымды жөндеу және ұстау», екінші жоба «Алмасай ауылдық медпунктін ағымды жөндеу» және үшінші жоба «Абай орта мектебін ағымды жөндеу».

«Алмасай ауылына кіреберіс 0,8 км. жолын ағымды жөндеу және ұстау» жобасы бойынша ашық конкурс жарияланып «Восток - Асфальт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шартқа отырып 2009 жылдың 2 маусымында жол жөндеу жұмыстары басталды.

Бұл бағдарламаны орындауға барлығы 7 682 000 теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен 5 438 000 теңге, жергілікті бюджеттен 2  244  000 теңге қаражат бөлінді, Алмасай ауылдық округі бойынша екі жұмыссыз және екі өтініш берген адам жұмыспен қамтылды.

Бұл бағдарлама келісім-шартта көрсетілгендей 2009 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталды. Жұмыс барысында жөндеу жұмыстарынан кемшіліктер байқалып, дер кезінде аудандық әкімшілікке хабарланып, ақаулар өз орнына келтірілді.

Бүгінгі таңда аударылған қаражат толығымен игерілді.

Абай орта мектебі бойынша жергілікті бюджеттен 305 000 теңге қаражат бөлініп, ұсынылатын баға тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы электронды хабарлама арқылы «Строй Тополь в Уланском районе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіске жетіп, жөндеу жұмысын атқарды. Алмасай ауылынан үш жұмыс орнынан қысқарып қалған адам жұмысқа тартылды.

Жөндеу жұмыстары 2009 жылдың 20 мамырында басталып 10 маусымда аяқталды Бүгінгі таңда бөлінген қаржы толығымен игерілді.

Алмасай ауылдық ФАП-қа жол картасы шегінде 571 605 теңге қаражат қарастырылып, медициналық бірлестіктің ұсынылатын баға тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы электронды хабарламасы арқылы «Востоктехмаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Алмасай ауылынан екі жұмыссыз, бір өтінуші жұмыспен қамтылды.

Жол картасы шегінде Алмасай ауылдық округі бойынша атқарылған үш жобаны «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы мен Ақсақалдар алқасынан құрылған комиссия мүшелері қатаң бақылауда ұстап отырды.

2009 жыл Алмасай ауылының көшелерін жарықтандыруға 550 000 теңге бөлінді. Сол қаржыға екі көшеге 8 прожектор қойылып, қолданысқа енгізілді. Биылғы 2010 жылға округ көшелерін жарықтандыруға 1 млн. 215 мың. теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттегі қаржы көлеміне байланысты бөлінген қаражат барлық көшелерді бірден қамтуға жете қоймасы белгілі, сондықтан жыл сайын бөлінген қаражат жеткенінше көшелер кезекпен жарықтандырылады.
Білім саласы бойынша
Алдағы уақытта Республикалық білім саласы жоспарлап отырған реформалар өте ауқымды, тек оны толық игеру барлығымызға үлкен сын, үлкен ұйымдастыру шараларын қажет етеді.

Округте екі білім беру мекемесі жұмыс атқаруда, мұнда 236 оқушы білім алады. Соның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 12.

Ұлттық біріңғай тестілеуге Абай орта мектебінен 8 түлек қатысты. ҰБТ – ның қорытындысы бойынша орташа бал 67 пайыз құрады. Жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға 5 түлек түсті, соның ішінде грантқа 4 бала, аудандық әкімнің грантына 1 бала түсті.

Жыл сайын жазғы демалыс уақытында оқушылар мектеп жанындағы учаскеде көкөніс өсірумен айналысып, жазғы лагерлерде демалды. Оқу жылы бойы бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Абай орта мектебіне оқушыларды 17 км елді мекеніне тегін тасымалдау үшін жергілікті бюджеттен 2 млн. 194 мың теңге қаражат бөлініп, микроавтобус сатып алынды.

Амангелді негізгі мектебіне су құбырын қазу үшін 270 000 теңге бөлініп, игеріліді. Бүгінгі таңда мектеп ауыз сумен қамтылған.


Денсаулық сақтау саласы бойынша
Округ бойынша екі фельдшерлік пункт бар, онда үш орта білімді медбике халыққа әртүрлі медициналық қызмет көрсетеді.

2009 жылы фельдшерлік пунктердің халыққа көрсетіп жатқан жоспарлы жұмыстары құптарлық. Казіргі талаптраға сай медициналық жабдықтармен жабдықталуда.


Газет журналдарға жазылу
Аудан ішкі саясат бөлімінің хатына сәйкес, аудан әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында округте 2010 жылға республикалық, облыстық, аудандық басылымдарға жазылу науқаны ұйымдасқан түрде өтті. Казпошта өз жұмысын қалыпты деңгейде атқаруда. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен берілген жеңілдік басылымдарға жағдайлары төмен және аз қамтылған отбасылары, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектері, ауылдың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын азаматтар жазылды. Барлығы 79 адам.
Салық комитеті бойынша
2009 жылы әкімшілікке түсетін салықтар 100 пайызға орындалды- жер салығы-111 325 теңге, мүлік салыығы- 34 399 теңге , көлік салығы - 345 196 теңге.
Байланыс жүйесі бойынша
2009 жылы телекоммуникациялық байланыс торабы бойынша Алмасай ауылындағы абонент саны 181 - ге жетті, соның ішінде үстіміздегі жыл бойы 31 абонент қосылды. Баяш Өтепов ауылы бойынша 15 абонент бар.
Байланыс желісінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау мақсатында Алмасай ауылында бір монтер жұмыс істейді, жұмысы қанағаттанарлық.
Экономикалық дағдарыс салдарын еңсеру міндеті
Үкіметтің 2009 - 2010 жылдардағы жұмысының негізгі күн тәртібі Елбасы айтқанындай елдегі экономикалық өсімді тұрақтандырып, халықтын әл- ауқатын жақсарту бағытындағы іс- шараларға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Аса маңызды міндет- елімізді қаржы тұрлаулығымен қамтамасыз ету.

Инвестициялық және өнірлік бағдарламаларды іске асыру арқылы халықтың табыстарын арттыру және жұмыспен қамту. Экономикада жұмыспен қамтылудың артуы мен іскерлік белсенділікті арттырудың аса маңызды екені айтылады.Бұл міндеттерді шешу үшін барлық шараларды ойластырып, тиісті құрылымдар арқылы бақылау жасап, орындалу барысын жүйелі қадағалау Үкіметке тапсырылған. Тұрақтандыру бағдарламасы аясында шағын және орта бизнеске қаржылай қолдау көрсету.


Ағымдағы жыл бағдарламасы.
ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген атаулы күндер округ бойынша жоғары деңгейде өтеді. Ол Жаңа Жыл шыршасы, 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Жеңіс күні, ҚР Конституция күні, Тәуелсіздік күндері, Қарттар күні, тағы сол сияқты мерекелер. Мемлекет қарауындағы мерекелер бюджеттен ешқандай қаржы бөлінбесе де, демеушілер арқасында өз деңгейінде ұйымдастырылып келеді. Осы жерде ауыл тұрғындарына айта кетерлік жайт, ауыл азаматтары шамалары келгенше ат салысып, белсенділік көрсетіп отырса жақсы болар еді.

Ауылдық округ бойынша жылына екі рет – көктемде, күзде, санитарлық тазалық айлығы жүргізіледі. Көшеттер мен ағаштар, гүлзарлар барлық елді мекендерде отырғызылады. Маусым айында Б. Өтепов ауылындағы клубтың айналасындағы бұзылған ескі ғимараттың орны тегістеліп, тазалау жұмыстары жүргізілді. Алмасай ауылында сәуір, мамыр, маусым айларында тұрғын ұйлер арасындағы қоқырларды жинау үшін сегіз жұмыссыздардан құрылған арнайы топ шығарылып, қалдықтар ауыл сыртына арнайы қоқыр төгілетін жерге шығарылды.

Барлығы санитарлық тазалыққа 230 000 теңге бөлінді, ол қаржы толығымен игерілді.

Болашақта ауылдық округ аумағындағы елді мекендерде экономикалық- әлеуметтік шараларды жүзеге асыруға ірі-ірі қадамдар жасау қарастырылуда.

2010 жылы «Лиза» шаруа қожалығының басшысы С. Караповпен меморандум жасау арқылы жоспарға Б. Өтепов ауылына мешіт салу, кіреберіс көпірді ағымды жөндеуден өткізу және Б. Өтепов ауылынң көшелеріне жарықтандыру кіргізілді. Осы жоба 5 480 000 теңгені құрайды.

Ауылдық округ көлемінде шешімін таппай жатқан мәселелер:

- ауылдардың көшелерін жарықтандыру,

- көшелерді қыс кезінде күнделікті қардан тазалау,

- Алмасай ауылындағы мәдениет үйін қалыпқа келтіру,

- Алмасай ауылындағы канализация жүйесін жөндеу,

- Б. Өтепов ауылындағы кіреберіс көпірді ағымды жөндеу,

- Б. Өтепов ауылындағы ауыз су мәселесі,



- бос жүрген иттермен жұмыс жүргізу.

Алмасай ауылдық

округінің әкімі Н. Дутбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет