Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы «25» 12 №5/832-18



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі419.5 Kb.
#5507
  1   2   3   4


Алматы қаласы әкімдігінің

2009 жылғы «25» 12 №5/832-18

қаулысымен бекітілді

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық

басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары

Алматы қаласы, 2009 жыл
1. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы – экономиканың өсіп отырған энергия ресурстарында қамтамасыз ету, қаланың тұрғындарын сенімді электр, жылу, сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатындағы отын- энергетикалық секторын дамытуға ықпал ету.
Пайымы – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту; тұрақты және сенімді отын-энергетикалық секторы; тиімсіз шығыстарды бір мезгілде төмендете отырып, тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудегі сапа, қауіпсіздік және кідіріссіз жұмысы; коммуналдық қызметтің баға балансы мен сапасына қол жетімділік.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шарушылық басқармасы Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласында энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметін орындауға уәкілеттік берген мемлекеттік орган болып табылады. Энергетикалық кешен Алматы қаласының инженерлік инфрақұрылымының негізгі және күрделі нысандарының бірі болып табылады.

8-10 жылдар аралығында жан-жақты ауқымды жөндеу науқандары үшін қаржыландыру көздері болған жоқ. Аталған кезеңдегі отынға бағаның жүйелі өсуі кәсіпорынның экономикалық жағдайын қосымша бәсеңдету болып табылады. Оның нәтижесі жабдықтардың, инженерлік желілердің ескіруі, электр энергиясын өндіру көлемін қысқарту, жылуды тасымалдау құралының температурасының төмендеуі және басқалар болып табылады. Көптеген энергетикалық нысандар өзінің пайдалану ресурсын толық пайдаланды. Электр станциялары мен электр желілерінің жабдықтарының ескіруі 60-70 %-ды құрайды, сондықтан осы көздер жобалық энершгетика қуаттылығын бере алмайды. Энергия жабдықтарының сенімсіз жұмыс істеуі жыл сайын отынның белгіленген шығысының өсуіне әкеп соқтыруда. Жылу желілерінің 76 %-ы ескірген, жылу желілернің ақауы жылына 1500 жағдайға ұлғайды. Бүгін жылужы жоғалту шамасы 37 %-ды құрайды.

Қалада тұрғын үй құрылысының қарқынды өсуі және ірі және шағын кәсіпорындардың қуаттарының өркендеуі энергетика дамымаған жағдайда жылу және электр энергиясы тапшылығының себебі болды. 2010 жылы жылу жүктемесінің өсуі сағатына 1380 Гкалды құрайды және жылу энергиясының болжамды тапшылығы сағатына 640 Гкалды құрайды, ал электр эенргиясының тапшылығы 300 МВт құрайды.

Төменде энергия кешенінің әрбір бағыты бойынша қысқаша ақпарат берілген.



Электрмен жабдықтау
Электр энергиясының заманауи нарқы және Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша қуаттар «АлЭС» АҚ –ның энергия көздерінің электр энергиясын жеткізіп беруден құралады және 30%-ға жуығы ЖГРЭС және Павлодар-Екібастұз энергия торабы ГРЭС-інен электр энергиясын сатып алудан құралады. «АлЭС» АҚ электр энергиясының негізгі тұтынушылары «АлматыЭнергосбыт» ЖШС энергияны үнемдеу компаниясы болып табылады, ол «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілері бойынша электр энергиясын таратуды қамтамасыз етеді.

Электр энергиясын тұтыну құрылымы негізгі тұтыну үлесінің 33 %-ы өнеркәсіп кәсіпорындарына тиеді, одан кейін 29 %-ы жеке тұлғаларға, 25 %-ы басқаларға, 13 %-ы бюджет ұйымдарының үлесіне келеді.

Негізгі көздердің белгіленген және қолданылатын қуаттары мыналарды құрайды:

1 ЖЭО – 145 және 106,2 МВт электр энергиясы бойынша ; сағатына 1203 Гкал және сағатына 985 Гкал жылу энергиясы бойынша;

2 ЖЭО – 510 МВт және 349 МВт электр энергиясы бойынша, сағатына 1176 Гкал және сағатына 750 Гкал жылу энергиясы бойынша;

3 ЖЭО – 173 МВт и 155 МВт электр энергиясы бойынша; сағатына 335,26 Гкал және сағатына 239,8 Гкал жылу энергиясы бойынша;

Каскад ГЭС – Каскад ГЭС-тің белгіленген қуаты 46,9 МВт, қолданылатын қуаты – 40 МВт;

Капшағай ГЭС – белгіленгені 364 МВт, қолданылатыны – 300 МВт;

Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес электр энергиясын беру көлемі 2007- ден 2011 жылдарға дейін сағатына 4 962 млн. кВттан, сағатына 6 134 млн. кВт-қа дейін өсті.

220-04 кВ қосалқы станциялардың іске қосылудың негізгі үлесі 1976-1995 жылдарға келеді, ал 1954 жылдан бастап 1975 жылға дейінгі кезеңге (51,97 %), 43,26 %-ы келеді. Мұның өзі көптеген қосалқы станциялар апатты жағдайда екенін көрсетеді және біршама қаражатты талап етеді.

220-0,4кВ ЭТЖ негізгі іске қосу үлесі 1991-2007 жылға келеді, ал 1976 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі кезеңге (47,74 %), 43,35 %-ы келеді..



Сондықтан энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы өзінің жұмысында бірінші стратегиялық бағыт – Электрмен жабдықтау жүйесін дамыту деп біледі.

Негізгі назар мыналарға аударылатын болады:

- электр желілерінде жоғалтуды төмендетуді қамтамасыз ету

- электр энергиясының тапшылығын төмендету

Жылумен жабдықтау

Қалада жылу желілерін салу 1961 жылы басталған болаьын. 1985-1989 жылдардағы кезеңде жылу желілерін ауыстырудың жоспарлы жұмыстары жүргізілді. 1889 жылдан бастап қаржы тапшылығына байланысты құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілмеді. Апатты-қалпына келтіру жұмыстары шамамен 4-5 км магистралдық және 10-12 км жылу желілерін тарату жөніндегі жұмыстарды қамтиды.



Сондықтан энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы өзінің жұмысында екінші стратегиялық бағыт – Жылумен жабдықтау жүйесін дамыту деп біледі.

Негізгі назар мыналарға аударылатын болады:

- жылу желілерінде жоғалтуды төмендетуді қамтамасыз ету

- жылу энергиясының тапшылығын төмендету

Сумен жабдықтау
Су құбырлары мен кәріз желілері сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерінің басты түйткілді мәселесі болып табылады. Жиынтық көрсеткіштерге сәйкес Алматы қаласы бойынша сумен жабдықтау нысандары бойынша олардың қосындысы шамамен 2506,6. км құрайды, ал пайдалану мерзімі біткен нысандар шашамен 1672 км болады. Орташа пайдалану мерзімі біткен нысандар 70%-ды кәріз желісі шамамен 1329 км. болады, ал пайдалану мерзімі біткен нысандар 680,6 км. құрайды немесе 51% болады. Мұның салдарынан суды жоғалтудың жалпы сомасы 2005 жылы бір жылға алғанда 87464,4 мың.м3/ немесе 34,5 % құрады. Бұл бүгінгі тариф бойынша – 997172176 теңге болып отыр. Қала бойынша су арна желілерінің орташа пайдалану мерзімі жыл өткен сайын пайдалану мерзімі біткен құбырларды ауыстыру көлемінің жеткіліксіздігінен өсе түсуде. Осыған байланысты су құбырларындағы апаттар жиілей түсуде. 1998 жылы 1 шақырымға алғанда 0,6 болса, ал 2004 жылы 1,34 болды. Бұл 2,5 есе көп. Су құбырларының желісіндегі апаттардың саны 2006 жылы 3079-дан 2008 жылы 3282-ге өсті.

Желілердің пайдалану мерзімдерін уақтылы ауыстыру үшін немесе олардың пайдалану мерзімдерін ұзарту үшін жыл сайын шамамен 5 %-ға жуығын ауыстырып отыру қажет. Бұған қоса, егер де уақтылы апатты-қалпына келтір жұмыстары жүргізілмесе, онда осындай жұмыстарды біраз уақыт өткеннен кейін, бірақ барлық құбырларды тұтас ауыстыру арқылы және екі-үш есеге қымбат бағамен орындауға тура келеді. Осы саланы толық қаржыландырмау салдарынан соңғы жылдары желілердің пайдалану мерзімдерінің аяқталуынан апаттардың саны күрт өсе түсті, осыдан барып оларды қалпына келтірудегі жұмыс көлемі де арта түсуде. Біз қажеттілікке байланысты осы жұмыс көлемін орындауға, бірақ ол үшін артық төлеге мәжбүрміз. Апат болға желілердегі құбырларды тат басудың салдарынан оларды алмастыру жұмыстарына тосқауыл болуда. Дегенмен, апат болған құбырларды алмастырғанда оның көптеген бөлігі сыртқы тат басудан әбден күйреген, ал тат басу құбырдың ішіндегі ақаулардан да болуы ықтимал.

Нақты алғанда техникалық жоғалтулар белгіленген нормативтік деңгейден асып отыр.

Сондықтан энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы өзінің жұмысында үшінші стратегиялық бағыт – Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесін дамыту деп біледі.

Негізгі назар мыналарға аударылатын болады:

- Су құбырлары мен кәріз желілерінде жоғалтуды төмендету

- Ауыз суының сапасын арттыру және кепілді су бөлуді қамтамасыз ету
Газбен жабдықтау
Алматы қаласы бойынша ьабиғи газды орташа сағаттық тұтыну шамамен сағатына 180 мың. м3/ құрайды, ал қыс маусымында салмақтың жиі түсуі сағатында 250-260 м3/ болады.

Бүгін Алматы қаласын газбен жабдықтаудағы өзекті мәселе қаланың айналасында газ шеңберін құру болып табылады. Осы шаралар тұрғын және тұрғын емес нысандарда табиғи газды пайдалана отырып, жылумен жабдықтау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйлерді газбен жабдықтау небәрі 100 %-дан алғанда 85 %-ға, көп қабатты тұрғын үйлерде 100 %-дан алғанда 100 %-ға орындалды.

Осы орайда, аталған шаралар шағын және орта бизнесті дамытуға және тұрғындардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.



Осыған байланысты энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы өзінің жұмысында төртінші стратегиялық бағыт – Газбен жабдықтау жүйесін дамыту деп біледі.

Негізгі назар мыналарға аударылатын болады:

- Тұтынушыларды сенімді газбен жабдықтауды қамтамасыз ету

3. Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының Стартегиялық бағыты, даму мақсаты және қызметінің міндеттері мен мақсатты индикаторлары


Атаулары

Аяқталу түрі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл

2009 жыл


2010 жыл


2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Стратегиялық бағыт Электрмен жабдықтау жүйесін дамыту

1 мақсат Электр желілерінде тапшылық пен оны жоғалтуды төмендету

Мақсатты индикаторлар:

Жоғалтуды төмендету (өткен жылға қарағанда)

%

3-5

3-5

3-5

3-5

3-5

3-5

3-5

Электр энергиясын жүзеге асыру көлемін ұлғайту (өткен жылға қарағанда)

%

0

5,6

10,6

12

13

10

10

1 міндет

Электрмен жабдықтау жүйесін дамыту жөніндегі кешенді шараларды қамтамасыз ету

Электр желілерін оның өткізу мүмкіншілігін ұлғайта отырып

қайта жабдықтауды жүргізу



Км




87

70

70

70

70

70

Электр желілеріне заңсыз қосылуды болдырмау жөнінде тұрақты мониторинг жүргізу

Мониторинг

12

12

12

12

12

12

12

Жаңа электр желіліерінің құрылысын салу

Км






















Жаңа қосалқы станцияларының құрылысын салу жөніндегі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бірлескен шараларын жүргізу

Есеп

4

4

4

4

4

4

4

Қалалық құрылымдар мен әлеуметтік салаларды электрмен жабдықтау қызметін көрсетуді қамтамасыз ететін қала кәсіпорындарының қызметіне мониторинг жүргізу

Есеп

4

4

4

4

4

4

4

Электр энергиясы нарқының қызметіне талдау жүргізу

Есеп

4

4

4

4

4

4

4

Қаланы электрмен жабдықтау мәселелері жөнінде мәжілістер өткізу

Мәжіліс

2

2

2

2

2

2

2

Электр желісін дамытуға қатысты нормативтік-құқықтықактілерге толықтырулар енгізу жөнінде жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізу

МЭМР

ұсыныстары



1

1

1

1

1

1

1

2 Стратегиялық бағыт 2. Жылумен жабдықтау жүйесін дамыту

1 мақсат. Жылу желілерінде тапшылық пен оны жоғалтуды төмендету

Мақсатты индикаторлар:

Жоғалтуды төмендету (өткен жылға қарағанда)

%

3-5

3-5

3-5

3-5

3-5

3-5

3-5

Жылу энергиясын жүзеге асыру көлемін ұлғайту (өткен жылға қарағанда)

%




5

12

15

2

2

2

1 міндет

Жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту жөніндегі бірнеше шараларды жүргізу

Болат оқшауланған құбырларды қолдану арқылы жыл сайын жылу желілерін қайта жабдықтау

Км

17

19,5

20

20

25

25

30

Жұмыс істеп тұрған қуаттарды қайта жабдықтау, кеңейту және жаңғырту

Саны










1










Табиғи газда жұмыс істейтін жылумен жабдықтау автономдық көздерді ұлғайту (қаланың жалпы тұтынуынан)

%







2-3

2-3

2-3

2-3

2-3

Жылумен жабдықтауды дамытуға қатысты нормативтік-құқықтықактілерге толықтырулар енгізу жөнінде жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізу

Ұсыныстар










1




1




Жылуды жоғалтуды төмендету үшін жылу энергиясын есептеу құралдарын орнату мәселесі жөніндегі жұмысты үйлестіру (өткен жылға қарағанда)

Есеп

1

1

1

1

1

1

1

3 Стратегиялық бағыт 2. Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесін дамыту

1 мақсат. Су құбырлары мен кәріз желілеріде жоғалтуды төмендету

Мақсатты индикатор:

Жоғалтуды төмендету (өткен жылға қарағанда)

%

3-5

3-5

3-5

3-5

3-5

3-5

3-5

1 міндет

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесін дамыту жөніндегі бірнеше шараларды жүргізу

Су құбырлары мен кәріз желілерін қазу әдісінсіз жыл сайын қайта жабдықтау, жұмыс істеп тұрған құбырларды бұзу арқылы оларды полиэтиленді құбырлармен алмастыру

Км

12,9

18,7

22,6

5

5

10

10

Хлорлы темірді қолдану арқылы суды тазалау жұмысын одан да төмен каогулянт пен флокулянтқа ауыстыру

Шығысты үнемдеу,

Жылына


млн. теңге

50

50

50

50

50

50

50

Нормадан тыс жоғалтуды болдырмау үшін таза судың шүмектерін қайта жабдықтау жұмыстарын жүргізу

Есеп

1

1

1

1

1

1

1

2 мақсат. Ауыз судың сапасын арттыру

Мақсатты индикатор:

























Химиялық күйін жақсарту (өткен жылға қарағанда)

%

2-5

2-5

2-5

2-5

2-5

2-5

2-5

1 міндет

Ауыз суының сапасын арттыру жөніндегі бірнеше шараларды жүргізу

Технологиялық шығыстарды қысқарту үшін Г.О.С.-тың 1-ші кезегіндегі сүзгіш станциясын қайта жабдықтауды жүргізу

Есеп










1

1







Жұмыс істеп тұрған тазалау құрылғыларының технологиялық кестесін жаңғырту


Ақпарат







1

1













Сумен жабдықтау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған нормативтік актілер мен қаулыларды әзірлеу жөнінде ұсыныстарды дайындау

Актілер, қаулылар







1




1




1

Қалалық құрылымдар мен әлеуметтік салаларды сумен жабдықтау және кәріз қызметін көрсетуді қамтамасыз ететін қала кәсіпорындарының қызметіне мониторинг жүргізу

Есеп

4

4

4

4

4

4

4

4 Стратегиялық бағыт. Газбен жабдықтау жүйесін дамыту

1 мақсат. Тұтынушыларды сенімді газбен жабдықтауды қамтамасыз ету

Мақсатты индикатор:

Газбен жабдықтаудың жаңа желіліерінің құрылысын салу

Қума метр




15,7

15,7

15,7

15,7

15,7

15,7

1 міндет

Газбен жабдықтауды дамыту жөніндегі бірнеше шараларды жүргізу

Қосылған кенттерде, жеке құрылыс салу аудандарында жаңа газ желілерін құрылысын салу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету

Мониторинг жүргізу

4

4

4

4

4

4

4

Қаланы газбен жабдықтау жөніндегі оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу

Ұсыныстар

1

1

1

1

1

1

1

Қалалық құрылымдар мен әлеуметтік салаларды газбен жабдықтау қызметін көрсетуді қамтамасыз ететін қала кәсіпорындарының қызметіне мониторинг жүргізу

Есеп

1


1

1

1

1

1

1


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет