Көрсетілетін қызметтерді берушілерді конкурс әдісімен таңдауға Хабарландыру Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей»



бет1/4
Дата27.06.2016
өлшемі315 Kb.
#160690
  1   2   3   4
Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша

көрсетілетін қызметтерді берушілерді конкурс әдісімен таңдауға Хабарландыру
Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» КММ, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, 191 көшесі, 2 үй электрондық мекенжайы: kgu73@mail.ru

Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.

Қызмет Астана қаласы, Алматы ауданы, 191 көшесі, 2 үй, мекенжайы бойынша көрсетілуі қажет. Көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесі:

Мектепте білім алушылардың жалпы саны: 535 білім алушылар, соның ішінде өзге категориясынан:


  1. 1-4 сынып аралығында білім алушылар мен жетім балалардың жалпы саны 293,

тамақтануға бөлінген қаражаттың сомасы 9 373 122,32 (тоғыз миллион үш жүз жетпіс үш мың жүз жиырма) теңге 32 тиын ҚҚС-сыз;

Қызмет көрсетілу мерзімі 2015 жылғы 01 наурыздан 31 желтоқсанға дейін.

Конкурстық құжаттардың талаптарына сәйкес келетін, барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2015 жылғы 17 ақпанға дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Алматы ауданы, 191 көшесі, 2 үй, есепшінің кабинетінде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін немесе kgu73@mail.ru Интернет –ресурсынан алуға болады.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасы тегін ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдер әлеуетті өнім берушілермен Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жабық конвертте келесі мекенжай бойынша: Астана қаласы, Алматы ауданы, 191 көшесі, 2 үй, есепшінің кабинетіне ұсынылады (жіберіледі)

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2015 жылғы 18-ші ақпан күні сағат 10.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Астана қаласы, Алматы ауданы, 191 көшесі, 2 үй, мекенжайы бойынша актовый залында 2015 жылғы 18 ақпан күні сағат 11.00-де ашылады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы келесі телефон бойынша алуға болады: 8(7172)48 57 56

«№73 мектеп-лицей» директоры Қ.А. Байтажикова

Бекітемін

Астана қаласы әкімдігінің

«№73 мектеп-лицей» КММ директоры
______________Қ.А. Байтажикова

2015 жылғы «24» қаңтардан

Бұйрық № 4

Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» КММ

білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру

бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау бойынша

Конкурстық құжаттама
Конкурсты ұйымдастырушы - Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» КММ, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, 191 көшесі, 2 үй,

ЖСН 140940005952, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ22070102KSN6201000, kgu73@mail.ru


  1. Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» КММ білім алушыларды тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы саны (бұдан әрі-көрсетілетін қызмет) 535 білім алушыны құрайды,

  2. Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» КММ білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін 9 373 122,32 (тоғыз миллион үш жүз жетпіс үш мың жүз жиырма) теңге 32 тиын, ҚҚС-сыз.

Бір білім алушыны тамақтандыру құны балмен 260,4 теңгеден аспау керек, ҚҚС-сыз.



  1. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:

  1. осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

  2. осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;

  3. осы конкурстық құжаттамаға 3,4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

  4. осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

  5. осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.

3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өқнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса

Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» КММ білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді:

1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушіден нақтылау керек) банк шотында орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы; Астана қаласы бойынша Қазынашылық Департаментіндегі Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» КММ, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, 191 көшесі, 2 үй, ЖСН 140940005952, БСК ККМFKZ2A, ЖСК 180705023600105001, kgu73@mail.ru 



2) осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.

2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету


  1. Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» КММ конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша astana-bilim.kz интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
         5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері astana-bilim.kz интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі және электрондык.
         6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.
        7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.

     8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу
     9. Конкурсқа қатысуға өтінім:
      1) осы конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді;
      2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:
      заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;
      осы конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;
      конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;
      осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
      осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы, теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;
      осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
      10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 18 ақпан 2015 ж. сағат 10:00-ге дейін қоса алғанда мерзіміне дейін Астана қаласы Алматы ауданы, 191 көшесі, 2 үй бухгалтерия кабинетіне хатшы Бекенов Бахтияр Шораевичке береді.
      11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.
      12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші жөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.
      Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.
      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.
      13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.
5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның
ашуы
      14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы Астана қаласы Алматы ауданы, 191 көшесі, 2 үй 18 ақпан 2015 ж. сағат 11:00 актовый залда конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.

      15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.

      16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерін ашады.

      17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.


      18. Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» КММ конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей astana-bilim.kz интернет-ресурста орналастырылады.
6. Конкурстық өтінімдерді қарау
      19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.

      21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.
      22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.
      23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.
      Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей astana-bilim.kz интернет-ресурста орналастырылады.
      24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерін көздейді.
      25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.

      26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді. Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.


      27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.
      28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

      Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.


      29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.

      30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.


      31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы astana-bilim.kz интернет-ресурста орналастырады.

      32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.

      33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.

      34. Әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізеді.


      35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі – конкурс өтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.

      36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.


      37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда не конкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.
      38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
      1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
      2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
      39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:

      1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;


      2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

7. Қызмет көрсету бойынша келісімшарт
40. Конкурсты ұйымдастырушы 5 күнтізбелік күн ішінде интернет-ресурсқа конкурс нәтижесін енгізген соң, көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызмет бойынша келісімшарт жобасын 10-қосымша талабына сәйкес жібереді. Қызмет беруші келісімшарттың жобасын алған соң, 30 күнтізбелік күн ішінде қол қойылған қызмет көрсету бойынша келісімшартты ұйымдастырушыға қайтарады.

41. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойғаннан кейін, 10 жұмыс күн ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарттың орындалуын қамтамасыздандыруды енгізеді.

42. Тапсырыс беруші келісімшарт сомасынан 3% мөлшерінде енгізілген қамтамасыздандыруды, 5 күнтізбелік күн ішінде қызмет берушінің келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісті орындаған соң қайтарады.

43. Егер қызмет берушінің келісімшарт бойыншаміндеттемелерінің орындалуын тиімсіз деп таныса, тапсырыс беруші енгізілген қамтамасыздандыруды тұрақсыздық айыбы анықталған жағдайда 5 жұмыс күн ішінде қайтарады.

44. Келісімшарт білім алушыларды бюджеттік қордан тегін тамақпен қамтамасыз етуде төлем бойынша шартты құрайды.

45. Егер әлеуетті қызмет беруші белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қызмет көрсету бойынша келісімшартты ұсынбаса немесе қызмет көрсету бойынша келісімшартқа қол қойып белгіленген мерзімде келісімшарттың орындалуын қамтамасыз етпесе, мұндай қызмет беруші қызмет көрсету бойынша келісмшартты жасаудан жалтарған болып табылады.

46. Әлеуетті қызмет беруші келісімшартты жасасудан жалтарған деп танылса. Тапсырыс беруші 30 күнтізбелік кун ішінде:

1) конкурсқа қатысу ұсынысы бойынша енгізген қамтамасыздандырудан ұстап қалады;

2) келісімшартты жасаудан жалтарғаны үшін келтірілген шығынның өтемін алу үшін әлеуетті қызмет берушіге сотқа шағымданады.

Орта білім ұйымдарында білім

алушыларды тамақтандыруды

ұйымдастыру бойынша көрсетілетін

қызметтерді берушілерді таңдау

жөніндегі конкурстық құжаттамаға

1-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушылар санатының

Тізбесі

Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» КММ -де білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау бойынша конкурс






Конкурсты ұйымдастырушының атауы

Білім беру ұйымындағы көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы саны

Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар

Қызметті көрсету мерзімдері

Қызметті көрсету орны

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге бюджет қаражаты есебінен бөлінген, теңге

1

2

3

4

5

6

7

1

Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей»

КММ


535

293

наурыз-желтоқсан 2015г.

Астана қ,

Алматы ауданы, 191 көшесі, 2 үй



9 373 122,32

Ескертпе: тамақтану күндері 2015 жылғы наурыздан - 31 желтоқсанға дейін-123 күн.




Директор: Қ.А. Байтажикова























Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» КММ білім алушыларды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау бойынша

конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма
1. Білім алушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуі мен ұйымдастыруы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсаннан №1665 өкімімен бекітілген «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсаннан №1648 өкімімен бекітілген «Жасөспірімдер мен балаларға білім беру және тәрбиелеу объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелеріне (бұдан әрі-Санитарлық ережелеріне) сәйкес жүзеге асырылуы қажет.

Бұл мектеп саласында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берумен айналысатын жекеменшіктігіне тәуелсіз, жеке және заңды тұлғалар үшін жасалған Санитарлық ережелер.

2. Білім алушылар үшін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша сапалы қыземттерді беру мақсатпен әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету үшін құжаттары арқылы растауы қажет (конкурстық тапсырыста келесі құжаттар болуы қажет),нотариалдық куәләндірған болу керек.

1) асхана қызметкерлерінің әрқайсысында жұмысқа рұқсаты бар, жеке медициналық кітапшасы болуы;

2) асхана заттары мен ыдыстарды жуатын және залалсыздандыратын құралдардың болуы;

3) «Дайын тағамдардың сапасын бақылау журналы (бракеражный)», «Асхана қызметкерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналы» және «Тоңазытқыш жабдықтардың температуралық тәртібін есепке алу журналы» бар болуы;

4) алғашқы медициналық қызмет көрсету үшін дәрі қорабының болуы;

5) арнайы автокөліктің болуы (ет тағамдарын тасуға, азық түлікті жеткізуді қамтамасыз ететін) санитарлы-эпидемиологиялық бақылау бойынша мемлекеттік органмен берілген, санитарлы-эпидемиологиялық қорытындысы (төлқұжаты) бар). Жүргізуші-экспедиторларда нотариалды куәландырылған жеке медициналық кітапша болуы тиіс;

6) мектеп басшысымен бекіту үшін ұсынылған тамақтандыру тәртібі немесе кестесі болуы керек;

7) бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қызмет берушілердің пайдаланатын қажетті тауарларының жалпы саны, өндіруші мемлекеті міндетті түрде көрсетілген өнімдік құнымен, бір дана бағасы көрсетілген, қажетті тауарлар тізімдемесі (конкурстық құжаттаманың №1 қосымшасына (алушылар саны) және техникалық тапсырыстың №3 қосымшасына сәйкес(төрт апталық мәзір) болуы;

8)   «Тұтынушылар құқығын қорғау бойынша Департамент» РММ Астана қаласының ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті басшысымен келісілген өндірілетін өнімдердің ассортименттік тізімдемесі: дербес таңдау тағамдары (салаттар, бірінші тағамдар, екінші тағамдар, сусындар) және буфетте жүзеге асыру үшін нан өнімдері;

9) жабдықтаушыда сериялы өндірістің ұн кондитер өнімдерінің, дайын ұн кулинарлық өнімдердің бақылау хаттамасымен дәлелденген кеден одағы немесе сәйкестік сертификаты туралы Декларация көшірмесінің қосымшасымен болуы,

10) технологиялық карталардың болуы (техникалық тапсырыстың №1 қосымшасына сәйкес(төрт апталық мәзір);

11) семинар, сұхбат, дәріс жүргізу арқылы персоналмен санитарлық-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру жоспары;

12) қызмет көрсету кестесі (әдісі);

13) аспазшылар үшін техникалық қауіпсіздігі бойынша нұсқаудың болуы;

14) тамақтандыру мекемесінің бірінші басшысымен бекітілген технологтың, диетологтың (бар болса) аспазшы-бригадирдің, аспазшының, ас әзірлейтін бөліктегі қызметкерлердің, ыдыс жуушылардың лауазымдық нұсқаулықтары бар болуы;

15) ерекше тез бұзылатын тамақ өнімдерін жүзеге асыру, сақтау мерзімі мен жағдайы бойынша талаптардың болуы;

16) сараптама акті, ветеринарлық анықтамасы, ветеринарлық-санитарлық сараптама акті, кедендік декларацияға сәйкестігі туралы немесе сәйкестігі туралы сертификаттары қосымша берілген тауарларды сатып алу немесе әкеліп жеткізуге келесімшарты бар болуы:

1)Тамақ өнімдері (ет, балық, шұжық, сүт, дәрумендендірілген мектеп сүті, ірімшік, ұн, күнбағыс майы және кілегей майы, қант, тұз, дәмділіктер, бал, көкөністер мен жемістер, кептірілген жемістер, шырындар, қара шай, қызанақ пастасы, консервіленген жасыл бұршақ, макарон өнімдері, жармалар: күріш, гречка, перловка, бидай, манный, тары);

2)Залалсыздандыру құралдары;

3)Ыдыстар және асхана құралдары;

4)Бірінші медициналық қызмет көрсету үшін дәрі қорабы;

5)Өрт сөндіруші құралдар (өртсөндіргіш );

17) келесі қызмет көрсетулер бойынша келесімшарттардың болуы:

1) мекеме қызметкерлерін міндетті түрде медициналық тексеруі туралы;

2) залалсыздандыру, дезинсекция және дератизация жұмыстардың алдын алу туралы;

3) қоғамдық тамақтану ұйымдары қызметкерлерінің арнайы киімдерін жуу және үтіктеу туралы;

18) қоғамдық тамақтану қызметкерлері үшін арнайы киімдер топтамасын әкеліп жеткізу немесе тігуге және жөндеу келесімшарттың болуы; ( ас әзірлейтін бөлік қызметкерлердің әрқайсысында арнайы киімі үш данадан кем болмауы тиіс);

19)қолданыста пайдалануға рұқсаты бар және тексеру туралы сертификатымен статистикалық өлшеу үшін өлшем құралдары болуы қажет (үстел таразысы);

20) көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша кепелдік хаты болуы керек.

3. Білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша сапалы қызмет көрсету мақсатпен әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету сәтінен бастап бір тәулік ішінде орындауға міндетті:

1) бекітілген ас мәзіріне сәйкес тамқтандыруды ұйымдастыруға (осы техникалық тапсырыстың №1 қосымшасы);

2) (сапаға сәйкес сертификаты, қорытындысы және т.б.) расталған құжаттары міндетті түрде бар сапалы және қауіпсіз өнімдерді әкеліп жеткізуге (тамақ өнімдері, сонымен қатар бал (ара, табиғи, 10 гр. бойынша стик-пакеттерге салынған);

3) бөлмелер мен жабдықтар Санитарлық ережелерге сәйкес қажетті санитарлық жағдайларда сақталуын, сондай-ақ жабдықтардың жарамсыз немесе пайдалану барысында істен шығу жағдайларында оның ағымдағы жөндеу және қызмет жасау жұмыстарын қамтамасыз етуге міндетті;

4) тез бұзылатын өнімдерді Санитарлық ережеге сәйкес жүзеге асыруға, сақтау мерзімін қамтамасыз етуге;

5) Санитарлық құжаттары бар авткөлікпен өнімдерді әкеліп жеткізуін жүзеге асыруға міндетті;

6) күн сайын ас әзірлейтін бөлігінде сынамаға дайын тағамдардан қалдырады, қажет болса зертханалық бақылауға жіберілуі мүмкін болады;

7) сәйкесті актіні алу арқылы залалсыздандыру, дезинсекция және дератизация бойынша іс-шаралар және жұмыстар жүргізуге міндетті;

8)ас әзірлейтін бөліктің қызметкері және білім беру ұйымының медициналық бикесі дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалауын жүргізуді қамтамасыз етеді (тағам дайындалып жатқан ыдыстан міндетті түрде ас әзірлейтін бөлікте сынамасы алынады). Дайын тағамдардың (бракераждық) сапасын бақылау журналында бракераж қорытындысы тіркеледі. Порциялық тағамның салмағы үлестіру-мәзірінде көрсетілген тағамның шығуына және Санитарлық ережеге сәйкес болуы қажет. Тағамды даярлау технологиясы бұзылған, сонымен қатар тағамның дайын болмауы жағдайында кулинарлық жарамсыздығы толық жойылғанынша дейін, тамақты үлестіруге рұқсат берілмейді;

9)күн сайын жұмысты бастар алдында ас әзірлейтін бөлік қызметкерлерін ауруы және денесінің ашық жерлерінде жарасы бар болуына, сонымен қатар ангина, жоғарғы тыныс жолдарында катаральдық құбылыстары бар болуына тексеруі қажет;

10) бірде-бір технологиялық жабдықтардың жарамсыз болған жағдайында ас мәзіріне өзгірістер енгізілуі қажет және дайын тағамдарды өндіру барысында санитарлық ережелерін сақтау қамтамасыз етілуі керек;

11) тамақтандыруды ұйымдастыруда ас өнімдерімен байланысатын материалдар үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін фарфор, фаянс және шыны ыдыстарды пайдалану қажет (тәрелке, чашка, бокалдар). Асхана құралдары (қасық, шаңышқы, пышақ), тағамдарды әзірлеу және сақтау үшін ыдыстар даттанбайтын алмастан немесе гигиеналық қасиеті бойынша соған жақын материалдан жасалуы қажет;

12) ас әзірлейтін бөлікте және асханада майысқан, шеттері сынған, жарылған, эмалі бүлінген ыдыстардың қолдануына жол берілмейді; алюминийден жасалған асхана құралдарын пайдалануға; пластмастан және тығыздалған фанерадан жасалған тамақты әзірлейтін тақтайларды пайдалануға; жарығы бар және механикалық зақым келген тақтайлар мен шағын ағаш мүліктерді пайдалануға жол жіберілмейді;

13) барлық қызметкерлердің жұмысқа қабылданғанда және мерзімінде медициналық тексеруден уақытында өтулері қамтамасыз етілуі қажет;

14) семинар, сұхбаттасу, дәріс жүргізу арқылы персоналдармен санитарлық-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру;

15) қызметкерлерді арнайы киіммен қамтамасыз етуі және әрдайым орталықтандырылған жууын, жөндеуін және қысқы киімге ауыстыруын ұйымдастыру;

16) білім алушыларды тамақтандыруда рұқсат етілмеген тағамдарды сатуға рұқсат етпеу, сонымен қатар газдалған және алкоголсіз энергетикалық сусындар, чипстер, сухариктер және генножаңашылдандырылған ингредиенттері бар тағамдар, сондай-ақ шайнайтын сағыздарға жол берілмейді;

4. Әлеуетті өнім беруші асхана аймағындағы канализациялық коммуникацияларға байланысты қажетті жұмыстарды, сонымен қатар олардың жұмысқа жарамсыз болған жағдайында барлық жөндеу жұмыстарын өз есебінен орындауды өз міндетіне алады;

5. Әлеуетті өнім беруші асханадағы өнімдерді бөлшектеп сату бойынша бағасын мектептің кәсіподақ комитеті мен мектеп әкімшілігімен келісіп өткізуді өз міндетіне алады;

6. Әлеуетті өнім беруші санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бойынша мемлекеттік органынан (асхана ғимаратына) объектісіне санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын (төлқұжатын), келісімшартқа (қорытындыға) қол қойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешікпей алуды қамтамасыз ету міндетін өз атына алады. Осы міндеттің орындалмауы келісімшартты бұзу үшін негізі болып келеді.

7.Әлеуетті өнім беруші барлық коммуналдық қызмет бойынша, өлшеуіш көрсеткіші немесе есептеу негізінде төлеуді жүргізуін әр айдың 25-ші күнінен келесі есептеуімен міндетті түрде кешіктірмей төлеуі қажет .

9. Қызмет беруі мен төлеу шарттары: мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартына сәйкес жүргізіледі.

10. Білім алушылар құрамының көбеюі (азаюы) жағдайларында тамақтандырудың ағымдағы мерзімінде жасалған келісімшартына жалпы қаражат санын (көбейту) азайту жолымен қосымша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

11. Қызмет беру мерзімі 2015 жылғы наурыздан 31 желтоқсанға дейін.

12. Әлеуетті өнім беруші Қаржы басқармасынан бөлмені жалға алуы туралы келісімшартты ұсынуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет