Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы



бет1/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.5 Mb.
#6757
  1   2   3   4   5   6
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 90 Қаулысы

(2009.20.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған

1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспары (бұдан әрі - Даму жоспары);

2) Даму жоспарын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан

Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдар:

1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін;

2) жыл сайын, 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігіне (келісім бойынша) Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (келісім бойынша) жыл сайын, 20 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпараттың берілуін қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 



Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                 

 

К. Мәсімов

 


 

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2009 жылғы 30 қаңтардағы

№ 90 қаулысы бекітілген

 

 



Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың

2015 жылға дейінгі жоспары

 

 



1. Кіріспе

 

Осы Даму жоспары 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді кезеңге жоспарланған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын (бұдан әрі - АӨҚО) құру шеңберінде Қазақстан Республикасының қор нарығын дамыту бойынша мемлекеттің стратегиялық мақсатын, негізгі стратегиялық бағыттары мен міндеттерін анықтайды.



Даму жоспары Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын» ескере отырып әзірленген.

Даму жоспарын әзірлеудің қажеттігі стратегиялық міндетпен Қазақстанда толыққанды қор нарығын қалыптастыратын тұрақты және бәсекеге қабілетті экономиканы құру, нарық қағидаттарына негізделген және республикада жұмыс істеудің халықаралық қағидаттары мен стандарттарына негізделіп, оның халықаралық капитал нарығына тиімді түрде ықпалдасуымен байланысты.

Даму жоспары алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған кешенді түрде өзара тығыз байланысты болып келетін ұйымдастыру, экономикалық, қаржылық және басқа шараларды анықтайды, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында анықталған республиканың экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарын ескере анықталған ресурстар мен мерзімдер бойынша келісілген, сондай-ақ күтілетін нәтижелердің негізгі көрсеткіштерінің (индикаторлардың) жүйесін бекітеді.

 

 



2. Қазақстан қор нарығының қазіргі заманғы жай-күйін талдау

 

2.1. Қор нарығының негізгі параметрлері



 

Қазіргі уақытта Қазақстан қор нарығы бастапқы даму деңгейінде. Айтарлықтай дамыған заңнамалық реттеу мен бастапқы институционалды инфрақұрылым, қор нарығының кәсіби қатысушылар, эмитенттер мен      инвесторлар бар, қор нарығының классикалық қаржы құралдарының негізгі жиынтығы даму алған. Бірақ қор нарығының халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі мен оның халықаралық капитал нарықтарына сенімді түрде ықпалдасуын қамтамасыз ету үшін мемлекет пен қаржы қауымдастығы тарапынан қосымша шаралар қабылдануы қажет.

Қазақстанның қор нарығы басқа да қалыптасушы экономикасы бар мемлекеттердің нарықтары сияқты жоғары шоғырланғандығымен ерекшеленеді: акциялар нарығы капитализациясының шамамен 85 % шикізат және банк секторларының 10 ірі компаниялары қамтамасыз етеді. Соның ішінде екі компания (ENRC мен Қазақмыс) акциялары капитализациясының 50 % қамтамасыз етеді, сонымен қатар олардың акцияларын алғашқы орналастыру LSE жүзеге асырылған және бұл компаниялардың акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі - Қазақстан қор биржасы) сатылмайды деуге болады.

Тұтастай алғанда, қолданыстағы шығарылған акциялары бар 2208 акционерлік қоғамдардың 4 % акциялары ғана ресми тізімге енгізілген және Қазақстан қор биржасының айналымында жүр. Соның нәтижесінде, акциялар нарығының өтімділігі (сауда айналымы көлемінің капиталдандыруға қатынасы) - 2008 жылдың 1 шілдесіндегі жай-күйі бойынша 0,02 % өте төмен деңгейде сақталып отыр.

Қазақстан акциялар нарығының капиталдандыруы 2008 жылдың 1 желтоқсанына әлемдік акциялар нарығының капиталдандыруының 0,1 % (Дүниежүзілік биржалар федерациясының құрамына кіретін қор биржалардың мәліметтері бойынша) құрады.

Қазақстан қор биржасында акциялар сатылымдарының жылдық көлемі 2007 жылы 8,9 миллиард АҚШ долларын немесе акциялар сатылымының жалпы әлемдік көлемінің шамамен 0,008 % құрады. Бұл көрсеткіш Лондонмен салыстырғанда 1 160 есе, Гонконгтан - 240 есе кем. Қазақстан қор биржасы акциялар сатылымының орташа күндік көлемі бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (бұдан әрі - ТМД) елдері ішінде екінші орынға ие1 (Ескертпе: 1 - ТМД елдерінің халықаралық қор биржаларының қауымдастығының мәліметтері), бірақ та Мәскеу банкаралық валюталық биржасымен (бұдан әрі - МБВБ) салыстырғанда 164 есе кем.

Әлемнің айтарлықтай дамыған мемлекеттерінің көрсеткіштерімен салыстырғанда, республиканың корпоративтік облигациялар бойынша сатылымдардың көлемі өте төмен болып қалуда. 2008 жылдың 11 айы қорытындылары бойынша Қазақстанның үлесі әлемдік корпоративтік облигациялар саудасының көлемінен 0,02 % құрады. Осылайша, Қазақстан қор биржасында корпоративтік облигациялармен сауда көлемі 3,2 миллиард АҚШ долларын құрады, алайда Дүниежүзілік биржалар федерациясының құрамына кіретін биржаларда борыштық құралдар бойынша саудалардың жалпы сомасы 16,2 триллион АҚШ долларынан астам құраған болатын.

2008 жылдың 1 қазандағы жай-күйі бойынша қолданыстағы облигациялар саны не бары 335, бұл акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден құралатын әлеуетті эмитенттердің жалпы санының өте аз үлесін құрайды.

Республика қор нарығының бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуі мен Алматы қаласының халықаралық қаржы орталығының қалыптасу көрсеткіштерінің бірі ретінде, ішкі нарықта сатылатын шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарының үлесінің өсуін Азияның жетекші қаржы нарықтарымен салыстыруға келетін немесе дамыған мемлекеттердің деңгейіне жақын деңгейде қамтамасыз етуді санауға болады (5-10 %).

Қатарына Қазақстан да енетін нарықтары қалыптасу үстіндегі мемлекеттердегі деривативтер нарығы алғашқы қадамдарын жасауда және заңнамалық негіз бен деривативтік келісімдер жасауға мүдделі контрагенттер мен базалық активтердің дамыған нарығының жоқтығымен сипатталады. Қазақстанда жедел келісімдер нарығын дамытудың негізгі көрсеткіштері 1-суретте келтірілген.

 

1-сурет. Жедел келісім-шарттардың саудалар көлемі

(миллиард АҚШ доллары)

 

 

Қазақстанда биржалық деривативтер нарығының даму үрдісі орын алған, себебі қор нарығында қаржы ресурстарын тарту үшін арналған классикалық бағалы қағаздармен салыстырғанда, деривативтердің негізгі міндеті пайыздық, валюталық және өзге тәуекелдерден хеджирлеу (сақтандыру) болып табылады, көптеген тәуекелдер республика экономикасы үшін тән.



Ірі Қазақстандық компаниялар батыстық қор алаңдарын негізгі ақша көзі ретінде қарастырады, ал ішкі қор нарығында портфелді институционалды және жеке инвесторлардың қаржыларын тарту мен экономиканың әр түрлі секторларының әлеуетті эмитенттерін қор нарығына шығуы үшін барлық жағдайлар жасалынып отырған жоқ.

Қазақстанда қалыптасқан экономика мен экономикалық қатынастар құрылымы осыған дейін қор нарығының дамуын шектеп келді.

Біріншіден, ірі компаниялар мен банктер капиталдың халықаралық нарықтарында қарыз алу мүмкіндігіне ие болды. LSE IPO шығарылымы жария компаниялар мәртебесіне көшу және компаниялар мен оның акционерлерін қауымдастықтың халықаралық бизнесі арасында тану үшін анағұрлым қолайлы.

Екіншіден, бюджет қаражаттары есебінен жаңа даму институттарын құра отырып, мемлекет жыл сайын 2002 жылдан бастап, олардың капиталдандыруына миллиард АҚШ долларын бағыттап отырды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің ұлттық компаниялары мен даму институттарының басты инвесторы болды, сондықтан қор нарығына шығу арқылы мемлекеттік компанияларда өз қызметін қаржыландыруды асырудың қажеттілігі шын мәнінде болмады.

Үшіншіден, банктердің бағалы қағаздар нарығынан инвестициялардың жетіспеушілігінің орнын шетелден қарыз алу арқылы республика экономикасын несиелеуі толтырды.

Мұның барлығы қазақстандық мемлекеттік және жеке меншік компаниялардың ішкі қор нарығынан қарыз алу қажеттілігін жоққа шығарды, сондай-ақ олардың инвестициялық сыйымдылығы шамалы ғана болатын.

Соған қоса, шағын және орта бизнес ұйымдарының қор нарығына шығуға деген дайындығы мен әлеуеті шектеулі әрі шамалы болды.

Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады және тұтастай алғанда, барынша дамыған елдерде қаржы тартудың қаржы құралдары санының көп болуымен және онда көп қолдануымен ерекшеленеді.

Қазақстан қор биржасында сауда көлемінің және құрылымының өзгеру серпінінің негізгі көрсеткіштері 1-кестеде берілген.

1-кесте. Қазақстан қор биржасында сауда көлемінің және құрылымының өзгеру серпіні (миллиард АҚШ доллары)2

 


Қаржы құралдары

2001 ж.

2002

ж.

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж. қаңтар-қараша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Шетел валюталары

1.962

2.981

6.413

9.45

12.044

41.696

91.422

102.62

МҚҚ

1.540

1.951

2.378

5.559

4.754

6.622

8.066

6.754

МЕҚҚ

0.32

0.60

1.03

1.83

2.76

7.04

13.227

6.539

РЕПО

5.904

18.274

21.524

42.012

60.848

113.985

209.760

188.571

Мерзімді

келісім-


шарттар

0.521

0.834

2.459

0.0001

0

0

0

0.4

Басқа құралдар

0.006

0.00002

0.0001

0.0003

0.0006

0.000

0.0001

0.000

Жалпы ауда

көлемі


10.25

24.64

33.80

58.85

80.40

169.345

322.475

304.485

ІЖӨ, % шаққанда

46.26

100.80

112.98

142.77

143.97

220.43

316.15

 

 


 

Ескертпе:

2 - Қазақстан қор биржасы мәліметтері (www.kase.kz).

 

2007 жылы Қазақстан қор биржасындағы сауда көлемі 322,4 миллиард АҚШ долларын құрады, ол 2006 жылдың көрсеткіштерінен 90,4 % арттық (169,3 миллиард АҚШ доллары). РЕПО нарығы (мемлекеттік емес бағалы қағаздар мен мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша (бұдан әрі - МБҚ)) мен шетел валютасы нарығы нарықтың негізгі үлесін алады. 2007 жылы РЕПО нарығы жалпы нарықтың 65 % құрады (209,7 миллиард АҚШ доллары), 2006 жылы ол көрсеткіш 67,3 % (113,9 миллиард АҚШ доллары), ал 2005 жылы 75,7 % (60,8 миллиард АҚШ доллары) деңгейінде болды.



2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық қор нарығының өсу қарқындарын төмендетті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігімен (бұдан әрі - АӨҚО ҚРА) 2009 - 2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) мен Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - ҚҚА) біріккен әрекет жоспары шеңберінде қор нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар кешені атқарылатын болады. Бұл болашақта бағалы қағаздар нарығының тиімді қалыптасуы үшін негіз жасайды, қазақстандық эмитенттер мен инвесторлар үшін ғаламдық дағдарыстың  жағымсыз нәтижелерін жұмсартады, сондай-ақ Қазақстан бағалы қағаздар нарығына шетелдік компанияларды тарту үшін алғы-шарттарды қалыптастырады.

Сол уақытта, халықаралық капитал нарықтарынан қарыз алу жағдайларының нашарлауы отандық қор нарығының дамуына жағымды жағдай туғызуда. Банктер компанияларға бұрынғы көлемде және бұрынғы шарттары бойынша несие бере алмайды, бұл жағдай қазақстандық бизнестің қор нарығы арқылы қаржы тарту мүмкіндігін іске асыруына итермелейді. Осы орайда Қазақстан қор нарығына әлемнің инвесторлары шығуға қызықты болатындай жағдайлар жасау қажет.

Бұдан басқа, Қазақстан қор нарығының сыйымдылығы ірі эмитенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындығына байланысты орын алып отырған жағдайларда батыстық алаңдарда листингтен өтуге жарамайтын, орташа қазақстандық және көрші мемлекеттері эмитенттерінің қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру басты міндетке айналуы тиіс. Толыққанды ішкі қор нарығы қазақстандық портфелді инвесторлар мен капиталдандырудың орташа деңгейін көрсететін эмитенттер үшін қажет.

Қазақстандық институционалды инвесторлар қор нарығының негізгі инвесторлары болып отыр, ал резидент емес-инвесторлар мен республика халқының үлесі аз болып қалуда.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар (бұдан әрі - МЕБҚ) секторында резидент емес-инвесторлардың3 2008 жылдың 3 тоқсанына тіркелген есеп-шоттары бойынша биржалық айналымының ең жоғары үлесі акциялар саудасында бекітілген болатын - 20,05 %, берілген көрсеткіш бүкіл 2007 жыл ішінде 9,07 % құраған болатын.

Акциялар нарығы бойынша резидент емес-инвесторлардың тіркелген есеп-шоттары бойынша биржалық айналымының ең жоғары үлесі 2007 жылы 6,63 %-дан 9,07 %-ға дейін құраған болатын. Салыстыру үшін - МБВБ-да берілген көрсеткіш 2007 жылы 32,6 %, 2006 жылы - 23,6 % құрады4.

Тікелей қор нарығындағы қаржы құралдарына инвестициялаған халық үлесі мемлекет халқының жалпы санының 1 % ғана құрайды.

2008 жылдың 1 желтоқсанына «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (бұдан әрі - Орталық депозитарий) тіркелген жеке тұлғалар-резиденттердің субшоттарының саны - 53845 болды. Қор нарығында қызмет атқаратын делдалдардың қызметтерін экономикалық белсенді халықтың 0,06 % пайдаланады. 2008 жылдың қаңтар-қыркүйекте жеке тұлғалармен жасалған мәмілелердің үлесі жалпы сауда көлемінің акциялармен - 24,95 %, облигациямен - 15,18 %6 құрады.

2008 жылдың 3 тоқсанына қордың брутто айналымы бойынша 10,56 % инвесторлар ретінде жеке тұлғалардың үлесіне тиесілі болды, 2006 жылмен салыстырғанда, 2,5 есеге артты. Аса көп бөлшек инвесторлар акцияларды сату-сатып алу секторы 24,95 % құрады, 2007 жылы - 31,69 %, 2006 жылы - 17,47 %, 2005 жылы - 15,47 %7 құрады.

Қазіргі уақытта орын алып отырған қор нарығының негізгі мәселелері:

эмиссиялық белсенділіктің төмендігі мен еркін айналымдағы бағалы қағаздар көлемінің жеткіліксіздігі;

инвесторлық базаның қуаттылығының жеткіліксіздігі мен құрылымының теңдестірілмегендігі;

қоғамның жинақтарын мемлекет экономикасын қаржыландыру үшін тартудың нақты тетіктерінің жоқтығы;

ең маңызды құрамдас бөлігі есептеу және есепке алу жүйелерінен тұратын биржа жүйесі болып табылатын инфрақұрылымдық базаның жоқтығы;

инвесторлардың оңтайлы инвестициялық портфелін қалыптастыру үшін акциялар мен басқа да бағалы қағаздардың түрлерінің шектеулілігі;

нарықтың экономика салалары бойынша шоғырлануы және экономиканың нақты секторы үлесінің деңгейінің төмендігі;

әлеуетті эмитенттер арасында корпоративтік басқару қағидаларының кең таралмағандығы;

бөлшектік инвесторлар мен резидент-емес инвесторлардың қор нарығына қатысу деңгейінің темен болуы;

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» құрамына енетін компаниялардың қор нарығына шығу бойынша бекітілген нақты стратегиясының жоқтығы.

________________________



Ескертпелер:

3 - Бұл мәліметтер инвестициялауға жататын қаржылардың шетелдік шығуын әрқашанда куәландырмайды

4 - МБВБ мәліметтері

5 - Орталық Депозитарий мәліметтері

6 - Қазақстан қор биржасы мәліметтері

7 - Қазақстан қор биржасы мәліметтері

 

Қор нарығы және күтілім қалыптастыру тетігі: қазақстандық бағалы



қағаздар нарығының тиімді жай-күйінен ағымдағы ауытқуы

 

Ұлттық нарықтарға халықаралық талдау жүргізу кезінде мемлекеттерді екі үлкен топқа бөліп қарастыру орын алған: дамыған (developed markets) және қалыптасушы (emerging markets)8. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалы егеменді мемлекет ретінде дамуының тарихы қысқа болып табылады және республика қазіргі таңда транзиттік экономикалы (transin economy) деген атқа ие болып отырған мемлекеттердің екінші тобына кіреді. Соңғы жылдар барысында республиканың қаржы нарығы қарқынды түрде дамығанына қарамастан республиканың қаржы нарығы «жетілмеген» болып табылады және өзгеру, өсу және күрделену үстінде.



Кез келген мемлекеттің даму деңгейі бірқатар сандық және сапалық көрсеткіштер арқылы анықталады:

ақша көлемінің ЖІӨ қатынасы (экономиканың қаржылық тереңдігі);

ішкі банк несиелері көлемінің ЖІӨ қатынасы;

акциялар (әдетте еркін айналымдағы және портфелді инвесторлар үшін жетімді) капиталдандыру көлемінің ЖІӨ қатынасы;

қарыздық бағалы қағаздар бойынша қарыз (ішкі және сыртқы корпоративтік қарыз) көлемінің ЖІӨ қатынасы;

туынды қаржы құралдары нарығының бар болуы және даму деңгейі;

қарыздық қаржы құралдарының саны мен сенімділік рейтингі;

қаржы нарығын реттеудің тиімді жүйесі және тиісті заңнаманың болуы.

«Emerging markets» санатына кіретін мемлекеттердің бірқатарының ішкі ірі нарықтары бар (мысалы, BRIC мемлекеттері: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай) болса, екіншілері дамыған реттеу жүйесі мен ашықтығымен сипатталады (мысалы, Польша, Венгрия, Чехия және шығыс Еуропаның бірқатар басқа мемлекеттері). Бірқатар мемлекеттердің нарықтық даму тарихы ұзақ болса (Үндістан, Латын Америка мемлекеттері), екінші мемлекеттердің тарихы 15-20 жылға жетпейді (ТМД мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан).

Бірақ «Emerging markets» санатының барлық мемлекеттеріне келесі салыстырмалы көрсеткіштері тән:

дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, ЖІӨ қатынасы бойынша қаржы нарықтарының көлемі бірнеше есе кіші (2-кесте). Сондай-ақ, есепке алатын жәйт, қаржы нарықтарының көлемі елдердің ұлттық экономикасындағы қаржы нарығының сол не басқа секторларының рөліне қарай ерекшеленеді. Осылайша, кейбір дамыған нарықтары кейбір көрсеткіштер бойынша «Emerging markets» қаржы нарықгарынан кем болуы мүмкін;

экономиканы қаржыландыру көзі ретінде банктік несиелеу көлемі ба5алы қа5аздар шығару көлемінен артық болып келеді (2-кесте);

қаржы нарықтары активтер мен қызметтердің шо5ырлануының жоғары деңгейімен ерекшеленеді (нарықтың ірі қатысушыларының саны басым болып келеді) (3-кесте);

банктік емес қаржы ұйымдарының нарығының активтері мен қызметтерінің даму деңгейі бойынша банк нарығынан артта қалуда.

 

2-кесте. Әр түрлі мемлекеттердің қаржы нарықтары көлемдерінің



көрсеткіштері, 2007 жылдың соңы     

 


Мемлекет

ЖІӨ9, миллиард АҚШ доллары

Акциялар капиталдан-дыру10 /ЖІӨ,%

Қарыздық БҚ көлемі11/ЖІӨ, %

Ішкі банк несиесінің көлемі12/ЖІӨ,%

1

2

3

4

5

Дамыған мемлекеттер

Австралия

909

143

76

144

Бельгия

453,6

58

121

169

Ұлыбритания

2773

139

49

190

Германия

3322

63

79

153

Испания

1439

125

114

221

Италия

2105

51

144

146

Канада

1432

153

80

166

Нидерланды

769

85

117

244

АҚШ

13840

144

179

102

Финляндия

245

141

57

98

Франция

2560

73

111

160

Швейцария

423,9

300

57

202

Швеция

455,3

126

85

138

Жапония

4384

104

202

220

Нарықтары қалыптасу үстіндегі мемлекеттер

Аргентина

260

22

29

28

Бразилия

1314

104

72

105

Венгрия

138

33

-

79

Үндістан

1099

165

41

70

Қазақстан

104

53

14

77

Қытай

3251

138

52

143

Корея

957

128

112

111

Малайзия

186

174

96

118

Мексика

893

44

40

39

Польша

420

50

39

53

Ресей

1290

103

613

26

Таиланд

246

80

56

98

Түркия

663

43

33

54

Чехия

175

н.д

60

59

Чили

164

130

-

77

ОАР

283

293

43

91

Әлемнің

барлық


мемлекеттері

54620

-

-

-

 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет