Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 96 қаулысына
22-қосымша
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухат»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухат» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Көші-қон полициясы басқармасына қолдаухат (бұдан әрі – қолдаухат).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдауы және тіркеуі, көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету процесін, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін, автоматтандыру мен мониторингіне арналған ақпараттық жүйедегі автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – ХҚО ИАЖ МО АЖО) тіркеуі – 1 (бір) жұмыс күні;
2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын және исламдық қаржыландыруды дамыту департаментінің
(бұдан әрі – АӨҚО және ИҚДД) Қаржы орталығын дамыту басқармасының
(бұдан әрі – ҚОДБ) уәкілетті қызметкерінің өтінішті қарауы және қолдаухатты дайындауы – 1 (бір) жұмыс күні;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшылығының қолдаухатқа қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні;
4) АӨҚО және ИҚДД ҚОДБ уәкілетті қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалуын ХҚО ИАЖ МО АЖО-да тіркеуі, көрсетілетін қызметті алушыға қолдаухатты беруі, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі берілген күнді ХҚО ИАЖ МО АЖО-да тіркеуі – қолдаухатқа қол қойған күні.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер;
2) АӨҚО және ИҚДД ҚОДБ уәкілетті қызметкері;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызмет берушілерге өтініш жасау тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызмет алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы: көрсетілмейді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы: көрсетілмейді.
10. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызмет беруші мен көрсетілген қызмет алушының өтініш жасау тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау: көрсетілмейді.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасында көрсетілген.
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әрбір рәсімнің
(іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Достарыңызбен бөлісу: |