Алматы облысының елдi мекендерiндегi жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау Ережесiн белгiлеу туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуiрдегi N 32-189 шешiмi. Алматы облысының әдiлет департаментiнде 2010 жылы 22 сәуiрде N 2048 тiркелдi
Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 3 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1. "Алматы облысының елдi мекендерiндегi жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау Ережесi" қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т. Досымбековке жүктелсiн.
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихат Облыстық
сессиясының төрағасы мәслихаттың хатшысы
Х. Ахметжанов А. Сыдық
Алматы облыстық мәслихатының
2010 жылғы 12 сәуiрдегi "Алматы
облысының елдi мекендерiндегi
жасыл желектердi күтiп ұстау
мен қорғау Ережесiн белгiлеу
туралы" N 32-189 шешiмiне
қосымша
Алматы облысының елдi мекендерiндегi жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау
Ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы облысының елдi мекендердегi жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау Ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Экологиялық Кодексiнiң 19 бабына сәйкес әзiрлендi және барлық заңды және жеке тұлғалардың меншiк нысандарына қарамастан Алматы облысының елдi мекендерiндегi жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау тәртiбiн белгiлейдi, осы Ереженiң күшi жеке тұрғын үй мен азаматтардың саяжай учаскелерiне, коммуналдық қызметтерiнiң қарауына жататын зираттар учаскелерiне және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға тарамайды.
2. Жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қарамағында жасыл желектерi бар аудан, қала әкiмдiктерiне және уәкiлеттi органға жүктеледi.
3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) жасыл желектердi амалсыз кесу - белгiленген тәртiппен түгендеуге, орман ауруларын зерттеуге және шаруашылық мақсаттар үшiн пайдалануға жататын ағаштарды кесу;
2) дендрологиялық жоспар (дендрожоспар) - көк желектердiң, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының және бұдан кейiн құрылыс салу аймағын ескере отырып ашық учаскелерiмен үйлесiмде өсiп тұрған жасыл желектердiң және отырғызуға жоспарланған ағаш-бұтақ өсiмдiктерiнiң түрлiк және сандық құрамы көрсетiлген аудандардың елдi мекендердiң, қалалардың шегiнде жасыл желектердi отырғызу жоспары;
3) жасыл желектердi қорғау - жасыл желектердi, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен түлетуге (оның iшiнде жойылған немесе зақымдалған жасыл желектердi өтемдiк қалпына келтiруге) бағытталған құқықтық, әкiмшiлiк, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесi;
4) жасыл алқап - түрлiк құрамына қарамастан кемiнде 0,125 га аумақта кем дегенде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ
5) жасыл желектер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлiк болып табылатын және қаланың бiрыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егiлген ағаш бұтақты және шөптi өсiмдiктер;
6) жасыл құрылыс - аудандардың елдi мекендерiнде, қалаларда, өнеркәсiп және басқа да нысандарда жасыл желектер аумағын құру, сақтау және көбейту жөнiндегi шаралар жүйесi. Аумағы едәуiр учаскелердi көгалдандыру жобалық тапсырма және оның техникалық жобасы негiзiнде жүргiзiледi;
7) жалпы пайдаланылатын жерлер - алаңдар, көшелер, жаяу соқпақтар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, бақтар, қала ормандары, бульварлар, суаттар, жағажайлар, зираттар және қала мұқтажын қанағаттандыратын өзге де нысандар (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазалау құрылыстары және басқа да жалпы пайдаланылатын инженерлiк жүйелер) үшiн алынған және арналған жерлер;
8) жасыл желектердi түгендеу - (тал басын санау) жасыл желектердiң сандық және сапалық сипаттамасы жан-жақты көрсетiлген, көгалдандыру нысандарын есепке алу жөнiндегi кешендi шаралар, сондай-ақ жоспарлы негiзде көгалдандырудың әрбiр элементiн кескiндемелiк бейнелеу;
9) нысан (желек) жағдайының (тiршiлiк қабiлетiнiң) коэффициентi (бұдан әрi - НЖК) - кесуге ұсынылған нысанның тiршiлiк қабiлетiн ескеретiн, жасыл желектердiң сапалық жай-күйi, оның одан әрi өмiр сүруiнiң әлеуеттi қабiлетi;
10) жасыл алқаптардағы ландшафтық кесу - құрғақ, шiрiген ажары нашар және рекреациялық ықпалға төзiмдiлiгi төмен, ең әсем тұрақты тұқымның дамуына кедергi келтiретiн және ағаш сапасын жақсарту мақсатында ағаштар мен бұталарды кесу;
11) жасыл желектердiң орман ауруларына бейiмдiлiгiн зерттеу - зиянкестердiң (жәндiктердiң) бар-жоғын арнайы зерттеу, ауру белгiлерi мен ошақтарының, дiңдерде, тамыр жүйесi мен бөрiкбасында аурулармен (паразиттермен) зақымдану белгiлерiнiң бар-жоғын анықтау. Егер желектердiң 50 % астамы ауруларға шалдыққан болса, онда олар мiндеттi түрде санитарлық кесуге жатады.
12) жасарту - қаңқалы және жартылай қаңқалы дiңдердi қатты қысқарту, ұзарған жерлерiн сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзiнiң ажарын жоғалтқан, сау дiңдi және сүңгектi жасарту үшiн жарамды ересек ағаштардың кемiнде 3,5 метр биiктiктегi дiңдерiн кесу;
13) көгалдандырылған аумақ - табиғи өсiмдiктер, жасанды жасалған саябақ кешендерi мен нысандары, бульварлар, бақтар, көкжелектер, гүлзарлар және т.б. орналасатын жер учаскесi;
14) осы ереженi бұзғандығы үшiн жауапкершiлiк - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға әкiмшiлiк және экономикалық жағынан ықпал ету шараларын қолдану;
15) жасыл желектердi қайта отырғызу - тiгiнен немесе көлденеңiнен тамыр жүйесiне таралуы бойынша (1,8 метрден бастап одан биiгiрек) жерде топырақ кесектерiмен бiрге қайта отырғызудың жоғары технологиясын сақтай отырып, жасы I сыныптағы топырақ кесектерi бар (10 жылға дейiн), сирек - жасы II сыныпта (жапырақты тұқымдар үшiн 11 жылдан 20 жылға дейiн және қылқан жапырақтылар үшiн 21 жылдан 40 жылға дейiн) жапырақты және қылқан жапырақты өсiп тұрған ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу;
16) өтемдiк (кепiлдiк) отырғызу жоспары - отырғызудың сандық, тұқымдық құрамы, көлемi, күнтiзбелiк мерзiмi, сонымен қатар жоспарлы негiзге орайластырылған отырғызуды орналастырудың кескiндемелiк сызбасы бар, рұқсат етiлген санитарлық кесуге, амалсыз кесуге немесе заңсыз кесуге ұшыраған жасыл желектер көлемiн сол деңгейде өтейтiн ағаштарды отырғызу жоспары;
17) жасыл желектердi зақымдау - ағаш-бұтақ өсiмдiктерiнiң бөрiкбасына, дiңiне, тамыр жүйесiне, шөптi өсiмдiктердiң жер үстi бөлiгi мен тамыр жүйесiне өсiмiн тоқтатуға алып келмейтiн залал келтiру. Тамыр жүйесiнiң механикалық термиялық немесе химиялық зақымдануы, тамыр қыртысы тұтастығының, топырақ үстi жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрiн келтiру зақымдану болып табылады;
18) аудандардың елдi мекендерiнде және қалалардағы жасыл желектердiң тiзiлiмi – аудандардың, қалалардың аумағындағы жасыл желектердiң көлемi, түрi, түрлiк құрамы, туралы мәлiметтер тiзiлiмi;
19) санитарлық кесу - ауырған, зақымданған, құрғай бастаған және құрғаған ағаштары кесiлетiн, қала жасыл желегiнiң санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүргiзiлетiн (iрiктемелiк, жаппай) кесу;
20) санитарлық қырқу - апаттық жағдайда (электр беру желiлерiнде, газ құбырларында жатқан, ғимараттың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысына кедергi келтiретiн) зақымдалған, қураған, құрғақ, ауру бұтақтарды қырқу;
21) iрiктемелiк санитарлық кесу - қураған, солған, желден, қардан құлаған, қардан сынатын барлық сынып жастағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ тамыры зақымдалған, сәрпiңке мен өзге де таз ауруларына шалдыққан ағаштарды кесу;
22) жаппай санитарлық кесу - көп мөлшерде желден, қардан құлаған, құрғаған және ауырған (ағаштардың 40 % астамы) жасыл алқаптардың, саябақтардың, бақтардың белгiлi бiр алаңдарында жүргiзiлетiн ағаштар мен бұталарды кесу;
23) жеке тұлғалардың аралас аумақтары (жапсарлас) - қала аумақтарының жалпы пайдаланылатын жерлерiмен шектесетiн, жасыл желектер өсiп тұрған жеке тұлғаларға тиесiлi аумақ учаскесi;
24) жасыл желектердi сақтау - көрiктендiру және құрылыс жұмыстарының дағына түсетiн, аса құнды желек тұқымдарын сақтауға бағытталған кешендi шаралар. Сақтау - құрылыс жүргiзу кезiнде желектердiң бүлiнуiне жол бермеу үшiн қоршау және басқа да әдiстермен жүзеге асырылады;
25) арнайы мамандандырылған ұйым - жарғысында жасыл желектердi күту мен қорғау бойынша жүргiзiлетiн жұмыстардың түрi көрсетiлген, қажеттi барлық материалдық және бiлiктi еңбек ресурстары бар шаруашылық жүргiзушi субъект;
26) техникалық қадағалау - жасыл желектердi жасау (өтемдiк отырғызуларды қоса кiргiзгенде), күту және қорғау технологияларының сақталуына және белгiленген ережелердiң, жасыл желектердi отырғызу және күту технологияларының сақталуына қадағалау (бақылау) жүргiзу;
27) жасыл желектердi жою - өсiмiнiң тоқтауына алып келетiн жасыл желектердiң зақымдануы;
28) күтiм жасау - өсiмдiктiң төменгi бөлiгi мен топырағына күтiм жасау (қоректендiру, суару, қопсыту және т.б.);
29) бөрiкбастарды қалыптастыру - пiшiндеуге келетiн, жекелеген ағаштардың, бұталардың және жолдағы өсiмдiктердiң бұташалары мен ұзарған жерлерiн оларға белгiлi бiр әсемдiк беру мақсатында кесу және жасыл желектердi "жасарту".
30) уәкiлеттi орган – "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттiк мекемесi.
4. Алматы облысының аумағындағы барлық жасыл желектер, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өсiп тұрған жасыл желектердi, жеке үй құрылыстары мен саяжайларда және қалалық коммуналдық қызметтердiң қарауына жататын зираттар учаскелерiнде өсiп тұрған жасыл желектердi қоспағанда, қол сұғылмайтын аудандық және қалалық жасыл қорды құрайды.
5. Меншiк түрiне қарамастан барлық азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар жасыл желектердi сақтау мен қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.
6. Жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеде белгiленген жасыл желектердi қорғау жөнiндегi талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметтердi ұйымдастыруға арналған жоба алдындағы және жобалау құжаттамада топографиялық түсiрiлiмге енгiзiлген жасыл желектердiң күйi туралы толық және нақты мәлiметтер болуы тиiс. Егер учаскеде 10-нан аса ағаш өсiп тұрса түгендеу және орман ауруларына бейiмдiлiгiне зерттеу жүргiзу қажет.
7. Аудан, қала аумағындағы жалпы пайдаланылатын аумақтарда орналасқан жасыл алқаптар қала дамуының бас жоспарына кiретiн жер учаскелерiн қоспағанда құрылыс салуға жатпайды.
8. Жасыл желектердi амалсыз кесуге заңда белгiленген тәртiпте, қала мен ауданды дамытуға бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алынған жер телiмдерiнде ғана рұқсат етiледi.
2. Аудандардың елдi мекендерiнде және қалалардағы жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органы рұқсат етуге жататын мәселелер
9. Уәкiлеттi органы жасыл желектер мәселесi бойынша тапсырыстарды (өтiнiштердi) төмендегiдей ретте қарастырады:
1) тапсырыстарда (өтiнiштерде) көрсетiлген жерге барып жасыл желектердi анықтайды, олардың тұқымдық құрамы, жасы, сапалық жағдайы нақтыланады, жасыл желектердi зерттеу актiсi 1 қосымшаға сәйкес толтырылады;
2) жасыл желектердi санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, қайта отырғызуға рұқсат алу үшiн 2 қосымшаға сәйкес құжаттарды дайындайды;
3) жасыл желектердi пiшiндемелiк қырқуға (жасартуға), санитарлық кесуге, сүңгегiн тазалауға рұқсат алу үшiн 3 қосымшаға сәйкес құжаттарды дайындайды.
10. 1-шi тармақтағы талаптар осы ереженiң 39, 40, 41 тармақтарында қарастырылған жағдайларда қолданылмайды;
3. Жасыл желектердi есепке алу, қорғау және күту
11. Жасыл желектердiң барлық түрi есепке алынады. Жасыл желектердi есепке алу 4 қосымшада белгiленген нысанға сәйкес тiзiлiмге енгiзiлiп, есепке алынатын объект шекарасында орналасқан жасыл желектердi түгендеу және орман ауруларына бейiмдiлiгiн зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
12. Жасыл желектердi есепке алу нәтижесiн көрсететiн құжат, белгiленген тәртiппен ресiмделген түгендеу және орман ауруларына бейiмдiлiгiн зерттеу құжаттарының негiзiнде жасалған жасыл желектердiң жоспары (дендрожоспар) болып табылады.
13. Жасыл желектердi түгендеу және орман ауруларына бейiмдiлiгiне зерттеу жүргiзудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жасыл желектердi түгендеу және олардың орман ауруларына бейiмдiлiгiн зерттеу құжаттарының көшiрмелерiн жасыл қормен жұмыс жасау кезiнде ұсыныс ретiнде пайдалану үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi – аудан, қала әкiмдiктерiне жiбередi.
14. Амалсыз кесуге жататын және 10-нан астам ағашы бар учаскелер шегiнде түрлiк құрамын, сандық және сапалық күйiн, жасын (диаметрiн) ескере отыра жасыл желектерге түгендеу және орман ауруларына бейiмдiлiгiне тексеру жүргiзу қажет.
15. Аудандардың, қалалардың жасыл желектердiң есебi мына мақсаттарда жүргiзiледi:
1) жасыл желектердiң саны мен сапасы және жәй-күйi туралы шынайы мәлiметтердi алу және есебiн жүргiзу;
2) жасыл желектердi қорғау, сақтау және көгалдандырылған аумақтарды дамыту саласындағы аудан, қала саясатының негiзгi бағыттарын анықтау;
3) халықты, жергiлiктi атқарушы органдарын жасыл желектердiң саны мен жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
16. Жалпы пайдаланылатын жерлердегi жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғауды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi – аудандық, қалалық әкiмдiктер аппараты жүзеге асырады, мына жағдайларды қоспағанда, арнайы саябақтарда меншiк иелерiне, тұрғын ықшам аудандарында, тұрғын үйлердiң алдындағы көшелерде құрылыстан жаяусоқпаққа дейiн - iшкi аула аумағы шегiнде тұрғын үй қорының иелерiне, өнеркәсiп кәсiпорындары аумақтары мен меншiктiң өзге нысандарында, құрылыс үшiн бөлiнген аумақтарда.
17. Жасыл желектердi өтемдiк қалпына келтiру уәкiлеттi органының рұқсатына сәйкес жүргiзiлген санитарлық кескендiгi, амалсыз кескендiгi үшiн биiктiгi 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас, ал қылқан жапырақтылар үшiн 2 метрден кем емес (I және I-II сыныптағы сападағы) жолымен жүргiзiледi. Көшеттердiң тамыр жүйесiнен жоғары дiңгегiнiң диаметрi кем дегенде 3 сантиметр (дiңгек бөлiгiнiң 1,3 метр биiктiкте) болуы керек. Мұндай кезде амалсыз кесiлген ағаштардың орнына өтемдiк отырғызу сол жер телiмi аумағында (сәулет шарттары ескерiлiп) үш есе көлемiнде жүргiзiледi. Санитарлық кесу және жасыл желектердi кесу жүргiзiлетiн аумақта отырғызу үшiн бос алаң болмаған жағдайда уәкiлеттi органы одан әрi өтемдiк отырғызу жүргiзу үшiн арнайы учаскелердi анықтайды. Жалпы пайдаланылатын жерлердегi өтемдiк отырғызуларды тек қана жалпы пайдаланылатын жерлерде жасыл желектердi күтiп ұстау, қорғау және көгалдандыруды жүргiзу уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
18. НЖК бойынша 4 және 5 категориядағы апатты жағдайдағы, қураған және қартайған жасыл желектердi кесу кезiнде заңды және жеке тұлғалар әрбiр апатты жағдайдағы жасыл желектi кескенi үшiн жасыл желек кесiлген жерде немесе уәкiлеттi органы белгiлеген учаскеге жасыл желектердi кепiлдi өтемдiк отырғызу ретiнде 1 көшет отырғызады.
19. Апаттық жағдайлардың алдын алу үшiн - ұзақ тұрған (қартайған), апатты (құлап қауiп төндiретiн және т.б., қураған ағаштардың, қатты пiскен (тiршiлiгi қысқа мерзiмдi, жылдам өсетiн: жасы 40-тан асқан теректердiң барлық түрi; жасы 20-дан асқан жемiстi ағаштар; жасы 50- ден асқан аласа шегiршiн, вавилон қара шiлiгi) және басқа да ағаш түрлерiнiң өздiгiнен құлауын болдырмау үшiн желектiң сапалық жағдайына қарамастан сұлбасы, жапырағы, дiңгегi 4 және 5 категориясын НЖК-ны қолдана отырып, алдын ала зерттеу жүргiзудiң (оның iшiнде аудандардағы жасыл желектердi түгендеу және олардың орман ауруларына бейiмдiлiгiн зерттеу нәтижесiне сәйкес НЖК қолдана отырып көшеттердiң жоспарланған өтемдiк отырғызылуын ескеру, апатты (қартайған және т.б. сол сияқты) ағаштарды құлату жөнiнде бағдарлама әкiмшiлерi, аудандардың, қалалардың құтқару қызметi, төтенше жағдайлар органдарының, заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерi бойынша ағаштарды амалсыз кесуге немесе санитарлық кесуге рұқсат берiледi.
20. Жалпы пайдаланылатын жерлердегi, ғимараттар мен үй-жайлардың, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарында желдiң және табиғи сипаттағы өзге де оқиғалардың, жол-көлiк апаттары нәтижесiнде құлаған апатты ағаштарды жинау, құлаған жерлердi өз уақытында санитарлық тазалау және ағаш қалдықтарын шығару жер пайдалану шекарасындағы, сол аумаққа қарайтын мекеме қамтамасыз етедi.
21. Жасыл желектердi күту жөнiндегi бағдарламалардың әкiмшiлерi (аудан, қала әкiмдерiнiң аппараттары) көгалдандыру мәселелерi бойынша табиғатты қорғау шараларын қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшiн күнтiзбелiк жылдың 1 қарашасына дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi органына апатты ағаштарды санитарлық кесу немесе амалсыз кесу жүргiзiлген орындарға iрi көлемде отырғызылатын көшеттердiң саны мен түрi нақты көрсетiлген, қаланың жасыл қорын қалпына келтiру жөнiндегi өтемдiк жұмыстарды жүргiзуге қаржыны ұйымдастыруға тапсырыс бередi.
22. Өнеркәсiптiк, азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және жеке тұрғын үй құрылысынан кемiнде 5 м қашықтықта өсiп тұрған ағаштың ұшар басы ғимарат үшiн қауiп туғызса - жабынды, балконды, лоджияны, терезенi бүлдiретiн және тамырлары ғимарат iргетасын қирататын болса, оларды санитарлық қырқуға, амалсыз кесуге рұқсат 3.01-01-2002 Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес шектесетiн аумақта өтемдiк отырғызуды анықтаумен, апатты жасыл желектердi кесу (НЖК бойынша 4 және 5 категориясы) ретiнде берiледi.
23. Жасыл желектердi заңсыз кескен жағдайда өтемдiк қалпына келтiру биiктiгi 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас көшеттерiн, сондай-ақ биiктiгi кемiнде 2 метрден кем емес (I және II сыныптағы сападағы) қылқан жапырақты тұқым көшеттерiн он есе көлемiнде отырғызу жолымен жүргiзiледi. Дiңгегiнiң диаметрi көшеттiң жоғары тамыр жүйесiнен (дiңгек бөлiгi 1.3 метр биiктiкте) 3 сантиметрден кем болмауы керек. Заңсыз кесу жүргiзiлген аумақта ағаш отырғызу үшiн бос алаң болмаған жағдайда уәкiлеттi органы өтемдiк отырғызуды жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен арнайы учаскелердi белгiлейдi.
24. Жеке және заңды тұлғалар жасыл желектердi өтемдiк қалпына келтiрудi өз еркiмен, оларды одан әрi күтудi қамтамасыз етудiң шарттарын сақтай отырып жүргiзе алады.
25. Бюджет қаражаты есебiнен құрылыс жұмыстарын жүргiзген кезде (күрделi құрылыс, жолдарды, жаяу соқпақтарды, арық желiлерiн жөндеу және т.б.) және коммерциялық құрылыс жұмыстарын жүргiзетiн ұйымдарға (тапсырыс берушiлер мен мердiгерлер) құрылыс жобаларында жасыл желектердi құру немесе қалпына келтiру (жобада қарастырылған) жөнiндегi, жұмыстарын көгалдандыру жұмыстары аяқталғаннан кейiнгi екi жыл бойы оларды күтiп-баптау жұмыстарын ескере отырып қаржыландыруды қарастыруы қажет.
26. Жалпы пайдалану жерлерiнде және жеке аумақтарда өсетiн жасыл желектер механикалық зақымдалған немесе жол-көлiк оқиғалары салдарынан жойылған жағдайда кiнәлiлердiң тарапынан зақымдалған немесе жойылған желектердiң өтемдiк қалпына келтiрiлуiн көшет отырғызу арқылы жүргiзедi.
27. Отырғызылған жасыл желектер жойылған жағдайда оның мүддесi үшiн кесу жүргiзiлген тұлға жасыл желектердi қайта отырғызады және олар отырғызылғаннан кейiн екi жыл iшiнде әрi қарай күтiп-баптауын қамтамасыз етедi.
28. Қажеттi күтiп-ұстау, жасыл желектi қалпына келтiру мүмкiндiгiнiң жоқтығына, механикалық зақымдалуға, көшеттердiң баяу өсуiне байланысты, отырғызылған жерде көшеттердiң жоқтығының (ұрланған) анықталуына байланысты жасыл желектердiң жойылғандығы анықталған жағдайда (қурағандарын қоспағанда) оларды қалпына келтiру жасыл желектердi күту жауапкершiлiгi жүктелген тұлғалар есебiнен жүргiзiледi.
29. Құрылыс және өзге жұмыс түрлерiн жүргiзген кезде осы учаскедегi сақталуға жататын, кесуге немесе санитарлық қырқуға жатпайтын барлық жасыл желектер тиiмдi қорғауды қамтамасыз ететiн арнайы қорғаныс қоршауларымен қорғалуға тиiс.
4. Жасыл желектердi санитарлық кесу (iрiктемелiк, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, бөрiкбастарын қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегiн тазалау
30. Жасыл желектердi санитарлық кесу (iрiктемелiк, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшар бастарын қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегiн тазалау осы Ережеде белгiленген уәкiлеттi органының рұқсатымен жүргiзiледi.
31. Жасыл желектердi қайта отырғызу бiр жылдың iшiнде уәкiлеттi органы берген рұқсатта көрсетiлген уақытта, арнайы қайта отырғызу технологиясын сақтай отырып жүргiзiледi. Жапырақты және қылқанжапырақты ағаштардың жерсiнудiң өнiмдiлiгiн көтеру мақсатында оларды күз түскеннен бастап көктемнiң бас кезiне дейiн отырғызу ұсынылады.
32. Ағаштарды жасарту және қалың бiткен ағаштарды сирету өсiп-өну кезеңi басталғанға дейiн немесе күздiң аяғына дейiн жүргiзiледi.
33. Жаңа құрылысты оның iшiнде, жаңартуға түсетiн аумақтардағы құрылысты (бұрыннан бар жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда) олардың нысаналы мақсатына қарамастан (жоспарланған жеке тұрғын үй құрылысы, өнеркәсiптiк және азаматтық құрылыс нысандары, әкiмшiлiк ғимараттары, коммуникацияның, қызмет көрсету саласы нысандарының барлық түрлерi) және жер учаскесiне құқықты ұйымдастыру кезiнде жасыл желектердi кесу, түгендеу мен орман ауруларына бейiмдiлiгiн зерттеу материалдары негiзiнде уәкiлеттi органының рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
34. Жалпы пайдаланатын жерлердегi жасыл желектерi бар аумақтарды күту жөнiндегi бағдарламалар әкiмшiлерi, заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ аумақтарында жасыл желек өсетiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн пайдаланушылар жыл сайын көктемгi және жазғы кезеңде жасыл желектердi зиянкестерден (жәндiктерден, паразиттiк өсiмдiктерден) және аурулардан сақтау үшiн химиялық препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану тәртiбiн сақтай отырып химиялық әдiстермен және басқа да биологиялық дәрi-дәрмектермен химиялық және фитосанитариялық өңдеу жөнiндегi шараларды ұйымдастырады және өткiзедi.
35. Осы Ереженiң 34 тармағында көрсетiлген тұлғалардың химиялық және фитосанитариялық өңдеулердi жүргiзуi, жасыл желектердi қорғау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруы алдын ала бекiтiлген шаралар жоспары бойынша жүргiзiледi және аудандық, қалалық әкiмдiктерге жүктеледi, ал жүргiзiлген жұмыстарға бақылау жасау өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға, сондай-ақ өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдарға жүктеледi.
36. Жалпы пайдаланатын жерлерде жасыл желектердi санитарлық кесудi, амалсыз кесудi және санитарлық қырқуды мiндеттi түрде уәкiлеттi органы рұқсатын алдын ала ресiмдеу арқылы, сол жер учаскесiнде қызмет көрсететiн арнайы мамандандырылған мекеме жүргiзедi.
37. Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын сәулеттiк, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде, жасыл желектi қалпына келтiру белгiленген тәртiппен (көгалдандыру жобасы бойынша) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
38. Ағаштың құлауы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызатын, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның iшiнде жол жүру белгiлерiн жауып тұрса) қауiпсiздiгiнiң бұзылуына алып келетiн төтенше және апатты жағдайларда аталған жасыл желектердi кесу және санитарлық қырқу рұқсатты ресiмдеусiз шұғыл түрде жүргiзiледi. Кесу немесе санитарлық қырқу деректерi төтенше жағдайлар органдарының құтқарушы қызметiнiң куәландыру актiсiмен айғақталады, артынша уәкiлеттi органға хабарланады.
39. Шеткi өткiзгiштер жолының екi жағында да тұрған электр тораптарының күзеттiк және санитарлық қорғау аймақтары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "1000 В-қа дейiнгi және 1000 В-дан артық электр тораптарын және жылу тораптарын қорғау ережелерi туралы" 1997 жылғы 10 қазандағы N 1436 қаулысына сәйкес 15 метрден бастап 55 метрге дейiнгi аралықты құрайды. Бұл аумақтарда тиiстi ұйымдар қызмет көрсетедi. Қорғалатын және санитарлық - қорғау аймақтары бойындағы жасыл желектердi санитарлық кесу, қажеттi амалсыз кесу, санитарлық қырқу, ұшар бастарды қалыптастыру, жасарту жұмыстары уәкiлеттi органның рұқсатынсыз, бiрақ уәкiлеттi органына жалпы пайдаланатын аталған жер учаскесiнде қызмет көрсететiн мамандандырылған мекеменi және көрсетiлген аумақты күту жөнiндегi бағдарламаның әкiмшiлерi, ескерту арқылы (72 сағаттың iшiнде жүргiзiлетiн жұмыс түрлерiнiң кестесiн ұсынып) желiлерi ведомстваға қарайтын мамандандырылған қызметтер жүргiзедi. Бұл жағдайда жасалатын жұмыс түрлерiн орындаудың технологиясы қатаң сақталуы қажет.
40. Су ресурстарының (өзендер, су айдындары) жер үстi көздерiндегi су тасқыны кезiнде төтенше жағдайларды болдырмау үшiн өзен арнасында, су айдындарында өскен жасыл желектердi кесу шұғыл түрде жүргiзiледi. Кесу дерегi аудандардың төтенше жағдайлар органдары мен экологиялық қызметiнiң куәландыру актiсiмен айғақталады, артынша 72 (жетпiс екi) сағаттың бойында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға хабарланады.
41. Кесiлген жасыл желек пен ұнталған қалдықтарды (үгiндiлер, бұталар, жапырақтар, ұшар бастар және т.б.) жұмыс жүргiзiлген жерде жинау мен сақтауға тыйым салынады. Ағаштарды кесу, көлденең бөлу, ағаш қалдықтарды тасымалдау бойынша барлық жұмыстар техника қауiпсiздiгi талаптарына толық сәйкестiкте жүргiзiлуге тиiс.
42. Жасыл желектердi қайта отырғызу бойынша жұмыс жүргiзiлгеннен кейiн тапсырысшы олардың одан әрi ұстап-күтiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
43. Жаңадан салынып жатқан немесе жаңартылып жатқан нысандар үшiн жасыл желектердi санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, сүңгегiн тазалауға, санитарлық қырқуға, қайта отырғызуға рұқсатты ресiмдеу үшiн мынадай құжаттар тапсырылуға тиiс:
Жаңадан нысан, құрылыс, үй-жай салу (жаңарту) кезiнде заңды тұлғалар үшiн:
1) уәкiлеттi орган басшысының атына басшының толық аты-жөнi, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектiң орны көрсетiлген өтiнiш;
2) жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң көшiрмесi (нысандар құрылысы, оның iшiнде жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрi ЖТҚ) үшiн жер учаскесiн бөлген кездегi);
3) жер учаскесiне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшiрмесi;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы (салынып жатқан және жаңартылатын нысандар үшiн);
5) қайта салынатын нысандар үшiн сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулеттiк-жоспарламалық тапсырмасы бойынша қорытынды;
6) өсiп тұрған жасыл желектердiң тұқымдық және сандық құрамы, олардың жәй-күйi көрсетiлген жер учаскесiнiң топографиялық түсiрiлiмi (және егер құрылыс жүргiзiлетiн жерде 10-нан артық ағаш өссе, жасыл желектердi түгендеу және олардың орман ауруларына бейiмдiлiгiн зерттеу материалдарын);
7) өтемдiк көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердiң орналасуы көрсетiлген жобалық көгалдандыру жоспары;
8) өтемдiк көгалдандыру бойынша көшеттердi отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетiлген кепiлдiк хат;
Бұрыннан тұрған нысандардың аумағын көрiктендiру және эстетикалық келбетiн жақсарту үшiн:
1) уәкiлеттi орган басшысының атына басшының толық аты-жөнi, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектiң орны көрсетiлген өтiнiш;
2) жер учаскесiне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшiрмесi;
3) өсiп тұрған жасыл желектердiң тұқымдық және сандық құрамы, олардың жәй-күйi көрсетiлген жер учаскесiнiң топографиялық түсiрiлiмi (және егер құрылыс жүргiзiлетiн жерде 10-нан артық ағаш өссе, жасыл желектердi түгендеу және олардың орман ауруларына бейiмдiлiгiн зерттеу материалдарын);
4) өтемдiк көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердiң орналасуы көрсетiлген жобалық көгалдандыру жоспары;
5) өтемдiк көгалдандыру бойынша көшеттердi отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетiлген кепiлдiк хат;
Жасыл желектер шектесетiн аумақтарда өскен жағдайда жеке тұлғалар үшiн:
1) уәкiлеттi орган басшысының атына өтiнiш;
2) жер учаскесiне құқықты айғақтайтын құжаттардың көшiрмесi.
3) жасыл желектердiң орналасуы көрсетiлген өтемдiк көгалдандырудың нобай- жоспары;
4) өтемдiк көгалдандыру бойынша көшеттердi отырғызуды аяқтау уақыты көрсетiлген кепiлдiк хат.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi – аудан, қала әкiмiнiң аппараттары - бюджет қаржысына жүргiзiлетiн жасыл желектердi қайта отырғызуға, санитарлық кесуге рұқсаттарды ресiмдеу үшiн уәкiлеттi органға төмендегiдей құжаттарды ұсынады:
1) уәкiлеттi органның басшысының атына басшының аты-жөнi, мекенжайы, байланыс телефоны және жасыл желек орналасқан жердi көрсете отырып жазылған тапсырыс;
2) өтемдiк көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердi отырғызу сызбасы көрсетiлген, жобалық көгалдандырудың жоспары;
3) көшеттердi отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетiлген, өтемдiк көгалдандыру жөнiндегi кепiл хат.
44. Қайта салынатын нысандар үшiн жеке және заңды тұлғалар жасыл желектердi кесуге рұқсат беру туралы өтiнiш жасаған кезде, олар осы Ереженiң 43 тармағына сәйкес құжаттардың көшiрмелерiн тапсыруы қажет.
45. Өтiнiш уәкiлеттi орган маманының сол жерге барып жер учаскесiне мiндеттi тексерiс жүргiзуiмен қаралады, оған тапсырысшының немесе өтiнiш берушiнiң өкiлi қатысады.
46. Санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға және ұшар бастарды қалыптастыруға түсетiн (қаралатын учаскедегi) желектiң 10 бiрлiктен артық сандық құрамын алдын ала анықтаған жағдайда тапсырысшы алдын ала өтiнiшке қоса белгiленген тәртiппен түгендеу және орман ауруларына бейiмдiлiк деңгейiн зерттеу материалдарын тапсырады.
47. Жасыл желектердi санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға, отырғызуға, сүңгектерiн түзетуге рұқсат күшiнiң мерзiмiн климаттық жағдайларға және желектердiң түрлiк құрамына байланысты, алайда ағымдағы күнтiзбелiк жыл айының соңғы күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органы анықтайды.
48. Көгалдандырылған аумақтарға осы Ережемен мыналарға тыйым салынады:
1) жасыл желектердi зақымдауға немесе құртуға;
2) алау жағуға, түскен жапырақ пен құрғақ шөптi жағуға;
3) тұрмыстық және өнеркәсiптiк қалдықтармен, ағынды сумен қоқыстауға және ластауға;
4) ағаштан шырын өндiруге, жазулар, оюлар салуға, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмiрлiк белгiлер, әртүрлi көрсеткiштердi, сымдарды орналастыруға және ағашқа iлмек пен шеге қағуға;
5) автокөлiктердiң, құрылыс техникасы мен өзге техниканың, осы аумақты пайдалануға және жасыл желектi күтуге байланысты техниканы қоспағанда, өтуi мен тұруына;
6) автокөлiк құралдарын жууға;
7) көкжелекке көлiк құралдарын қоюға;
8) мал жаюға;
9) әртүрлi жүктердi, оның iшiнде құрылыс материалдарын үюге;
10) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамасыз ететiн шараларды сақтамай, жасыл желектер алып жатқан учаскелерге төбеден қар түсiруге.
5. Жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау саласындағы құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiк
49. Жасыл желектердi заңсыз зақымдау немесе жою үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негiзiнде анықталады.
50. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ереженiң қағидаларын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
"Алматы облысының елдi
мекендерiндегi жасыл
желектердi күтiп ұстау
мен қорғау Ережесiне"
1 қосымша
Жасыл желектердi зерттеу
АКТIСI
20____ ж. "____" ____________ Көше____________________________________________________________________________________________________________________________________
Аудан________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бiздер, төменде қол қоюшылар___________________________________________
атқарушы органның лауазымды тұлғасы
____________________________________________________________________
(лауазымы, А.Ж.Т, органның атауы)
_____________________________________________________________________
және тапсырыс берушiнiң өкiлi
_____________________________________________________________________
түсетiн жасыл желектерге зерттеу жүргiздi
_____________________________________________________________________
Нәтижесiнде анықталды:
N
|
Жасыл желектердiң
тұқымдық құрамы
|
Кесiлетiн
|
Қайта отырғызу
|
Көлем
|
дм
|
Көлем
|
дм
|
1
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
Кестенiң жалғасы
N
|
Жасыл желектердiң
тұқымдық
құрамы
|
Сақталады
|
Сапалық (нақты) жағдайы
|
Көлем
|
дм
|
Жақсы
|
Қанағат
|
Қанағат
емес
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
Осы акт____дана болып жасалды.
Ескертпе: Тексеру актiсi ағашты кесуге немесе отырғызуға құқық беретiн құжат болып табылмайды.
Тапсырысшының өкiлi алды ________ А.Ж.Т.
Атқарушы органның
лауазымды тұлғасы қолы А.Ж.Т.
"Алматы облысының елдi
мекендерiндегi жасыл
желектердi күтiп ұстау
мен қорғау Ережесiне"
2 қосымша
Жасыл желектердi кесуге, амалсыз кесуге, қайта отырғызуға берiлген
РҰҚСАТ
1. Кәсiпорынның аталуы (СТН) (тапсырысшы, өтiнiш берушi)
2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтiнiш берушi)
3. Сұралған учаскенiң мақсаты
4. Орналасқан жерi
5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме
6. Жер учаскесiнiң меншiк түрi (N, күнi)
7. Уәкiлеттi органның жасыл желектердi зерттеу актiсi
8. Жасыл желек қорын өтемдiк қалпына келтiру жөнiндегi мiндеттеме (кепiлдiк хат)
9. Көгалдандырудың (көрiктендiрудiң) жобалық жоспары
ҚОРЫТЫНДЫ
Атқарушы орган (толық атауы) жасыл желектердiң жәй-күйiн ескере отырып, зерттеу актiсiне сәйкес жасыл желектердi санитарлық кесудi, амалсыз кесудi келiседi:
ағаш-бұтақты жасыл желектердiң нақты (сандық, сапалық) жағдайын, сондай-ақ қайта отырғызу жұмыстарын жүргiзу мерзiмi мен жұмыстардың аяқталатын күнiн көрсету қажет".
Бұл жағдайда бiрiншi басшыға мына талаптарды орындау мiндеттеледi:
1. Жер асты және жер үстi коммуникацияларын қорғау нормаларымен ережелерiн сақтай отырып, сәндi-бағалы жасыл желектердi отырғызу жолымен өтемдiк қалпына келтiру бойынша шараларды жүргiзу.
2. Жасыл желектердi қорғау, күту мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзу.
3. Рұқсат күшiнiң мерзiмi.
4. Тапсырысты рұқсаттың қолдану мерзiмi аяқталғаннан кейiн, тапсырысшы жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиiс.
Қосымша:____________
Ескертпе:___________
Атқарушы органның басшысы А.Ж.Т.
"Алматы облысының елдi
мекендерiндегi жасыл
желектердi күтiп ұстау
мен қорғау Ережесiне"
3 қосымша
Жасыл желектердi пiшiндемелiк қырқуға (жасартуға), санитарлық кесуге, сүңгегiн тазалауға
РҰҚСАТ
1. Кәсiпорынның атауы (СТН) (тапсырысшы, өтiнiш берушi)
2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтiнiш берушi)
3. Сұралған учаскенiң мақсаты
4. Орналасқан жерi
5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме
6. Жер учаскесiнiң меншiк нысаны (N, күнi)
ҚОРЫТЫНДЫ
Атқарушы орган (толық атауы) жасыл желектердiң жәй-күйiн ескере отыра, зерттеу актiсiне сәйкес келiседi:
жұмыс түрлерiн (тұқымдық құрамын, желектер санын, диаметрiн, өсетiн жерiн, сондай-ақ жұмыс жүргiзу мерзiмiн көрсете отыра төмендегi жасыл желектердi түзеудi, пiшiндемелiк немесе санитарлық кесудi, сүңгегiн тазалауды).
Бұл жағдайда бiрiншi басшыға мына талаптарды орындау мiндеттеледi:
1. Жасыл желектердi күту, ұстау мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзу.
2. Рұқсат күшiнiң мерзiмi.
3. Тапсырысты рұқсаттың қолдану мерзiмi аяқталғаннан кейiн, тапсырысшы жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиiс.
Ескертпе:____________
Атқарушы органның
басшысы А.Ж.Т.
"Алматы облысының елдi
мекендерiндегi жасыл
желектердi күтiп ұстау
мен қорғау Ережесiне"
4 қосымша
20___жылдың 1 қаңтарына дейiнгi аудан, қала жасыл желектерiнiң тiзiлiмi
Жасыл желек нысандарының (учаскелерiн) алаңының жер санаты, өсiмдiк түрлерi және функционалдық мақсаты бойынша бөлу
Ауыл, қала
Әкiмшiлiк аудан: (код)________________________________
Иесi:_________________________________________
Жасыл желектер тiзiлiмi
N р/н,
инвентарлық
N,
жасыл
желек
төлқұжаты
|
Жердiң
функционалдық
мақсаты,
(жасыл
желектер
санаты)
|
жiктемелiк
код
|
Ағаш өсiмдiгi
|
Жекелеген
ағаштар,
дана
|
Топтар,
куртиналар
|
Тоғайлар,
алқаптар,
бақтар
га
|
Бағытты
көшеттер,
дана
|
НЖК
|
Барлығы:
дана
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кестенiң жалғасы
Бұта өсiмдiктерi
|
Жекелеген
дана
|
Жасыл
қоршау,
дана
|
Қатарлық
көшеттер,
дана
|
Топтық
отырғызулар,
дана
|
НЖК
|
Барлығы:
кума метр/
дана
|
|
|
|
|
|
|
Ашық кеңiстiк
|
Гүлзарлар
|
Бiр
жылдық
МI
|
Көпжылдық,
МI/дана
|
Контейнерлiк,
дана
|
Вазон,
МI
|
Альпинарий,
рокарий,
МI
|
НЖК
|
Барлығы:
МI/дана
|
Кестенiң жалғасы
Көкжелектер
|
Патерлiк,
MI
|
Кәдiмгi,
MI
|
Топырақ бетi
жамылғысы,
MI
|
НЖК
|
Барлығы:
MI/дана
|
Достарыңызбен бөлісу: |