Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі52 Kb.
#2462
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 06.05.2010 20:40:18
Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысы

(2008.18.11. берілген өзгерістермен)



 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 116-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу ережесi бекітілсiн.

2. «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 27 қаңтардағы № 102 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 4, 53-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының



Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2003 жылғы 16 қаңтардағы

42 қаулысымен



бекiтiлген

Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес әзiрлендi және су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу тәртiбiн айқындайды.

2. Жер бетiндегi судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, су объектілерi мен су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға, сондай-ақ жануарлар мен өсiмдіктер дүниесiн сақтау талаптарына сәйкес жай-күйде ұстау үшiн су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.

3. Судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау үшiн шаруашылық қызметтiң арнайы режимi белгіленетiн су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына iргелес аумақ су қорғау аймағы болып табылады.

4. Су қорғау аймағы шегiнде шектеулi шаруашылық қызмет режимi белгіленген су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына iргелес, аумағының енi жиырма метрден кем емес су қорғау белдеулерi ажыратылады.

ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылық пайдалану режимiн жергілiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi органмен келiсiм бойынша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындығы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органымен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкілеттi органмен, ал сел қаупi бар аудандарда қосымша - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен келiсілiп бекiтiлген жобалық құжаттама негiзiнде белгiленедi.

6. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн жобалауды мамандандырылған жобалау ұйымдары жергiлiктi атқарушы органдардың тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Жекелеген су объектiлерi (немесе олардың учаскелерi) бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң жобаларына нақты объект бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қажеттiлiгiне, сондай-ақ мүдделi жеке және заңды тұлғалар да тапсырыс беруші бола алады.

2. Су қорғау аймақтарын белгiлеу тәртiбi

7. Әрбiр жағалау бойынша су қорғау аймағының ең тар енi көп жылдық межелік деңгейi кезiндегi су жиегiнен су тасқыны кезеңiндегi көп жылдық деңгейi кезiндегi су жиегiне дейiнгi (өзен жайылымын, жайылым жылғаларын, түпкi жағалауындағы тiк жарларды, шұңқырлар мен сайларды қоса алғанда) және мынадай қосымша қашықтықтар қоса есептелiп, белгiленедi:

шағын өзендер (ұзындығы 200 км-ге дейiн) үшiн - 500 м;

басқа өзендер үшін:

шаруашылыққа пайдаланудың қарапайым жағдайлары мен су жинаудағы қолайлы экологиялық жағдайында - 500 м;

шаруашылыққа пайдаланудың күрделi жағдайлары мен су жинаудағы қауырт экологиялық жағдайында - 1000 м.

Салалардағы су қоймалары үшiн су қорғау аймағының ең тар енi ол орналасқан өзендегідей белгiленедi. Су қорғау аймағының iшкi шекарасы қалыпты тiрелген деңгейi кезiндегi су жиегi бойынша өтедi. Су құйылатын су қоймалары мен көлдер үшiн су қорғау аймағының ең тар енi су айдынының акваториясы 2 ш.м. және акваториясы 2 ш.м.-ден acca, 300 м. болып белгiленедi. Көлдер үшiн су қорғау аймағының iшкi шекарасы судың көп жылдық деңгейiнiң жағалаулық шегi бойынша өтедi.

Су қорғау аймақтарының көрсетiлген көлемдерi су объектiсiнiң шаруашылық пайдалану маңызы мен сипатына, санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйiне, iргелес аумақтар мен объектiлердiң жергiлiктi физикалық-географиялық, топырақ, гидрологиялық, рельефтiк және басқа да жағдайларына қарай нақтылануы мүмкiн.

Су объектілерiнiң, жағалауларында орналасқан орманды алқаптар Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес су қорғау аймақтарына енгiзіледi.

Табиғи және жасанды шептер немесе жоғарыда орналасқан аумақтардан (өзендер мен сайлардың бұрмалары, жол-көлiк желiсi, тоспалар, орманды алқаптардың мүйiстерi) сарқынды сулардың су объектiлерiне ағуы мүмкiндiгiн болдырмайтын кедергiлер су қорғау аймағының шекарасы бола алады.

3. Су қорғау белдеулерiн белгiлеу тәртiбi

8. Су қорғау белдеулерiнiң ең тар ені өзен бойы алаптарының нысаны мен түрi, iргелес дөңдердiң тiк-еңiстiгiн жағалаулар мен ауыл шаруашылығы алқаптары құрамының қайта өңделуi болжамын есепке ала отырып, айқындалады әрi барлық су объектiлерi үшiн мынадай көлемдерде белгіленедi:

  

 Су объектiлерi жағалауына   

 іргелес алқаптар түрлерi    

                              

                              

                              

                              

                              

                              

                              


 Дөңдердiң тiк-еңiстiгiне қарай су   

 қорғау белдеуiнiң ең тар енi (м)    



 Жағалаудан

еңiстiгi   

(нөлдiк    

 еңiстік)  

            

            



    Жағалауға еңiстiгi  

 3 градусқа

 дейiн     

            

            



 3 градустан

астам     

            

            



 Шабындық                    

   35      

      55   

   100     

 Көгал, пiшендеме            

   30      

      50   

   75      

 Орман, бұта                 

   25      

      35   

   55      

 Өзгелерi (қолайсыз алқап)   

   35      

      35   

   100     

 

 

 



     Су қорғау белдеулерінің көрсетiлген  көлемдерi  он  жылғы  кезеңдегi

жағалауды қайта өңдеудiң болжамды енiне көбейтіледi.

Жағалауында ағаш-бұта немесе қорғаныштық әрi жағалауды бекiтетiн құрылыстар болған жағдайда құнды ауыл шаруашылығы алқаптарында су қорғау белдеулерi енiнiң азайтылуына рұқсат етіледi.

Шағын өзендер бастауларында су қорғау белдеулерi енi былай белгіленедi:

орман жоқ аудандарда - осы Ережеге сәйкес енi кемiнде 20 м. ағаш-бұта белдеуi салынады;

орманды аймақтарда - Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес.

9. Елдi мекендер шегiнде су қорғау белдеулерiнiң шекарасы оларды салу мен жоспарлаудың нақты жағдайларын, су объектiсiнiң қоқыстануы әрi ластануын болдырмайтын жағалау аймағын мiндеттi түрде инженерлік немесе орман-мелиоративтiк жайластыруды (парапеттер, орағытып өту, орман-бұта белдеулерi және т.б.) ескере отырып, белгiленедi.

4. Ерекше ережелер



10. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн ұйымдастыру суды кешендi түрде пайдалану мен қорғау схемаларында көзделген су жинаудағы су қорғау iс-шаралары кешенiмен бiрге жүргiзілуi тиiс.

11. Су қорғау аймақтарын ұйымдастыру сумен жабдықтау, курорттық, сауықтыру және өзге де халық мұқтаждары үшiн пайдаланылатын су көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын құру қажеттілiгiн жоққа шығармайды, олардың шекаралары мен көлемдерi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленедi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет