Конкурс туралы хабарландыру



Дата07.07.2016
өлшемі82.9 Kb.
#182822


Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті, 030000 Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 81 «А», анықтама алу телефоны: 8 (7132) 70-38-26, факс: 8 (7132) 54-22-88, e-mail: ok_dchs_aktub@emer.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 б.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды есепке алу және талдау; төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; ұйымдар мен халықтың тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара әрекеттесу; объектілердің тұрақты жұмыс жасау шалаларын, авариялық ғимараттардың пайдалану төзімділігін бақылау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссиялық зерттеулерге қатысу. Бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша нормативтік құжаттардың талаптарын және оқу жылдың тапсырмаларын ескере отырып мамандармен оқыту мен оқу шараларын өткізу.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: жоғары: әскери іс және қауіпсіздік немесе техникалық ғылымдар және технология саласында (тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; құрылыс; құрылыс материалдардың, бұйымдардың және құрылымдардың өндірісі) саласындағы білім.

2. Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімшесінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 б.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бейбіт және әскери уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын, ақпараттық қолдауын ұйымдастару. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесімен мемлекеттік ақпараттандыру жүйесін тұрақты даярлығын құру, дамыту және ұстауын ұйымдастыруында қатысу. Аумақтық органдардың және құрылымдық мекемелердің қызметі бойынша, олардың құзырына жататын мәселелерін жетектеу және үйлестіру. Бейбіт және әскери уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын өткізу барысында ақпараттандыру жүйесінің техникалық қолдауын ұйымдастыру.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технология саласында (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер; есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету; радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) саласындағы білім.

3. Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 б.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтіне қабылдау, көтермелеу және қызметтен босату, кадр жұмысы бойынша құжаттарды жүргізу, әскери міндеттілерді есепке қою мен орындарын сақтау әскери комиссариаттармен жұмыстар жүргізу, жеке құрам бойынша статистикалық және қолма- қол есептерді дайындау, кадрлардың тұрақсыздығын және жинақталуын есептеу мен талдау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: жоғары: құқық саласында, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, еңбекті нормалау және ұйымдастыру.

4. Заң тобының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 б.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Департамент және оның құрылымдық бөлімшілердің заң қызметін қамтамасыз ету. Департамент қызметкерлері мен бөлімшелердің мүліктік және басқа да заң құқықтарын, мүддесін заңды құқықтық құралдармен қорғау. Шартты, қаржылық, еңбек тәртіптерін бекіту бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру, Департамент және оның құрылымдық бөлімшілер мүлігінің сақталуын қамтамасыз ету.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: жоғары: құқық саласындағы білім.

5. Тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 б.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Департамент бөлімшілердің жедел қызметі үшін жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізу, Департаменттің іс әрекетің қамтамасыз ету бойынша тиісті мекемелермен өзара әрекет ету. Инженерлік жүйелер мен жабдықтарды, құрылыстарды, ғимаратттарды техникалық пайдалануы, олардың жарамды қалыпта күтуін қамтамасыз ету. Департамент және оның құрылымдық бөлімшілердің жабдықтардың, құрылымдардың, ғимаратттардың күрделі және ағымды жөндеуін ұйымдастыру. Департамент және оның құрылымдық бөлімшілердің көліктік техникалық құралдардың жөндеуін қамтамасыз ету. Жұмсалмайтың босалқы қордың мариалдық құралдарын есептеу. Департамент және оның құрылымдық бөлімшілердің заттық мүлкін, жаңар – жағармай материалдардың пайдалануы мен ұстауын бақылау. Жарамсыз материалды – техникалық құралдарын есептен шығару бойынша құжаттарды дайындау. Мемлекеттік сатып алулар шараларын ұйымдастыру.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: жоғары: экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит; қаржы және несие) саласында білім.

С-О-5 санаты үшін келесі құзыреттердің бар болуы: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет.

Аталған санат лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білуі қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) бекітілген нысандағы өтініш; 

2) 3х4 үлгідегі суретпен бекітілген нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл кезде, персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет