Алматыда ҮЕҰ мен мемлекеттік сектор өкілдеріне арналған адам құқықтары жөніндегі тренингтер өткізілді алматы – 8-9 маусымда Орталық Азияның Еуразия Қоры (оаеқ) «Адам құқықтары жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін



Дата24.02.2016
өлшемі334.5 Kb.
#12843



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


9 маусым 2015


Алматыда ҮЕҰ мен мемлекеттік сектор өкілдеріне арналған

адам құқықтары жөніндегі тренингтер өткізілді
АЛМАТЫ – 8-9 маусымда Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Адам құқықтары жөніндегі реформаларды насихаттау үшін Оңтүстік Қазақстанның ҮЕҰ мүмкіндіктерін күшейту» жобасы шеңберінде Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен адам құқықтары жөніндегі тақырыптық тренингтер өткізді.
Тренингтер Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғау және ілгерлету аясында ҮЕҰ мен мемлекеттік сектор өкілдерінің кәсіптік деңгейінің көтерілуіне және әлеуетінің нығайтылуына бағытталған. Тренингтер төрт мақсатты топтардың құқықтары бойынша өткізілді: мүмкіндігі шектеулі адамдар; әйелдер мен балалар; ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен жастар және жастарды жұмыспен қамту мен репродуктивті денсаулық.
Тренингтер келесі тақырыптарды көтерді: мақсатты топтар мен жалпылама адам құқықтары бойынша заңдар, адам құқықтарының бұзылуы мен қорғау тетігі бойынша кейстер, құқықтық көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағыттылған модельдеу, командалық жұмыстар.
Тренингке Оңтүстік Қазақстанның төрт аймағынан (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан) 46 ҮЕҰ желісі мүшелері (директорлар мен бағдарлама үйлестірушілер) және 16 мемлекеттік сектор өкілдері қатысты.
Тренер-ұйымдар ретінде «Сана Сезім» құқықтық орталығы, «Талдықорған құқықтық орталығы» ҚҚ, «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ және «Шығармашылық-бастамашыл әйелдер лигасы» ҚБ болды. Әрбір тренер-ұйым әр мақсатты топқа арналған нақты мысалдардан құрылған заңдық нормалар мен тиімді заңгерлік көмек көрсету бойынша деректі қадамдардан тұратын практикалық «Құқықтық көмек нұсқаулығын» құрастырды.
Адам құқықтары жөніндегі тақырыптық тренингтер ҮЕҰ желісі мүшелерінің адам құқықтары бойынша біліктілігін арттырып, халық қажеттерін жақсырақ қанағаттандыруға және осал топтар мүшелеріне көрсетілетін қызмет сапасы мен өзектілігін көтеруге мүмкіндік береді.

Қ





осымша ақпарат үшін Ақмарал Қарлыбаева, Орталық Азияның Еуразия Қоры жоба менеджеріне, тел. + (727) 250-18-10 (ішкі 130), akmaralk@ef-ca.org, немесе Қарлығаш Жаманқұлова, ҚР Еуропалық Одақ Өкілдігінің баспасөз-хатшысына,.+(7172) 97-11-48, karlygash.jamankulova@eeas.europa.eu хабарласыңыз.



Бұл жоба

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың Өкілдігімен қаржыландырылады

Космонавт к-сі, 62 үй

Астана 010000

Тел.: (7172) 97-10-40

Факс: (7172) 97-95-63



Бұл жоба

Орталық Азияның Еуразия Қорымен жүргізіледі

Биокомбинат к-сі, 7А

Алматы 050008

Тел.: (727) 2 50-18-10

Факс: (727) 2 50-18-11





Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады. ОАЕҚ жергілікті институт ретінде Еуразия Қорының қызметін жалғастыруда. Еуразия Қоры - 1993 жылдан бастап Орталық Азияда $ 40 млн астам инвестиция құйған, жеке коммерциялық емес ұйым. ОАЕҚ туралы қосымша ақпарат алу мына сайта кіре аласыз: http://www.ef-ca.kz

Еуропалық Одақ өз білімдерін, ресурстарын және тағдырларын біріктірген 28 мүше-мемлекеттердің тұрады. Мәдени түрлілігін, төзімділік пен жеке бостандығын сақтай отырып, 50 жыл кеңейту кезеңінде, олар тұрақтылық, демократия және тұрақты даму аймағын құрды. Еуропалық Одақ шекарасынан тыс барлық елдер және халықтармен өз жетістіктері мен құндылықтарымен бөлісуге ұмтылады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет