Баспасөз-релиз петропавл қ. 2015ж. 30 қыркүйек



Дата07.07.2016
өлшемі45 Kb.
#183296
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Петропавл қ. 2015ж. 30 қыркүйек
«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ және «Севказэнергосбыт» ЖШС энергетика объектілері бойынша баспасөз-туры
2015 жылғы 30 қыркүйек күні «ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ бастамасы бойынша «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ көмегімен, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қайта құру және жаңғырту объектілері бойынша баспасөз-туры өтті. Шараға мемлекеттік органдардың, қоғамның және БАҚ өкілдері қатысты. Баспасөз-турының барысында энергетиктер Петропавл қ. және Солтүстік Қазақстан облысына берілетін тарифтерден алынған қаражаттардың көздері болып табылатын кәсіпорындарында әрекет ететін инвестициялық бағдарламалар туралы айтып берді.

Тұтынушыларды сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және электрэнергияның сапасын ұстау үшін 2015 жылы «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-нда компания желілері бойынша электрэнергияны тасымалдау және таратуға қолданыста болған тарифтен алынған ақшалай қаражаттаң 1,1 млрд теңге салымымен жөндеу, қайта құру және жаңғырту бойынша шаралар кешені қарастырылған.

2015 жылы «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-нда 15 км 10-0,4 кВ кабель желілерін ауыстыру, 24 км 10-0,4 кВ электртарату әуе желілерін, 11 10/0,4 кВ трансфоматорлық қосалқы стансасы мен 110 кВ ашық таратқыш құралғыларын қайта құру жұмыстары жоспарланды. Және де компанияда 110/35/10 кВ «Бескөл» ҚС қосалқы стансасының ауқымды қайта құру жұмыстары жасалады, жоғары вольтті кірмелерді ауыстыруымен 110 кВ 2 қуатты трансформаторға күрделі жөндеу өткізіледі, 110 кВ әуе желілерінде 7000 фарфор оқшаулағышы шыны оқшаулағыштарға ауыстырылыды. 230 млн теңге қаражатқа Электр энергияны коммерциялық есепке ау автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша жұмыстары жалғасуда. Келе жатқан 5 жыл ішінде «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ инвестициялық бағдарламаны орындау шеңберінде ұзақ мерзімдік тариф арқылы қайта құру, құрылыс және компания активтерін жаңғыртуға 5,3 млрд теңге жұмсайды.

Энергетиктер баспасөз-турының қатысушыларына екі жаңа объектінің жұмысын көрсетті. Біріншісі – Петропавл қаласы Жұмысшылар кентінде 0,4 кВ электр беру әуе желісі. 91 абонент электр энергия алатын желінің ұзындығы 6,6 км құрайды. Реконструкция 2015 жылы тариф қаражаты арқылы жасалды: бұл тіректерді ауыстыру жұмысы, «жалаңаш» сымды 4 ӨОС (өзін тасымалдайтын оқшауланған сым) маркалы сымға ауыстыру жұмысы. Шығындар мөлшері 18 млн теңгеден астам. ӨОС озық технологиясы сымның бұзылу деңгейі төмен болғанымен байланысты тұтынушыларды электр энергиямен жоғары сенімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, желідегі апаттық-қалпына келтіру жұмыстардың көлемі мен уақытын қысқартады, объектідегі пайдалану шығындарын 80%-ға азайтады.

Баспасөз турдың келесі объктісі Интернационал к. бойынша орналасқан қайта құру жұмыстары жасалған №130 10/0,4 кВ ТфҚС трансформаторлық қосалқы стансасы. Қосалқы станса М.Қозыбаев атындағы СҚМУ колледжін, екі көп пәтерлі тұрғын үйді, бір әкімшілік ғимарат және дүкендерді электр энергиямен қамтамасыз етеді. Инвестициялық бағдарламаны орындау шеңберінде қосалқы станса ғимараты жөнделді, 10/0,4 кВ ТҚ жабдықтары жаңаға ауыстырылды (4 ұяшық КСО-366М-3Н-400, 1 ұяшық КСО-366М-4Н-400 – 10 кВ ТҚ бойынша; 1 панель ЩО-70-32У3, 2 панель ЩО-70-1-02У3 – 0,4 кВ ТҚ бойынша). Және де қосалқы стансада «Тольятти трансформатор зауыты» ЖШҚ өндірілген жаңа ТМ-400 кВА қуатты трансформатор орнатылды. ТфҚС қайта құру шығындарының мөлшері 7 млн теңгеден астам құрады. Жасалған реконтсрукцияның оң әсері, ол жаңа жабдықтар қосылған тұтынушыларды анағұрлым сапалы электрмен жабдықтау мүмкіндігін береді, пайдалану және қызмет көрсету сенімділігін көтереді.

Баспасөз турдың қатысушылары «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ объектілерінен кейін «Севказэнергосбыт» ЖШС Сервис-орталығына беттеді. Бұл жерде баспасөз-тур қатысушыларына заманауй Контакт-орталығының жұмысы көрсетілді, Петропавл қ. және Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушыларына қызмет көрсету жағынан компания қызметінің ерекшеліктері туралы айтылды.

«Севказэнергосбыт» ЖШС-нің Контакт-орталығы тұтынушыларға күн сайын сағат 08:00-ден бастап 20:00-ге дейін электр энергия және ЖСЖ есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беруге, жасалған есептеу, пайда болған қарызы, құжаттамаларды рәсімдеу, көрсеткіштерді алу мәселелері бойынша, және де 500-666 көп арналы телефон нөмірі бойынша энергияның жоспарлы және апаттық ажыратылуы мәселелері бойынша толық ақпарат алу мүмкіндігін береді. Интерактивтік дауыстық жауап беру жүйесі стандартты сұрақтарға автомат тәртібінде ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді. Контакт-орталығы бір айда 21 000 жуық қоңырауға жауап береді. Жұмыс күндері операторлар орта шамамен алғанда 930 қоңырауға қызмет көрсетеді, күніне қабылданған қоңыраулардың ең жоғары мөлшері 2500.

Энергия өткізу компаниясының жұмысындағы тағы да бір жаңалық – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ресми сайтында «Жеке кабинет» қосымшасының ашылуы болып табылады. Бұл опция тұтынушыларға үйден шықпастан көптеген операциялар жасатқызады. Бүгінгі таңда «Жеке кабинет» интерактивті қызметімен Петропавл қ. және СҚО 1181 тұтынушы пайдаланады, оның ішінде 527 қаланың тұрмыстық тұтынушысы.

Сонымен қатар, компанияның сайтында тарифтер туралы ақпарат, нормативтік-құқықтық базасы, тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары, төлемдерді қабылдау пункттері туралы, энергияны ажырату туралы ақпарат алуға болады.



«Кері байланыс» бөлімінде Контакт-орталығы тұтынушылармен «Online» тәртібінде байланыс жасайды. Тұтынушылар осы байланыс арқылы компания атына тілектері мен ұсыныстарын қалдыра алады.

Кездесудің қорытындысын жасағанда, энергетиктер баспасөз-тур қатысушыларына «Севказэнергосбыт» ЖШС-нің Контакт-орталығының даму келешегі туралы айтты. Компания көп арналы телефон арқылы қызмет көрсетуді реттеп, Петропавл қ. тұрғындарына ғана емес және де облыс аудандарының тұрмыстық тұтынушыларына да «Жеке кабинет» қызметін пайдалану мүмкіндігін беруді жоспарлайды. Сонымен қатар, жақын арада «Жеке кабинет» қосымшасы арқылы тұтынушылар есепке алу аспаптарын тексеруге өтінім бере алады, электр энергияны есепке алу аспаптарын пломбалау үшін бақылаушыны да объектіне шақырта алады.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі

СҚО бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды

реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі

комитеті департаментінің баспасөз қызметі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет