Сабақ Тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп



бет1/2
Дата25.04.2024
өлшемі25.5 Kb.
#499845
түріСабақ
  1   2
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп


Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясы


Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы


Ашық сабақ
Тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...


1-курс. Құқықтану мамандығы (орыс бөлімі)
04.04.2022 ж.


Оқытушы: проф., ф.ғ.к. Көпбаева Ж.С.
Алматы, 2022

Сабақтың тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...
Етістік, оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтінді мәнерлеп оқыта отырып, оның
мазмұнын түсіне білу. Етістік, оның түрлерін
естеріне алу, сол тақырыпқа арналған
тапсырмаларды түсініп, мұқият орындату.
Тәрбиелік: Студенттерге қоғамда адам бойынан жоғалып
бара жатқан «адамгершілік» атты асыл
қасиетті бағалай білуді үйрету, мейірімді,
қайырымды болуға баулу.
Дамытушылық: Өткен материалдарды сұрай отырып, түрлі
тапсырмаларды орындата отырып, оларды
бүгінгі өткен тақырыппен байланыстыру.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Жаңа сабақ

а) Сабақ мақсатын хабарлау;
ә) Жаңа сабақты түсіндіру
І. Айтылуы қиын сөздерді қайталату;
ІІ. Мәтінмен танысып, оны мәнерлеп оқу;


Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

Адам баласының ең асыл қасиеті – мейірімді жүрек. Қазіргі заманда «мейірімділік» деген баға жетпес қасиетті ұмытып, рақымсыз қоғамға айналып бара жатқан жоқпыз ба? Кейде айналадағы адамдарға қарап «Жақсылық жасағанның өзі тегін емес», - деп қаласың. Себебі саған жасаған жақсылыққа құнды зат сыйламаса, адамдар қаһарлы мінездерін көрсетеді. Осындай жайттарды көріп, қоғам қайырымсыз қоғамға айналып бара ма? - деген ой түюге болады.


Мұндай жағымсыз адамдардың көбейіп бара жатқаны адам бойындағы асыл қасиеттердің азайып бара жатқандығымен байланысты. Жүйке жүйесін құртатын сан түрлі фильмдердің көбейіп, әсіресе, қоғам тірегі – адамның жанын қиятын көркем фильмдер мейірімділік деген асыл қасиетті жоғалтуына ықпалын тигізеді. Сол себепті жарыққа шығып жатқан көркем фильмнің мазмұны мен идеясына аса назар аударуымыз да абзал. Бір рет көңілі қалып қойып, болашаққа деген сенімнен айырылған жандардың жүректері қатігезденеді. Алайда, «Сабыр – түбі сары алтын» деген халық нақылында айтылғандай, керісінше әр қиындық сайын ұшталып, жақсылық жасаудан тайынбаған нағыз игі іс. Себебі мейірімді жүрек ұлы істерге апарып, биік шыңдарға көтере алады. Адамның қатігездіктерінен қаншама қиындықтар көбеюде. Мысалы: емделмейтін сырқаттардың пайда болуы, кек, ыза адам бойына тек жаман әсерлер беріп ақыр аяғында өзін сырқат етеді. Сондықтан жаман ойлардан алыс бола алған, мейірімге толы өмір кеше алған адамды шапағаты мол, шуақты күндер күтеді. 
Сан түрлі апат, соғыс, отбасылардың шайқалуы «достық» деген киелі сөздің арасында қызғаныштың пайда болуы, махаббатты бағаламай, сезімге де тұрақсыз болып кетуі барлығы бір ғана сөзден тұратын «мейірімділіктің» болмауынан.
Әр адам өз туғандарын, айналасындағы достарын, араласатын адамдарын жақсы көре, сүйе алса, онда оның өмірі мағыналы болады. Өзі де дос-жаранға, туған-туысқа, ұжымға қадірлі, сыйлы болады. Тіпті көшеде кетіп бара жатқан, жолаушылап бірге бара жатқан бейтаныс адамдар да кездейсоқ қиындыққа ұшырап қалса, оған міндетті түрде көмектесу, қол ұшын беру, жағдайын жасау да – мейірімді жүректің белгісі. Соған орай біз әрқашан мейірімді, қайырымды болуымыз керек. Жанымыздағы адамдарды бауырым деп сүюіміз қажет.
Мейірімділікті айналадағы жандарға сыйлай білсек, әлемді өзгертуіміз әбден мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет