Педагог мәртебесі Мұғалім мәртебесі -"Алты Алаштың баласы қосылса,төр -мұғалімдікі".Мұны Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев өткен ғасырда айтқан.Содан бері қанша уақыт өтсе де,бұл асыль сөз өз құндылығын жоғалтпаған.Жыл сайын 100-ден астам мемлекетте Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі.Бұл-барлық мұғалімдердің,оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызыметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл мамандық иелерінің бүгінгі мәртебесі қандай?Бұл сұрақтың жауабы
- "Педагог мәртебесі туралы" заң.Ұстаздардың құқығы,беделі,әлеуметтік жағдайы заңмен бекітіліп,үлкен құрмет көрсетілген соң,оларға қойылатын кәсіби талап та тарта түседі."Қазақстан білім жолында"атты Президент Н.Назарбаевтың " Назарбаев Университетінде"оқыған лекциясында "Мұғалімдер біліктілігін арттыруға және оларды материалдық ынталандыруға жеке назар аудару керек"деп айтады.Білікті педагогтар педагог мамандығының мәртебесін көтерудің қуатты факторы болып табылады.Педагогтың мәртебесі оның интеллектуалдық,кәсіптік деңгейімен,жеке тұлғалық қасиеттерімен белгіленеді.Аталған қасиеттерді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі осы бағытқа арналуы тиіс.Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін педагогтардың біліктігін арттыру жүйесіне өзгерістер ендіру қажет.
Қазақстандық білім беру жүйесінде педагог мәртебесін арттыруда төмендегідей стратегиялық бағыттар анықталды.
1.Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесін жасау.
2.Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірбие негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды мазмұнды модернизациялау.
3.Жоғарғы оқу орындары мен колледждің педагогикалық мамандықтарындағы оқытушылардың біліктілігін арттыруды инновациялық жүйесін дамыту.
"Мәртебе","Әлеуметтік мәртебе","кәсіби мәртебе", ұғымдарын талдай отырып,біз мынандай қортынды жасаймыз.Тұлғаның мәртебесі дегеніміз қоғамның құндылықтарын,қажеттіліктерін нормалары мен талаптарын есепке алатын тұжырым.Педагогтың кәсіби мәртебесі педагог өз қызметінде орындалатын арнайы рөлін және педагогтың қоғамдағы орнын анықтайды.Бұдан шығатын қорықтынды,педагогтың мәртебесі -бұл тұлғалық және қоғамдық түзілім.Оның қалыптасуы қоғам үшін де,тұлға үшін де өте маңызды.Сонымен бірге педагог мәртебесі-бұл тұлғаның ішкі күйін,сенімділігін,өзін жақсы сезіну,өз обыройын сезіну.
Қортындылай келе,қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік деңгейге өтуі педагогикалық қоғамнан өз міндеттерін жаңа тұрғыдан шешуді,жаңа көзқарасының қалыптасуын,инновациялық қызметтен мәртебесінің дұрыс қалыптасуы шешуші фактор болып табылады.