«Еліміздің экономикасын модернизациялауда қай мәселені қолға алған жөн» деген сұрақтың айқын жауабы, әрине, адами капиталды дамыту. Демек, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық модернизациялаудың өзекті сұрақтарының бірі де бірегейі – адами капиталдың даму сапасы мен перспективалары.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы – тәуелсіз Қазақстанның келесі бір даму белесін айқындап берген бағдарламалық құжат. Ұлт Көшбасшысы әрдайым адами капиталды ерекше назарда ұстайды. Жыл сайынғы Жолдауында білім беру ісін назардан тыс қалдырған емес. «Қазақстан-2050» стратегиясында атап көрсетілген он сын-қатердің жетіншісі - Үшінші индустриялық революция. Біз жаңа заман үдерісіне төтеп беру үшін адами капиталды сапалы дамытуымыз шарт [1]. Адами капиталды жандандыру арқылы еліміз болашаққа нық сеніммен қарайтыны сөзсіз. Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында білім беру ісін жаңғырту міндетін қойып отыр. Ол негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар: білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үрдісін жаңғырту, білім беру қызметінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру [2].
БҰҰ Даму бағдарламасының адам дамуы туралы жаһандық баяндама мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылы Қазақстан Адам даму индексінің рейтингісінде 69-ыншы орынға тұрақтады. 2011 жылы еліміз 68-інші орында тұрған болатын. Бұның өзі аталмыш көрсеткіштегі Қазақстанның жоғары деңгейдегі елдер тобына жататынын білдіреді. Ал жалпы баяндамаға келсек, онда аталған рейтингтегі жоғары топқа енетін көптеген елдерде 2000 жылдан бергі кезең үшін АДИ тұрақты өсіп отырғаны аталып өтіледі. Оның ішінде индексі жоғары топтағы елдер қатарындағы Алжир, Қазақстан, Иран, Венесуэла мен Куба 12 жылдық кезең ішінде индекстің анағұрлым жоғары өсімін қамтамасыз еткен. 1995-2012 жылдар арасында Адам даму индексіндегі Қазақстанның көрсеткіші 0,642-ден 0,754-ке дейін ұлғайған. Ал БҰҰ ДБ сарапшыларының пікірінше, Қазақстанның Адам даму индексі аймақтағы өсімнің ең жоғары қарқынын көрсетіп отыр. Бұл орташа алғанда соңғы 10 жыл ішінде жылдық 1,1 пайыз көрсеткішті құрайды. Жалпы осы индекс бойынша Орталық Азия елдеріне келсек, Түркіменстан - 102, Өзбекстан - 114, Қырғызстан мен Тәжікстан - 125 орындарда тұр.
Адами капиталға әсер етуші факторлар: білім беру, табыс деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, еңбек нарығы, мәдени орта, қоғамдық капитал, құқықтық орта. Білім беруге халық сауаттылығы және халықтың орта, жоғарғы білімді болуы жатады. Өмір сүру ұзақтығына қорғаныс, қоршаған ортаның жағдайы, салауатты өмір салты саясаты кіреді. Әр азаматтың құқықтық мүддесі мен жеке интеллектуалды құқығының қорғалып, бәсекелестікке еркіндік берілуі де адами капиталға әсер етуші факторлар. Ал еңбек нарығы факторы: жұмыссыздықпен күрес, жұмысбастылық деңгейі механизмдері.
Білім беру – адами капиталдың басты факторы. Бұған алдымен, білім алушыларға барлық жағдайдың жасалуын жатқызуға болады. Мәселен, жаңа мектептердің салынуы, балабакша мен мектепке дейінгі білім беру орталықтарының құрылуы, сондай-ақ, элитарлы модельдегі интеллектуалды мектептердің ашылуы, техникалық, зертханалық және мультимедиялық құрылғылары бар кабинеттердің қолданысқа берілуі, олардың интернетке қосылуы, мұғалімдердің арнайы оқу дайындықтарынан өтуі және т.б.
Бүгінгі жағдайларда білім беруді жаңғырту оның үздіксіздік қағидасын ескеруі керек. Қарқынды білім қоғамындағы біздің өмір сүру әрекетіміз, ол әбден ойластырылған және қалыптастырылған экономикадан да басым дегенді білдіреді. Мұндай қоғамда қарқынды еңбек және қарқынды капитал экономикасын – жаңа білім өнімін ұсынатын, тарататын, беретін ерекше үрдіс – қарқынды білім экономикасы алмастырады. Қарқынды білім экономикасы “өмір бойы білім алу” қағидасын тудырды. Қазіргі замандағы еңбек нарығы үнемі білім алу қажеттігін дәлелдеп отыр. Баға бәсекелестігі жағдайында еңбектің жоғары өнімділігі жаңа тиімді технологиялармен ғана қамтамасыз етіліп қоймай, бүгінде жаңа сипатқа ие болған талаптарға жұмысшы біліктілігінің сай келуімен де өлшенеді. Осы талаптар үрдісінен шығып, өзінің кәсіби біліктілігімен ерекшелене білген жұмысшылар ғана бағалы.
Қ.Р. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов та «Адам капиталы дамуының бір жолы – білім» дей келе, еліміздегі адами капиталды жетілдіру мақсатымен Елбасының тапсырмалары бойынша жүзеге асқан бағдарламалардың оңды нәтижелерін ерекше атап көрсетті. Қазіргі жаһандық озық заманға сай балабақшалардың көптеп салынып жатқанын, Елбасы тапсырмасына орай «Балапан» бағдарламасының жұмыс істеп жатқаны туралы нақты дәйектер келтірді. Соның бірі ретінде мектепке дейінгі ұйымдардың саны 41 пайызға өскенін, мектепке дейінгі балаларды қамту көрсеткіші 55 пайызға, аймақтарда бұл 90 пайызға жеткенін тілге тиек етті. 2020 жылы республика бойынша бұл жұмыс 100 пайыз орындалатынын да меңзеді. Сол секілді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі де іске қосылып жатқанын, орта білім беру жүйесінде 12 жылдыққа көшуге байланысты біраз жұмыстардың атқарылғанын айтты. Назарбаев зияткерлік мектептерінің желісі әлемдік үрдіске сай білім берудің жаңа тетіктерін әзірлеп, іске асыруда. Өткен жылдан бастап білім сапасына мемлекеттік бақылау вертикалі енгізілді. Орта және кәсіптік-техникалық білім беру қызметі жергілікті органдардың құзыретінде қалды. Педагог мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Адами капитал – инновациялық экономика мен білімді дамытуды айқындайтын факторға айналып отыр. Соңғы жылдары әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жоғары білімде жетекші бағыттардың бірі – академиялық ұтқырлықты дамыту. ТМД елдерінің арасында Қазақстан бірінші болып мамандарды бакалавр-магистр-доктор PhD жүйесі бойынша үш деңгейлі дайындауға көшкеніне, «Болашақ» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, әлемдік үрдісте білім беріп жатқан Назарбаев университетінің жетістіктерімен таныстырды. Бұл білім ордасындағы оң қадамдар бірте-бірте отандық өзге де жоғары оқу орындарында жүзеге асатынын, студенттердің ішкі және халықаралық академиялық ұтқырлығын мемлекеттік қолдау тетігі енгізілгенін алға тартты Конец фор[3].
Бірақ әлі де болса, Қазақстан білім беру жүйесін бір жүйеге келтіруі керек. Мысалы, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ), кешенді тестілеу, ЖОО-дағы білім беру ісі және т.б. Бұл – бір мәселе. Келесі бір мәселе – ол қаржыландыру жүйесі.
Кесте 1. 2007-2012жж. аралығындағы ЖОО-да білім алу құрылымы
Жыл
|
Мемлекеттікресурс (грант) үлесі (%)
|
Ақылыоқу үлесі(%)
|
2007
|
16,1
|
83,9
|
2008
|
24,3
|
75,7
|
2009
|
22,8
|
77,2
|
2010
|
22,8
|
77,2
|
2011
|
19,9
|
80,1
|
2012
|
25
|
75
|
[img width="471" height="2" src="file:///C:/Users/user/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image001.png" v:shapes="_x0000_s1026">Орташа мәні
(2007-2012жж)
|
21,8
|
78,2
|
Ескерту - автормен статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған
|
|
|
1-ші кестеден көріп отырғандарыңыздай, елімізде жоғарғы білім алудың 78,2% үлесін ақылы оқу алады, яғни студенттер өз қаражатын төлеп оқиды. 2012-2013 оқу жылында еліміздегі 572 мың студенттің ақылы түрде білім алып жатқандарының үлесі 75 пайызды құрап отыр. Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ-ге келгендегі ақылы оқу өзге елдердің көрсеткіштерінен 2,5-5 есе асып түседі (2-ші кесте).
Кесте 2. Әлем елдеріндегі ақылы оқу үлесі
Мемлекет
|
Ақылы оқу, жан басына ЖІӨ шаққандағы үлесі (%)
|
Австралия
|
10,5
|
Ұлыбритания
|
14,6
|
Канада
|
10,9
|
Жаңа Зеландия
|
14,2
|
АҚШ
|
15,3
|
Финляндия
|
Төлемақы жоқ
|
Оңт. Корея
|
20,5
|
Жапония
|
8,1
|
Қазақстан
|
55,8
|
Ескерту - автормен статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған
|
|
Кесте 3. Жоғарғы білім беруге мемлекеттік шығындар үлесі
Мемлекет
|
Жоғарғы білім беруге шығындар, ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі (%)
|
Германия
|
1,3
|
Дания
|
1,9
|
АҚШ
|
2,6
|
Ұлыбритания
|
1,3
|
Оңт. Корея
|
2,6
|
Жапония
|
1,6
|
Ресей Федерациясы
|
1,8
|
Қазақстан
|
0,2
|
Ескерту - автормен статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған
|
|
Демек, Қазақстанда жастардың жоғары білім алуы үшін мемлекеттік гранттардың көбірек бөлінуі қажет. Мектеп бітірген жастар өздерінің қалаған мамандығы бойынша жоғары білім алуына жағдай жасау керек.
Сондай-ақ, орта білім беру ісін де жетілдіру мәселесі орын алады. Әсіресе, ауылды жерлерде мектеп пен оқытушы кадрлар, кітаптар, оқу-құралдар, техникалық құрылғылар жетіспейді. Тіпті, кейбір ауылды жерлерде мектеп жоқ, оқушылар бірнеше шақырым жердегі аудан орталығына барып оқуларына тура келеді. Бұндай жерлерде мектеп оқушыларының ҰБТ нәтижелері біршама төмен [4].
Тағы бір мәселе, студенттерге жоғарғы білім беруді жүйелендіру керек. Тәлімгердің өзінің мамандығына қатысты пәндерді тереңдетіп оқытып, өзге сала пәндерін оқытуды қысқарту керек. Сонымен қатар, студентке тек теориялық білім беріп қоймай, оны практикамен ұштастыру керек. Қазіргі таңда студенттер, жұмыс мекемелерінде міндетті практикадан өтеді, бірақ ол азшылық етеді. Сондықтан, өз мамандықтарына қатысты тәжірибелік сағаттардан оқу үрдісі барысында көбірек өту керек. Бұл оның болашақта білікті маман болуына септігін тигізеді.
Жұмыссыздық, соның ішінде жастар жұмыссыздығы мәселесі орын алады. Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі бойынша жоғары көрсеткіште болып отыр. 2012 жылдың 4 тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4%-ды, жастар арасындағы - 3,9%-ды құрады [5]. Статистикалық мәліметтер бойынша, дипломы бар ЖОО-н бітірген әрбір 4-ші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды. Бұл көрсеткіш білім беруі төмен өзге елдермен салыстырғанда 3 есе жоғары. Елімізде тіптен «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған түлектердің жұмыссыз жүргендері кездеседі. Тағы бір жағымсыз жағдай, ақпаратты-коммуникативтік технология және басқа да салалар бойынша жоғарғы білікті мамандардың елден кетуі орын алады.
Сонымен, қорытындылай келе, мынадай ұсыныстар жасаймыз:
- Білім беру саласын барынша қаржыландыру: мемлекеттік гранттарды көбірек бөлу, жастардың қалаған мамандығы бойынша ЖОО-на түсуіне жағдай жасау, ғылыми-зерттеуді қаржылық қолдау, ауылды жерлерге мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету;
- ЖОО аяқтаған жастарды жұмыспен қамту, жұмысбастылық деңгейін жоғарлату;
- Білім беруді бір жүйеге келтіру: ҰБТ, кешенді тестілеу мәселелерін шешу, студенттерге практикалық сағаттар бөлу;
- Адами капиталды дамыту үшін адами даму индексі жоғары елдер тәжірибесінің оңды тұстарын алып қолдану;
- Адами капиталға әсер етуші факторларға баса назар аудару: өмір сүру ұзақтығын жоғарлату, халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, интеллектуалды, мәдени қоғам қалыптастыру, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, бәсекелестікке еркіндік беру, оны мемлекеттік қолдау;
- Адамның өмір сүру ұзақтығына әсер етуші маңызды факторлар – таза ауыз су мен қоршаған ортаны қорғау, «жасыл экономиканы» дамыту. Астанада болатын «Болашақтың энергиясы» атты EXPO-2017 халықаралық көрмесі бұған оң ықпалын берері сөзсіз.
- Әлемдегі озық бастамаларды игеру, мәдени ортаны дамыту, қоғамдық капиталды жетілдіру.
Сонымен, жаһандану заманындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың басты құндылығы адам болғандықтан, адами ресурсты дамыту экономикалық жаңарулар мен өсімге қол жеткізетін сарқылмас көз және басты фактор екені ақиқат.
Достарыңызбен бөлісу: |