«Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасы 2023-2024 оқу жылы Мектепішіл Мұғалімнің аты-жөні: Барлығы



Дата14.11.2023
өлшемі420.46 Kb.
#483226
Алтын тұғыр есептері (1)



«Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасы 2023-2024 оқу жылы
Мектепішіл

Мұғалімнің аты-жөні: ______________________________________________


Барлығы 100 ұпай, уақыты 90 минут

Бірінші бөлім - «Дұрыс жауапты таңдау» 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары. Әр сұрақтың 4 жауап нұсқасы бар. Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі. Барлығы 50 ұпайды құрайды.



  1. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз: 8*5=340 9*4=536 7*2=514 7*5=?

а)725 b) 235 c) 275 d) 257

2.Суреттегі квадраттың қабырғасы 20 см. Оның боялған бөлігінің ауданын табыңдар.




  1. 86 см2 b) 314 см2 c) 400 см2 d) 100 см2

3. Қосындының мәнін табыңдар: 1+3+5+7+9+. +997+999.
а) 350100 b) 250000 c) 720000 d)505000
4. Мен досымнан телефон нөмірін сұрадым. Ол маған 3 ші және 4 цифры бір санның квадраты, 5 ші және 6 цифрлар солай. Алғашқы үш цифр бір санның кубы деді. Досымның телефон нөмірі қандай болған?
а)512563 b) 512464 c) 513625 d) 512564

5.Бірі А пунктінде, екіншісі В пунктінде тұратын екі дос бір күні қыдыруға шықты. Біріншісі 10 сағ 36 минутта А пунктінен шығып, 16 сағ 21 минутта В пунктіне келді. Екінші дос 10 сағ 30 минутта В пунктінен шығып, 15 сағ 06 минутта А пунктіне келді. Олар сағат нешеде кездесті?


а) 13 сағат 06 минутта b) 13 сағат 05 минутта c) 13 сағат 04 минутта d) 13 сағат 03 минутта


6. 18 м жерге аралығы 2 м-ден неше ағаш егуге болады?
а)20 b) 10 c) 32 d) 25


7. Өрнектің мәнін табыңдар: 99 − 97 + 95 − 93 + 91 − 89 + ... + 7 − 5 + 3 − 1
а)50 b) 40 c) 100 d) 60

8. Бір ағашты 6 бөлікке бөлу үшін 30 минут уақыт кетті. 60 бөлікке бөлу үшін қанша уақыт кетеді?


а)5 сағ b) 4 сағ c) 10 сағ d) 6 сағ

9. Мектеп асханасындағы бір қорап алманы балаларға таратып беру керек.Егер әр балаға 6-дан берсе, 38 алма асып қалады. Ал, 8-ден берсе, дәл жетеді. Сыныпта қанша бала бар? Қорапта қанша алма болған?


а) 19 бала, 152 алма b) 18 бала, 132 алма c) 12 бала, 41 алма d) 20 бала, 141 алма


10. Екі санның қосындысы 495 және олардың біреуі нөлмен аяқталады. Егер нөлді сызып тастаса , онда нәтижесінде екінші сан шығады. Осы сандарды тап.
а) 350 және 35 b) 530 және 25 c) 220 және 55 d) 450 және 45

Екінші бөлім- «Бос орынды толтыру» Қалдырылған бос орынға есептің жауабын жазу керек. Бұл бөлімде 10 тапсырма, әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі. Барлығы 50 ұпайды құрайды.


1.Егер сыныптағы оқушылар санына тағы сонша оқушы қосса, және тағы алғашқы санының жартысын қосса,100 болады. Сыныпта барлығы неше оқушы?
Сыныпта барлығы ___________ оқушы бар.

  1. Республикалық «Педстарт» математикалық олимпиадасы өтетін кабинетте біраз орындар бар. Егер әр партаға екі мұғалімнен отыратын болса, онда 7 мұғалім орынсыз қалып қояды. Ал егер әр партаға 3 мұғалімнен отыратын болса, онда 5 парта бос қалады. «Педсарт» олимпиадасына _____мұғалім қатысқан және кабинетте ______ парта бар?

  2. Жансая бір сан ойлады, оны 100-ге бөлгенде нәтижесінде ойлаған санынан 34,65- ке кем сан шықты. Жансаяның ойлаған саны _________.

  3. 3728954106 санынан үш цифрды сызып тастағанда қалған цифрлар осы ретпен жазылғанда ең кіші сан шығу керек. Ол сан _________________

5.Кітаптың бірнеше беттері түсіп қалды, оның бірінші бетінің нөмірі 328, ал соңғы бетінің нөмірі басқа ретпен орналасқан осы цифрлармен жазылған.Кітаптың түскен беттері нешеу?
Кітаптың түскен беттері______________


6. Алғашқы үш цифрының қосындысы 19, ал соңғы үш цифрының қосындысы 27 болатын төрт таңбалы сан ________ саны.
7. Екі қаланың арасына бірінші поезд 2 сағ 48 мин, ал екінші поезд 4 сағ 40 мин жұмсайды. Бірінші поездың жылдамдығы екіншісінен 26 км/сағ артық. Осы екі қаланың арақашықтығы қандай?
Екі қаланың арақашықтығы __________ км.
8. 1234512345123451234512345 санынан ең үлкен сан қалатындай етіп 10 цифр сызып тастаңдар.


9.Бір тәулікте сағат тілі мен минут тілі ___________ рет тік бұрыш жасайды?


10. Үш қорапта жаңғақтар бар. Бірінші қорапта қалған екі қораптағы жаңғақтарды бірге алғаннан 6 жаңғақ кем, ал екіншісінде қалған екі қораптағы жаңғақтарды бірге алғаннан 10 жаңғақ кем. Үшінші қорапта ___________жаңғақ бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет