əлсіз болса, нарықтық анализі мен болашақ жоспары бұлыңғыр
болса, сол компония кризиске ұшырайды. Яғни, өмірдің алтын
заңдылығы мықты компониялар табыс тұғырында жүреді, ал əлсіз
компониялар алған қарыздарын
уақытында қайтара алмай,
қызметкерлеріне уақытында жалақыларын бере алмай
проблемаларға белшесінен батып жүреді! Сізге ұнаса да, ұнамаса да
нарық сол,
мықтыларын өзі іріктеп алып, əлсіздерін əбігерге түсіреді.
Сондықтан, менің кəсібім кризиске ұшырауда деп байбалам салмай, өз
əлсіздіктеріңізге, нарықтың талабына төтеп бере алмай жатқан
кəсібіңіздегі олқылықтарға көңіл аударыңыз!
Жағдай+Қабылдау=
Нəтиже!
Менің практикамда мынадай формула бар:
«Жағдай+Əрекет=Нəтиже». Жағдайды дұрыс бағамдап,
соған қарсы
əрекет етсеңіз, Сіз міндетті түрде нəтижеге жетесіз!
Мəселен, доллардың өсіп кетуі – жағдай, сол сияқты əйелдің
күйеуіне көңілі толмай, томаға-тұйық жүруі де – жағдай. Көп адам міне,
осы жерден қателікке бой алдырады. Яғни алдынан шыққан
проблеманың бəрін жағдайға əкеліп тірей салады. «Менің
өмірде
биікке көтеріле алмағаныма өкімет кінəлі, себебі мүмкіндік бермеді»,
«Мен жалақым аз, сондықтан тұрмыс-жағдайым нашар» немесе
«Пəленше секілді бастық бола алмадым,
өйткені менің жоғары жақта
тамыр-танысым жоқ» деген сылтауларды айтады. Қытай халқында
«
Дауылдың қалай соққаны маңызды емес, қайықтың желкенінің
Достарыңызбен бөлісу: