|
Гульфия Байтенова
Алматы қаласы №13 мектеп –гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
|
«Тілім барда айтылар сөз ойдағы»
(Тіл мерекесіне арналған интеллектуалдық марафонның сценариі)
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
9-сынып оқушылары арасында өтіліп отырған интеллектуалдық марафонымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Марафонға қатысушылармен танысайық:
1.9 «В» сынып оқушысы Мұхтарова Гүлнар
Гүлнар бос уақытында кітап оқып, музыка тыңдағанды және би өнерімен айналысуды ұнатады. Гүлнардың өмірлік ұстанымы: Алға, алға, тек қана алға.
Келесі ойыншымыз
2. 9 «В» сынып оқушысы Ораз Бауыржан.
Бауыржан спортты , оның ішінде столдағы теннисті ұнатады. Бос уақытында кітаптар оқып, өлең шығарумен әуестенеді.Компьютерлік ойындарды, логикалық тапсырмаларды шешкенді жақсы көреді.Бауыржанның өмірлік ұстанымы: Ешнәрседен сескенбеу, тек қана алға ұмтылу.
3. 9«В» сынып оқушысы Қаймыш Дидар.
Дидар тарихи кітаптар оқып, музыка тыңдағанды ұнатады.Дидардың өмірлік ұстанымы:Отанға адал қызмет ету.
4. 9 «В» сынып оқушысы Әбдіразақ Жансұлу.
Жансұлу ән салғанды, кітап оқығанды ұнатады және сурет өнерімен әуестенеді. Жансұлудың өмірлік ұстанымы:Ешкімге кедергі келтірмей, өз мақсатына жету.
5. 9 «Г» сынып оқушысы Ескелдиева Назерке.Бос уақытында кітап оқығанды, әуен тыңдағанды ұнатады. Өлең шығарумен, би, сурет өнерімен әуестенеді.Назеркенің өмірлік ұстанымы: Жеңісім елім үшін.
6. 9 «Г» сынып оқушысы Сқабылов Әлішер .
Әлішер бос уақытында спортпен шуғылданғанды , кітап оқығанды ұнатады. Әлішердің сурет өнерімен де әуестігі бар.Әлішердің өмірлік ұстанымы: Жеңсең тасыма , жеңілсең жасыма.
7. 9 «Г» сынып оқушысы Құрманәлі Ақнұр.
Ақнұр Лирикалық шығармалар оқығанды ұнатады және шет тілдерін меңгеруге ұмтылады.Ақнұрдың өмірлік ұстанымы: Өзіңе сен және әрқашан Жеңіске ұмтыл.
Ойынның басты ережесімен таныстырып өтейін
Интеллектуалдық марафон 3 бөлімнен тұрады. 2- бөлімге тек 5 ойыншы өтеді.3 кезең –финал, оған теек 3 ойыншы өтеді.Финалда ең көп ұпай жинаған ойыншы көшбасшы аталады.
Енді ойнымызды бастайық. Ойыншылар, дайынбыз ба?
1-бөлім -«Бәйге» деп аталады.
Бұл кезеңнің ережесімен таныстырайын.Бұл кезеңде оқушылар тіл және тіл білімі туралы сұрақтарға жауап беріп,білім сайысына түседі. Әр қатысушы 3 сұраққа жауап береді.
Ендеше сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық. (Оқушылар таблодағы номерлер бойынша сұрақтарды таңдап, жауап береді.)
1.Шамамен алғанда дүние жүзінде қанша тіл бар? 5651-дей.
2.Әдеби тіл қаншаға бөлінеді? Екіге. Ауызша тіл және жазбаша тіл.
3. Дүние жүзінде ең көп тараған тілді ата? Ағылшын тілі.
4. Әдеби тілдің нормаларына жатпайтын сөздер Диалект сөздер, жаргон сөздер
5.«Қазақ тілі-бай тіл.Оралымды,ырғақты, теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл»-деген сөздің авторы кім? Жазушы Ғ.Мүсірепов.
6. «Мәтін» сөзі қандай мағынаны білдіреді? «Байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіреді.
7. Сөйлеушілердің саны жағынан алғанда қазақ тілі нешінші орында? 70-орынға ие.
8. Қазақ халқы латын әліпбиінен орыс әліпбиіне қай жылы көшті? 1940 жылы
9. Қазақ халқы араб әліпбиінен латынға қай жылы көшті? 1929 жылы
10. Сөздің тұлғасы неден тұрады? Түбір мен қосымша
11. Қазақ тіліне тән дыбыс қанша және атап шық? Тоғыз. Ә,ғ,қ,ң,ө,ү,ұ,һ,і.
12. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? Жуан және жіңішке
13. Халықтың мәңгі ғұмыры –оның тілінде. Әрбір тіл – өзінің халқы үшін Ұлы.
деген нақыл сөздің авторы Ш.Айтматов
14.Қыздың жиған жүгіндей деген тұрақты тіркестің балама мағынасы қандай? Әсем, әдемі, көрікті.
15. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.
Осы қанатты сөздің авторы кім? Ж.Аймауытов
16. Тіл білімінің салаларын ата. Фонетика, лексика, грамматика
17. “Тілі шықты” тіркесінің мағынасы қандай? Сөйледі
18. “Тіл сындырды” тіркесінің мағынасы қандай? Сауат ашты
19. “Тіл туралы” Заң қашан толықтырылып қайта шықты? 1997 жылы 11 шілде
20. Мақсұтым тіл ұстартып, өнер шашпақ.. Бұл кімнің өлеңі? Абай
21. Халықтың бәріне бірдей ортақ, әрі бәріне бірдей түсінікті тіл? Әдеби тіл
Ойынның бірінші бөлімі аяқталды.
Кезекті күмбірлеген күйге берейік.
Жүргізуші:2-кезең « Көкпар » деп аталады.
ІІ бөлімнің ережесі: Таблодан номерлерді таңдайды.
-
Барлық сұраққа жауап беруге 1 минут уақыт беріледі.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі
-
Ойыншы
-
Мақалдарды жалғастыр
-
Аталы сөзге арсыз ғана ............
-
Бал тамған тілден ......
-
Жеті жұрттың тілін біл.....
-
Ат айналып иесін табар,....
-
Оқ жарасы бітер...
-
Жаманның сөзі ашу шақырады.....
-
Сөздің көркі ...
-
Ойыншы
Бұл кімнің өлеңі
1.Өткірдің жүзі
кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.......
2.Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін....
3.Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда –ақ берген білім...
4.Таза , мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады. ..... .
3-ойыншы
Қанатты сөздердің авторы кім?
1.Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру.
2. Тіл - қылыштан да өткір.
3. Тәрбие басы – тіл
4.Әркімге туған тілі – туған шеше, оған бола міндетті сан мың есе.
5. Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді.
4- ойыншы
Тұрақты тіркестің мағынасын аш
1.Тілі шығу- сөйлеу
2.Сөзге қалу- Өсекке іліну.
3.Сөздің майын тамызу- Әдемі сөйлеу
4.Сөздің тігісін жатқызу- Жуып-шайып айту.
5.Сөзі мірдің оғындай- Өткір сөз.
6.Сөзі түйеден түскендей- Дөрекі сөз
7.Сөзінің жаны бар-Айтқаны дұрыс
5- ойыншы
Тұрақты тіркестің мағынасын аш
1.Тілі шығу- сөйлеу
2.Сөзге қалу- Өсекке іліну.
3.Сөздің майын тамызу- Әдемі сөйлеу
4.Сөздің тігісін жатқызу- Жуып-шайып айту.
5.Сөзі мірдің оғындай- Өткір сөз.
6.Сөзі түйеден түскендей- Дөрекі сөз
7.Сөзінің жаны бар-Айтқаны дұрыс
3-бөлім .Финал.
«Менің Қазақстаным» деп аталады. Әрбір азамат өз елінің патриоты болу керек. Бұл бөлімде Отанымыздың саяси, мәдени өміріне байланысты сұрақтар болады. 5 сұраққа жылдам жауап берген ойыншының ұпай саны артады.
Ойынның ережесі:
-
Ұяшықтардағы сұрақтар оқылады
-
Ең бірінші жылдам жауап берген ойыншы әр жауапқа 5 ұпай алады.
Сұрақтар:
1.“Мен қазақпын” өлеңінің авторы кім? -Жұбан Молдағалиев
2. Ақ Ордамыздағы “Бәйтерек” монументін әшекелеуге қандай ою пайдаланылды?- Құс қанаты”
3.Қазақстан Республикасы гимнінің авторы? - Ж.Нәжімеденов
4.VII қысқы Азиадада Қазақстанның қоржынына неше алтын жүлде түсті?- 32 алтын
5.Әлемнің қай қаласында Қазақстанның Тәуелсіздік монументінің көшірмесі орнатылған? - Вашингтон
Жүргізуші: Есепшілер қатысушылардың ұпайларын есептеп үлгергенше күйге кезек берейік. 7 «Г» сынып оқушыларының орындауында «Бақтыбай» күйі
Жүргізуші:
Осымен 9-сынып оқушылары арасында өтіліп отырған интеллектуалдық
марафонымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |