Аманжолова А. Д., «Халықаралық қатынастар»



Дата15.06.2016
өлшемі57.5 Kb.
#136664
түріСтатья
Аманжолова А.Д.,

«Халықаралық қатынастар» мамандығының

2-ші курс магистранты

АТЭЫ-2015 саммитінің қорытындылары
Түйіндеме

Мақалада 2015 жылы қараша айында Манила қаласында өткен Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы апталығының қорытындылары, ең бастысы Қазақстан үшін маңызы қарастырылды. Қазақстан Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы қатысушы елдерінің қатарына енбейтіндігіне қарамастан, оның жұмысы барысында жарияланған бастамалар мен қабылданған қорытынды шешімдер біздің елімізге де тікелей әсерін тигізеді.



Кілтті сөздер: Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы, еркін сауда аумағы, инклюзивті даму.

Аннотация

Статья посвящена итогам саммита Азиатско-Тихоокеанского экономического сотрудничества, который проходил в Маниле в ноябре 2015 года, а главное значению для Казахстана. Несмотря на то, что Казахстан не входит в число стран-участниц Азиатско-Тихоокеанского экономического сотрудничества, объявленные в ходе его работы инициативы и принятые итоговые решения окажут непосредственное влияние и на нашу страну.



Ключевые слова: Азиатско-Тихоокеанское экономическое сотрудничество, саммитом Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии, Послание Президента «Нурлы жол - Путь в будущее», зона свободной торговли, инклюзивное развитие.
Abstract

The article is devoted to the results of the summit of the Asia-Pacific Economic Cooperation, which was held in Manila in November 2015, and most importantly value for Kazakhstan. Despite the fact that Kazakhstan is not among the countries participating in the Asia-Pacific Economic Cooperation, announced during his work initiatives and adoption of the final decision will have a direct impact on our country.



Keywords: Asia-Pacific Economic Cooperation, the summit of the Conference on Interaction and Confidence Building Measures in Asia, Message from the President "Nurly Jol - Path to the Future", free trade zone, inclusive Development.

Қараша айында Манила қаласында Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығының (АТЭЫ) апталығы болып өтті. Бұл форум, Филиппинде өткізіліп отырған екінші форум болып саналады, біріншісі – 1996 жылы өткен төртінші саммит [1].

АТЭЫ-2015 саммитінің басты тақырыбы «Инклюзивті даму арқылы әлемді жетілдіру» болды. Дүниежүзінің қабырғалы мемлекеттері алдымен экономикалық мәселелерді жіпке тізіп, әлемдік ахуалды жақсартудың ең оңтайлы тәсілін таңдауға кірісті, атап айтқанда, аймақтық интеграцияны жандандыру, орташа және кіші кәсіпорындардың қатысуын күшейту, адами ресурстарды және тұрақты да тәуелсіз бірлестікті құруды дамыту сияқты төрт негізгі сұрақты қамтыды.

Жаһандық қаржы дағдарысы, елдер арасында орын алып жатқан экономикалық келіспеушіліктер, санкциялар, бағаның тұрақсыздығы және басқа да осы салаға қатысты мәселелер бүгінгі таңда адамзатты толғандырып отыр. Проблемаларды шешудің, қиындықтан шығудың жолдары іздестірілуде. Әлемдік қоғамдастықта сөзі өтімді алпауыт мемлекеттер өз жобаларын ұсынуда.

Адамзат дамуының тарихына көз жүгіртсек, экономикалық тиімділік тұрғысынан елдердің басын біріктіру қай заманда да болған. Әр ел өз ішінде «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруды» көздейтін болса, көрші елдермен сауда-саттық саласын, алыс-беріс дәстүрін жалғастыруды қалаған. Қазақ елі де ежелден Ұлы Жібек жолы бойында осындай ұстанымды ұстанғаны анық.

Ал екі мың жыл бұрын Азияда Ұлы Жібек жолы халықаралық деңгейге шыға бастады. Батыс елдері мен Шығыстың бір-біріне деген қызығушылығы мен өзара экономикалық сауда-саттық деңгейі арта бастады. Қытайдың жібек маталары, кептірілген өнімдері Батыс елдерінің халқын қатты қызықтырды. Сол кездерде Батыс елдерінде христиан діні таралып, олар бір орталыққа бағына бастады, ол ұлы Ватикан болатын. Міне, бұл да интеграция.

Демек, адам баласы интеграцияны екі бағытта пайдалана бастады. Біріншіден, оның ықпалын ұлғайту, билеу, екіншіден, сауда-саттық қатынасты дамытып, ел экономикасын көтеру, іздену, даму әлемдегі тауарлардың барлық жаңа үлгісін еліне жеткізіп, қолжетімді ету мемлекеттің көтерілуіне тікелей ықпал жасау, халықты тауар өндірісіне ынталандыру.

Сол тарихи жолдың сүрлеуі бүгінгі заманға да жетті.

Қазақстан АТЭЫ қатысушы елдерінің қатарына енбейтіндігіне қарамастан, оның жұмысы барысында жарияланған бастамалар мен қабылданған қорытынды шешімдер біздің елімізге де тікелей әсерін тигізеді. Бұл ретте АТЭЫ-ң 21 экономикасы, соның ішінде ҚР аса ірі әріптестері - ҚХР, РФ және АҚШ көшбасшылары көтеріп отырған өңірлік және жаһандық даму мәселелері іс жүзінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында мазмұндалған идеялармен және бағдарлармен өзара сабақтасады [2].

Ендігі алға қойған мақсат Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуін құру болып табылады. Бұл дегеніміз жер аумағы 54 млн. шаршы км-ні құрайтын болады, бұл Жер құрлығының үштен бір бөлігі. Адам саны, яғни тұтынушылар 4,5 млрд. көлемінде болмақ, ол әлем халқының төрттен үш бөлігі екені даусыз.

Осы айтылған Жібек жолы белдеуіне кіретін елдердің саны 60-қа жетеді.

Жібек жолы белдеуінің үш бағыттан тұратын халықаралық дәліздер болмақ. Атап айтқанда, бірінші – Қытай – Моңғолия – Қазақ­стан – Ресей және одан әрі қарай Еуроодақ елдері; екінші – Қытай – Бангладеш – Үндістан – Мьянма; үшінші – Қытай – Пәкістан және одан әрі ұлы теңіздер мен мұхиттарға шығатын күре жолға жалғасады.

Демек, Қытайдан Қазақстанға кірген көліктердің керуендері екі бағытпен жүретін болады. Яғни, біріншісі – Үрімжі – Қорғас – Жетіген – Шымкент – Қызылорда – Қан­дыағаш – Орынбор – Мәскеу – Минск және әрі қарай Еуроодақ елдері; екіншісі – Үрімжі – Шань­коу – Достық – Астана – Көкшетау – Петропавл – Түмен – Қазан – Мәскеу және одан әрі қарай Еуроодақ елдері.

Осы жайттарды ескеретін болсақ, мол мүмкіндіктердің ашылатынын байқаймыз.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылғы 28 қыркүйекте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзінде жаһандық мәселелерді көтергені белгілі. Халықтар мен елдер арасында ғаламдық үнқатысу орнату және экономикалық мүдделер интеграцияға қол жеткізу идеясын алға тартты, халықаралық құқықтар негізінде болашақты дамытудың жаңа стратегиясы мен трендін ұсынды.

Мемлекет басшысы көптеген елдер үшін өзекті әрі ұтымды болатын және халықаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін интеграциялық жобаларды алға тартты.

«ХХІ ғасырда даму орталығы әлемнің ең үлкен континенті – ғаламшар тұрғындарының үштен екісі мекендейтін, ірі ресурстар шоғырланған Азияға қарай ойысады. Азияның дамып келе жатқан экономикаларының қуатты серпіні жаһандық үдерістердің жаңа сипатын танытып отыр. Осы үдерісті ескере отырып, мемлекеттердің өзара қарым-қатынасына жаңа серпін беру үшін бұл тарихи мүмкіндікті пайдаланудың маңызы зор», деді Н.Ә.Назарбаев Бас Ассамблеяның 70-сессиясында [3].

Бүгінгі таңда осы бағытта жұмыстар жасалуда. Тарихта талай рет орын алған Батыс пен Шығыстың және мемлекеттер бірігіп, интеграция жасап, өздерінің даму жолдарын ретке келтіріп отырғанын атап өткен жөн.

«Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуінің» жобасы бірыңғай еуразиялық сауда-экономикалық кеңістікті және транс­құрлықтық көлік дәлізін қалыптастыруға, өңіраралық келісім­шарттарды нығайтуға және экономиканың көлікке, саудаға, туризмге, инвестицияларға қатысты саласындағы және Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуі аймағында орналасқан елдердің ынтымақтастығының басқа да салаларындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған [4].

Еуразия елдері үшін Ұлы Жібек жолында экономиканы заманауи тұрғыда жаңғыртудың маңызы зор. Бұл көптеген елдерге мол табыс әкелетінін және Еуропаға Азиялық-Тынық мұхиты аймағынан келетін транзитті қысқарта түсетінін Елбасы өз сөзінде атап өткен болатын.

Алдымызда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Ендігі мақсат – Жібек жолы бойында және оған таяу орналасқан елдерді біріктіру, бір идеяға ынталандыру.

Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығына қатысушылар Манилада өткізілген саммиттің қорытындысы ретінде декларация қабылдады. Декларацияда әлемде болып жатқан соңғы лаңкестік оқиғалар және олармен күресті қаржыландыру мәселелері көтерілді. Және де аталған құжаттар форумның қатысушылары лаңкестіктің еркін және ашық экономикаға қауіп төндіруіне жол бермейтіндігі жайлы сөз болды. Сонымен қатар, экономикалық өсім – лаңкестіктің себептерін жоятын бірден-бір күш екені баса айтылды.

АТЭЫ-ың жетекшілері лаңкестікке қарсы халықаралық ынтымақтастықты нығайту керектігін алға тартты. Парижде, Бейрутте болған жақындағы лаңкестік, Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік ұшағы және де оларға ұқсас басқа да жерлердегі қылмыстарды қатты сынға алып, халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды [5].

Осылайша, АТЭЫ-ның декларациясында жарияланған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асырылуы көп күттірмеді, ал Азия-Тынық мұхит өңірінде және, бәлкім, әлемдік экономикаға тартылған елдерде еркін сауда аймақтарының құрылуы трендке айналып келеді.

Қорыта келе айтарым, Еуразиядағы интеграциялық үдерістерге белсенді тартылып отырған Қазақстанның да АТӨ елдерімен және мемлекетаралық бірлестіктерімен қатынастарды және, ең алдымен, сауда-экономикалық қатынастарды құру кезінде аталмыш жағдайларды есепке алғаны абзал.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. APEC Philippines 2015: Building inclusive economies, building a better world. http://apec2015.ph

2. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол» Жолдауы, 2014 жылғы 11 қараша.

3. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзі http://www.akorda.kz/kz/speeches/external_political_affairs/ext_speeches_and_addresses/kazakstan-prezidenti-nenazarbaevtyn-buu-bas-assambleyasynyn-70-sessiyasynyn-zhalpy-debatynda-soilegen-sozi

4. «Нұр Отанда» Жібек жолы экономикалық белдеуі жобасы аясында Қазақстан мен ҚХР арасындағы қарым-қатынас мәселелері талқыланды http://nurotan.kz/kz/news/12774



5. APEC Leaders issue Declaration in Manila http://apec2015.ph/2015/11/19/apec-declaration-manila/

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет