Аманкөл ауылдық округі бойынша 2013 жылғы атқарылған жұмыстар бойынша округ әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қуанышбай Ералиннің есепті баяндамасының тезистері



Дата25.02.2016
өлшемі35.05 Kb.
#22958
Аманкөл ауылдық округі бойынша 2013 жылғы атқарылған жұмыстар бойынша округ әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қуанышбай Ералиннің есепті баяндамасының тезистері
Аманкөл ауылдық округі Ырғыз ауданының оңтүстігінде аудан орталығына жақын орналасқан. Құрамына Құтикөл, Аманкөл, Жарма елді мекендері кіреді. Халық саны 2046 адамды құрайды. Оның ішінде 154 зейнеткер, 424 оқушы, 742 еңбекке жарамды тұрғындар бар. Жалпы жерінің аумағы 194 980 гектар.

Округ бойынша барлығы 35 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар. Оның 4-еуі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 31-і шаруа қожалығы. Биылғы жылы 2 кәсіпкер тіркеліп, қазіргі уақытта 20 кәсіпкер жұмыс жасайды. Шаруашылық құрылымдары және жеке қожалықтарда 2013 жылы мал басын өсіруде мүйізді ірі-қара 3384 басқа,қой – ешкі 20116 басқа, жылқы 623 басқа, түйе 270, құс 1184 басқа жетті.

Ауылшаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмысы толықтай жүзеге асырылып, барлық мал басы бірдейлендірілді.

Мал тұқымын асылдандыру мақсатында «Гүлжазира», «Бартай», «Келаман», «Ізтілеу», «Сартай», «Асылан», «Жанат», «Береке-1» шаруа қожалықтары барлығы 19 бас қазақтың ақбас бұқасын сатып алып жұмыс жасауда.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2013 жылы «Береке-1» шаруа қожалығы 9 780 000 және «Гүлжазира» шаруа қожалығы 3 300 000 теңге несие алып мал басын көбейтуде.

Қысқы мал азығын дайындауда 23495 тонна мал азығы дайындалды. Округте қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс жасайды, биылғы жылы 109 бас мүйізді ірі қара қолдан ұрықтандырылды.. Жұқпалы ауруларға қарсы малдар округ көлемінде толық егіліп, тексерілді. Округ бойынша бруцеллез ауруы анықталған 5 мүйізді ірі қара, 5 қой малдарының көзі жойылып, мал қоралар мен баздар толық дезинфекцияланды.3 елді мекен бойынша Ырғыз аудандық ветеринариялық стансасының 3 мал дәрігері жұмыс жасайды.

Округ аумағында 2 орта, 1 негізгі мектепте 541 бала оқиды. Орталықта 1 дәрігерлік амбулатория, екі елді мекенде медпункттер, 2 балабақша және 1 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс жасайды.

2013 – 2014 оқу жылы Құтикөл ауылынан жаңа үлгідегі 150 орындық жаңа мектеп үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Халыққа мәдени қызмет көрсетуде Құтикөл, Аманкөл ауылдық клуб үйлері 1 жыл ішінде 82 мәдени іс-шаралар атқарып, 280 000 теңге қаржы түсірді. Ауылдық округ бойынша 2 кітапхана жұмыс жасайды.

Елді мекендерден аудан орталығына жол қатынасы үзілген емес, азық-түлік бағасы тұрақты.

Елді мекендерде мәдени шаралар ұйымдастыру дәстүрлі түрде жүргізіледі.

Әлеуметтік жағынан аз қорғалынған және көпбалалы отбасы балаларына «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп құралдары мен қысқы киімдер берілді.

Округ бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар күні атап өтіліп, 1 - қазан халықаралық қарттар күнінде округтің егде адамдарына құрмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен ауылдық округ бойынша «Дәстүр-дәм, дәстүр-ән, дәстүр-сән» байқауы өткізілді.

Қоғам қайраткері Т.Жаманмұрыновтың туғанына 125 жыл толу мерейтойын өткізу жөнінде бекітілген жоспар бойынша мекемелерде іс-шаралар өткізілді. Демеушілердің көмегімен Аманкөл ауылында орналасқан Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебіне қайраткердің мүсіні қойылды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 1-бағытына сәйкес 1 бала Ақтөбе ауылшаруашылық колледжіне тегін білім алуға жіберілді. Осы бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа алуда 2013 жылы барлығы он жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орнымен қамтылды. Арнаулы оқу орынын бітірген 2 жас маман жастар практикасында іс-тәжірибе жинақтаудан өтті. Жыл басынан бері жұмыссыз 37 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Елді мекендерде телефон байланысы жолға қойылған. Құтикөл, Аманкөл, Жарма елді мекендері бойынша барлығы 218 үй «OTAU TV» ұлттық спутниктік желісін пайдалануда.

Ауылдық округ жастары спорттық шараларға барлық уақытта да белсене қатысып отырады. Атап айтсақ Нұра селолық округінің Белшер ауылында өткен аудандық ауыл жастарынының ХІІ-ші спартакиадасында округ спортшылары ұйымдасқан түрде қатысып, жалпы командалық есепте жүлделі ІІІ орынға ие болды.

9 мамыр күні соғыс ардагерлері ағайынды Бөлекбаевтар атындағы жылма жыл дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан елді мекендер арасында футболдан спорттық жарыстар өткізілді.

Жыл сайынғы аудан әкімінің жүлдесі үшін өткізілетін аудандық ХVI-шы спартакиада ойындарында жалпы командалық есепте 2-орынды иеленді.

Көшелерді жарықтандыру мәселесі бойынша Ққұтикөл ауылында 15 нүктеге жарық шамдар орнатылды.

Есепті кезең ішінде барлық елді мекендерде санитарлық тазалау, абаттандыру және жасыл желектендіруге байланысты 1 сәуір 31 мамыр аралығында екі айлық шара жасалынып, бірқатар жұмыстар жүргізілді. Көркейту, көгалдандыруға 187 000 теңге, санитарлық шараларға 73 000 теңге бөлініп, толықтай игерілді.



Селолық округ жастары ауданда, облыста, өткізілген барлық мәдени шараларға қатысып отырады.

Алдағы уақытта да саяси-әлеуметтік жағдай орта мерзімдік даму жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет