6B07502 – «Азық түлік өнімдерін қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)» БББ бойынша
білім алатын Ақмарал Какенованың
«Кондитерлік өнімдерді өндіру кезінде жаңа технологияларды әзірлеу»
тақырыбына жазылған дипломдық жұмысына берілген
ЖЕТЕКШІНІҢ ПІКІРІ
Кондитерлік өнімдердің саласын дамытудың басым бағыты жаңа өсімдік көздерін іздеу, Қазақстан халқын адам ағзасының физиологиялық нормативтік талаптарына, әртүрлі жас топтарының қажеттіліктеріне, халық денсаулығының жай-күйінің дұрыстығына жауап беретін биологиялық толыққанды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін оларды қайта өңдеу технологиясын әзірлеу мәселесі өзекті. Кондитерлік өнімдерге арналған функционалды тағамдық ингредиенттердің көзі қол жетімді және арзан отандық шикізат-дәстүрлі емес жеміс-көкөніс шикізаты болуы мүмкін; ұн-нан өндірісінің қайталама ресурстары (бидай ұрық үлпектері мен кебек); дәнді дақылдарын экструдирлеу өнімдері; сүт, май өнімдерінің дәстүрлі және жаңа түрлері, дәрілік өсімдіктер (кептірілген итмұрын, теңіз шырғаны, қалақай шөптері, жалбыз) және т.б. қосылады. Қазіргі уақытта кондитерлік өнімдер бүкіл әлем бойынша өте танымал. Алайда, оларды шамадан тыс пайдалану ағзаның дұрыс метаболизмінәі жүруіне ғана емес, сонымен қатар бұрыннан бар созылмалы аурулардың дамуына, қозуына әкеліп соқтырады. Жылдам көмірсулар мен майлар қоспасының әсерінен семіздік пен қант диабетін тудыратын метаболикалық бұзылулары пайда болады. Сондықтан, қазіргі уақытта функционалды тамақтану принциптеріне негізделген кондитерлік өнімдердің жаңа түрлерін әзірлеу мәселесі осы дипломдық жұмыста қаралып отыр.
Жұмысты орындау барысында Акмарал Какенова кондитерлік өнімдерді алу үшін өсімдік дақылдарынан ұн жасап, оларды жетілдіру технологиясын қарастырды. Қоспаларды өндірудің жетілдірілген технологиясын іске асырудың экономикалық әсерін есептеді, яғни 1 кг құрғақ ұн қоспасының өзіндік құны 187,89 теңгені құрайды, ал нарықтық бағасы 2170 теңгені құрайды. 1 кг құрғақ ұн қоспаны сатудан түсетін болжамды табыс 261,36 теңге болатынын анықтады,
Зерттеулердің болашағын біз құрғақ өнімдер ассортиментін кеңейтуден, кондитерлік өнімдердің технологиясын жетілдіруден, сондай-ақ осы сегменттің сұранысын арттыруын көреміз. Осылайша, осы бағыттағы зерттеулер жалғасуы мүмкін, өйткені бұл Қазақстан ғылымының дамуына ықпал етеді
Дипломдық жұмыстың құрылымына кіретін барлық бөлімдер толық ашылған. Теориялық деңгейі жоғары, ал өндіріске ұсынған тұжырымдардың тәжірибелік маңызы жоғары әрі қолданысқа енгізуге жарамды.
Алынған нәтижелер мен қорытындылар күмән тудырмайды. Зерттеу жұмыстарында барлық тәжірибелер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемелеріне сәйкес жүргізілген.
Қорытындылай келе, «Кондитерлік өнімдерді өндіру кезінде жаңа технологияларды әзірлеу» тақырыбына жазылған дипломдық жұмыс жоғары деңгейде рәсімделді, осы негізде Какенова Ақмарал 6B07502 – «Азық түлік өнімдерін қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)» Білім Беру Бағдарламасы бойынша қорғауға жіберілсін.
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.М. Омаралиева
Күні____________________
Достарыңызбен бөлісу: |