ӘӨЖ 553.98:338.14:504.03 (574.54)
|
Қолжазба құқығында
|
НУРКАБЫЛОВА ГУЛЬМИРА ЖЕТКЕРГЕНОВНА
Мұнай-газ саласының қоршаған ортаға әсерін экономикалық бағалау (Қызылорда облысының мәліметтері негізінде)
6М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Рефераты
Қызылорда, 2012 ж.
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған
Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының кандидаты,
доцент Л.А. Казбекова
Ресми опонент: экономика ғылымдарының докторы, доцент
С.М. Егембердиева
Диссертацияны қорғау 2012 ж. ____ маусымда ____ сағ. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. 120014. Қызылорда қ., Әйтеке би к-сі, 29А. (Бас Оқу Ғимараты, Экономика факультеті, №308 дәрісхана).
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ., Байсеитова к-сі, 100).
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның жер қойнауы минералдық қазба байлықтарына бай. Осы байлығымызды тиімді пайдалану экономикамыздағы ең өзекті басты мәселе. Сонымен қатар минералдық шикізатты өндіргенде, өңдегенде ауаға, суға, жер бетіне қалдықтар шығару арқылы табиғи ортаға зиян келтіріледі. Осы зиянды шектеу, азайту немесе болдырмау өндірістің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Табиғатты пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану қазіргі ғылыми-техникалық жетістікке байланысты, бірінші кезекте, экономикалық мәселе болып отыр және көпшілік жағдайда ол экономикалық бағалау, ынталандыру, төлемдер белгілеу негізінде шешіледі. Осыған қарамастан ұзақ жылдар бойы экономикалық бағалауға мән берілмей келді, жер қойнауында жатқан байлықтың ақшалай құны жоқ деп есептеліп тау-кен рентасы мойындалмады. Іс жүзінде мұндай көзқарас қазба байлықты пайдалану экономикасында біраз кемшіліктер туғызды. Біз әлі күнге дейін қазба байлықтарымыздың ақшалай құнын білмейміз. Ол нарық қатынасына көшуімізге байланысты өте қажет. Экономикалық бағалау шамасын білмей минералдық шикізатты тиімді пайдалану мәселелері: кеніштерді игеру кезегін анықтау, оларды пайдалануға, жалға беру, сату, олардан алынатын өнімдерді бағалау, т.б. дұрыс шешу мүмкін емес. Экономикалық бағалау минералдық шикізатты кешенді пайдалануға байланысты өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе. Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеттігі де жоқ еді. Дегенмен белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т.б.) экономикалық бағалаудың теориялық негіздері, әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ экономикалық бағалау іс-тәжірибеде қолданбағандықтан теориядан қолданысқа жеткізілмеді. Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Табиғатты пайдалану халықаралық мемлекеттік және аймақтық (жергілікті) мәселе. Сондықтан барлық деңгейде қарастырылады. Табиғатты пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және алдын алу сипатында болуы керек. Сондықтан барлық деңгейде қарастырылады. Табиғатты пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және алдын алу сипатында болуы керек. Өйткені табиғатқа әсерді, оның сипатын, зиянын алдын ала бағалау оны болдырмау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Табиғатты пайдаланудың мемлекеттік және жергілікті мәселелерін экономикалық механизмдерді жетілдіру арқылы шешуге болады.
Мұнай мен газ кен орындарының қарқынды игерілуі және өнеркәсіптің басқа салаларының қызметі, жаңа технологиялардың әзірленуі мен ендірілуі және қызметтің кеңейтілуі себебінен халықаралық стандарттардың ендірілуі өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбек пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында технологияларға, өнімдерге, адам қызметінің түрлі қырларына қойылатын талаптарды бірыңғайландыруға бағытталған.
Мәселенің ғылыми-тәжірибелік деңгейде қарастырылуы. Зерттелетін тақырып бойынша көптеген теориялық және практикалық мәселелерге қатысты ресейлік және шетелдік зерттеушілердің еңбектерін атауға болады: Арустамов Э.А., Левакова И.В., Баркалова Н.В., Арбузов В.В., Грузин Д.П., Симакин В.И. және т.б. Сонымен қатар, осы мәселеге қатысты көз-қарастар мен ой-пікірлер, Фаизов К.Ш., Ақбасова А.Ж., Оразбаева Р.С. Саданов А.Қ., Әбжәлелов А.Б., Таубекова Ғ.Қ., Асқарова Ұ.Б. т.б. сынды қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мұнай-газ саласының қоршаған ортаға әсерін экономикалық бағалау болып табылады.
Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:
-
табиғи ортаны қорғаудың ғылыми және теориялық негіздерін зерттеу;
- қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау әдістерін зерделеу;
- Қызылорда облысының мұнай-газ компанияларының қоршаған ортаға әсерінің қазіргі жағдайын талдау;
- қоршаған ортаның ластануынан залалды экономикалық бағалау;
- табиғатты қорғауды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу нысаны Қызылорда облысының қоршаған ортасы.
Зерттеу пәні болып - мұнай-газ компанияларының ұйымдастырушылық, экономикалық және экологиялық қатынастар жиынтығының Қызылорда облысының табиғи ортасына әсері.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізіне отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектеріндегі іргелі және қолданбалы тұжырымдамалары алынған. Зерттеу барысында ҚР Президентінің жарлықтары, Үкімет қаулылары, қоршаған орта саласындағы заңдар мен нормативтік құжаттар, сондай-ақ қабылданған мемлекеттің даму бағдарламалары қолданды.
Зерттеу тәсілдері. Диссертациялық зерттеу жұмысын орындау барысында келесі негізгі әдістері мен тәсілдерді қамтитын, жалпы ғылыми сипаттағы кешендік әдістемелер қолданылды: талдау және синтездеу; абстрактілі-логикалық; статистикалық, экономикалық мәліметтерді талдау, өңдеу және бағалау әдістері, сонымен қатар аналитикалық материалдарды өңдеу пайдаланылды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Зерттеу барысында ғылыми жаңалығын сипаттайтын келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- табиғи ортаны қорғаудың ғылыми және теориялық аспектілері мен экономикалық мәні негізделді;
-
экологиялық-экономикалық мәселелерді қарастыру негізінде мұнай-газ саласының қоршаған ортаға әсерінің факторлары айқындалып экономикалық бағалау жүргізілді;
-
мұнай-газ компанияларының жер қойнауын пайдалану барысындағы тәуекелдердің деңгейі бағаланып экологиялық нәтижелілік алынды;
-
қоршаған ортаны қорғау қызметінің жаңа экономикалық механизмі қалыптастырылды.
Қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдар:
- табиғи ортаны қорғаудың ғылыми және теориялық аспектілері;
- мұнай-газ саласының қоршаған ортаға әсерін экономикалық бағалау;
- мұнай-газ компанияларының тәуекелдерін бағалау және бағалаудан алынған экологиялық нәтижелілік;
- қоршаған ортаны қорғау қызметінің жаңа экономикалық механизмі
Жұмыстың ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы қоршағанг орта министрлігі органдарының ресми мәліметтері, отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу материалдары, қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдаламалары және Қызылорда облысы Арал-Сырдария экология департаментінің материалдары қамтамасыз етті.
Диссертациялық жұмыстың сыннан өтуі және жүзеге асырылуы. Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен нәтижелері «Жаһандану жағдайында тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Қарағанды, 2012 ж.), Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Хабаршысының №2 (30) (Қызылорда, 2011 ж.) баяндалды. Зерттеу нәтижелері Қызылорда облыстық статистика басқармасының қызметіне еңгізуге қабылданды.
Зерттеу нәтижелерін жариялау. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 1,0 б.т. құрайтын 2 ғылыми мақала жарияланды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан, 46 пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
Бірінші бөлімде «Табиғи ортаны қорғаудың ғылыми және теориялық негіздері» қарастылыған. Қазіргі кезде табиғи ортаны қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалану мәселесі ұзақмерзімді экономикалық дамудың ең негізгі стратегиялық бағытына, түп қазығына айналды. Бұл стратегия қоғамдық өндірістің үздіксіз дамуын, адамзат өмір сүруінің қалыпты жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Аталған мақсатқа тек табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын ұқыпты, тиімді пайдалану нәтижесінде ғана жетуге болады.
Табиғи орта деп - өндіріске тікелей қатыспаса да адамзаттың, жан-жануарлардың тіршілік етуіне мүмкіндік беретін табиғи заттар мен табиғи күштерді айтамыз.
Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Қоршаған ортаға әсерді бағалау - шаруашылық және басқа да қызметтің қоршаған ортаға және адам денсаулығына келтірілген зиянын анықтайтын процедура. Экономикалық тұрғыдан бағалағанда табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға әсерін, соған сәйкес қойылатын талаптарды, шектерді ескеру керек.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 108 бабында зиянды экономикалық бағалауға келесі анықтама берілген: «Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау - қоршаған орта және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерін қалпына келтіруге қажетті шығындардың құндық сипаты». Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі түрін ажыратуға болады: абсолюттік және салыстырмалы экономикалық бағалау. Абсолюттік экономикалық бағалау табиғат байлығын ұлттық байлық құрамында, кәсіпорындардың, жеке аймақтардың балансында есептеу үшін, табиғат пайдалану төлемдерін анықтау үшін және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында қолданылады. Салыстырмалы экономикалық бағалау механизмі инвестицияның салыстырмалы тиімділігін анықтау негізінде құрылған. Салыстырмалы экономикалық бағалаудың қолданылатын мақсатына қарап оның екі түрін ажыратамыз: табиғат байлығын пайдалануды бағалау және табиғат қорғау шараларын бағалау.
Мұнай-газ кәсіпорнының қызметі экологиялық шығындардың екі түрінің пайда болуына әкеледі. Біріншіден, бұл қоршаған ортаға зиянды заттардың тастауларынан келетін экономикалық зиян. Екіншіден, бұл ластануды болдырмау шығындары, яғни табиғатты қорғау қызметімен байланысты шығындар.
Экономикалық зиянды бағалаудың тікелей есептеу әдісі қоршаған ортаның ластануының халыққа, тұрғын-үй-коммуналдық және өнеркәсіптік шаруашылық объектілеріне, ауылшаруашылық жерлерге, су және орман ресурстарына әсерін нақтыланған есептеуді болжайды. Ластанудың экономикалық зиянын төмендегі формуламен анықтауға болады [1]:
|
(1)
|
Мұндағы: -экономикалық зиян; -ластаудың шартты тоннасынан үлесті зиян, теңге/ш.т; -ауданның аумақтық ерекшеліктерін ескеретін коэффициент;- түрлі ластануларды орташа түрге келтіру коэффициенті («моноластаушыға»); - i-ші ластаушының ластау көлемі; n-ластаушылардың жалпы саны.
Табиғат қорғау мәселесі ұлттық, мемлекеттік шеңбермен шектеліп қалмайды. Жеке елдердің табиғат қорғау шаралары жеткілікті нәтиже бере алмайды. Дамыған елдердің компанияларының менеджменті экологияны нарықта бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату құралы ретінде қарастырады.
Екінші бөлімде Қызылорда облысының мұнай-газ компанияларының қоршаған ортаға әсерін экономикалық бағалау жүргізілді.
Қызылорда облысының экономикалық әлеуеті көлденең-интегралды мұнайгаз компанияларын құру бағытында дамуда. Бүгінгі күні облыста көмірсутек шикізатын өндіруді 18 компания іске асырады, оның 6 өндіру («ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, БК «Қуатамлонмұнай» ЖШС, БК «Қазгермұнай» ЖШС, «Ай-Дан Мұнай», ҰК «КОР» АҚ). 2 компания сынау жұмыстарын және 10 компания барлау жұмыстарын жүргізуде. Өңдеудің эксплуатациялық және кен орындарын игеру сатысы келесі тізімде көрсетілген: «ПККР» АҚ - Оңтүстік Құмкөл, Оңтүстік – Шығыс Құмкөл, Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ, Солтүстік Нұралы, Шығыс Құмкөл; БК «Қазгермұнай» ЖШС – Орталық Ақшабұлақ, Шығыс Ақшабұлақ, Оңтүстік Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай; «Торғай Петролеум» АҚ - Солтүстік – Батыс Құмкөл; БК «Қуатамлонмұнай» ЖШС – Қоныс, Бектас; «Ай-Дан Мұнай» АҚ – Арыс, Бленді; ҰК «КОР» АҚ – Ащысай; «Саутс Ойл» ЖШС – Кеңлі, Қыртұз; «Көлжан» - Кентап.
Өңдеудің эксплуатациялық және кен орындарын игеру сатысы келесі тізімде көрсетілген (сурет 1):
Ескерту – Кызылорда облысының статистика басқармасының мәліметтері негізінде автордың сызбасы
1 сурет - Қызылорда облысының мұнайгаз компанияларының үлесі
Мұнай өндрісінің көп үлесі Құмкөл кен орнында екендігі байқалады және онда мына компаниялар жұмыс жасайды: «ПККР» АҚ-мы-30,03%, «Торғай Петролеум» АҚ-мы-30,0%, «Қазгермұнай» БК-ны -26,03%, «Қуатамлонмұнай» БК-ны - 4,97%, «Саутс Ойл» ЖШС-гі - 2,7%, «Кольжан» ЖШС-гі - 0,14%.
Мұнай компанияларының өнеркәсіп қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты өнеркәсіп қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындауға және оларды жүзеге асыруға негіз болып табылады. Мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым міндеттері қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, компанияның қызметкерлерінің және компанияның өндірістік нысандары жұмыс істейтін аудандарда тұратын халықтың денсаулығын қорғау болып табылады. Бұл мақсатта ISO 14001 халықаралық экологиялық стандарты, маркетинг және тасымалдау нысандарында қазіргі кезде ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттары ендірілуде.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша қойылған мақсаттарға жету үшін мұнай-газ компаниялары төмендегідей міндеттемелер қабылдайды [36]:
- қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды дайындау мен іске асыру бойынша, мекеменің алдынан шығатын өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің ең маңызды міндеттерін үнемі анықтап әрі шешіп отыруды қамтамасыз ететін пәрменді рәсімдер жасау;
- қоршаған ортаға, қызметкерлер мен тұрғындарға жасалатын ықпалдың алдын алуға байланысты жоспарланатын және іске асырылатын әрекеттер мен шаралардың осындай ықпалдың салдарларын жою бойынша шараларға қарағанда басымдығын сақтау;
- жүзеге асырылатын жұмысының, өнімдерінің және көрсетілетін қызметтерінің қоршаған ортаға, қызметкерлер мен тұрғындарға жасайтын ықпалының сипаттамалары мен көрсеткіштерін дәйекті түрде үздіксіз жақсартуға ұмтылу, сондай-ақ табиғи ресурстарды ғылымның, техниканың және қоғамның қазіргі заманғы деңгейіне түгелдей сәйкес тұтыну;
- мұнай, мұнай өнімдері мен газдың ысырабын азайту, сондай-ақ олардың қоршаған табиғи ортаға тап болуының алдын алу бойынша тұрақты, мақсатты жұмыс жүргізу;
- мұнай компанияларының өнеркәсіптік қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны және денсаулықты қорғау саласындағы қызметін реттемелейтін халықаралық, ұлттық заңнаманың, халықаралық келісімдердің талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
- кез келген басқарушылық өндірістік шешімдерді көзделіп отырған жұмыстың, өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтердің экологиялық жақтарын міндетті түрде ескере отырып қабылдау және іске асыру;
- шаруашылық қызметінің жоспарланатын түрлерінің, өнімдерінің және көрсетілетін қызметтерінің қоршаған ортаға, қызметкерлер мен тұрғындардың денсаулығына жасайтын ықпалын бағалауды іске асыру;
- компаниялардың өндірістік нысандарының қызметін жүзеге асырған кезде, жоспардан тыс ысырапты азайту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
- өнеркәсіптік және экологиялық қатерлерді бағалауды, оларды азайту, олардан пайда болған ысыраптың орнын толтыру бойынша шаралар әзірлеуді жүзеге асыру;
- компаниялардың өндірістік нысандары жұмыс істейтін аудандардағы қоршаған ортаның сапасын үнемі жақсартып отыруға ұмтылу.
Ластаушы заттардың жалпы көлемінің ішінде тұрақты ластау көздерінің шығарулары 29,831 мың тонна құрайды, ол 2009 ж. салыстырғанда 4,489 мың тоннаға аз, жылжымалы ластау көздерінің шығарулары 45,0 мың тонна құрайды, ол алдыңғы 2009 ж. көрсеткішінен 6,5%-ға артық (42,09 мың тонна). 2010 ж. облыстың атмосфералық ауасына түскен жалпы көлемінің ішінде 3,16% қатты заттар, ал газды фракциялар 96,84% құрайды (кесте 1).
Кесте 1 – Атмосфераны ластаушы заттардың жалпы көлемі
Ластану туралы ақпарат
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
1. Газды жағу нәтижесінде шығарулардың жалпы көлемі, мың тонна
|
19,85
|
18,48
|
12,312
|
10,521
|
2. Атмосфералық ауаға тазартусыз өнеркәсіптік шығарулар көлемі, мың тонна
|
31,95
|
33,18
|
29,831
|
27,456
|
оның ішінде: апатты (нормативтен жоғары) шығарулар көлемі, мың тонна
|
0,071
|
-
|
0,0011
|
0,0011
|
Ескерту - Қызылорда облысының Арал-Сырдарья экологиялық департаменті мәліметтері бойынша автордың құрастыруы [37].
|
Өндіру көлемдерінің өсуімен байланысты мұнай өндіру саласының жалпы шығаруларының артуына қарамастан, өндірілген өнімнің 1 тоннасына шығарулар (шамамен 1,22 кг) республика бойынша ең төмен болып қалуда (кесте 2).
Кесте 2 – Қызылорда облысының мұнай-газ кәсіпорындарының шығарулар көлемі
Кәсіпорын атауы
|
Рұқсат етілген көлем,
мың тонна/жылына
|
Нақты көлем, мың тонна/жылына
|
1. «ПҚҚР» АҚ
|
6,320
|
5,437
|
2. «ҚазГермұнай» БК ЖШС
|
8,904
|
8,244
|
3. «ТорғайПетролеум» АҚ
|
12,274
|
5,581
|
4. «КАМ» БК ЖШС
|
1,822
|
1,673
|
5. «АйданМұнай» АҚ
|
1,763
|
0,887
|
6. «Саутс-Ойл» ЖШС
|
0,889
|
0,682
|
7. «КумкольТранс Сервис» ЖШС
|
0,515
|
0,324
|
8. «Колжан» ЖШС
|
0,235
|
0,160
|
9. «Жанрос» ЖШС
|
0,460
|
0,295
|
10. «Kazpetrol group» ЖШС
|
0,029
|
0,0118
|
11. «КОР» МК АҚ
|
0,879
|
0,510
|
Ескерту - Қызылорда облысының статистика басқармасының мәліметтері бойынша автордың құрастыруы.
|
Қоршаған ортаны қорғау саласында өндірістік бақылау қоршаған ортаға объектілердің әсерін анықтау, алдын алу, және қажет болған кезде қоршаған ортаға зиян келтіріп, бұзушылық орын алған кезде бекітілген тәртіп бойынша кейбір объектілердің қызметін уақытша тоқтату мақсатында жүзеге асырылады. Облыстың ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарында қоршаған ортаға мониторинг және өндірістік бақылау жүргізу бағдарламалары өңделген.
Аймақта қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу мақсатында, соның ішінде мұнай-газ өндіруші компанияларынын залалын жою мақсатында облыс деңгейінде «Ілеспе газды қайта жарату» бағдарламасы жүзеге асырылды. «Ілеспе газды қайта жарату» бағдарламасы бойынша мәліметтер кесте 3 бейнеленген.
Кесте 3 – Қызылорда облысының мұнай компанияларымен ілеспе мұнай газын өндіру және қайта жарату
Көрсеткіштер
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
Ауытқу (+,-)
|
Мұнай өндіру, мың тн
|
10 759,21
|
10 830,3
|
+ 71,09
|
Газ өндіру, млн. м3
|
1 419,92
|
1 546,33
|
+ 126,41
|
Қайта жарату млн. м3,
оның ішінде:
- меншікті мұқтаждарға;
|
928,53
184,81
|
1 068,42
186,6
|
+ 139,89
+ 1,79
|
- ГТУ-ға берілді;
- қалаға берілді;
- пластқа айдау;
- факелдерде жағылды.
|
194,22
120,65
307,66
491,4
|
223,2
199,2
390,71
469,92
|
+ 28,98
+ 78,55
+ 83,05
- 21,48
|
Мұнайдың 1 тоннасына шығарулар, кг
|
1,75
|
1,22
|
- 0,53
|
Мұнайдың 1 тоннасына қайта жарату, м3/т
|
86,3
|
98,6
|
12,3
|
Ескерту - Қызылорда облысының статистика басқармасының мәліметтері бойынша автордың құрастыруы.
|
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріне қарай анықталады.
Мысалы, 2010 жылға АЕК – 1 413 теңге; 2011 жылға АЕК – 1 512 теңге; 2012 жылға АЕК – 1 683 теңге. Төлемақы ставкаларының мөлшері келесі 4 кестеде берілген.
Кесте 4 - Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары
№
|
Ластаушы заттардың түрлері
|
1 тоннаға төлемақы ставкалары (АЕК)
|
1 килограмға төлемақы ставкалары (АЕК)
|
1 тоннаға төлемақы ставкалары, теңге
|
1
|
Күкірт тотықтары
|
20
|
-
|
28 260
|
2
|
Азот тотықтары
|
20
|
-
|
28 260
|
7
|
Көмірсутектері
|
0,32
|
-
|
452,16
|
8
|
Формальдегид
|
332
|
-
|
469 116
|
9
|
Көміртегі тотықтары
|
0,32
|
-
|
452,16
|
10
|
Метан
|
0,02
|
-
|
28,26
|
11
|
Күйе
|
24
|
-
|
33 912
|
Ескерту - 26.12.2008 ж. Қызылорда облыстық маслихаттың №121 шешімі; 27.03.2009 ж.
Қызылорда облыстық маслихаттың №145 шешімімен толықтырулар енгізілді[43]
|
Аймақтың кен орындарында зиянды газ қосындыларын қайта жарату үшін газды тазарту қондырғылары әзір жоқ. Осыған байланысты, ешбір кәсіпорын шекті ұйғарынды концентрация талаптарын қанағаттандыратын зиянды заттар шығарылымын қамтамасыз етпейді. Табиғатты пайдаланушылардың табиғатты қорғау қызметінің тиімділігі қаржылық ынталандырулардың, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық құралдарын енгізумен анықталады. Табиғатты пайдаланушыларды табиғатты қорғау шараларын жүргізуді және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандыру экологиялық төлемдер жүйесін қарастыратын табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмі көмегімен жүзеге асырылады.
Үшінші бөлімде қоршаған ортаны қорғауды жетелдіру жолдары ұсынылған. Табиғатты пайдаланушылардың тәуекелдерінің деңгейі объективті және субъективті факторлар бойынша анықталған. Объективті факторға ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес табиғатты пайдаланушылардың санаты жатады: I-II санаттар тәуекелдердің жоғары деңгейінің объектілері болып табылады; III санат - тәуекелдердің орташа деңгейі; IV санат – тәуекелдердің төмен деңгейі (кесте 5).
Кесте 5 - Қызылорда облысының мұнай компанияларының тәуекелдерінің деңгейін бағалау
Аталуы
|
тәуекелдердің жоғары деңгейі
(І-ІІ санат)
|
тәуекелдердің орташа деңгейі
(ІІІ санат)
|
тәуекелдердің төмен деңгейі (ІV- санат)
|
«Құмкөл Транс Сервис» ЖШС
|
|
+
|
|
«Қазпетролгруп» ЖШС
|
+
|
|
|
«ҚазГерМұнай» БК ЖШС
|
+
|
|
|
«Петро Қазақстан Венчуринс Инк» филиал
|
|
+
|
|
«АйданМұнай» АҚ
|
+
|
|
|
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ
|
+
|
|
|
«Сибу-Кызылорда» Бұрғылау компаниясы ЖШС
|
|
+
|
|
«СырдарияМұнай» АҚ
|
|
+
|
|
«Саутс Ойл» ЖШС
|
+
|
|
|
«Тургай Петролеум» АҚ
|
+
|
|
|
«ҚОР» МК АҚ
|
+
|
|
|
«КАМ» БК ЖШС
|
|
+
|
|
Магистралды газ құбыры басқармасы «Қызылорда»
|
|
|
+
|
«Zhanros Drilling» ЖШС
|
|
+
|
|
«КУТТ» ЖШС
|
|
+
|
|
«САТ» ЖШС
|
+
|
+
|
|
Ескерту – автордың құрастыруы
|
2011 ж. табиғатты пайдаланушылардың тәуекелдерінің деңгейін бағалау ірі мұнай газ өндіруші кәсіпорындар бойынша жүргізілген. Тәуекелдерді саралау келесіні құрады: тәуекелдің жоғары деңгейі 40 балл және одан жоғары балл- 62; тәуекелдің орташа деңгейі 11-ден 40 баллға дейін - 65; тәуекелдің төмен деңгейі 11 баллға дейін – 166.
Кесте 6 – Сомалық нақты бағалық көрсеткіштері және олардың экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша мұнай-газ компанияларын сыныптарға саралау
Сыныптар
|
Сомалық нақты бағалық көрсеткіш, балл
|
Басшылық саясатының сипаттамасы
|
Түстік белгілеу
|
1 сынып
|
200-230
|
Қалыпты
|
Жасыл
|
2 сынып
|
150-200
|
Жеткілікті
|
Көк
|
3 сынып
|
100-150
|
Орташа
|
Сары
|
4 сынып
|
100 төмен
|
Қалыпты емес
|
Қызыл
|
«ПККР» АҚ – жалпы бал 173. Экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Жеткілікті» деп бағаланады. «ҚазГерМұнай» БК ЖШС - жалпы бал 218. Экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Қалыпты» деп бағаланады. КАМ» БК ЖШС - жалпы бал 167. Экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Жеткілікті» деп бағаланады. «Торғай Петролеум» АҚ - экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Қалыпты» деп бағаланады.
Экономикалық басқару механизмдерін қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Мұнай тасымалдау жүйелерін құру қоршаған ортаға үлкен жасанды әсермен сипатталады, ол құрылыс және пайдалану барысында ластану нәтижесінде оның құлдилауымен көрсетіледі. Осыған байланысты осы саладағы табиғатты пайдалану механизмі мұнай кешеніндегі жағдайды республикалық деңгейде және де оның аймақтық ерекшеліктерін ескеру қажет. Ластайтын заттардың шығаруларының қайнар көздерін анықтау өте маңызды. Сонымен қатар, аймақтың табиғатты қорғау қызметіне инвестицияларды негіздеуде құрылыс және пайдалану барысында өндіріс және тұтыну қалдықтарымен қоршаған табиғи ортаны ластайтын потенциалды қайнар көздері болып табылатын мұнай құбырларының объектілері қарастырылуы тиіс. Осыған байланысты, мұнай құбырын жүргізу бойына экзогендік процестердің негативті құбылыстарының және лайықты эколого-экономикалық механизм көмегімен топырақтарды эрозиядан қорғау бойынша және де бұзылған жерлердің рекультивациясы бойынша шараларды өңдеу барысында мониторинг жүргізу қажет.
Басқару жүйесінің функционалдық құрылымы төтенше жағдайларға байланысты, сонымен қатар оның себеп-салдарын жою бойынша мәселелерді қамту тиіс. Бұл үшін мұнай құбыры және оның инфрақұрылым объектілерінің құрылысы барысында қоршаған табиғи ортаға мүмкін болатын зиян алдын-ала бағалау бойынша жеті негізгі көрсеткіштерді есептеу қажет. Сайып келгенде, ауылшаруашылығы ресурстарына, жануарлар әлеміне, ауылшаруашылық емес жер ресуртарына, атмосфераға (құрылыс кезеңі), қалдықтарды орналастыру бойынша (құрылыс кезеңі) орман ресурстарына, су ресурстарына зияны.
Ескерту – Құрастырған автор.
2 сурет – Құбыр жүргізу құрылысы және пайдалану барысында мүмкін болатын жалпы залалды бағалау блок-схемасы
Мұнай құбыры көлігінде экстремальды (төтенше) жағдайлар орын алған кезде табиғатты қорғау қызметіне ерекше көңіл аудару қажет. Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша шаралар кешендерін тиімді жоспарлау және оперативті басқару жүйесін құру апатты жағдайдағы жұмыс ерекшеліктерінен пайда болатын мәселелерді шешуді жеңілдете алады.
Құбыр апатын жою барысында басқарушылық шешімдерді орындауды жоспарлау және бақылау жүйесі 3 суретте көрсетілген.
Жоспарлау басқарудың әкімшілік әдісіне сәйкес келеді деп есептелгенімен, экономикалық басқару механизмінде де оның маңызы зор. Бірақ, мұнда жоспарлаудың сипаты түпкілікті өзгереді. Ол жоғарыдан келетін нұсқауларды бұлжытпай орындайтын заңдылық сипатын өзгертіп, іс-әрекеттерді ерікті, сапалы басқару сипатына ие болады, Жоспарлау көмегімен көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады. Жоспарлау персонал еңбегін белгіленген мақсатта жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Ескерту – Автордың құрастыруы.
3 сурет – Құбыр апатын жою барысында басқарушылық шешімдерді орындауды жоспарлау және бақылау алгоритмі
Табиғатты пайдалану саласында жоспарлаудың басты мақсаты - табиғи ортаны қорғауды, табиғатты тиімді пайдалануды, оның ресурстарын үнемдеп, мүмкін болғанда молайтуды қамтамасыз ету. Жоспарлаудың мұндай қызметі нарық экономикасы жағдайында күшейе түседі.
ҚОРЫТЫНДЫ
-
Диссертациялық жұмысты орындауда төмендегідей қорытындыға келеміз:
-
1. Табиғатты пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және алдын алу сипатында болуы керек. Өйткені табиғатқа әсерді, оның сипатын, зиянын алдын ала бағалау оны болдырмау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Табиғатты пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және алдын алу сипатында болуы керек. Табиғатты пайдаланудың мемлекеттік және жергілікті мәселелерін экономикалық механизмдерді жетілдіру арқылы шешуге болады. Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану қазіргі ғылыми-техникалық жетістікке байланысты, бірінші кезекте, экономикалық мәселе болып отыр және көпшілік жағдайда ол экономикалық бағалау, ынталандыру, төлемдер белгілеу негізінде шешіледі.
2. Мұнай мен газ кен орындарының қарқынды игерілуі және өнеркәсіптің басқа салаларының қызметі, жаңа технологиялардың әзірленуі мен ендірілуі және қызметтің кеңейтілуі себебінен халықаралық стандарттардың ендірілуі өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбек пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында технологияларға, өнімдерге, адам қызметінің түрлі қырларына қойылатын талаптарды бірыңғайландыруға бағытталған. Қызылорда облысының өнеркәсібін қалыптастыру мен дамыту минералды-шикізат және басқа да ресурс түрлерін игеруге бағытталған. Облыс экономикасын дамытудың негізгі көрсеткіштері және соңғы бес жылдағы мұнайгаз саласының жоғарғы қарқынмен дамуымен сипатталады.
3. Қоршаған ортаны қорғау бойынша қойылған мақсаттарға жету үшін мұнай-газ компаниялары төмендегідей міндеттемелер қабылдайды: қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларын дайындау мен іске асыру бойынша, мекеменің өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің ең маңызды міндеттерін үнемі анықтап әрі шешіп отыруды қамтамасыз ететін пәрменді рәсімдер жасау; жүзеге асырылатын жұмыстың қоршаған ортаға жасайтын ықпалының сипаттамалары мен көрсеткіштерін дәйекті түрде үздіксіз жақсартуға ұмтылу, сондай-ақ табиғи ресурстарды ғылымның, техниканың және қоғамның қазіргі заманғы деңгейіне түгелдей сәйкес тұтыну.
4. Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі түрін ажыратуға болады: абсолюттік және салыстырмалы экономикалық бағалау. Абсолюттік экономикалық бағалау табиғат байлығын ұлттық байлық құрамында, кәсіпорындардың, жеке аймақтардың балансында есептеу үшін, табиғат пайдалану төлемдерін анықтау үшін және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында қолданылады. Табиғат ресурстары пайдаланылатын барлық жылдардағы тиімдер ренталар жиынтығы болып табылады
5. Қызылорда облысының салалық құрылымында кен өндіру өнеркәсібі иемденген және оның ішінде мұнай өндірісі көптеген үлесін алып тұр. 2010 жылы мұнай өндіру бойынша үлкен жетістікке жетіп, 1,7 млн. тонна өндірілді, 2011 жылы бұл көрсеткіш 11,2 млн. тоннаға дейін төмендеді. 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда мұнай өндірісі 37%-ға төмендеді. Талданған мерзімде газ өндірісі ұлғаюда. 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда газ өндірісі 14,9%-ға, ал 2007 жылмен салыстырғанда 154,0%-ға өсіп, 1348,8 млн. м2 құрады. Жалпы қоғамдық өнім өндірісінде 2007 жылы өнеркәсіптің үлесі 28,7%, ал өнеркәсіп өндірісінде мұнайгаз өндіру саласының үлесі 39,9%-ды құрағаны белгілі.
6. Облыстың ауа бассейініне негізгі ескерілген тұрақты және жылжымалы ластау көздерінен 2010 ж. 74,831 мың тонна құраған, ол 2009 ж. салыстырғанда 0,439 мың тоннаға аз (75,27 мың тонна). Ластаушы заттардың жалпы көлемінің ішінде тұрақты ластау көздерінің шығарулары 29,831 мың тонна құрайды, ол 2009 ж. салыстырғанда 4,489 мың тоннаға аз, жылжымалы ластау көздерінің шығарулары 45,0 мың тонна құрайды, ол алдыңғы 2009 ж. көрсеткішінен 6,5%-ға артық (42,09 мың тонна). 2010 ж. облыстың атмосфералық ауасына түскен жалпы көлемінің ішінде 3,16% қатты заттар, ал газды фракциялар 96,84% құрайды.
7. Аймақтың кен орындарында зиянды газ қосындыларын қайта жарату үшін газды тазарту қондырғылары әзір жоқ. Осыған байланысты, ешбір кәсіпорын шекті ұйғарынды концентрация талаптарын қанағаттандыратын зиянды заттар шығарылымын қамтамасыз етпейді. Табиғатты пайдаланушыларды табиғатты қорғау шараларын жүргізуді және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандыру экологиялық төлемдер жүйесін қарастыратын табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмі көмегімен жүзеге асырылады.
8. Қызылорда облысының мұнай-газ өндіруші кәсіпорындары бойынша экологиялық талаптардың бағалық кестесі ұсынылған және де әрбір мұнай-газ өндіруші кәсіпорын үшін аталған критерийлердің бағалауын жүргізілді. Сомалық нақты бағалық көрсеткіштері және олардың экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша мұнай-газ компанияларын сыныптарға саралау бойынша «ПККР» АҚ – жалпы бал 173. Экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Жеткілікті» деп бағаланады. «ҚазГерМұнай» БК ЖШС - жалпы бал 218. Экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Қалыпты» деп бағаланады. «КАМ» БК ЖШС - жалпы бал 167. Экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Жеткілікті» деп бағаланады. «Торғай Петролеум» АҚ - экологиялық нәтижелілік критерийлері бойынша басшылық саясаты «Қалыпты» деп бағаланады.
Диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:
1. Табиғатты қорғаудың экономикалық мәселелері //Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Экономика және қашықтықтан оқыту институтының 20 жылдығына арналған «20жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция. 25 қаңтар, Қызылорда, 2012ж.
2. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды экономикалық бағалау // «Жаһандану жағдайларындағы тауарлар мен қызметтер көрсетудің сапасы және бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция - Қарағанды, 2012ж.
Резюме
диссертации на соискание академической степени магистра
Экономики и бизнеса по специальности 6МO50600 - «Экономика»
Нуркабылова Гульмира Жеткергеновна
Экономическая оценка влияния нефтегазовой отрасли на окружающую среду (на материалах Кызылординской области)
Объект исследования – окружающая среда Кызылординской области.
Предметом исследования являются влияние совокупности управленческих, экономических и экологических отношений на окружающую среду Кызылординской области.
Целью исследования является экономическая оценка влияния нефтегазовой отрасли на окружающую среду.
Теоретической и методологической основой исследования явились труды зарубежных и отечественных ученых-экономистов При исследовании использовались указы Президента РК, постановления Правительства, законы и нормативные документы в отрасли охраны окружающей среды, а также принятые государством программы развития.
Научная новизна ислледования:
- обоснованы научные и теоретические аспекты и экономическая сущность охраны окружающей среды;
-
при рассмотрении эколого-экономических проблем выявлены факторы влияния нефтегазовой отрасли на окружающую среду и проведена экономическая оценка;
-
проведена оценка рисков нефтегазовых компаний при недпропользовании и выявлена экологическая эффективность;
-
формирование нового экономического механизма охраны окружающей среды.
Научно-практическая значимость. Учитывая результаты экономической оценки влияния нефегазовых компаний Кызылординской области на окружающую среду выводы, предложения и рекомендации диссертации могут быть учтены и использованы при решении вопросов охраны окружающей среды.
Апробация результатов исследования. Научно обоснованные предложения автора могут быть использованы в деятельности Кызылординского областного департамента статистики.
Summary
the dissertationfor the academic master's degree of of economy and business on 6MO50600 – «Economica» speciality
Nurkabilova Gulmira
Economic estimation of the influence of oil and gas branches on surrounding ambience (on material of Kyzylorda area)
Object of the research - the surrounding ambience of Kyzylorda area.
Subject of the research is the influence of complex of management, economic and ecological relations on surrounding ambience of Kyzylorda area.
Objective of the research is an economic estimation of the influence of oil and gas to branches on surrounding ambience.
Theoretical and methodological basis of the research were works of foreign and domestic scientist-economist At study were used edicts of the President of Kazakhstan, resolutions of Government, laws and normative documents in branches guard surrounding ambiences, also state program of the development.
Scientific novelty of the research:
- scientific and theoretical aspects and economic essence guard surrounding ambiences are motivated;
- at describing of ecology-economic problems factors of the influence of oil and gas to branches on surrounding ambience are revealled and economic estimation is organized;
- is organized estimation of risk oil and gas companies under use natural resource and ecological efficiency is revealled;
- a shaping the new economic mechanism guard surrounding ambiences.
Scientific and practical significance. Considering results of the economic estimation of the influence of oil and gas companies of Kyzylorda area on surrounding ambience findings, offers and recommendations to thesises can be taken into account and used at decision problems guard surrounding ambiences.
Aprobation of the results. Scientifically motivated offers of the author can be used in activity of Kyzylorda regional department of the statistics.
Достарыңызбен бөлісу: |