Американдық парламенттік формат



Дата27.04.2024
өлшемі22.84 Kb.
#499951
АПФ - қазақша


Американдық парламенттік формат


Америкалық парламенттік формат (АПФ) – бұл Парламенттік тұрпаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция ұсынылған қарарды талқылайды. Әр раундқа жаңа қарар таңдап алынады. Пікірсайыс барысын Палата Спикері басқарады, сонымен бірге сайыстың төрешісі қызметін атқарады. Егер раундта бірнеше адам төрешілік етсе, онда олардың арасынан бір Палата Спикері таңдап алынады. Америкалық парламенттік формат дәл зерттеу мен дәлелдер жинауға емес, тез сыни ойлауға, логикалық ойлауға және сараптамалық талдауға негізделген.
Қарар – дебаттардың тақырыбы. Пікірсайыстардағы пікірталас мәселелерінің негізгі тақырыптары – бұл Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен гүлденуі, бұл әрбір азаматтың елдің серпінді дамуына жеке қатысуы, қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге деген ықыласы мен қабілеті, туған ел игілігі үшін балалар мен жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыру, Қазақстан дәстүрлерін сақтау және мәдени мұрасын көбейту.
Спикер және оның сөзі:
Премьер-министрдің (ПМ) конструктивті сөзі - 6 минут:

  • бірінші спикер пікірталастың анықтамасын (немесе моделін / механизмін) белгілейді, олар оппозиция командасына пікірталасқа қолайлы орын беру үшін тақырыптың қарапайым мағынасына жақын болуы керек;

  • өзінің кейсін нақты және айқын таныстырады;

  • кейсті бірнеше тәуелсіз дәлелдер көмегімен қолдайды.

Оппозиция көшбасшысының конструктивті сөзі (ОК) – 7 минут.

  • үкіметтің механизміне, анықтамасына, қалыптасқан жағдайына қарсы шығуы мүмкін, бірақ сіздің механизміңіздің, анықтамаңыздың, қалыптасқан жағдайдың шын мәнінде сәйкес келетінін анықтап түсіндіру қажет;

  • үкіметтің дәйектерін терістейді;

  • өзінің кейсін нақты және айқын таныстырады;

  • кейсті бірнеше тәуелсіз дәлелдер көмегімен қолдайды.

Премьер-министр орынбасарының конструктивті сөзі (ПМО) – 7 минут:

  • оппозицияға шабуыл жасайды;

  • үкімет кейсін нығайтады;

  • жаңа дәлелдер келтіре алмайды.

Оппозиция көшбасшысы орынбасарының конструктивті сөзі (ОКО) – 7 минут:

  • үкімет мүшесіне қарсы;

  • үкімет кейсін нығайтады;

  • жаңа дәлелдер келтіре алмайды.

Парламенттен сөз сөйлеу (әр адамға сөз сөйлеуге 1 минут, 3 көрерменнен артық емес, әр парламентарий екі позицияға дв қатысы жоқ өзінің субъективті пікірін білдіреді);
Оппозиция Лидерінің сараптамасы (ОЛ) – 4 минут (жаңа дәйектерге және ребатлға тыйым салынған):

  • пікірталастың негізгі тақырыптарын айтып шығады;

  • оппонентке қатысты өз кейсінің айқын артықшылығын көрсетеді;

  • көзқарастар қақтығысының нақты көріністерін береді (дихотомия);

  • қорытынды шығарады.

Премьер-министрдің (ПМ) талдауы – 5 минут (1 мин. ребатл, 4 мин. сараптама, жаңа дәйектерге тыйым салынған);

  • раундтың қорытындысын шығарады;

  • раундтың негізгі және сыни кезеңдерін айтады;

  • оппонентке қатысты өз кейсінің айқын артықшылығын көрсетеді;

  • көзқарастар қақтығысының нақты көріністерін береді (дихотомия);

  • қорытынды шығарады.

Турнирдің қарары. Келтірілген қарар бойынша команда міндетті түрде өзінің кейсін Америкалық парламенттік форматына (АПФ) сәйкес дайындау қажет.
Дәйектеме және сараптама. Бұл – парламенттік дебаттың іргетасы. Тұжырымдар мен эмоцияға ғана жүгінетін топтан, тізбектелген, логикалық сараптама жүргізген топ сенімді жеңіске жетеді. Дәйектер нақты, сенімді әрі қарсыластардың құндылықтарымен қақтығысты қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Мазмұны. Парламенттік дебат фактілер мен статистикаға негізделмесе де, шынайы өмірден алынған мысалдар мен дәлелдерді білу Сіздің позицияңызды нығайту үшін әрдайым көмектеседі. Сізді сараптау міндетінен құтқаратын тірек ретінде дәлелдерді қолданудың қажеті жоқ, дегенмен олар абстрактілі дәйектемені күшейту үшін қызмет ете алады.
Терістеу. Белгілі бір мәселеде өз көзқарасыңызды білдіру жеткіліксіз, қарсыластардың дәйектеріне тікелей қарсы тұрғаныңызға және сәтті қарсы тұрғаныңызға көзіңізді жеткізіңіз. Тағы да, раундта автоматты түрде жеңу не жеңілу үшін ұмытылып кеткен дәйек жеткіліксіз (егер бұл ең маңызды дәйек болмаса), бірақ сіз жеңгіңіз келсе, мықты терістеудің мәні өте зор.
Сөз құрылымы. Төрешілер дәйектері нақты белгіленіп ұсынылған сөзді жоғары бағалайды. Дәйектеменің әр түрлі сызықтары нақты бөлініп тұруы тиіс. Мұны дәйектерге сілтеме жасау арқылы істеуге болады (не басқа да технологияларды қолдануға болады). Ребатлда раундтың ең маңызды тұстарын қысқа әрі мықты қозғап, детальдарға тым беріліп кетпегені жөн.
Сұрақтар. «Сұрақтарды» пайдаланған дебатер раунд бойы артықшылыққа ие болады. Өткір сұрақ қою мен оған тез әрі ұтымды жауап беру арқылы өзіңіздің суырып салма ойлау қабілетіңізді көрсетесіз, бұл қасиетті төрешілер жоғары бағалайды.
Топпен жұмыс. Дебатшылардан топтық жұмыс, бір-бірінің дәйектерін күшейту және раунд бойы философияны біртіндеп дамыту күтіледі. Өз әріптесіңізге қарама-қайшы келмеңіз, одан да ертерек енгізілген дәйекті кеңейтіп, өз әріптесіңізге мақсатқа жетуге көмектесіңіз.
Спикерлік ұпайлар. Раундқа берілген бағамен қатар төреші әрбір спикерге 1 ден 100 ұпайға дейін «спикерлік ұпай» береді. Өзінің атына қарамастан спикерлік ұпайлар тек спикердің ораторлық қабілетіне ғана байланысты емес. Дәлірек айтқанда, олар стилі мен риторикасына қоса спикер көрсеткен пікірсайыстың жалпы деңгейін, дәлелдеуін, саралауын және қарсы пікірді жоққа шығаруын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет