Оқу жылы «Қашықтықтан оқыту жағдайында математика сабағында сыни тұрғыда ойлауды дамытудың әдіс- тәсілдері»



бет1/5
Дата18.10.2023
өлшемі32.69 Kb.
#480959
түріСабақ
  1   2   3   4   5
баяндама Мамаева


19 жалпы орта білім беретін мектебі


БАЯНДАМА
Тақырыбы:
«Қашықтықтан оқыту жағдайында математика сабағында сыни тұрғыда ойлауды дамытудың әдіс- тәсілдері»

Дайындаған: математика пәні мұғалімі
Мамаева Жұлдыз Сатыбалдызы


2020-2021 оқу жылы
«Қашықтықтан оқыту жағдайында математика сабағында сыни тұрғыда ойлауды дамытудың әдіс- тәсілдері»

  1. Қашықтықтан сабақты жаңартылған білім беру мазмұны аясында өткізу.

  2. Жаңартылған білім беру аясында оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту жолдары.

  3. Қашықтықтан математика сабағында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдіс- тәсілдері.



  1. Қашықтықтан сабақты жаңартылған білім беру мазмұны аясында өткізу.

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларының І тарауында «Осы Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Қашықтықтан білім беру технологиясын (бұдан әрі – ҚБТ) пайдалану арқылы оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бұдан әрі - МЖМБС) және білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқушылармен қашықтықта жұмыс істегенде, «мұғалім-оқушы» өзара іс-қимылы басқаша ұйымдастырылады. Қашықтан оқытуда баланың дербес білім алу мүмкіндігі артады, мұғалімнің көмегінсіз тапсырмаларды орындауға дағдыланады. Осы қашықтықтан оқыту барысында, жаңартылған білім мазмұны бойынша алған біліміміз оқушылармен сабақ өтуде өз септігін тигізуде. Мұнда, оқушымен кері байланыс жасау, үлкен рөл атқарады. Әр баланың тапсырма орындағанын қадағалай отырып, оларды мадақтау, қажетті кері байланысты жасап отыру маңызды болып табылады. Қашықтықтан сабақ өту барысында, мен белсенді оқу әдісін қолдана отырып, жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстыра білдім, оқушы өз жіберген қателіктерінен өзін тексере отырып, түсінігін жетілдіруге жол ашады. Пәнаралық байланыс, электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану әдістерін қолдану барысында, тереңірек білім алуға мүмкіндік ашылып, күнделікті сабақта АКТ қолдана бастадық,оқушылардың оқуға деген уәжі артты, слайд, білім алу желілерімен, телеарналармен күнделікті байланыс орнатылды. Қорыта келе, бүгінгі таңда қашықтан оқу барысында, жаңартылған білім беру мазмұнында жаңартылған білім беру мазмұны аясында біліктілігімізді арттырғанда алған біліміміз оң нәтиже беріп, сабақ өту барысында білімімізді толықтырып, оқушыларға сапалы білім беруімізге үлкен септігін тигізуде.


  1. Жаңартылған білім беру аясында оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту жолдары.




  1. Қашықтықтан математика сабағында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдіс- тәсілдері.

Математика пәні күнделікті мектепте оқып жүргеннің өзінде оқушыларға қызықты етіп жеткізу. Стандартты орындау жеңіл түспейді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет