Аминдер дегеніміз – аммиак (NH3) молекуласындағы бір, екі немесе үш сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдар басқан өнімдер. Аминдерді аммиак (NH3) молекуласындағы сутек атомдарының орнын басқан радикалдардың санына қарай үш қарай бөледі:
– (NH2) тобы – амин тобы деп аталады. Аминдерді аммиак туындысы ретінде немесе көмірсутек туындысы ретінде қарастыруға болады.
Мысалы:
Изомериясы.Аминдерде тізбек және радикалдың орналасу изомериялары болады. Мысалы:
Физикалық қасиеттері. Аминдердің жеңіл өкілдері – газ тәрізді, аммиактың иісіндей иісі бар заттар. Суда жақсы ериді. Ал молекулалаық массалары ауыр өкілдері сұйық немесе қатты күйде болады. Молекулалық массаларының артуымен бірге суда ерігіштіктері кемиді.
Химиялық қасиеттері.Көптеген химиялық қасиетері аммиакқа ұқсайды:
1. Ауада жануы: 2. Суда ерігенде ерітіндісіне лакмус тамызсақ, сілтіге тән реакцияны көрсетеді. Демек, аммоний гидроксиді тәрізді орынбасқан метил аммоний гидроксиді түзілетінің көреміз:
Суда еритін аминдердің аммиакқа қарағанда негізділіктері басым болады. Себебі аминдер молекуласындағы көмірсутек радикалдарының электрон тығыздығы электртерістігі басым азот атомына ығысып, оның донорлы-акцепторлы байланыс түзуге бейімділігін арттырады:
3. Қышқылдармен әрекеттесіп, тұз түзеді (бейтараптану реакциясы):
Сондықтан аминдерді органикалық негіздер деп атайды. Оларды тұздарынан күшті сілтімен әсер етіп, ығыстырып шығаруға болады.
Мысалы:
Анилин. Анилин – ароматты амин. Аммиак молекуласындағы сутек атомының орнын – бензол сақинасы (фенил радикалы) басқан өнім:
Анилин – түссіз, май тәрізді, өзіне тән иісі бар улы зат. Суда аз ериді. Ауада ашық қаланда тотығандықтан, қоңыр түсті болып көрінеді.
Алынуы. Анилин – химия өнеркәсібінің маңызды өнімдерінің бірі. Ол барлық бояғыш заттарды алуда бастапқы өнім болып саналады. Анилинді және басқа да біріншілік аминдерді алудың ортақ әдісі – нитроқосылыстарды тотықсыздандыру әдісі. Бұл әдісті 1842 жылы орыс ғалымы Н.Н. Зинин ашты. Сондықтан Зинин реакциясы деп аталады: