Антивирустық бағдарламалар



бет1/4
Дата23.11.2022
өлшемі1.21 Mb.
#465543
түріПрограмма
  1   2   3   4
Антивирустық бағдарламалар 12 Сабак

Антивирустық бағдарламалар

Компьютерлік Вирустар


Компьютерлік вирустар дегеніміз-өзінен өзі көбейіп, компьютерлік жүйедегі және желідегі әртүрлі объектілерге залалын тигізуге бейім программалар. Ол өзінен өзі басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, осындай-ақ компьютерде келеңсіз тағы да басқа әрекеттерді істеуі мүмкін.Ішінен осындай вирус табылған программа"ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады.Вирус іске қосылған жұмыс істеуге тиіс басқа программаларға да кері әсер етіп, оларға да және де
жалпы басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды.
Компьютерлік вирустардың ерекше өзгешеліктері
кіші көлем
өздігінен жіберу
вирусты көп рет көшіру
компьютер дұрыс жасауына тосқауыл қою
Вирустар зақым келтіру масштабына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Зиянсыз – компьютер жұмыс жасауына әсер етпейді,
бірақ өз-өзін көбейту арқылы компьютер жадындағы
бос орындарды кемейтуі мүмкін.
Қауіпсіз – диск жадын графикалық, дауыстық, ішкі эффекттер арқылы азайтады.
Қауіпті – компьютер жұмысының қатып қалуына алып келеді.
Аса қауіпті – бағдарламалар, ақпараттар жоғалуына, өзгеруіне немесе қатты дисктегі сақталған құжаттар жоқ болуына алып келеді.

Вирустар сақтау орнына және тұратын ортасына қарай мына түрлерге бөлінеді


Файлдық вирустар
Программалық вирустар
Жүктелетін вирустар
Макровирустар
Желілік вирустар 

Файлдық вирустар

  • Файлдық вирустар – .com, .exe, .sys кеңейтпелеріне ие бағдарламаларға зақым келтіріп, компьютердің өшуіне дейін алып келеді. Заңсыз бағдарламаларды, әсіресе, ойындарды көшіріп алу арқылы компьютерге кіреді

Программалық вирустар


Программалық вирустар – басқа қолданбалы
программаның ішіне мақсатты түрде ендірілетін программалық кодтардың блогы вирус бар программа жұмыс атқарғанда ондағы вирустық код іске қосылады. Бұл код қатты дискіде және басқа программаның файлдық жүйесінде пайдаланушыға көрінбейтін өзгерістер жасайды. Мысалы, вирустық код басқа программалар денесінде өзін - өзі қайталайды. Бұл процесті көбейу деп атайды. Белгілі бір уақыт өткенне соң көшірмелердің белгілі бір санын құрған соң, программалық вирусты бүлдіру әрекетіне көшеді: - программамен ОЖ –ның жұмысын бұзады, қатты дискідегі ақпаратты жояды. Бұл процесті вирустік шабуыл деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет