Тақырып: Әртүрлі тұздардың гидролизденуі. Амфотерлі гидроксидтердің қасиеттері. Жоспар



Дата04.12.2023
өлшемі47.65 Kb.
#485351

Тақырып: Әртүрлі тұздардың гидролизденуі.
Амфотерлі гидроксидтердің қасиеттері.
Жоспар:
1.Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі.
2.Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздардың гидролизі.
3.Гидролиздің сапалық анализдегі маңызы
4.Амфотерлі гидроксидтер
5.Гидролизді күшейту және әлсірету
Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі
  • NH4CI + HOH ↔ NH4OH + HCI қайтымды процесс.
  • NH4+ + CI- + HOH ↔ NH4OH + H+ + CI-
  • NH4+ + HOH ↔ NH4OH + H+ орта қышқылдық
  • Ортаның өзгеруі тұз ионының сумен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.

Әлсіз негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді
Бұл жағдайда гидролиз реакциясы соңына дейін жүріп, қышқыл мен негіз түзіледі. Яғни гидролиз реакциясы қайтымсыз болады:
AI2S3 + 6H2O → 2AI(OH)3↓ + 3H2S↑ орта бейтарап.
Гидроксидтердің амфотерлілігі. Сапалық анализде амфотерліліктің маңызы
Гидроксидтердің амфотерлілігі дегеніміз – қос (2) қасиетін көрсететін гидроксидтер, яғни қышқылдармен
реакцияларда олар негіз сияқты, ал негіздермен реакцияларда - қышқылдар сияқты әрекет ете алады.
Бұл гидроксидтердің құрамында валенттілігі II, III немесе IV болатын металдар бар.
Амфотерлі гидроксидтерге:
  • БЕРИЛИЙ,
  • МЫРЫШ,
  • АЛЮМИНИЙ, 
  • ҚОРҒАСЫН,
  • ҚАЛАЙЫ,
  • ГАЛИЙ,
  • КАДМИЙ,
  • ТЕМІР МЕН ХРОМНЫҢ 3 ВАЛЕНТТІСІ және т.б.

  • Барлық амфотерлі гидроксидтер қатты заттар. Олар суда ерімейді және әдетте әлсіз электролиттер болып табылады.
    Амфотерлі гидроксидтер басқа қосылыстармен реакцияда сутегі атомдарын (иондарын) да, гидроксил топтарын да (гидроксил аниондарын) бере алады.

Сапалық анализде амфотерліліктің маңызы.
1.Жеке иондарды анықтауда; 2.Топтарды бөлуде; ІVтоп катиондарын басқа топтардан бөліп алуда қолданады. 3.Топ ішілік бөлуде; натрий гидроксидiмен IV топ катиондарының көпшiлiгi гидроксид түрiнде тұнбаға түседi, бiрақ сiлтiнiң артық мөлшерiмен әсер еткенде алюминий, хром, мырыш гидроксидтерi ерiп, аниондар түзедi, ал топтың қалған катиондары тұнбада қалады, одан ары алюминат, цинкат иондарын қышқылмен катиондарға айналдырады. 4.Қоспаларды айыруда;
Хромиттердiң алюминаттардан айырмасы, қыздырғанда күштi гидролизденедi, сондықтан оны алюминаттардан хромиттердi бөлiп алу үшiн қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет