Ақмола облыстық мәслихатының
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 5С-8-8 шешімімен
бекітілді
Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінде аумақтарды абаттандыру, жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғау
ережесі
-
Жалпы ережелер
1. Осы Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінде аумақтарды абаттандыру, жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғау (бұдан әрі – Ережелер) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Ереже Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінде аумақтарды абаттандыру, жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғау тәртібін белгілейді және меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер
3. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар қолданылады:
коммуналдық қалдықтарды, ірі көлемді қоқысты шығаруға арналған шарт – коммуналдық қалдықтарды, ірі көлемді қоқысты шығару жөнiнде тапсырыс беруші мен қоқыс шығаратын мердiгерлiк ұйым арасында жасалған, заңды күшi бар жазбаша келiсiм;
көгалдандыру (жасыл) желектері – елді мекендердің шекараларында ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан орманды саябақтар, саябақтар, скверлер, бульварлар, желілік екпелер, үй жанындағы екпелер, көгалдар, гүлзарлар;
контейнер – коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған стандартты сыйымдылық;
ірi көлемдi қоқыс - өзiнiң тұтыну қасиеттерiн жоғалтқан, өздерiнiң көлемi мен салмағы бойынша контейнерлерге орналастыруға келмейтiн тұтыну және шаруашылық қызметiнiң қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз, бұзылмаған картон қораптары және басқалар);
шағын сәулет нысандары – көлемі жағынан кішкене әсемдік сипаттағы объектілер (мүсіндер, субұрқақтар, стеллалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, тутұғырлар, саябандар, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, қоршаулар, қоқыс жәшіктері, көшелер, үйлер мен жарнамалар, пошта жәшіктері);
көпшілік пайдаланылатын орындар – демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар)\, алаңдар, көлік аялдамалары және басқалары;
рұқсат етілмеген қоқыс орны - заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезiнде пайда болған коммуналдық қалдықтарды, ірі көлемді қоқысты, өндiрiс және құрылыс қалдықтарын, қарды, мұздарды өз еркiмен (рұқсат етілмеген) шығару (орналастыру) немесе үю;
өндiрiстiк және тұтыну қалдықтары (бұдан әрi - қалдықтар) - өндiру және тұтыну кезiнде пайда болған шикiзат, материалдар, жартылай өңделген өнiмдердiң, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерiнiң тұтыну қасиеттерiн жоғалтқан тауарлар (өнiмдер);
аумақты тазарту - аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздақтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (залалсыздандыру);
іргелес аумақ - меншiгінде, иелiгiнде орналасқан, жалға алып пайдаланылатын ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының шекараларына, сауда, жарнама және өзге де объектiлерге тiкелей жанасып жатқан аумақ;
бөлшектенген көлiк – негiзгi тораптар мен агрегаттар, шанақ бөлшектерi және тіректері, шынлары мен доңғалақтары жоқ, олардың анықталуын мүмкiн емес етiп тұрған терең коррозияға ұшыраған көлiк;
жолдарды күтiп-ұстау – автомобиль жолдарын пайдалану ережесінің талаптарына жауап беретін, нәтижесiнде жол мен жол құрылғыларының көлiктi пайдалану жағдайы сақталатын жұмыстар кешені;
құрылыс - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Құрылыс көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін;
қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрi – ҚТҚ) – коммуналдық қалдықтардың құрамдас бөлiгi болып табылатын қатты нысандағы тұтынудың тұрмыстық қалдықтары;
уәкiлеттi орган – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
қалдықтарды орналастыру нормативi – олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерiн ескере отырып, қалдықтарды орналастыру бойынша сандық және сапалы шектеулер;
қоршаған ортаны мониторингiлеу – табиғи және антропогендi факторлардың әсерiнен қоршаған орта жай-күйiнiң өзгерiстерiне баға беру және болжау, қоршаған ортаның жағдайын бақылаудың кешендi жүйесi;
коммуналдық қалдықтар – елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзiлген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзiлу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;
қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;
қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;
сұйық қалдықтар – сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түрiндегi кез келген қалдықтар;
аумақ - осы Ережемен белгіленген шекарада санитарлық тазарту, жинау және ұстауға арналған аумақтар бекітіліп берілген субъектілердің келісімі бойынша уәкілетті органмен берілетін жер учаскесі.
аулаiшiлік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кiр жаятын, контейнерлік алаңдарды, автокөлiк тұрақтарын, сәндiк құрылыстарды орнату үшiн, үйге кiретiн жолдар, аулаға кiретiн жолдар үшiн пайдаланылатын жерлер (бiр аулада бiрнеше жер пайдаланушылар болса, онда бекiтiлген аумақтардың шекарасы пайдаланылатын аумақтардың шекарасына сәйкес тең көлемде бөлiнедi);
Елді мекендердің аясында бекітіп беру объектілері мыналар болып табылады:
кварталішік аумақтарының учаскелері;
аулаішілік аумақтар;
инженерлік желілерді қорғау аймағының аумағы;
Аумақтарды бекiтіп беру субъектiлерi жеке тұлға да, заңды тұлға да бола алады.
3. Елді мекендерде жинау және тазалық сақтау тәртібі
4. Қайдай меншік түріне жататындығына қарамастан барлық заңды және жеке тұлғалар елді мекендердің барлық аумақтарында тазалықты сақтайды, оның ішінде жеке тұрғын үйлердің аумақтарында абаттандыру элементтерінің (жолдардың, жаяужолдардың, көгал алаңдарының, шағын сәулеттік нысандардың, жарықтандыру, су тарту және т.б.) зақымдануы мен бұзылуына жол бермейді, сонымен қатар өздеріне тиесілі немесе пайдалануындағы ғимараттардың, құрылыстардың инженерлік желілерін техникалық жарамды жағдайда және олардың маңындағы аумақтарды күтіп ұстайды.
5. Санитарлық тазалау және жинау кезінде жеке және заңды тұлғалар санитарлық тазалау және жинау жүргізу орындарында орналасқан абаттандырудың барлық элементтерін (жолдарды, жаяужолдардың, көгал алаңдаңдарын, шағын сәулеттік нысандарды, жарықтандыру және су тарту, т.б.) сақталуын қамтамасыз етеді.
6. Жинау жұмыстары осы Ереженің талаптарына, уәкілетті органмен бекітілген нұсқаулықтар мен технологиялық ұсыныстарға, сонымен қатар басқа да нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
7. Көшелердің көлік жүретін бөлігін барлық енi бойынша, алаңдарды, жолдарды және қалалық жол желiсінің өту жолдарын, автокөлікті қою орнын, сондай-ақ жағалауларды, көпiрлерді, жол желiлерiн жинауды және күтіп-ұстауды осы жұмыстарды жүргiзуге мемлекеттiк тапсырыс жасау шартының негiзiнде мердiгер-кәсiпорындар жүргiзедi.
8. Жолдың жүру бөлігі мен жиектері әртүрлі кір-қалдықтардан толық тазартылады.
9. Көшелер мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе көлік жүретін жолдан көгалдармен бөлiнген және тұрғын үй ғимараттарының кiреберiстерінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсiпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектiлерiнен тікелей шығу жолдары жоқ жаяужолдарды, сондай-ақ жағалау қоршауларына iргелес жатқан жаяужолдарды тазарту жұмыстары көлік жүретін жолдарды тазарту мен күту жұмыстарын жүзеге асыратын кәсiпорындармен жүргiзiледi.
10. Көпiрлердегi, жол желiлерiндегi жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлiк құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды тазарту, осы құрылғылардың қожасы болып табылатын кәсіпорындармен жүргiзiледi.
11. Жолаушылар павильондарын және қоғамдық жолаушылар көлiгiнің аялдама алаңдары, сонымен қатар оларға iргелес жатқан аумақтар осы жұмыстарды жүргiзуге мемлекеттiк тапсырыс жасау шартының негiзiнде мердiгер-кәсiпорындар жүргiзедi, ал егер ол жеке меншік құқығында тиесілі болса немесе жолаушылар павильондары және қоғамдық жолаушылар көлiгiнің аялдама алаңдары заңды және (немесе) жеке тұлғалардың пайдалануында болса – соңғыларының күшімен жүргiзiледi.
12. Жеке тұрған жарнама объектiлерiне iргелес аумақтарды тазарту жұмыстарын жарнама таратушылар немесе жарнама таратушылармен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргiзушi мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
13. Трансформаторларға немесе таратушы қосалқы станцияларға, автоматты түрде жұмыс iстейтiн, басқа инженерлiк құрылыстарға (қызмет көрсететін персоналдың қатысуынсыз), сондай-ақ электр беру желiлерiнiң бағаналарына iргелес жатқан аумақтарды тазарту жұмыстарын осы объектiлердiң иелерi жүргiзедi. Жер үстi құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күтіп-ұстау жұмыстары желiлердiң иелерiмен жүргiзiледi.
14. Сауда объектiлерiнiң иелерi сауда объектiлерiне iргелес жатқан, көшеде уақытша сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендерi, төбесі жабылған сауда орындары, дүңгiршектер және т.б.) көшелердің көлік жүретін бөлігіне дейін тазалайды. Iргелес жатқан көгалдарға, төбесі жабылған сауда орындарының, дүңгiршектердің шатырларына және басқа сауда объектілерінде жәшiктердi үюге жол берiлмейдi.
15. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын тазарту жұмыстарын иелерi мен осы объектiлердi пайдаланушы ұйымдар жүргiзедi.
16. Жанар-жағар май құю стансасының, автожуу бекеттерiнің, құю кешендерiнің аумақтарына, кiретiн және шығатын жерлерiне тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектiлердiң иелері жүргiзедi.
17. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерiлмеген аумақтарды, ғимараттарды бұзғаннан кейiнгi аумақты тазарту және күтіп-ұстау жұмыстарын осы аумақ бөлiнiп берiлген жер пайдаланушылар немесе тапсырыс берушілер немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысатын мердiгерлік кәсiпорындар жүргiзедi.
18. Су ағызатын желiні қоқыс басуын болдырмау үшiн су ағатын коллекторларға сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол берiлмейдi.
19. Аумағындағы өзендер, су тоғандар, арналар акваторияларынан қоқыс шығару және олардың маңындағы аумақтарды күтіп-ұстау қызмет көрсетушi кәсiпорындарға жүктеледi.
20. Көлік жүретін жолдардағы, жаяужолдардағы және көгалдардағы қоршауларды, жолдарды абаттандырудың басқа да элементтерiн күтіп-ұстау олар теңгерiмiнде болып табылатын кәсiпорындарға жүктеледi.
21. Қысқы кезеңде жалғыз аяқ жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын жәшіктер, басқа элементтер мен шағын сәулет нысандары, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйiрлерiндегi жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылады.
22. Аула аумақтарын, аулаішілік кіре берістерді, жаяужолдарды сыпырындыдан, шаңнан, ұсақ және ірі қоқыстардан тазартуды, оларды жууды сонымен қатар тазалықты сақтауды бөлінген аумақтағы субъектілер қамтамасыз етеді.
23. Көшелер мен жолдардағы қар арнайы дайындалған алаңшаларға шығарылады, олардың ораналасатын орындарын уәкілетті орган белгілейді.
24. Қарды уақытша шығаруға берiлген орындар, қар ерiгеннен кейiн қоқыстардан тазартылып, көркейтiледі.
25. Жаяужолдар, аула аумақтары мен кiру жолдары қар мен мұздақтан асфальтқа дейiн тазартылады, қар мен жарықшақ қар үйетiн жерге шығарылады.
26. Аула аумақтарынан және кварталлішілік жолдардан тазартылған қарды автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына кезергі келтірмейтін бос жерлерде уақытша жинастырып кейін шығаруға рұхсат етіледі.
27. Қысқы кезде ғимаратдың иелерi және жалдаушылары шатырларын уақытында қар мен мұздақтан тазарту жұмыстарын ұйымдастырады.
4. Елді мекендердегі қалдықтарды жинау, уақытша сақтау,
шығару және кәдеге жарату
28. Қандай меншік түріне жататындығына қарамастан жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарды және ірi көлемдi қоқыстарды (қалдықтарды) шығаруды қамтамасыз етеді.
Шығару жиналуына қарай қамтамасыз етіледі, бірақ жазғы және күзгі уақытта айына 1 реттен кем емес.
29. Қалдықтардың меншiк иесi қалдықтардың барлық түрлерін жинаудың орталықтандырылған жүйесiн немесе жинау, кәдеге жарату, орналастыру, немесе жою операцияларын атқаратын субъектiлердiң қызметтерiн пайдалана алады немесе оларды орналастыру және жою операцияларын дербес жүзеге асыра алады.
30. Контейнерлiк алаңшалар мен контейнерлер иелерi контейнерлердi уақытында жөндеуді және одан әрi пайдалануға жарамсыздарды ауыстыруы қажет;
31. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтың демалатын орындарынан және өту жолдарынан контейнерлiк алаңдарды орнату арақашықтығы коммуналдық шаруашылық объектiлерiне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес анықталады. Коммуналдық қалдықтардың көлемiнiң ұлғаюын ескере отырып, қажет болып табылатын контейнерлердiң қойылуы есептемесiнен алаңдардың өлшемi дайындалады.
32. Қалдықтарды уақытша сақтау орындарын орналастыру мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен, ғимараттар мен құрылыстарды, жер учаскелерін иелермен және пайдаланушылармен келiсіледі.
33. Коммуналдық қалдықтарды, ірі көлемді қоқысты шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерi контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезiнде түсiп қалған қоқыстарды жинайды.
34. Сапаржайларда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, бiлiм беру, денсаулық сақтау мекемелерiнде және көпшiлiк баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгi аялдамаларында, сауда объектiлерiне кiреберiстерде қоқыс салатын жәшіктер орнатылуы керек. Халық көп келетiн орындарда жәшіктер бiр-бiрiнен 50 метрдей қашықтықта, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда жәшіктер 10-нан 100 метрге дейiнгi арақашықтықта орнатылады. Қалалық жолаушылар көлiктер аялдамаларында және сауда объектiлерiне кiреберiстерде екi жәшіктен орнатылады.
Саяжайлар мен жағажайлар қоқыс салатын жәшіктермен қатар, контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдармен қамтамасыз етіледі.
35. Жәшіктерді орнату және тазалау жұмыстары мемлекеттiк тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушы мердігерлік кәсіпорындармен және иелiгiнде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргiзу субъектiлерiмен жүргiзiледi. Жәшіктерді тазарту жұмыстары олардың толуына қарай орындалады, алайда күніне бір реттен кем емес.
36. Жәшіктерді жуу жұмыстары кiрлеуiне қарай, аптасына бiр реттен кем емес орындалады. Қоғамдық жолаушылар көлiктері аялдамасында орналасқан жәшіктерді аялдамаларды жинауды жүзеге асыратын кәсiпорындар, ал қалған объектiлерде орнатылған жәшіктерді көрсетілген объектілердің меншік иелері мен пайдаланушылары тазартып, залалсыздандырады.
5. Ортақ пайдаланылатын орындарды күтіп-ұстау
37. Ортақ пайдаланылатын орындарды күтіп-ұстауды аталған объектілер олардың қызмет көрсетуінде және пайдалануындағы ұйымдар мен аумақты бекіту субъектілері жүзеге асырады.
38. Ортақ пайдаланылатын демалыс аймағындағы аумақтың жобасын өзгерту, шағын сәулет үлгiлерiн және құрылысын, сәулет және абаттандыру бөлшектерiнiң түсiн өзгерту ауданның, қаланың сәулет және қала құрылысы органымен келiсiледi.
39. Ортақ пайдаланылатын орындар аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық тамақтандыру және ұсақ сауда кәсiпорындарын орналастыруға рұқсат етiледi. Осы объектiлердiң иелерi санитарлық тазалауға және (немесе) бөлiнген және жақын жатқан аумақтарды жинау мен күтіп ұстауға мамандандырылған кәсiпорындармен қолданыстағы заңнамаға сәйкес шарт жасайды.
6. Елді мекендердегі шағын сәулет нысандарын және сыртқы жарықтандыруды күтіп-ұстау
40. Тұрғын-жай құрылыс аумақтары, жалпы қолданыс орындары, көшелер мен демалыс алаңдары шағын сәулет нысандарымен жабдықталады.
41. Шағын сәулет нысандары тұрақты және жылжымалы болуы мүмкiн. Саны мен орналасуы аумақтарды абаттандыру жобаларымен анықталады.
42. Шағын сәулет нысандарының сындарлы шешiмдерi олардың орнықтылығын, қолдану қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi қажет.
43. Шағын сәулет нысандарының иелерi оларды ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргiзеді.
44. Субұрқақтардың жұмыс тәртiбi, айдынын жуу мен тазарту кестесi, техникалық үзiлiстерi мен жұмысының тоқтатылуы уәкілетті органымен белгiленедi.
45. Субұрқақтардың жұмыс iстеуi кезiнде су бетiн қоқыстардан тазарту жұмыстары күнделiктi орындалады. Пайдаланушы ұйымдар бұрқақтарды сөндiрген кезде де тазалығын сақтауға тиiстi. Субұрқақтардың айдынын жуу және залалсыздандыру ай сайын жүргiзiледi. Субұрқақ айдынында адамдар мен жануарлардың шомылуына, кiр жууға рұқсат етiлмейдi.
46. Елді мекендердің аумақтарын жарықтандыру пайдаланушы ұйымдармен қамтамасыз етіледі және сыртқы жарықтандыруды орнатумен қоса жүргізіледі, оларға:
1) электрмен жабдықтау құрылғылары, таратушы желілер;
2) электр желілерін қорғау және жерге қосу құрылғылары;
3) басқару құрылғылары;
4) кронштейн тіректері, тросты аспалар жатады.
47. Сыртқы жарықтандыру құрылғыларын күтіп-ұстау және оларға қызмет көрсету мынадай іс-шараларды:
1) шамдарды және шамшырақтардағы шашыратқыштарды ауыстыруды, шамшырақтарды тазартуды, жарықтылық дәрежесін өлшеуді қоса алғанда, сандық және сапалық көрсеткіштері берілген параметрлерге сәйкес келетін, сыртқы жарықтандыру құрылғыларын қалыпты жағдайда ұстауды;
2) сыртқы жарықтандыру құрылғыларының реттелетін жұмыс тәртібін, кесте бойынша уақтылы қосуды және сөндіруді бақылауды, жанбайтын шамшырақтарды, олардың зақымдалуын анықтауды және қалпына келтіруді қамтамасыз етуді қамтиды.
48. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарықтандыру құрылғылары мен байланыс желiлерiнiң элементтерi тазалықта ұсталуы қажет, тот баспауы және боялмауы керек.
49. Тиісті қызметтер жанып кеткен шамшырақтарды анықтаған сәттен бастап 24 сағат ішінде ауыстырулары тиіс.
7. Тұрғын жай кварталдары мен шағын аудандарды абаттандыру
50. Шағын аудандар мен кварталдардың тұрғын жай аймақтары қоқыс контейнерлерiн қоюға, кiр кептiруге, демалуға, балалардың ойнауына, спортпен айналысуға, үй жануарларын қыдыртуға арналған алаңшалармен, автотұрақпен, аялдатумен, жасыл аймақпен жабдықталады.
51. Тұрғын жай кварталдарының, шағын аудандардың аумақтарында, сондай-ақ аула маңындағы аумақтарда мына тәртiпті сақтау қажет:
көтермелердiң, жаяужолдардың, жүргiншiлер жолының, кварталiшiлiк кiреберiстерi мен жолдарының төсемдерiн қалыпты жағдайда күтіп ұстау;
аулаларға өздiгiнен түрлi шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеу;
үй маңындағы аумақтарды құрылыс материалдарымен үйіп тастауға жол бермеу;
өзiнiң балансындағы (шаруашылық жүргiзуде немесе жедел басқаруда) инженерлiк желiлердi қалыпты жағдайда ұстау;
құдықтарды уақытында қарап, тазарту;
шағын сәулет нысандарын, спорт, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршауларын қалыпты жағдайда ұстау, олардың сыртқы түрiнiң ұқыптылығын сақтау.
8. Апатты жұмыстарды жүргiзу
52. Пайдалану кезiнде немесе жерасты және жерүстi коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргiзген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп тудыруға әкелiп соғатын, су объектiлерiнiң ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын қалпына келтіру үшін қысқа мерзiмде жедел шараларды қабылдауды талап етедi.
53. Апат туындаған жағдайда инженерлiк коммуникациялар мен құрылғылардың иесi, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын қолданады. Бұл жағдайда адамдар мен көлiк қозғалысының қауiпсiздiгi, сондай-ақ қатар орналасқан жерасты және жерүстi құрылыстардың, инфрақұрылым объектiлерiнiң, жас көшеттердің сақталуы қамтамасыз етiлуi тиiс.
54. Апаттық бригаданы апат орнына жiберумен қатар пайдаланушы ұйым телефонограмма арқылы апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүстi құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлiгi қызметiне, жол полициясы органына, аудан мен қаланың сәулет және қала құрылысы органына және басқа да мүдделi қызметтерге хабарлайды.
55. Апат аймағында жерасты және жерүсті коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар апаттар туралы ақпаратты алғаннан кейін апат орнына орындалған сызбаларымен бiрге өздерiнiң уәкiлдерiн жiберіп, олар осы жерде орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетеді.
56. Апат маңайында материалдарды немесе басқа бағалы заттарды сақтайтын меншік иелері, апат жұмыстары басшысының бiрiншi талабы бойынша учаскенi босатады.
57. Апат жұмыстары жүргiзiлетiн орын қалқандармен немесе белгiленген үлгiдегi апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түстi шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенiң (магистральдың) жол жағына Жол полициясы органдарының келiсiмiмен қажеттi жол белгiлерi орнатылады. Жұмыстардың толық аяқталуына дейiн, апатты жою жұмыстарына жауапты тұлғалар апаттық жарықтандыру, қоршау (қалқан) орнату, жол белгiлерiнiң қойылу жұмыстарына жауап береді.
58. Апаттың салдарын жою және аумақтың абаттандырылуын қалпына келтiру үшiн, апат болған күннен бастап бiр тәулiктен кешіктірмей уәкілетті органнан Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ерікті түрде өтініш беру жолымен жер жұмыстарын жүргiзу үшін рұқсат (ордер) рәсімдеу қажет.
59. Бұзылған жол төсемдерi мен басқа да абаттандыру элементтерiн қалпына келтiру жұмыстарын инженерлік желілердің иелері апатты жұмыстар аяқталғаннан кейiн тез арада жүргізеді.
60. Апатты жұмыстардың сылтауымен жоспарлы жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi.
9. Елді мекендерде ғимараттар мен құрылыстарды және жарнамалық-ақпараттық объектілерді күтiп-ұстау
61. Қарамағында ғимараттары мен құрылыстарды бар кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен құрылыстар иелері аталған объектiлердi және олардың жекелеген элементтерiне (балкон, лоджий, сарқынды су құбырлары және басқалары) жаңғырту, жөндеу және қасбеттерiн сырлау жұмыстарының жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ қасбеттерiнде орнатылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткiш тақталарын таза және қалыпты жағдайда ұстайды.
62. Заңды және жеке тұлғалармен ғимараттар мен құрылыстар қасбеттерінің дұрыс ұысталуын қамтамасыз етеді.
63. Жарнамалық-ақпараттық объектiлердiң меншiк иесi жарнама объектiсiнiң техникалық жабдықталуын, пайдаланылуын және түстер иллюминациясының дұрыстығын, ақаулар анықталған кезде түстi мөрдiң ауыстырылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Жарнамалық-ақпараттық объектілерді құрылымдаған кезде, олардың иелеріне аумақты абаттандыру, ғимарат қасбетін жөндеу, жарнамалық-ақпараттық объектілерді пайдалану барысында орын алған тесіктерді және басқа да ақауларды қалпына келтіреді.
64. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткiштерi болып табылатын, ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерiн жөндеу, жаңғырту және жаңарту жұмыстары ескерткiштердi қорғау жөніндегі уәкілетті органдар мен сәулет және қала құрылысы органдарының келiсiмiмен қорғау міндеттемесіміне сәйкес орындалады.
65. Сәулет шамдарын қосу мен сөндiру автономды түрде, әрбiр объект жеке жүргiзiледi, сыртқы жарықтандыру кестесiне сәйкес 30 минуттан аспайтын қадаммен жарықтандырылады. Сәулет шамы белгiленген тәртiппен тiркелген электр энергиясын есептеу құралымен жабдықталады. Әрбiр объект басқару қалқанымен жабдықталады.
10. Жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау
66. Облыс елді мекендерінің аумағында орналасқан барлық жас көшеттер, қандай меншік түріне жататынына қарамастан, облыс елді мекендеріндегі аумақтардың бiртұтас жасыл қорын құрайды және қорғауға жатады.
67. Жасыл желектері орналасқан жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және (немесе) пайдаланушылары олардың жай-күйiне бақылау жүргiзуді жүзеге асырады, жасыл желектерінің екпелерінің қанағаттанарлық жағдайын және қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.
68. Кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалар (бұдан әрі тапсырыс берушілер деп аталатын) құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде:
1) жасыл желектерін зақымданудан қоршауға алуды, көгалдандыру екпелерінсынуынан немесе зақымдануынан қорғау үшін оларды қораптарға салуды;
2) жолдарға, жаяужолдарға, өткелдерге, алаңдарға қатты материал және асфальт төсеген кезде жас көшеттердің айналасында оңтайлы ашық топырақты кеңістік құру мақсатында, мөлшері 1 шаршы метрден кем емес қоршаумен шектелген, ағаш түбінен қуыс қалдыруды;
3) жасыл желектері орналасқан аймақтарда жолдарды, жаяужолдарды салу және қайта құру кезінде тiк белгiлердi жоғарылатқанда немесе төмендеткенде 5 сантиметрден артық өзгертуге болмайды. Егер түпкі жүйенің қурап қалуынан басқа амал болмаған жағдайда, жобаларда жас көшеттердің дұрыс өсу жағдайын сақтауға арналған құрылғылар ескеріледі;
4) салынып жатқан объектiлерге кірме жолдарын тартқанда жас көшеттердің орындарын ескерiп, жас көшеттердің бар қоршауларын бұзбауды қамтамасыз етеді.
69. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргiзуге бөлiнген учаскелерде жасыл желектерін сақтау мүмкiн болмаған жағдайда, жасыл желектерін алып тастау немесе қайта отырғызу жүргізіледі.
70. Жасыл желектерін сырып тастауға:
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасымен қарастырылған құрылыстың қандай да бір объектілерін орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз еткен;
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсеткен;
3) апатты және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде;
4) жас көшеттердің сапалық және түр құрамын жақсарту қажеттілігі болған;
5) адам өмірі мен денсаулығының қауіп төндіруі, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне шығын келтіруі мүмкін ескі екпелерді санитарлық отау жағдайларында рұқсат етілуі мүмкін.
71. Жасыл желектерін сырып тастау, қайта отырғызу, пішіндеп кесу (жасарту), кесу Ереженің 3-қосымшасына сәйкес елді мекендерді абаттандыру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) оң қорытындысының негізінде уәкілетті орган Ереженің 2-қосымшасына орай беретін, рұқсат қағазы болған жағдайда ғана мүмкін болады.
72. Комиссияның құрамы, мүшелер саны және ережесі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қаулысымен бекітіледі.
73. Жасыл желектерін сырып тастауға, қайта отырғызуға, пішіндеп кесуге (жасартуға), бұтақтарын кесуге рұқсат алу үшін жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
осы ереженің 4-қосымшасына сәйкес, мекенжайы, жұмыс түрі, ағаштардың саны және түрі, жасыл желектеріне жүргізілуі тиіс жұмыстарды орындаудың себептері көрсетілген жазбаша өтінішін;
жерге құқық белгілейтін құжаттарын:
көгалдандыру екпелері белгіленген топографиялық сурет немесе жасыл желектері бар жер учаскесінің суреттерін;
жобалау ұйымдары үшін:
бекітілген жобаны;
коммуналдық қызметтермен келісулерді;
көгалдандыру екпелері белгіленген топографиялық суретті немесе жасыл желектері бар жер учаскесінің суреттерін ұсыну қажет.
74. Өтініштерді қарау мерзімі – уәкілетті органға тапсырған күнінен бастап 15 күнтізбелік күн.
75. Келіп түскен өтініштерді (өтінімдерді) қарау кезінде комиссия жас көшеттерге жұмыстарды жүргізудің мақсаттылығы мен мүмкіндігін тексереді, анықтайды, орынға шығумен жасыл желектерін тексеру актісін ресімдейді және жасыл желектерін кесу (таңдап, жаппай), алып тастау, қайта отырғызу, пішіндеп кесі (жасарту), бұтақтарын кесу және жас көшеттерге басқа да жұмыстардың жүргізілу қажеттілігі туралы қорытынды береді.
76. Комиссияның көгалдандыру екпелерін алып тастауға арналған қорытындысын алғаннан кейін заңды немесе жеке тұлға кейіннен жергілікті бюджетке ақшалай қаржыны (алынып тасталатын жас көшеттердің құны) аударумен жас көшеттерге бағалауды жүргізуге лицензиясы бар ұйыммен шарт жасайды. Немесе 1:2 қатынастан кем емес алып тасталынған жасыл желектерін немесе комиссияның кесіп тастауға арналған қорытындысында көрсетілген ағаштардың кесілетін биомассасынан кем емес мөлшерде сондай ағаш түрлерімен қалпына келтіреді.
Кесуге жататын ағаштардың нарықтық құны туралы есепті және жергілікті бюджетке төлем жасау түбіртегін немесе кескеннен кейін көктемгі-күзгі кезеңде жасыл желектерін отырғызу және қайта отырғызылған немесе отырғызылған жас көшеттерге күтім жұмыстарын екі жыл бойы жүргізу туралы кепілдеме хатты ұсынғаннан кейін өтініш беруші уәкілетті органнан кесуге рұқсат алады.
77. Рұқсат қағазын алғаннан кейін заңды немесе жеке тұлға жасыл желектерін өз күшімен кеседі (қайта отырғызады) немесе жасыл желектерін кесу, қайта отырғызу, пішіндеп кесу (жасарту), бұтақтарын кесу және басқа да жұмыстарды жүргізу үшін жұмыстардың осы түрлерін орындайтын ұйымдарға жүгінеді.
78. Жасыл желектерінің аумағында:
1) өнеркәсiптiк және тұрмыстық лай сулармен, коммуналдық қалдықтармен ластауға;
2) кез келген материалдар мен заттарды жинауға;
3) қоқысты, лас қар мен мұзды жинауға;
4) автомашиналармен, мотоциклдермен, велосипедтермен, басқа да көлiк құралдарымен жүруге (арнайы көлiктен басқа);
5) көгалдар мен қоршаулардың маңында жолаушылар көлігінің аялдамасын орнатуға;
6) осы мақсаттарға арнайы жабдықталған және бөлінген жерлерден басқа автокөлік құралдарын қоюға және тұрағын орнатуға;
7) ағаш және бұта көшеттерiн өз еркiмен кесуге;
8) агрономиялық белгiленген мерзiмдерден тыс, кесу ережесін сақтамай ағаштардың бұтақтарын кесуге;
9) өз бетiмен шарбақтар орнатуға;
10) ағаштардың, бұталардың бұтақтарын сындыруға, тілік жасауға, жазба жазуға, шеге қағуға, басқа да механикалық зақым келтіруге, жасыл желектерін түрлі заттармен және жапсырмалармен бүлдіруге, белгілер мен басқа да суреттер салуға;
11) қоршаулар, сымдарды бекіту үшін (мерекелік ресімдеу үшін көшеттерді безендіруден басқа жағдайларда) жасыл желектерін бұзылатын (тірек, бекітуші) конструкциялар ретінде пайдалануға, ағаштарға гамакты, әткеншектерді, спорттық снарядтарды, ақпараттық тақталарды, кірді кептіруге арналған жіптерді ілуге, жарнамалық объектілерді, электр сымдарын, тікенді сымды және басқа заттарды бекітуге, жануарларды байлау ретінде қолдануға;
12) ағаштан шырын, шайыр алуға;
13) гүлдердi жұлуға, жемiстердi үзуге, мал бағуға, жер, құм өндiруге;
14) жабайы және мәдени флораның гүлдерін баданаларымен және тамырларымен қазып алуға;
15) құмырсқаның илеуін қиратуға, құстар мен жануарларды аулауға және атуға;
16) көгалдарды, гүлзарларды, бағана маңайындағы шұңқырларды ластауға, оларға темекі тұқылын, сағызды және тағы басқаларды тастауға;
17) көгалдандырылған аумақтардың жабдықтарын және абаттандыру элементтерін (оның ішінде қоршаулар, таңбалау, ақпараттық тақталар және көрсеткіштер, суару құрылғылары, су бұру, жарықтандыру элементтері, жәшіктер, контейнерлер, орындықтар, ақырлар) жоюға, зақымдауға, олардың қалыпты жұмыс істеу жағдайын нашарлатуға.
18) от жағуға, қоқыстар мен жапырақтарды жандыруға;
19) көгалда ойын ойнауға, осы мақсаттарға бөлінген және жабдықталған орындарды қоспағанда, коньки және шана тебуге;
20) ағаштарға өрмелеп шығуға, жол-жалғыз аяқ жол желісінен тыс жерлерде жас көшеттердің арасымен жүруге;
21) жаяужолдарға және жалғыз аяқ жолдарға қайнатылған тұз немесе көгалдандыру екпелеріүшін зиянды басқа да химиялық қоспаларды себуге, мұзды тастауға;
22) су тоғандарын, бұрқақтарды ластауға жол берілмейді.
79. Жер пайдаланушылар оларға берілген аумақтарда жасыл желектерін өсіп-өндіруді және қорғауды қамтамасыз етеді.
11. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
80. Осы Ереженi бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Ақмола облысы елді мекендерінің
аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру екпелерін күтіп-ұстау және қорғау ережелеріне
1-қосымша
“ __________________________________________________ тұрғын
(облыстың қаласы, ауданы)
үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі
№ ____ ордер
_______________________________________________________ уәкілі
(ұйымы, лауазымы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(жұмыстың сипаты)
_________________________________ жұмыстарын жүргізуге рұхсат етіледі
__________________________ көшесі бойынша № ___ үйден №___ үйге дейін.
Жұмыстың басталуы 20___жыл ___ _______ , аяқталуы 20___жыл ___ _____.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жұмыс осы ордерде көрсетілген мерзімдерде басталуы және аяқталуы тиіс.
Ақмола облысы елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру екпелерін күтіп-ұстау және қорғау ережелеріне
2-қосымша
«_________________________
(облыс, қаласы, ауданы)
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
№ ____ рұқсат
(жұмыстардың түрі (көгалдандыру екпелерін сырып тастау, қайта отырғызу, бұтақтарын кесу т.б.)
Тапсырыс берушіге ______________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның ТАӘ )
рұқсат берілген___________________________________________________
(орындалатын жұмыстардың сипаттамасы)
Мекенжай (объект) бойынша:
Рұқсатқа негіздеме.
Жұмыстардың басталуы 20___ ж. «___» _______________-дан
20___ ж. «___» _______________ дейін.
Жұмыстар осы рұқсатта көрсетілген мерзімдерде басталып, аяқталуы тиіс.
Сонымен қатар, бірінші басшыға көгалдандырылған екпелерді қорғау, ұстау және қорғау жөніндегі кешенді іс-шараларды жүргізу жүктеледі.
Мен, _______________________________________________________
(заңды тұлғаның өкілінің, жеке тұлғаның ТАӘ)
жоғарыдағы барлық талаптарды және жұмысты рұқсатта көрсетілген мерзімде орындауды міндетіме аламын.
____________
(қала, аудан)
тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________ ________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны
Ақмола облысы елді мекендерінің
аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру екпелерін күтіп-ұстау және қорғау ережелеріне
3-қосымша
______________ қаласының, ауданының абаттандыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық шешімінен үзінді
______________ қаласының, ауданының абаттандыру мәселелері бойынша комиссиясының қорытындысы
20___ ж. «___» _______________ хаттамалық шешімінінің негізінде
____________________________________________ өтінішіне сәйкес
(заңды тұлғаның өкілінің, жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
Мына мекенжай (объект) бойынша _______________________________________
________________________________________ байланысты
(себебі көрсетілсін)
абаттандыру мәселелері жөніндегі комиссия:
-
Орынға барып тексергенде анықтаған:
_______________ ағаштары, саны _________ және _______________
(түрі) (ағаштардың жағдайы)
_______________ ағаштары, саны _________ және _______________
(түрі) (ағаштардың жағдайы)
_______________ бұталар, саны _________ және _______________
(түрі) (бұталардың жағдайы)
2.
(жұмыстардың түрі (көгалдандыру екпелерін жою, қайта отырғызу, мүсіндеп кесу, бұтақтарын кесу және т.б.)
Осы көрсетілген аймақта мамандандырылған кәсіпорын күшімен, тапсырыс берушінің қаржысына, өткізу мүмкін (мүмкін емес) деп санайды.
3.
(жас көшеттердегі жұмыстардың түрі)
Рұқсат алу үшін өкілетті органға осы қорытындыны ұсынуды ұсынады.
-
Орнын толықтыру үшін _______________ аумағында _______________
(елді мекен) (саны)
данадан кем емес _______________ағаштарды уәкілетті органмен
(түрі)
келісілген жерде отырғызуды ұсынады, және оларға 2 жыл бойы тиісті күтім қамтамасыз етеді.
Ағаштар отырғызу сызбасын ұсыну қажет.
Ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізгенде коммуналдық қызметтерден келісім алу қажет.
5. Тапсырыс берушіге жасыл желектерде тиісті жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына толық сәйкес және тек қана уәкілетті органнан жұмыстар жүргізуге рұқсат алғаннан кейін және рұқсатта көрсетілген түрлерге көрсетілген мерзімдерде орындауға міндеттейді.
Комиссия төрағасы ____________ ____________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ақмола облысы елді мекендерінің
аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру екпелерін күтіп-ұстау және қорғау ережелеріне
4-қосымша
«______________________________
(қала, аудан)
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
______________________________
______________________________
мекенжайы____________________
телефоны_____________________
Өтініш
_____________________________________________________ байланысты
(жұмыстарды жүргізудің мақсаты мен себептері көрсетілсін)
__________________________________________ мекенжайы (объект) бойынша
_______ дана _____________________ түрі ағаштарын (бұталарын)
__________________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын.
(жоспарланатын жұмыстардың түрі көрсетілсін)
Қосымша:
Жеке және заңды тұлғалар үшін:
Жерге құқық белгілейтін құжаттар;
Жасыл желектері белгіленген топографиялық сурет немесе жасыл желектері бар жер учаскесінің суреттері.
Жобалау ұйымдары үшін:
Бекітілген жоба;
Коммуналдық қызметтермен жасалған келісім;
жасыл желектері белгіленген топографиялық сурет немесе жасыл желектері бар жер учаскесінің суреттері;
(сенімхатпен өтініш білдірген кезде – өтінішке сенімхаттың, жеке куәліктің көшірмелері қоса берілсін)
______________ _____________
(күні) (қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |