«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін егу мен өсіруді субсидиялау» мемлекеттік қызметінің стандарты



Дата09.07.2016
өлшемі72 Kb.
#187342
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « » .
№ қаулысымен
бекітілген

«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің
көпжылдық екпелерін егу мен өсіруді субсидиялау»
мемлекеттік қызметінің стандарты


1. Жалпы ережелер


  1. Мемлекеттік қызметтің атауы – «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін егу мен өсіруді субсидиялау» (бұдан
    әрі – мемлекеттік қызмет).


  2. Осы мемлекеттік стандартты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

  3. Мемлекеттік қызмет, осы стандарттың 1-қосымшасында белгіленген, мекен-жайлар бойынша жергілікті облыстық (Астана және Алматы қалалары) атқарушы органдармен көрсетіледі.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

    1. Осы стандарттың 9-қосымшасында көрсетілген, Құжаттарды қабылдау жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген мерзімдерде және алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

    2. Керекті құжаттарды өткізу үшін кезекте болжаулы ықтималды күту уақыты отыз минуттан аспауы керек.

    3. Қызметалушыға қызмет көрсету уақыты он бес минуттан аспауы керек.

  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны қағаз.

  3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызмет алушының банктік шотына субсидияларды аудару немесе субсидиялар беруден бас тарту туралы дәлелді жауап (қағаз түрінде) болып табылады.

  4. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

  5. Мемлекеттік қызметті көрестудің жұмыс кестесі:

жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. 13 желтоқсанның 2001 жылдың «ҚР мерекелер туралы» ҚР Заңымен бекітілген мерекелер мен демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мерекелік күндер. Кезек бойынша, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсету.

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызметалушы келесі құжаттарды ұсынуы керек:

Ағымдағы жылдың 15 сәуір мерзімінде:

  1. Осы стандарттың 2 қосымшасының пішімімен сәйкес өтініш;

  2. Жер учаскісіне құқықты тағайындайтын және (немесе) бірдейлендіру құжатының көшірмесі;

  3. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін – жеке басын растайтын құжаттың және дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін);

  4. жұмыс жобасының көшірмесі;

  5. агроном-маманның (бағбан) квалификациясын растайтын дипломдар, сертефикаттар мен куәліктертердің көшірмесі.

Өткен жылдары субсидиялар алған ауыл шаруашылық тауар өндірушілер (бұдан әрі - АШТӨ) ағымдағы жылдың 1 мамырға дейін жиберу тиіс:

  1. осы стандарттың осы стандарттың 3 қосымшаның пішімімен сәйкес өнініш;

  2. өткен жылда құрастырылған жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін егу заклад актісінің көшірмесі;

  3. өткен жылдарда алынған субсидияларды растайтын құжаттар көшірмесі;

  4. құзыретті органмен бекітілген пішім бойынша өткен жылдардың алынған субсидияларын мақсатты және тиімді қолдануы туралы есептің көшірмесі

Құжаттарды қабылдау күні бөлім қызмет алушыға толық көлемде қабылданған құжаттар туралы хабарлама береді.

Ауыл шаруашылық аудан бөлімі, ал Астана, Алматы және облыстық маңызы бар қалалар бойынша - қала әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы немесе бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) субисидяны алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімінің басталуы мен аяқталуын тағайындайды, құжаттарды қабылдау мерзімдерін және басқа керекті мәліметтердің, сонымен қатар ведомствоаралық коммиссияның (бұдан әрі – ВАК) жұмыс істеу тәртібімен бірге жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді.

ВАК бес жұмыс күні ішінде көпжылдық екпелерді егу жүзеге асырылатын нақты жер учаскесінде бауға жарамдылыққа топырақтық-мелиоративтік іздену жұмыстарын жүргізуге қызмет көрсетушінің жұмыс жобасы бойынша оны субсидиялар алуға үміткерлер тізбесіне енгізу мүмкіндігі туралы сараптамалық қорытынды дайындайды және бөлімге ұсынады.

Бөлім тоқсан сайын:

он жұмыс күні ішінде берілген құжаттардың толықтығын мен нақтылығын тексереді;

ағымдағы жылдың өткен кварталдан келетін айдың 1 күнінен кешіктірмей бес жұмыс күні ішінде, ал төртінші кварталда – 1 қарашадан кешіктірмей алдын ала Тізбені құрастырады және аудан (Астана мен Алматы қалалары, облыстық мағынасы бар қалалар) әкіміне бекітуге жолдайды.

Жұмыс жобасы бойынша ВАК теріс қорытындысы жағдайында субсидиялар алуға үміткер қызмет алушылар Тізбеге енгізілмейді.

«Апорт» сортының алма ағаштарының көпжылдық екпелерін еккен қызмет алушылардың өтінімдері басым тәртіппен қаралады және қанағаттандырылады.

ағымдағы жылғы өткен тоқсанынан кейінгі айдын 10 күнінен кеш емес, ал төртінші тоқсанда – тиісті жылғы 10 қарашадан кеш емес орнына бара отырып:

осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін егу актісін, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестік актісін (бұдан әрі – егу актісі);

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс (жеміс-жидек) дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін қарап тексеру актісін (бұдан әрі – қарап тексеру актісі) жасайды;

ағымдағы жылғы өткен тоқсанынан кейінгі айдын 15 күнінен кеш емес, ал төртінші тоқсанда – 15 қарашадан кеш емес субсидиялар алуға үміткер қызмет алушылардың түпкілікті тізбелерін (бұдан әрі – аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкілікті тізбелер) бөлінген қаражат шегінде қалыптастырады және оларды өтінімдермен бірге аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге ұсынады;

аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бекіткен аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкілікті тізбелер, әрбір қызмет алушы бойынша өтінімдер, егу актілері және қарап тексеру актілері қызмет алушы ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қызмет алушы жолданады;

Қызмет беруші:

бөлім ұсынған қызмет алушылардың өтінімдерін алғаннан кейін оларды он бес жұмыс күні ішінде қарайды;

өтінімдерді қарағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде:

облыс бойынша субсидиялар алуға үміткер қызмет алушылардың түпкілікті тізбесін осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады;

өтінімдер ұсынған қызмет алушыларға қабылданған шешім туралы жазбаша хабарламаны

өтінім берілген алаңдарды тепе-тең бөлген жағдайда – егілгеннен кейін субсидиялауға жататын алаңның мөлшерін көрсетіп жолдайды;

қызмет алушы ұсынған растайтын құжаттар негізінде субсидиялар төлеуге арналған ведомості осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады;

басқарма облыс бойынша субсидиялар алуға қызмет алушылардың түпкілікті тізбесін облыс әкімі бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімдерін және төлем шоттарын екі данада ұсынады;

субсидия алған қызмет алушы сәйкес жылдың 5 желтоқасанына дейін Бөлімге құзыретті органмен бекітілген пішім бойынша алынған субсидияларын мақсатты және тиімді қолдануы туралы есепті беру керек.



  1. Субсидиялар беруден бас тарту үшін негіздер осы стандарттың
    9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау, құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, не осы стандарттың 4-тармағында айқындалған оларды ұсыну мерзімдерін бұзушылықтар болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша шешімдерді,


әрекеттерді (әрекетсіздікті) шағымдау тәртібі

11. Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді қызмет берушінің заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшының блогында осы стандартың 8-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес беріледі.

13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

14. Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

15. Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпарат қызмет берушінің кеңсесінде алуға болады.

Қабылданған шағым қызмет берушінің кеңсесінде тіркеледі.

16. Шағымдарды қарау «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

4. Өзге де талаптар
17. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттар дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралар қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ жақтаулары көзделеді.

18. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қызмет берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

19. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат қызмет алушы жадынамасы және мемлекеттік қызметті алу схемасы (осы стандартқа 8 және 9-қосымшалар) түрінде әзірленді.

20. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.


_____________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет