Ақмола облысының жоолар, колледждер студенттері және мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жұмыстар конкурсы туралы Ереже



Дата25.02.2016
өлшемі79.92 Kb.
#25126
«БЕКІТЕМІН» «БЕКІТЕМІН»
Экономикалық зерттеулер «Көкше» академиясының

ҒЗИ директоры ректоры, проректор

_____________ Нұрғалиева А.Ш. ___________ Ж.Ж. Қасым
Ақмола облысының ЖООлар, колледждер студенттері және мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жұмыстар конкурсы туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

«Көкше» академиясының экономикалық зерттеулер ҒЗИ Ақмола облысының ЖООлар, колледждер студенттерінің және мектеп оқушыларының қатысуымен ғылыми жұмыстар конкурсын және конференцияны өткізеді.

Жариялы қорғаудың қорытындылары бойынша үздік жұмыстардың авторлары «Көкше» академиясының мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталады.

2. Конкурс мақсаттары


  • жоо, колледж студенттері мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ғылыми және шығармашылық белсенділігін, бизнес, басқару, туризм өрістеріндегі олардың ізденушілік және ендірушілік қызметін дамыту;

  • әр түрлі жоо-лар, колледждер, мектептер арасында ғылыми және іскерлік байланыстарды орнату және жас зерттеушілерді ғылыми жұмысқа тарту;

  • оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына, олардың шығармашылық ұжымда жұмыс істеу дағдылары ие болуына, ұйымдастырушылық және инновациялық қызметке тартылуына жәрдемдесу;

  • Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.

3. Өткізу тәртібі мен мерзімдері

1 кезең – 2012 ж. 18 қазаннан 2012 ж. 2 қарашаға дейін конкурсқа қатысуға электрондық почта бойынша тапсырыстарды қабылдау (Қосымша 1).

Тапсырыстарды келесі e-mail-ға жіберген жөн: stud.economic@mail.ru.



2 кезең – 2012 ж. қарашаның 5-нен 14-не дейін Капцевич көшесі, 247, «Көкше» академиясы, 315-каб. адресі бойынша ғылыми жұмыстар мен баяндамалардың тезистерін қабылдау.

Жұмыстар (жобалар) келесі ілеспе құжаттармен беріледі: жоо-ның (колледждің, мектептің) жолдамасы (Қосымша 2), ғылыми жетекшінің пікірі.



3 кезең – 2012 ж. қарашаның 14-нен 16-на дейін конкурстық комиссия мүшелерінің соңғы кезеңге қатысу және үздік ғылыми жұмыстар жинағында жариялау үшін жұмыстарды іріктеуі

Зерттеушілік емес сипаттағы (баяндаушылық жұмыстар, эссе, авторлардың өзіндік нәтижелері жоқ) жұмыстар (жобалар) қабылданбайды.



4 кезең – 2012 ж. қарашаның 20 жұмыстарды жариялы қорғау.

Марапаттау салтанаты 2012 жылғы 20 қарашада болады.



4. Конкурсқа қатысушылар

Ғылыми жұмыстардың (жобалардың) конкурсында Ақмола облысының ЖОО студенттері, колледжде оқитындар мен мектеп оқушылары қатыса алады.

Жобалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.

5. Ғылыми зерттеулердің бағыттары (секциялар)

1. Экономика (АӨК экономикасы, Бухгалтерлік есеп және аудит, Маркетинг, Менеджмент, Қаржы, Еңбек нарығының экономикасы, Білім беру қызметтерінің экономикасы).

2. Туризм.

6. Конкурстық комиссия


  1. Әрбір бағыт бойынша конкурстық комиссияның құрамына кемінде 3 ғалым (маман) кіреді. Конкурстық комиссияның құрамы ұйымдастырушылық комитетпен бекітіледі.

  2. Конкурстық комиссия іріктеу кезеңінде конкурс талаптарына сәйкес ғылыми жұмыстарды қарастырып, соңғы кезеңнің қатысушыларын анықтайды.

  3. Конкурстық комиссия жариялы қорғаудың қорытындылары бойынша әрбір санат пен секция бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

7. Ғылыми жұмыстарға (жобаларға) қойылатын талаптар

  1. Тақырыптың өзектілігін негіздеу.

  2. Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы.

  3. Зерттеу саласы мен тақырыбына байланысты ғылыми жұмыстың теориялық, тәжірибелік, фактологиялық, статистикалық, заңнамалық, қайнар көздік шынайылығын дәлелдеу.

  4. Зерттеліп отырған мәселені талдау және сомдау элементінің болуы.

  5. Жұмыс бойынша негізгі түйіндерді тұжырымдау.

  6. Ғылыми жұмыстың көлемі – 15-20 бет.

  7. Сөйлеу уақыты – 7-10 минутқа дейін.

  8. Жұмыстардың қолжазбалары қайтарылмайды. Жұмыс (жоба) авторларына рецензиялар, сарапшылық карталар, сарапшылық комиссияның хаттамалары қайтарылмайды. Жұмыстарды (жобаларды) кейін қайтару, сыйлықтарды беру себептері, әдетте, хабарланбайды.

8. Баяндамаларды ресімдеуге қойылатын талаптар

Ғылыми жұмыстың көлемі машинкамен терілген текстінің 15-20 бетін құрауы тиіс. Баяндаманың титулдық беті 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді. Екінші бетте 4-қосымшаға сәйкес ресімделген жұмыстың мазмұны келтірілуі тиіс. Негізгі текст үшінші беттен басталады. Баяндамалар басып шығарылған текстінің бір данасы қосыла отырып электрондық түрде беріледі.

Текст WINWORD XP немесе *.RTF-те (Reach text format) терілуі тиіс. Орыс тіліндегі баяндамалар үшін шрифт - Times New Roman, қазақ тіліндегі үшін - Times New Roman KZ, ағылшын тіліндегі үшін - Times New Roman. Кегль 14, аралық 1,5, абзац 1,25 см. Шеттері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1,5. Сілтемелер әр бетте жасалады. Формулаларды формулалар редакторы (Microsoft Equation) – қосымшасында теру керек. Суреттерді - Corel Draw-да (8 версия), графиктер мен диаграммалар – Excel-де. Баяндама қаралы-ақ нұсқада берілуі тиіс.

Қойылған талаптарға сәйкес келмейтін баяндамалар конкурсқа қабылданбайды.



9. Тезистерді ресімдеуге қойылатын талаптар

Баяндамалардан басқа, конкурстық комиссияға көлемі 5 бетке дейінгі баяндаманың тезистерін ұсыну қажет. Беттің оң жақ жоғарғы бөлігінде секцияның аты, автордың фамилиясы мен инициалдары, ЖОО-ның, колледждің аты, мектептің номері, топ, класс, ғылыми жетекшінің фамилиясы мен инициалдары басылады. Беттің ортасында жұмыстың аты, содан соң текст басылады. Тезистер басылған текстінің бір данасы қосыла отырып электрондық түрде беріледі.

Текст WINWORD XP немесе *.RTF-те (Reach text format) терілуі тиіс, офис 2003, редактор WORD 2003. Орыс тіліндегі тезистер үшін шрифт - Times New Roman, қазақ тіліндегі үшін - Times New Roman KZ, ағылшын тіліндегі үшін - Times New Roman. Кегль 14, аралық 1,5, абзац 1,25 см. Шеттері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1,5. Сілтемелер әр бетте жасалады. Формулаларды формулалар редакторы (Microsoft Equation) – қосымшасында теру керек. Суреттерді - Corel Draw-да (8 версия), графиктер мен диаграммалар – Excel-де. Тезистер қаралы-ақ нұсқада беріледі (Қосымша 5).

Текстіні қателіктердің бар болуына тексеру қажет.

Қойылған талаптарға сәйкес келмейтін тезистер баспаға қабылданбайды.

10. Ғылыми жұмысты қорғау рәсімі

Конкурсқа қатысушылар секциялардың бірінің отырысында өз жұмысының негізгі ережелерін баяндау мүмкіндігіне ие болады. Әрбір қатысушының сөйлеу регламенті – 10 минутқа дейін. Жариялы қорғау кезінде техникалық құралдар мен көрнекі құралдарды пайдалану құпталады, бірақ конкурстың ұйымдастыру комитетімен алдын ала келісілуі тиіс.

Жұмыстарды жариялы қорғау «Көкше» академиясының ғимаратында (Капцевич көшесі, 247) өтетін болады.

Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімдері өзгерген жағдайда ақпарат ЖОО-лар, колледждер мен мектептер бойынша қосымша хабарланатын болады.


11. Ұйымдастырушылардың байланыстары

Экономикалық зерттеулер ҒЗИ жауапты хатшысы – Тұралина Жанар Әнуарбекқызы, тел.87773124339.

1-Қосымша
Жоғарғы оқу орнының студенттері мен колледж және мектеп оқушыларының арасында

өткізілетін үздік ғылыми жұмыстардың конкурысына қатынасу үшін өтінім



 1.

Қатынасушының аты –жөні

 

2.

Жұмыстың атауы /тақырыбы/

 

3.

Секциясы

 

4.

Оқу тілі

 

5.

Оқу орнының толық аты , мекен жайы, телефоны, e-mail

 

6.

Топ №№ немесе сыныбы

 

7.

Жұмыстың ғылыми жетекшісінің толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы және ғылыми атағы





8.

Ғылыми жобаның басталған уақыты

 

.9

Тұратын жерінің адресі ,   телефоны, e-mail /эл. пошта/

 


2-Қосымша

Студенттер мен колледж және мектеп оқушыларының арасында өткізілетін үздік ғылыми жұмыстардың /жобалардың/ конкурсына қатысуға жолдама


білім беру ұйымының толық атауы, мекен-жайы, телефоны, e-mail

____ курс студенті (сынып оқушысы)

студенттің (оқушының) аты-жөні
___________________________________________________________________ атты зерттеу тақырыбы

жұмыс тақырыбы

бойынша дайындаған ғылыми жұмысын /жобасын/ __________________________________________

секциясының конкурсына қатысуы үшін ұсынып отырмыз.

Жұмыстың /жобаның/ ғылыми жетекшісі___________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты, лаузымы, жұмыс орны, телефоны, e-mail

Аталмыш жұмыс оқу орнының конкурстық комиссиясында алдын ала сараптамадан өтіп, ЖОО студенттері, колледжде оқитындар мен мектеп оқушылары арасындағы үздік ғылыми жұмыстың конкурсына қатысуға лайық деп танылды.

Конкурстық комиссияға төмендегі құжаттарды жіберіп отырмыз:

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

құжаттардың тізімі (ғылыми жұмыс: баспа және электрондық нұсқада, баяндама: баспа және электрондық нұсқада, ғылыми жетекшінің пікірі)

Директор___________________________________

  қолы аты-жөні

Жауапты адам: Аты-жөні, лауазымы телефоны, факсы, e-mail

 

Күні, мөрі



3-Қосымша

Ғылыми жұмыстың сыртқы парағын дайындау үлгісі

 

«КӨКШЕ» АКАДЕМИЯСЫ



 

 

  



Студенттер мен колледж және мектеп оқушыларының арасында өткізілетін ғылыми жұмыстардың /жобалардың/ КОНКУРСЫ 

 

 Секциясы:

 

Тақырыбы:

 

Жұмыс /жоба/ авторының аты жөні:



  

ЖОО, Колледж ,Орта мектеп /Атауы және телефондары/:

Тобы/Сыныбы:

Конкурсқа қатысушының телефон нрмері:

 

Ғылыми жетекшісі:



  

КӨКШЕТАУ – 2012

4-Қосымша

Ғылыми жұмыстың /жобаның/ 2-парағын дайындау үлгісі

Мазмұны

Кіріспе


1-тарау

2-тарау


3-тарау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар



5-Қосымша

Баяндама тезисін дайындау үлгісі

 

Туризм



Ахметов И. С. «Көкше» колледжінің 3-курс оқушысы

Ғылыми жетекшісі –Нұрғалиева А.Ш.,э.ғ.к., «Көкше» академиясының профессоры

 

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бұдан әрі 1,5 интервалмен баяндама мәтіні жазылады



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет