«AsiaCredit Bank» (АзияКредит Банк)
№46 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ
Атқарушы органның орналасқан жері: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 17/1 н.п. 8.
Жиналыстың өткізілген күні – 2015 жылы 04 мамырда
Жиналыстың басталған уақыты - Алматы уақыты бойынша 10 сағат 00 минут
Жиналыс өткен орын - 050000, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 17/1 н.п. 8.
Жиналыс қатысушыларын тіркеу басталған уақыт – Алматы уақыты бойынша 09 сағат 00 минут
“AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)” АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар Банк акционерлерінің тізімі 01.04.2015 жылғы жағдай бойынша жасалды.
Орналастырылған акциялардың жалпы саны: 16 904 064 жай акция
Акционерлердің жалпы саны: 6 (алты) акционер
Тіркелген акционер: 1 (бір) акционер
КВОРУМ
Корпоративтік хатшы А.Леймоева “AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)” АҚ акционерлерінің Жылдық Жалпы жиналысы қатысушыларын тіркеу аяқталатын сәтте, онда қатысуға және дауыс беруге құқығы бар, жиынтықта Банктің 14 959 882 дауыс беруші акциясына ие акционерлердің тізіміне кірген 1 (бір) акционер - Сұлтан Нұрбол Сарыбайұлының тіркелгенін жариялады, бұл Банктің дауыс беруші акцияларының жалпы санының 88,49873% құрайды.
Сонымен, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45 б. және Банк Жарғысына сәйкес, Банк акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі мәтін бойынша «Жалпы жиналыс») өтті және күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, шешімдер қабылдау үшін заңды деп тануға қажет кворум бар. Хатшы А.Леймоева Жалпы жиналысты ашық деп жариялады.
-
ТӨРАҒА ЖӘНЕ ХАТШЫ
Акционерлердің Жалпы жиналысының Төрағасы етіп Сұлтан Нұрбол Сарыбайұлы мырзаны, ал акционерлердің Жалпы жиналысының хатшысы ретінде Банктің Корпоративтік хатшысы А.Х.Леймоеваға күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс берілген кезде дауыстарға санақ жүргізу міндеті мен Жалпы жиналыстың Хаттамасын және дауыс беру қорытындылары туралы Хаттаманы дайындау жауапкершілігі жүктеле отырып, оны сайлау туралы ұсыныс келіп түсті, көрсетілген мәселе дауысқа салынды.
Корпоративтік хатшы А.Х.Леймоева дауыс беру басталар алдында 14 959,882 (дауыстардың жалпы саны) дауысқа ие Сұлтан Нұрбол Сарыбайұлының қатыспағандығын белгіледі және сәйкесінше, кворумның барын белгіледі. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48 б. сәйкес, акционерлердің Жалпы жиналысының Төрағасын және Хатшысын сайлау туралы мәселе бойынша дауыс берілген кезде, әрбір акционер бір дауысқа ие, ал шешім қатысып отырған қатысушылар санының көпшілік жай даусымен қабылданады.
Сұлтан Нұрбол Сарыбайұлы мырза – Жалпы жиналыстың Төрағасы («Төраға») және Леймоева Альфия Хаджи-Муратовнаға күн тәртібінің мәселелері бойынша дауыс берілген кезде дауыстарға санақ жүргізу міндеті мен Жалпы жиналыстың Хаттамасын және дауыс беру қорытындылары туралы Хаттаманы дайындау жауапкершілігі жүктеле отырып, ол Жалпы жиналыстың Хатшысы етіп сайланды.
-
ДАУЫС БЕРУ ТҮРІ
Төраға дауыс берудің ашық түрін таңдауды ұсынды және шешімді көпшілік білікті қатысушылар қабылдайтын күн тәртібіндегі 8 (сегіз) мәселені қоспағанда, күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша дауыс беруге «бір акция — бір дауыс» ұстанымымен қатысатын Банктің дауыс беруші акцияларының жалпы санының көпшілік даусымен шешім қабылдауды ұсынды.
Жалпы жиналыстың Хатшысы дауыс беру басталар алдында 14 959,882 (дауыстардың жалпы саны) дауысқа ие 1 акционердің қатыспағандығын белгіледі және сәйкесінше, кворумның барын белгіледі.
Қатысушылар дауыс берудің ашық түрін және шешімдерді көпшілік білікті қатысушылар қабылдайтын күн тәртібіндегі 8 (сегіз) мәселені қоспағанда, күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша дауыс беруге «бір акция — бір дауыс» ұстанымымен қатысатын Банктің дауыс беруші акцияларының жалпы санының көпшілік даусымен шешім қабылдауды бірауыздан бекітті.
-
КҮН ТӘРТІБІ
Жиналыс Төрағасы акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібін бекітуге өтуді ұсынды:
1) Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 2014 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 2014 жылғы таза кірісін және и дивидендтің Банктің бір жай акциясына шаққандағы мөлшерін бөлу тәртібін айқындау.
4) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ әрекеттеріне акционерлердің және оның лауазымды тұлғаларының өтініштері және олардың қаралған қорытындылары туралы мәселені қарау.
5) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ акционерлеріне директорлар кеңесі және атқарушы орган мүшелерінің сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат беру.
6) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшелеріне сыйақылардың мөлшері мен төленетін талаптарын айқындау.
7) Банктің Ясин Кади мырзаның акцияларының иесіз қалғандығы туралы талап арызбен сот инстанциясына жүгінуі, сондай-ақ көрсетілген акцияларға меншік құқығын тануы.
8) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту.
9) Акционерлердің 29.11.2012 жылғы Кезектен тыс жалпы жиналысында бекітілген (№41 хаттама) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге» енгізілетін №2 Өзгерістерді бекіту.
ШЕШІМДЕР:
1. Банк Акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:
1) Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін.
2) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 2014 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.
3) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 2014 жылғы таза кірісі және Банктің бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бөлу тәртібі айқындалсын.
4) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ әрекеттеріне акционерлердің және оның лауазымды тұлғаларының өтініштері және олардың қаралған қорытындылары туралы мәселе қаралсын.
5) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ акционерлеріне директорлар кеңесі және атқарушы орган мүшелерінің сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат берілсін.
6) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшелеріне сыйақылардың мөлшері мен төленетін талаптары айқындалсын.
7) Банктің Ясин Кади мырзаның акцияларының иесіз қалғандығы туралы талап арызбен сот инстанциясына жүгінсін, сондай-ақ көрсетілген акцияларға меншік құқығы танылсын.
8) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекітілсін.
9) Акционерлердің 29.11.2012 жылғы Кезектен тыс жалпы жиналысында бекітілген (№41 хаттама) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге» енгізілетін №2 Өзгерістер бекітілсін.
2. Банктің аудиторлық ұйым растаған 2014 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.
3. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 17/1 н.п 8, БСН 920140000508, IBAN KZ09125KZT1001300262, БСК NBRKKZKX, Кбе 14, бір жай акцияға 92,0733 теңгеден есептегенде, 2014 жыл үшін акционерлердің банктік шоттарына ақша аудару арқылы ақшалай түрде қолма-қол ақшасыз 1 556 412 955,89 (бір миллиард бес жүз елу алты миллион төрт жүз он екі мың тоғыз жүз елу бес) теңге сексен тоғыз тиын мөлшерінде дивидендтер төленсін. Дивидендтерді төлеу мерзімі 2015 жылдың 12 мамырынан бастап 2015 жылдың 15 мамыры аралығында айқындалсын. Дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2015 жылы 04 мамырда Алматы қ. уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша белгіленсін
4. Банк акционері В.А.Бурковскийдің өзіне 2002 ж.-2013 ж. кезеңде төленбеген берешекті төлеу туралы 16.09.2014 жылғы (іш.5054) өтініші назарға алынсын.
5. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының мүшелеріне 2014 жылы сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
6. Директорлар Кеңесінің Мүшелеріне сыйақы құрылымы мен шарттары осы Хаттамаға қоса тіркелетін №1 Қосымшада белгіленген құрам мен мөлшерде бекітілсін.
7. 1.«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Yassin Kadi (Ясин Кади) мырзаның акцияларының иесіз қалғандығы туралы талап арызбен/өтінішпен сот инстанциясына жүгінгендігін, сондай-ақ Банктің көрсетілген акцияларға меншік құқығын танығандығы мақұлдансын.
2. Заң департаменті (Б.Сафарбекова):
1) Осы шешімнің 1 т. орындау бойынша барлық қажет іс-шараларын өткізсін.
2) осы шешімнің орындалған нәтижелерін Банк Акционерлерінің назарына жеткізсін.
8. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда бекітіліп, қолданысқа енгізілсін.».
9. Акционерлердің 29.11.2012 жылғы Кезектен тыс жалпы жиналысында бекітілген (№41 хаттама) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге» №2 Өзгерістер бекітіліп, қолданысқа енгізілсін.
Үзінді көшірме дұрыс:
Басқарма Төрағасы Б.Т.Нугыманов
Корпоративтік хатшы А.Х.Леймоева
- -
Достарыңызбен бөлісу: |