Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!



Дата14.06.2016
өлшемі262.47 Kb.
#136164
НАМАЗ


НАМАЗ

иман тірегі



Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!
Бүкіл әлемнің Раббы Аллаһқа мадақ! Пайғамбар Мұхаммадқа, оның жанұясы мен оның жолымен жүрген бүкіл үмметіне Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!
Омар бин әл-Хаттабтың (Аллаһ оған разы болсын) айтуымен жеткізілген бір даналық әңгімеде былай делінеді: «Біз Аллаһтың елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге отырған бір шақта, біздің алдымызға көз тұндырарлықтай ақ киім киген қою қара шашты кісі шықты. Оның бет әлпетінен сапар шеккен адамның ізі байқалмады және біздің арамызда оны танитын да ешкім болмады. Ол Пайғамбардың, (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), алдына келіп отырды. Тізелерін оның тізелеріне тигізе отырып жайғасты да қолдарын өз аяғына қойды:


  • «Иә Мұхаммад, маған ИСЛАМ жайлы айтшы», - деді.


Аллаһтың елшісі, (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) .: «Ислам мынадай нәрселерді қамтиды: 1) Аллаһтан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммад Аллаһтың елшісі екендігіне сеніп куәлік айту, 2) намаз оқу, 3) зекет беру, 4) Рамадан айында ораза ұстау және 5) мүмкіншілігің болса қажыға бару», - деп айтты. Ол (келген адам): «Сен дұрыс айттың», - деді, ал біз болсақ оның Аллаһтың елшісінен(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)сұрап және оның жауабының дұрыс екендігін растағанына таң қалдық.

Ол: «Енді маған ИМАН жайлы айтшы», - деді.

Пайғамбар, (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Иман (сенім) дегеніміз мыналардан тұрады: 1) Аллаһқа, 2) Оның періштелеріне, 3) Оның кітаптарына, 4) Оның елшілеріне, 5) Қияметке, 6) барлық жақсылық пен жамандық Аллаһ тарапынан жазмыш (тағдыр) екендігіне сену», - деді. Жаңағы адам бұл жолы да: «Сен дұрыс айттың», - деді.


Сосын ол: «Маған ИХСАН жайлы баяндап берші», - деді.

Пайғамабар, (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ихсан (ықылас) дегеніміз, Аллаһты көріп тұрғаныңдай құлшылық ету, неге десең, (сен Оны көрмесең де), Оның сені көріп тұрғаны ақиқат», - деп жауап берді.

Сонан кейін ол: «Енді маған ҚИЯМЕТ жайлы айтшы», - деді.

Пайғамбар, (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол туралы сұралып тұрған сұраушыдан артық білмейді», - деді. Әлгі адам: «Онда маған оның белгілерін (алдында не болатыны жайлы) айтып берші», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл жолы: «Қияметтің жақындау белгілері күң өзінің ханшайымын туады, сен жалаң аяқ, жалаңаш, бейшара қойшылардың бір-бірімен жарысып биік етіп үйлер салатынын көресің», - деді. Содан соң ол (келген кісі) кетті, ал мен бірер уақытқа бөгелдім. Сонда Пайғамбар: «Иә Омар, жаңағы сұрақтарды кімнің қойғанын білесің бе?», - деді. Мен: «Аллаһ және Аллаһтың елшісі бәрінен жақсы біледі», - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһың игілігі меен сәлемі болсын: «Бұл болған, сендерді өз діндеріңе үйретуге келген, Жебірейіл (періште)», - деді. Хадис имам Муслимнің жеткізуімен келтіріледі.


Иман куәлігі – ШАХАДА

Араб тілінен «Ислам» сөзінің мағынасы - Жалғыз да Ақиқат Құдай – Аллаһ Тағалаға бой ұсынып бағыну. Ал өз еркін Аллаһ Тағалаға бой ұсындырған адам мұсылман, деп аталады. Ислам дінін бұлай Аллаһ Тағаланың өзі соңғы Кітабында атаған. Бұл соңғы Кітаб - Құранда – Аллаһ Тағала былай дейді:



«...Бүгін сендер үшін діндеріңді толықтастырдым және нымғетімді тамамдадым, сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым...» «Мәида» сүресі, 3 аят.

«Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, одан онысы қабыл болмайды, ал Ахіретте зиянға ұшыраушылардан болады». «Әли Имран» сүресі, 85 аят.

Ғибадаттың негізін Аллаһ Тағалаға бойұсындыру құрайтын бол-ғандықтан, Ислам дінінің ең басты миссиясы - бір Аллаһқа ғана құл-шылық етуге шақыру. Бұл дін, адамнан Аллаһтан басқа қай бір адамға, орынға, затқа не болмаса осы сияқты т.т. Аллаһтан өзге нәрселерге құлшылық етуден бас тартуды талап етеді. Өйткені Жаратушы Аллаһтан өзгенің бәрі Оның жаратылысы болып табылады. Негізінде Ислам діні адамды жаратылыстарға табынудан бас тартып, Жаратушыға ғана табынуға шақырады, деп айтуға болады. Құлшылық етуге лайықты Одан басқа ешкім жоқ, өйткені Аллаһтың қалауымен ғана дұғалар қабыл болады.



Исламның негізгі концепциясы мен мәні – еш уақытта және еш бір жағдайда Аллаһтан өзге ешкімді және еш нәрсені құдай, деп та-нымау. Аллаһ дінінің негізгі мәнінінің өзі жаратылыстарға құлшылық етуден бас тартып, тек Жаратушыға ғана құлшылық етуге шақыру. Төмендегі иман кулігінің мағынасы да осы болып табылады:
«Лә иләhә илла Ллаh»

«Аллаһтан басқа сыйынуға лайықты құдай жоқ!»
Бұл сөздерді шын ықыласпен айтып, пайғабарлықты мойындаған адам Ислам дініне кіреді де, ал бұған адал иман келтірген, яғни сен-ген адамға Жәннәт уәде етіледі. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын (бұдан былай (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) .), былай деген: «Кімде-кім Аллаһтан басқа сыйынуға лайықты құдай жоқ», - десе және осы сеніммен дүниеден өтетін болса, ол Жәннәтқа кіреді». Бұл сөздерге иман келтіру адамнан Алаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., үйреткендей Алла Тағалаға толығымен бойұсынуды және барлық жалған құдайларға табынудан бас тартуды талап етеді.
ОРАЗА

Аллаһ Тағала Өзінің кітабы Құранда былай дейді: «Ей иман келтіргендер, тақуалылардан табылуларың үшін, сендерден бұрын өткендерге парыз етілген сияқты, сендерге де санаулы күндерде ораза тұту парыз етілді. Егер сендерден біреу науқас немесе жолаушы болса, ол жағдайда (ораза тұтылмаған күндерінің) санағын басқа күндерде тұтады. (Кәрілігі немесе әлсіздігі себепті) ораза ұстауға қиналатындар (бір күндік оразаға – бір күндік) бір міскін бишараның азығы мөлшерінде тағамды төлеп берулері қажет. Егер, кім өз ықтиярымен қосымша игілік жасаса (молырақ төлеу берсе), өзіне жақсы». «Бақара» сүресі, 183-184 аяттар.

Оразаның шарттары:

  1. Алла Тағаланың бұйырғанын орындау және Оған жақындау мақсатымен ұстауға ниет ету. Өйткені, Пайғамба, (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) .: «Әр іс ниетімен бағаланады», деген.

  2. Таң жиегі сөгілгеннен күн батқанша барлық оразаны бұзатын: ас-су ішу, темекі шегу, жыныстық қарым-қатынасқа түсу сияқты істерден тыйылу.

  3. Ораза ұстаушы балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс және ораза ұстауға мүмкіншілігі болуы керек.

  4. Әйел адамы үшін етек кірінен және босанғаннан кейінгі қанынан таза болуы. (Осы жағдайлармен немесе ауру мәселесімен Рамадан аиында ораза ұстамаған мұсылман, оразаның қазасын басқа айларда өтейді)


Ораза кезіндегі іс-әрекеттер:

  1. Ауыз ашатын уақытты созбай күн батысымен ауыз ашқан жақсы.

  2. Ауызды құрма жеп немесе су ішіп ашқан жақсы.

Ауыз ашарда Алладан сұрап дұға оқыған жақсы. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., былай сұраған: «Шөл басылып тамырлар нәр алды және Аллаһ қаласа сауп та жазылды».



Зәһәбәз-зәмәу уәб-тәлләтиль-ъуруқу, уәсә-бәтәль-ажру инша-Ллаһу.

  1. Ораза ұстау ниетімен сәресін ішу.

Аллаһ ризалығы үшін Құран Кәримді, діни кітаптарды көп оқып рухани тазалыққа ұмтылу.

  1. Әдеп сақтау. Егер сізді біреу ұрысса, оған: «Менің аузым ораза, менің аузым ораза», деу керек. Пайғамбар(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер адам ораза кезінде, өтірік сөзін, надандығын және сол сияқты жаман істерін қоймаса, Аллаға оның тамақ-су ішпегенінің керегі жоқ»,- деген.

  2. Басқа мұсылманның ауыз ашуына жәрдем жасау. Пайғамбар(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Кімде - кім ораза ұстаушыға көмектессе, ол ораза ұстаушының сауабындай сауап табады және ораза ұстаушының сауабын кемітпейді.»



Оразаны бұзатын әрекеттер:

1)Біле тұра күндіз тамақ жеу және су ішу; 2) Жыныстық қарым-қатынас жасау; 3) Әдейілеп құсу; 4) Ішек тазалау ниетімен клизма жасау және қуаттандыратын укол салу; 5) Етеккір немесе туар кездегі қанның келуі; 6) Біле тұра жыныстық сұйық шығару.


Оразаны бұзбайтын әрекеттер:

Ұмытып кетіп ішіп - жеу. Пайғамбар(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Кімде-кім ораза екенін ұмытып ішіп - жесе, демек оны Алла тамақтандырды, одан оның оразасы бұзылмайды.»

Ұйықтап жатып жыныстық сұйықтың шығуы (күндіз болса да), жатқан бойы сәресіне тұра алмай таң атыру, ойламаған жерден тамаққа, мұрынға шаң - тозаң, түтін кіру сияқты жағдайлар да оразаны бұзбайды. Алла Тағала Өзінің кітабы Құран Кәримде былай деді: «…оны олардың жүректері қаламаған.»


Пітір садақасы
Мүмкіншілігі бар әр-бір мұсылман Рамадан айының соңында айт намазынан бұрын кедей кепшіктерге пітір садақасын беруге міндетті. Пайғамбар(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) : «Пітір садақасын бір саъ тағам көлемінде төлеңдер», - деген. Бір саъ - орта жастағы ер кісінің алақанымен санағанда төрт қос уыс көлеміне тең. Бір саъ көлемі бидаймен санағанда орта есеппен 2,5 кг. бидайға тең. Пітір садақасын жергілікті қолданылатын негізгі тағам түрімен берілсе болады. Біздің елімізде көбінесе бидайдың құнымен беріледі. Еліміздің әр түкпірінде бидайдың құны әр-түрлі болғандықтан пітір садақасы да жергілікті имамдардың келісімімен бекітілгендіктен әртүрлі болуы мүмкін.

ЗЕКЕТ

Аллаһ Тағала Өзінің кітабы Құранда былай деді: «Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ кім Аллаһқа, Ақірет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге, малын жақсы көрсе де оны (сол жолда) жұмсаса әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар». «Бақара» сүресі, 177 аят.

Бай мұсылман жылына бір рет мал-мүліктің қырықтан бірін кедей - кембағалдарға беруі парыз – бұны зекет дейді. Қарызынан және тұрмыстық қажетінен тыс 85 грам алтыны немесе соның мөлшеріндей ақша, әшекей бұиымдар, малы (қырық ұсақ мал немесе отыз қара мал) бар - бай саналады.


ҚАЖЫЛЫҚ
Аллаһ Тағала Өзінің кітабы Құранда былай дейді: «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол. Онда ашық белгілер, Ибраһимның орны бар. Сондай-ақ кім оған кірсе, аман болады. Оның жолына шамасы келген кісілер, Аллаһ үшін Қағбаны зират ету (хаж қылу) керек. Ал кім қарсы келсе, Аллаһ барлық әлемнен бай. Әли Имран сүресі 96-97 аяттар.

Ержеткен, ақыл-есі дұрыс, күш қуаты толық әр бір бай мұсылман өмірінде, мұсылман ай жылнамасының он екінші Зул-хижжа айында Меккедегі Қағбаға баруы, оның төңірегіндегі қасиетті мекендерді аралап қайтуы – қажылық, деп аталады. Меккеде аль Масжид аль Харам, яғни қасиетті мешіт бар. Оның дәл ортасында төрт бұрышты ғимарат «Қағба» (текше-куб) бар. Қағба алтын әріптермен жазылған қара жібек матамен жабылған. Қағбаның оңтүстік батыс бұрышында Аллаһ Тағала Өзінің құдыреті мен шапағатын адамдарға білдіру үшін көктен түсірген «Қара тас» бар. Қағбаның жанында қасиетті қайнар бұлақ Зәм-зәм бар. Қажылық жасаған мұсылман ақ киім ихрамды оранып, қағбаны жеті рет айналады, сосын Сафа төбешігінен Маруа төбешегіне дейін көшені бойлап жүгіреді. Арафат тауына шығады. Содан соң мал сойып құрбандық шалады. Қажылық Құрбан айт мейрамымен аяқталады.



Н А М А З

Намаз – діннің тірегі, ғибадаттардың ең ұлысы. Аллаһ Тағаланың барлығын, бірлігін қабылдап, моиындағаннан кейін, құлшылық ету борышы ретінде бес уақыт намаз оқу әмір етілді. Бес уақыт намаз оқу, Мекеден Мединеге көштен (хижра) бір жарым жыл бұрын Меккеде парыз болған.



Аллаһ Тағала өзінің кітабы Құранда былай деді: «(Мұхаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз арсыздықтан, жамандықтан тыиады. Әрине Аллаһты еске алу аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Аллаһ не жасағандарыңды біледі.» «Ғанкабут» сүресі, 45 аят

«Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаға ауыр тиеді» «Бақара» сүресі, 45 аят.



Хабар бойынша, Абу Хурайра, Аллаһ оған разы болсын, ол былай деді: «Бірде Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдардан: “Айтыңдаршы, егер сендердің біреулеріңнің үйлеріңнің алдынан өзен ағып жатса, ал ол онда күніне бес реттен шомылса, осыдан кейін оның үстінде кір қалар ма еді?”, - деп сұрады. Олар: “Кірдің ізі де қалмас еді”, - деп жауап береді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ал бұл болса күніне бес рет оқылатын намаз сияқты, ол арқылы Аллаһ кішігірім күнәләрді жуады”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Хабар бойынша, Абу Хурайра, Аллаһ оған разы болсын, ол Аллаһтың елшісінің(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізді: «Күнделікті оқылған бес уақыт намаз және әр аптада оқылған жұма намазы, осылардың арасында жасалған кішігірім күнәләрдің кешірілуіне себеп болады, әрин егер олардың арасында ауыр күнәләр болмаса». Муслим.

Хабар бойынша, Осман бин Аффан, Аллаһ оған разы болсын, ол Аллаһтың елшісінің(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізді: «Парыз намаздың уақыты кірісімен дұрыстап дәрет алып, ал намаз кезінде дұрыс бой ұсынып және барлық бүгілуді (рукух) дұрыстап орындаса, бұл намаз кез-келген мұсылман үшін оған дейін жасалған күнәләрдің кешірілуіне себеп болады, әрине егер олардың ішінде ауыр күнәлірдің бірі болмаса болды, және бұл әруақытта солай болады». Муслим.

Сондай-ақ Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былй деген: «Ахіретте Аллаһтың құлының алғашқы есебі оның намазы жайлы болады, егер намазы жақсы болған болса, онда бүкіл ісінің жақсы болғаны, ал егер намазы жарамсыз олып шықса, онда бүкіл ісінің жарамсыз болып шыққаны. Ат-Табарани



ДӘРЕТ
Аллаһ Тағала Өзінің кітабы Құранда былай дейді: «Әй мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда,) жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар. (сипаңдар.) Және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды жуындар. Егер де жүніп болсаңдар, (бой дәретсіз болсаңдар,) толық тазаланыңдар (шомылыңдар). Егер науқас не сапар да болсаңдар немесе сендерден біреу түзге отырып келсе не әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар таза жерге тәяммүм соғыңдар, онымен беті-қолдарыңды сипаңдар. Өйткені, Аллаһ, сендерге ауыршылық қаламайды. Бірақ, сендерді тазартуды сондай-ақ шүкірлік етулерің үшін сендерге нығметтерін тамамдауды қалайды. «Мәидә» сүресі, 6 аятт.

Дәрет алу тәртібі:

1) Алдымен: «Бисмилләһ», деп Аллаһтың атын айтып дәрет алуға ниеттену. 2) Одан кеиін бет жуып ауыз және мұрын шаю. 3) Екі қолды білекпен қоса шынтаққа дейін жуу. 4) Су қолдармен бас пен құлақтарды сүрту. 5) Екі аяқты қызыл асықтарын қоса жуу. Ос істерден кейін: «Әшһаду ән лә иләһа илаллаһ уә әшһаду әннә Мұхаммадан абдуһу уә расуллуһ», деп айт. Осы айтылған тәртіппен дене мүшелерін тазалаған мұсылман тахарат алған болып саналады.

Хабар бойынша, Хумран Маула Османнан (Аллаһ оған разы болсын): «Осман (Аллаһ оған разы болсын) ыдыспен су әкеліңдер!»,- деп су алдырып ыдысты үш мәрте еңкейтіп, қолына су құйып қолын жуды. Сосын оң қолымен ыдыстың ішінен  су алып, үш рет аузын, мұрнын шайды, үш рет бетін жуды, сосын екі қолдарын шынтақтарына дейін үш рет жуды. Кейін басына масих тартты. Одан соң аяқтарын тобыққа дейін үш рет жуды да: «Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мына мен көрсеткендей дәрет алып, содан соң  басқа нәрселерді ойламай, екі рәкат намаз оқыса, оның өткен күнәлары кешірілер»,- деп айтқан»,- деді. Аль-Бухари.
Дәретті бұзатын іс-әрекеттер

1) Адамның ұятты жерлерінен зәр, қақ не жел шықса; 2) Жатып немесе бір жерге сүйеніп отырып ұйықтаса; 3) Талып қалса, мас болса; 4) Ұятты жерлерін қолымен ұстаса. 5) Мәйітті жуса 6) Ислам дінінен шықса – бұдан бізді Аллаһтың Өзі сақтасын.
Дәрет бұзылған жағдайда дәрет алмай намаз оқуға, қасиетті кітап Құран Кәримді ұстауға, мешітке кіруге болмайды.

Ғұсыл (немесе бой дәрет)

Ғұсыл арабшадан жуыну, суға түсу, шомылу деген мағына береді. Ғұсыл алғанда дененің су тимеген жері қалмауы тиіс.



Бой дәрет (ғұсыл) алуды қажет ететін жағдайлар:

1) Ислам дінін жаңа қабылдаған адам. 2) Әйелдердің туыт мезгілі және етеккір мезгілі біткеннен кейін; 3) Ер мен әйелдің жыныстық қатынаста болуынан кеиін; 4) Ұйықтап жатқанда немесе ояу кезінде жыныстық сұйық келген болса.

Бой дәрет алу тәртібі:

1) Алдымен: «Бисмилләһ», деп Аллаһтың атын айтып бой дәрет алуға ниеттену. 2) Екі қолды жуғаннан кейін, бүтін денемен бірге кедергілік жасайтын ластық болса жуылып, тазаланады. Денеде су тимеген жер қалмау тиісті. 3) Ауызға су ұрттап тамаққа дейін шалқалап шайылады және кеңсірікке деиін су жүгіртіп мұрын тазаланады
Таяммум

Су болмаған жағдайда, дененің белгілі орындарына таза топырақпен мәсіх тарту арқылы дәрет және ғұсыл алудың ырымын жасау «Таяммум», деп аталады.

Дәретті таяуммум арқылы алуға рұқсат етілетін жағдайлар:1) Дәрет алуға су болмаса; 2) Су бар болған жерде қауып қатер болса; 3) Су қолданған кезде науқастанып қалудан қорықса; 4) Су ас- судан артылмаса.

Осы айтылған жағдайларда дәрет және ғұсыл орнына таяммум алынады.



Таяммумның орындалуы:

1) Алдымен: «Бисмилләһ», деп Аллаһтың атын айтып таяммум алуға ниеттену. 2) Саусақтар ашылып екі алақан таза топыраққа немесе топырақ жынысына қалыптасқан заттарға сүртіп сосын сілкінеді; осы әрекеттерден соң бет толық сипалады. 3) Екі қолмен және топырақ сипалып бірінші оң қол білегімен қоса сол қолмен сипалады сосын сол қол білегімен қоса оң қолмен сипалады. 4) «Әшһаду ән лә илаһа илаллаһ уә әшһаду әнна Мухаммадан абдуһу уа расуллуһ», деп таяммум аяқталады.

Егер таяммум жасаған соң су табылса дәрет толық алынады.


Намаз мерзімдері

  1. Таң намазы – күн шығыс жақ ағараңдағаннан бастап күн шыққанға дейінгі уақыт аралығында оқылады.

  2. Бесін (түс) намазы – күн аспан төрінен (дәл төбеден) қисайғаннан бастап күн батуға тақалған уақытқа дейін оқылады.

  3. Екінді (намаздыгер) намазы – күн батуға тақалған кезден бастап күн батқанша оқылады.

  4. Ақшам (намазшам) намазы – күн батқан бойдан ымырт үйірілгенше (қызыл шапақ кеткенше) оқылады.

  5. Құптан (түн) намазы – ымырт үйірілгеннен бастап түннің ортасына дейін жалғасады.



Хабар бойынша, Абдулла ибн Амр, Аллаһ оған разы болсын, пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., былай деп айтқанын жеткізді:

«Бесін намазының уақыты күн тас төбеден (сәске түстен) өте кіреді де екінті намазының уақыты кіргенше (болады), яғни адамның көлеңкесі өзінің (бойымен) теңелгенше жалғасады. Екінті намазының уақыты күн сарғайғанша тұрады. Ақшам намазының уақыты кешкі шапақ жоғалғанша созылады. Құптан намазының уақыты түннің ортасына дейінгі аралық, ал таң намазының уақыты таң сәріден күн шыққанша». Муслим.

Бұл хадистегі екінті намазының уақыты адам көлеңкесінің өзінің бойымен теңелгенше жалғасады, деген тәртібі Мекке өңірінде қолданылады, өйткені ол өңірде түс уақытында күн тас төбеде тұрады да заттың көлеңкесінің ұзындығы болмайды. Сондықтан біздің өңірде екінді намазының уақыты адамның көлеңкесінің түс уақытындағы ең қысқа ұзындығына адамның өзінің бойының ұзындығы қосылған уақытқа дейінгі аралық болады. Ал бәрін жақсы білуші бір Аллаһ қана.

Құбыла

Құбыла – мұсылмандардың намаз оқығанда бет бұратын жағы, арабтың «қибла» деген сөзінен шыққан. Алғашында пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларымен Иерусалимге қарап намаз оқыған, сосын Алла Тағаланың әмірімен мұсылмандар Сауд Арабиясяның Мекке қаласындағы қасиетті «Қағбаға» бет бұрып намаз оқиды. Сонымен қатар мұсылманды жерлегенде жүзін құбылаға қаратады. Барлық мешіттердің ішінде михраб, яғни намаз оқитындардың құбылаға қарай бет бұратын жағын көрсететін қуыс болады. Мұсылман мешіттен тысқары жерде намаз оқыса, алдымен құбыланы анықтап алуы керек. Мұсылман адам тұманды күнде қою қараңғы түнде, не тағы басқа себептермен құбыла жақты анықтай алмаса, құбыланы жорамалдап намаз оқуға болады. Намаз оқып тұрғанда құбыла дегені теріс болып шықса, дұрыс жағына бұрылып намазды одан әрі жалғастырып оқи берсе болады.



Азан және Қамат

Азан – салауатты мұсылман үшін намаз уақытының болғандығын хабарлау. Бір мешітте айтылған намаз сол мешіттің ішіндегі және азаншының даусын естіген басқа жердегі барлық мұсылманға жеткілікті. Азан айту парыз емес. Азан айту сауапты іс. Азан жоғары дауыспен былай оқылады:

Аллаһу акбар (4 рет), Әшһаду ән лә иләһа илла Ллаһ (2 рет), Әшһаду әннә Мұхаммадан расулуллаһ (2 рет), Хаййа ъала-с-сола (2 рет), Хаййа ъалал фалах (2 рет), Аллаһу акбар (2 рет), Лә иләһә илла Ллаһ.

Мағынасы: Аллаһ ұлы, Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне куә боламын, Мұхаммад Аллаһтың елшісі екеніне куә боламын, намазға жығылыңдар, құтқару жолына асығыңдар, Аллаһ ұлы, Аллаһтан басқа құдай жоқ.

Азаншы таң намазына шақырғанда екінші рет «хаййа ъалал фалах», деген сөздерінен кейін «ас-солату хайрун мин-ан-наум», - деп екі рет айтады.(мағынасы: намаз ұйқыдан қайырлы)

Қамат – намазға тұру деген сөз. Азаншы азан шақырғаннан кейін біраз үзіліс жасайды. Бұл уақытта мұсылман намаз оқу алдындағы шарттарды орындайды (парыз намаз алдындағы сүннәт намаздары немесе дұға жасап Аллаһқа жалбарынады) Сосын азаншы қамат оқиды. Қаматтың сөздері азан сөздерімен бірдей, тек қана «хаййа ъалал-фалах», деп екінші рет айтқан соң екі рет «қад қома-тис-сола», деп айтылады.

Қамат, парыз намаздарының алдында айтылады. Қамат айту міндет.





Намаз оқу тәртібі

1) Жайнамаз үстінде тік тұрып намаз оқуға ниет ет. Екі қолыңды құлақ деңгейге деиін көтеріп «Аллаһу акбар», - деп такбір айт. (1-сурет)

2) Екі қолыңды төмен түсіріп, оң қолды сол қолдың үстіне қойып кіндік түсында ұстап тұру қажет (2-сурет). Осы күйде тұрып намаз
ашар дұға оқы: «Субханака Аллаһумма уа бихамдик уа табара касмук уа таъала жаддук уалә илаһа ғейрук» (Иә Аллаһ, бар мақтауда Саған бағыштадық Саған шүкіршілік етеміз, есімің мүбәрәк

болсын ұлылығың арта түссін, Сенен басқа құдай жоқ) Дұғаны аяқтаған соң: «Аъузу билаһи минаш-шайтонир-ражиим» (Ий Аллаһ, әзәзіл шайтанның арбауынан сақта), - деп айт. Одан кейін «Фатиха» сүресін содан соң қысқа сүрелердің біреуін оқы. Сүрелер осы кітапшаның соңында келтірілген.



3) Қысқа сүрені оқып болған соң екі қолды түсіріп «Аллаһу акбар», - деп такбір айт. Одан кейін еңкейіп тізелерге қолдарды қойып, төмен алдыңдағы жерге қарап, «Субхана Роббил азым» (барлық мақтау зор мәртебелі Иеме), деп үш рет айт. Арабтар мұны «рукух», дейді. (3-сурет)

4) Бойыңды түзеп: «Сами Аллаһу лиман хамидаһ» (Кім Аллаһты мақтаса, Аллаһ оны тыңдайды), - деп айт. (4-сурет)

5) «Аллаһу акбар», деп такбір айтып, сәждеге басыңды сал да, «Субхана Роббил аъла» (Барлық мақтау – Жағары Мәртебелі Иеме), - деп үш мәрте айт. Сәждеге бас салу деп, алдымен жайнамазға екі тізе, сосын екі қол жайғасып, олардың ортасына маңдай мен мұрынды тигізуді айтамыз. (5-сурет)

6) Басыңды жайнамаздан көтеріп жатып, «Аллаһу акбар», деп айт. Дененің салмағын сол аяққа түсіре отыр (6 –сурет). «Аллаһу акбар», деп тағы да сәждеге бас қоиып, «Субхана Роббил аъла», деп үш рет айт. Осымен бірінші рәкәт бітеді.

7) Екінші рәкәтты алғашқы рәкәттағыдай «Аллаһу акбар», деп такбір айтып баста (1-сурет). Сосын бірден «Фатиха» сүресін және бір кіші сүрені оқы. Бірінші рәкәттағыдай рукух (3-сурет) және сәжде (5-сурет) жаса . Екінші сәжде жасап болған соң тұрып кетпей дененің салмағын сол аяққа түсіре отырып (6-сурет) «Ат-тахият» дұғасын оқы (кітапшада келтірілген). Егер намаз үш немсе төрт рәкәттан тұрса, онда «Ат-тахиат» дұғасын оқып болған соң қайтадан тұрып жаңа рәкәтты баста (1-6 суреттер). «Ат-тахиат» дұғасы әр екі рәкәт сайын оқылады.Егер намаз төрт рәкәттан тұрса, екі рет «Ат-тахиат» дұғасы екінші және төртінші рәкәттан соң оқылады, егер сегіз рәкәттан тұрса, онда төрт рет «Ат-тахиат» дұғасы оқылады яғни екінші, төртінші, алтыншы және сегізінші рәкәттардан соң. Ал егер намаз рәкәттары тақ болса онда соңғы рәкәттан соң «Ат-тахиат» дұғасы оқылады. Мысалы, егер намаз үш рәкәттан болса екі рет «Ат-тахиат» дұғасы екінші және үшінші

рәкәттан соң оқылады, неге десеңіз намаздың соңғы рәкәтында «Ат-тахиат» дұғасы оқылуы міндетті.



8) Ең соңғы рәкәттың «Ат-тахиат» дұғасы оқылып болған соң «Ибраһим» дұғасын (кітапшада берілген) оқы. Сосын басыңды бірінші оң жақ иығыңа қарап, сосын сол жақ иығыңа қарап «Ассәләму әлейкум уа рахматуллаһ» (Сіздерге амандық пен Алланың рахметін тілеймін), деп екі рет сәлем бер.

9) Сосын: «Астағфиру-Ллаһ (3-рет), Аллаһумма, Анта-с-Саляму уа мин-кя-с-саляму, табаракта, иа За-ль-жаляли уаль-икрами!», деп айтыңыз. НАМАЗЫҢЫЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН !
Намаз рәкәттары
Намаз бірнеше рәкәттардан тұрады. Рәкәт арабтың сөзі – намаз оқығанда тізе бүгіп тәжім ету, сәлем беру, бас іию немесе намаздың белгілі бөлімі деген мағына береді. Намаз үш түрлі ниетпен оқылады. 1. Парыз намаз, 2. Сүннәт намаз, 3. Нәфіл намаз.

Парыз намаздарын Аллаһ Тағала бізге оқыңдар, деп парыздаған намаздары. Парыз намаздарын орындамаған мұсылман Аллаһтың әмірін орындамаған болып үлкен күнәға батады, ал егер пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) .:”мұсылман мен мұсылман еместің айырмашылығы намаз”, деген сөздерін еске алсақ, онда намаз оқымау үлкен күнәдән да ауыр болуы мүмкін, ал Аллаһ бұл жайлы жақсырақ біледі.

Сүннәт намаздары барлық сүннәт амалдары секілді құлшылық етудің ең үлкен үлгісі пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) , Аллаһ Тағала бұйырмаса да өз еркімен Алла Тағалаға жақындай түсу ниетімен орындаған намаздары. Біз де пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) . үлгісімен сүннәт намаздарын орындаймыз. Сүннәт намаздары парыз емес, сондықтан орындамаған күнә емес, ал орындаған Аллаһ жазса үлкен сауапқа батады (амин).

Нәфіл намазы барлық нәфіл амалдары секілді Аллаһ Тағала орында деп бұйырмаған, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орындамаған мұсылман баласының Аллаһ ризалығы үшін жанынан қосымша орындаған намазы. Нәфіл орындамаған күнәкәр болмайды.

Әр бір бес уақыт намазда парыз, сүннәт намаздары орындалады, және өз қалауыңыз бойынша нәфіл намаздарын орындаса болады. Нәфіл намаздарынан басқа барлық намазда рәкәт сандары белгілінген. Мысалы, таң намазында алдымен екі рәкәт сүннәт сосын екі рәкәт парыз намаздары орындалады.

Барлық намаздың (сүннәт не парыз болсын) оқылу шарты бір, айырмашылық тек ниет еткеніңізде. Мысалы: «Аллаһ ризалығы үшін таң намазының екі рәкәт сүннәтін орындауға ниет еттім», деп іштей ниет етіп таң намазының сүннәтін орындауға кірісесіз, немесе «Аллаһ ризалығы үшін таң намазының екі рәкәт парызын орындауға ниет еттім», деп іштей ниеттеніп таң намазының парызын орындауға кірісесіз.




Намаз

Алдыңғы сүннәт рәкәт саны

Парыз

Соңғы сүннәт рәкәт саны

Таң

2

2




Бесін

2

4

2

Екінді




4




Ақшам




3

2

Құптан




4

2 (3 үтір)

Үтір намазы уәжіп (міндетті) амалдар қатарына жатады. Үтір намазын көбінше құптан намазынан кейін оқиды, негізінде бұл намазды түннің екінші бөлігінде оқыған жақсы, неге десеңіз пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) . сол уақытта оқыған. Үтір намазы парыз емес. Үтір намазы үш рәкәттан тұрады. Үшінші рәкәттың оқылуы басқа намаздардан айырмашылығы бар. Үшінші рәкәтта фатихадан кейін. «Аллаһу акбар», деп тәкбір айтылып қайтадан қолдар байланып «Құныт» дұғасы оқылады. «Құныт» дұғасы оқылып болған соң, барлық намаздағыдай рукуғ, сәжде жасалып намаз «Ат-Тахиат», «Ибраһим» дұғалары оқылып екі иыққа сәлем берумен аяқталады.



Құран мен сүннетке негізделген намаз оқу

кезіндегі бой ұсыну және жалбарыну.
1 – Намазға дайындық. Азаншының азан аитқандағы сөздерін қайталап намаз оқыр алдында намаз оқитын орынды, киімді тазалап: “Қазыр Аллаһ Тағаланың алдында намаз оқимын”, деп рухани дайындалу. Намазда әйел баласы беті, екі қолы білегіне дейін, екі аяғы тобыққа дейін жабық болуы шарт, ал ер адам үшін кіндік пен тізенің арасы жабық болуы шарт.

2 – Намазды асықпай орындау. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., намазда әр қимылын әр сүйегі орын-орнына келгенше асықпай орындаған, деп хадистерде айтылады.

3 – Намаз үстінде өлім туралы ойлану. Неге десеңіз Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., былай айтқан: “Намазға кірісерде, өмірмен қоштасатын адамдай намаз орында” (имам Ахмад және ибн Маджаның риуаятынан)

4 – Намазда оқып жатқан аяттардың және айтылып жатқан әр сөздің мағынасына көңіл бөлу. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., айтқан: “Имам “Амин”, дегенде сендерде оны қайталаңдар, кімде-кім бұны періштелермен бір уақытта айтса оның өткен күнәләрі кешіріледі”. (Аль Бухари және Муслим)

Біздің өңірде аминді құпия түрде іштей қаиталайды. Және имамның: “Сами Аллаһу лиман хамидаһ” (Алла кім Оны мақтаса соны тыңдайды), деген сөзіне: “Рабана уәләкәлхамду” (Раббым Саған мақтау!), деп жауап беру үлкен сауаб.



5 – Құранды мәнерлеп және әдемілеп оқу. Бұлай істейтініміз Аллаһ Тағала: “… және Құранды мәнерлеп оқы”, деді. Және пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., былай деген: “Құранды дауыстарыңмен әдемілеңдер” (Абу Дауд руаяты боинша)

6 – Намаз үстінде Алла Тағала адамға жауап беретінін білу керек. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., былай айтқан: «Ұлы Аллаһ Тағала айтты: «Мен намазды құлым мен Өзімнің арамда қаққа бөлдім, және құлыма оның сұрағаны беріледі. Егер құл: «Мақтау бүкіл әлемнің Раббына…» («Фатиха»,2), десе – Аллаһ: «Құлым Маған мақтау айтты», дейді. Және құл: «Қамқор,Мейірімді» («Фатиха»,3), десе – «Құлым мені мадақтады», дейді. Және ол: «Қиямет күнінің Иесіне» («Фатиха»,4) - Аллаһ: «Құлым Мені жоғары көтеріп мақтады», дейді. Және ол: «Саған ғана құлшылық етеміз және Сенен ғана жәрдем сұраймыз», («Фатиха»,5) десе – Аллаһ: «Бұл Менің құлым мен Менің арамда (қаққа бөлінеді), және Менің құлыма сұрағаны беріледі», дейді. Егер және де ол:«Бізді тура жолға сала көр! Нығметке бөленгендіргендеріңнің жолына, Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес» («Фатиха»,6-7), десе – Аллаһ: «Бұл – Менің құлыма, және Менің құлымның сұрағаны болады», дейді. (Ат-Тирмизи және Абу-Дауд риуаяттары боинша)

7 – Сәжде орнына қарау шарт. Айшаның, оған Аллаһ риза болсын, хабарлауы боиынша Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., намаз оқығанда басын еңкейтіп жерге қарап тұратын, ал ат-тахаттың сөздерін аиту үшін отырғанда оң қолының саусақтарына қарайтын.

8 – Намазды бір кедергінің жанында оқу. Кедергі адамды алысқа қараудан, онда не болып жатқанын көруден тияды және адамдардың алдынан өтуіне мүмкіншілік болмайды. Көптеген хадистерге жүгінетін болсақ намаз оқушы мен кедергінің арасы тұрып тұрғанда үш білек болса, сәжде уақытында бір білек болу керек.

9 – Аллаһтан шайтанның арбауынан көмек сұрау керек. Бірде Абу-ль-Астың былай айтқаны келтіріледі: «Иә Аллаһтың елшісі, шын мәнінде шайтан маған намаз оқуыма және Құран оқуыма шатастырып кедергі жасайды» Оған Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) .: «Ол Хинзаб деген шайтан, егер сен оны сезсең, онда Аллаһқа сиынып көмек сұра да, сол жағыңа үш рет түкір», деп жауап берді. Ол: «Мен солай істедім, сосын Аллаһ оны менен алыстатты», - деді. (Муслим риуаяты бойынша)

10 – Өткен ұрпақтың қалай намаз оқығандығы жайлы ойлану. Мысалыға, Ибн аз-Зубайр намаз оқығанда бой ұсынғаны соншалық ол бір ағаш секілді болатын, делінсе, бірде Маслама бин Башшар мешітте намаз оқып жатып қабырғаның жартысы құлағанда, халық орындарынан атып тұрыпты, ал оның оны байқамай намазын оқи бергендігі айтылады. Және кейбір адамдардың намаз үстінде Аллаһ Тағаланы ойлағаннан түрлері өзгеріп бозаратын болған немесе біреулері жерге тастаған киімдей болса, енді бірі жанында кім тұрғанын байқамаған да, делінеді.

11 – Бой ұсынып намаз оқудың ерекшеліктерін білу. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., былай айтқан: «Егер де ислам дініндегі кез келген адам, парыз намазының уақыты кірісімен дұрыстап дәрет алса, дұрыстап бой ұсынып керегіндей рукух, сәжде етсе, егер оның кешірілмейтін күнәсі болмаса, бұл оның өткен күнәләрінің кешіруліне себеп болады, және әрдаиым солай болады.» (Муслим риуаяты бойынша)

12 – Намаз үстінде әсіресе сәжде уақытында Аллаһқа ерекше жалбарыну. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., былай айтқан: «Құл Раббына сәжде уақытында өте жақын, демек Оған осы уақытта көбірек жалбарыныңдар»

13 – Жамағатпен мешітте намаз оқу намаздың сауабын арттырады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., былай айтқан «Жамағатпен оқылған намаз, үйде немесе базарда оқылған намаздан жиырма бес саты жоғары оның себебі, ол дұрыстап дәрет алды, одан соң ол мешітте намаз оқу үшін ғана үйінен шықты, бұндай жағдайда оның әр басқан

қадамы үшін бір саты көтеріледі және одан бір кішкене күнәләрдан кешіріледі, ал намазға кіріскен кезде, періштелер: «Иә Аллаһ, кешір оны, иә Аллаһ, жарылқа оны!», деп тоқтамай ол үшін жалбарынады, және кезкелгеніңнің дұғаларың келесі намаз басталғанын күткенше созылады. (Аль Бухари және Муслим риуаяттары боиынша)



14 – Қосымша намаздар. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., былай айтқан: «Сендерден біреулерің мешітке кірсеңдер, екі рәкәт намаз оқымай отырмасын» (Муслим)

Рамадан аиында түнде сегізден жиырма рәкәт аралығында «Тарауық» намазы орындалады. Бұл намаз жайлы пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) , былай деген: «Кім Рамадан кезінде Аллаһтың сыйынан үміттеніп әрі сеніп намаз оқыса оның өткен күнәләрі кешіріледі» (Аль Бухари және Муслим риуаяттары боиынша)

Абу Зар, онымен Алла риза болсын, пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., былай деген сөздерін естіген:«Әр күні әр қайсыңа денелеріңде неше буын болса сонша садақа берулерің керек. Әр айтқан:«Субхана-Ллаһ» садақа, және әр айтқан «Әль-хамду ли-Лляһ» садақа, «Ля илаһа илля-Ллаһ» садақа және әр айтқан:«Аллаһу акбар», сондай-ақ сауабты іске ұмтылдыру садақа және күнәлі істерден сақтау садақа, бірақ бұның бәрін таң ертеңгі қосымша өз еркімен оқылған екі рәкәт намаз ауыстырады.» (имам Муслим риуаяты боиынша)

Бұл намаз «ад-духа» деп аталады. Намаздың орындалатын уақыты таңертең күн найзадай көтерілгеннен бастап түс аспан төріне жеткенше (тал түсте намаз оқуға болмайды).

Жабир, оған Алла риза болсын, пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ., былай деген сөздерін естіген: «Шын мәнінде, түнде бір уақыт бар, егер мұсылман сол уақытта Аллаһқа жалбарынса, онда Аллаһ Тағала әлбетте оған бұл дүниенің не о дүниенің кез-келген жақсылығын береді, және бұл (уақыт) әр түнде болады» (Муслим риуаят еткен)

Сахль бин Сағд, оған Аллаһ риза болсын, былай дегені хабарланады: «Бірде Жәбіреиіл пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Я Мұхаммад! Қанша өмір сүргің келсе сонша өмір сүр, бірақ шын мәнінде өлесің, не қаласаң соны істі, бірақ, ол үшін сұраласың, кімді жақсы көрсең де еріктісің, бірақ, шын мінінде онымен қоштасасың, және біл, мұсылманның бетке тұтары (мақтанышы), түнгі (түн ортасында ұйқыдан оянып оқыған) намазы, оның күші – адамдарға мұқтаж болмауы», деді. (Табари риуаяты бойынша)



«Ат-тахиат»

Ат-тахиату лильлаhи уа-с-салауату уат-таибат ассаламу ъалейка айюhан-набиу уа рахматуллаhи уа баракатуh. Ас-саламу ъалейна уа ъала ибадиль-лаһи-с-солиһин. «ашhаду ал ла илаhа иллаллаh уа ашhаду ан-на Мухаммадан ъабдуhу уа расуулуh»



Мағынасы: Жаратқан Ием, Саған тағзым етемін, игілікті істер мен дұғаларымды бағыштаймын. Иә, пайғамбар, саған тыныштық тілеймін, саған Аллаһтың рахымы мен берекеті жаусын. Бізге және Аллаһтың салихалы құлдарына тыныштық болсын. «Мен Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне куә боламын және Мұхаммад оның құлы әрі елшісі екеніне куә боламын.»

«Ибраһим»

Аллаhумма солли ъала Мухаммадин уа ъала али Мухаммад, кама солеита ъала Ибраhима уа ъала али Ибраhим. Иннака хамидуммажид.

Аллаhумма барик ъала Мухаммадин уа ъала али Мухаммад, кама баракта ъала Ибраhима уа ъала али Ибраhим. Иннака хамидуммажид

Мағынасы: Иә Аллаһ! Ибраһимге және ұрпақтарына рахым еткеніңдей, Мұхаммадқа және Мұхаммадтың ұрпақтарына да рахым ет. Шын мәнінде сен аса мақтаулы әрі жоғарсың !

Иә Аллаһ! Ибраһимді және ұрпақтарын мүбәрәк еткеніңдей, Мұхаммадтың және Мұхаммадтың ұрпақтарын да мүбәрәк ет. Шын мәнінде сен аса мақтаулы әрі жоғарсың !



«Құныт»

Аллаһумма иннә настаъинүкә уә настаъфирукә уә нәстәһдик уә нүминү бикә уә нәтубү иләикә уәнә тәуәккәлү ъалайкә уәнүсни ъәләйкәл хайра кулләһһу нәшкүррүкә уәлә нәкфүррұкә унәхләәъу уәнәтрүкү мән иаф жұрүк.

Аллаһумма ииака наъбуду уа ләкә нусоллии уа насжуду уа илаика насъа уа нахфидунаржуу рахматака уа нахша ғазаабака инна ъазабака

Мағынасы: Иә Аллаһ! Біз Сенен жәрдем тілейміз. Күнәләрімізді кешіп, дұрыс жолға салуды тілейміз. Саған иман етеміз. Тәубе етіп қайта Саған барамыз. Саған тәуекел етеміз. Сені жақсылап мақтаймыз. Барлық қайырлар Сенде ғана. Берген мұнша нығметтеріңе шүкір етеміз. Саған қарсы болмаймыз. Саған қарсы болғандардан аулақ болып араны ашамыз.

Иә Аллаһ! Саған құлшылық қыламыз жалғыз Сен үшін намаз оқимыз. Саған сәжде етеміз. Саған асыға жүгіреміз. Рахымыңнан үміт етіп, көп болуын тілейміз. Азабыңнан қорқамыз. Шын мәнінде азабың кәпірлерге тиеді.



«Фатиха »

Бисмилляhир-Рахманир-Рахиим (1) Альхамду лилляhи Роббиль ъалямиин (2) Ар-рахманир-Рахиим (3) Мәлики-йяу-миддин (4) Ийяка наъбуду уа ийяка настаъиин (5) Иhдинас-сыроотоль мустақыим (6) Ссыротоль-лязина анъамта ъаляйhим ғойриль мағдууби ъаляйhим-уаляд-дооллиин (7) Амин.



Мағынасы: Бастадым Аллаһтың атымен Қамқор, Мейірімді (1) Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаһқа тән (2) Қамқор Мейірімді (3) Қиямет Күнінің Иесі (4) Саған ғана құлшылық етеміз, әрі Сенен ғана жәрдем сұраймыз (5) Бізді тура жолға сала көр (6) Нығметке бөлендіргендеріңнің жолына, Ашуыңа ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес (7) Амиин.
«Каусар»

Бисмилляhир-Рахманир-Рахиим. Иннаа аътойнаа кал-каусар (1) Фасолли лироббика уа анхар (2) Инна шаани яка hуаль абтар (3)



Мағынасы: Бастадым Аллһтың атымен Қамқор, Мейірімді. (Мұхаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ) Шын мәнінде саған Каусарды бердік (1) Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал (2) Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады. (3)

«Ихлас»

Бисмилляhир-Рахманир-Рахиим. Қуль hуаллаhу ахад (1). Аллаhу ссомад (2). Лям ялид уа лям юляд (3) Уалям якуль-ляhу куфуан ахад (4).



Мағынасы: Бастадым Алла атымен Қамқор, Меиірімді. (Мұхаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға) айт: Ол Алла біреу-ақ (1) Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж.) (2). Ол, тумады да туылмады, әрі Оған ешкім тең емес (3)

«Фалақ»

Бисмиллаhир-Рахманир-Рахиим. Қуль аъуузу бироббиль фалақо(1) Миңң шарри ма холақо(2) Уамиңң шарри ғоосиқын изаа уақаб (3) Уамиңң шаррин-наф-фаа-саа-тифиил ъ-уқад (4) Уамиңң шарри хаасидин изаа хасад (5).



Мағынасы: Бастадым Аллаһтың атымен Қамқор, Меиірімді. (Мұхаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) .): «Таңның Раббына сиынамын (1) Жаратқан нәрселеріңнің кесірінен (2) Қараңғылық басқан сәтте түннің кесірінен (3) Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен (4) Күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте (сыйынамын)»,-де. (5)
«Нас»

Бисмиллаhир-Рахманир-Рахиим. Қуль аъуузу биробин-наас (1) Маликин-наас (2) Илааhин-наас (3) Миңң шаррил уас-уасиль-хон-наас (4) альлязии юас-уи-суфии судуурин-наас (5) Миналь жиннати уан-наас (6)



Мағынасы: Бастадым Аллаһтың атымен Қамқор, Мейірімді. Адамдардың Раббына (1) Адамдардың Иесіне (2) Адамдардың Тәңіріне (3) Сыбырлап азғырушылардың кесірінен (4) Сондай адамдардың көкейлеріне салатын (5) Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын сиынамын (6).
www.kz.islamic.kz сайтының редакциясы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет