Банк салымына қосылу шарты
-
Жалпы ережелер
-
Осы Банк салымы шарты (мәтін бойынша бұдан әрі - Шарт)«Астана-финанс» Банкі АҚ-да (бұдан әрі – Банк) әр түрлі валютада, ұлттық, сондай-ақ шетелдік валютада жинақтау шотын (бұдан әрі - Шот) ашудың және оларға осы Шартта белгіленген тәртіпте ақша салудың (бұдан әрі - Салым) стандартты талаптарын айқындайды. Салым талаптарын Банктің уәкілетті органы бекітеді және Интернет желісінде www.baf.kz мекенжайы бойынша Банктің ресми веб-сайтында және Банктің Бөлімшелерінде жарияланады.
-
Шарт Салымшы қолы қойылған Шот ашу туралы және Банк салымы шартына қосылу Өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) бергеннен кейін және оны Банктің уәкілетті қызметкері қолымен және мөртабанмен бекіткеннен кейін жасалды деп саналады. Өтініші бірдей заң күші бар 2 (екі) данада қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Бір данасы Банкте қалады, екіншісі Салымшыға беріледі.
-
Салымшы Өтінішке қол қоя отырып, Салымды орналастырудың барлық талаптарын қабылдайды және осы Шартқа қосылады, сондай-ақ Салымшы Шартты қандай да бір ескертусіз және қарсылықсыз толық көлемде алғанын, оқығанын, түсінгенін және қабылдағанын, осы Шарттың барлық ережелері Салымшының мүддесі мен еркіне толық сәйкес келетіндігін растайды.
-
Тараптардың қолы қойылған Өтініш Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
-
Осы Шартта және осы Шарт шеңберінде жасалған Өтініштерде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар келесілерді білдіреді:
-
Банк –«Астана-финанс» Банкі» АҚ, оның филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері;
-
Салым – Салымшының Шартта және Өтініште айқындалған талаптарда Шотқа салған ақшасы;
-
Салымшы – жасалған Шарт талаптарына сәйкес Банкте қызмет көрсетілетін, жеке тұлған Қазақстан Республикасының резиденті және/немесе бейрезидент;
-
Сыйақы – Салымшыға Өтініш талаптары бойынша айқындалған мөлшерде есептелетін және тиесілі Салымшы мүддесі;
-
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 тамыздағы № 137 қаулысымен бекітілген, Заемдар мен салымдар бойынша нақты, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелінген (нақты құны) сыйақы мөлшерлемесін есептеу ережелеріне сәйкес есептелінетін қызметтер бойынша нақты, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелінетін сыйақы мөлшерлемесі.
-
Сенім білдірілген тұлға –шотты ашу және (немесе) басқару құқығына Салымшы берген, нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде Салымшының Шот ашуы және/немесе оның Шоты бойынша операциялар өткізу кезінде Салымшының мүддесін білдіруге уәкілетті жеке тұлға. Заңнамаға сәйкес шот ашуға уәкілетті жеке тұлғаларға (ата-аналар және заңды өкілдер) сенімхат беру талап етілмейді.
-
Шарт – Салым орналастырудың стандартты талаптарын, Тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, Банк пен Салымшы арасындағы осы Шарт;
-
Өтініш – Шот ашу және Шартқа қосылу туралы өтініш, Банк белгілеген үлгілік нысан, онда ақша орналастырудың нақты талаптары, Салымшының деректері, Салымның түрі, бастапқы жарнаның сомасы, азайтылмайтын қалдықтың мөлшері, Шарттың жасалған күні, Шоттың валютасы, сыйақы мөлшері мен оның төлеу тәртібі, айырбастау талаптары, мерзімінен бұрын бұзу талаптары, осы Салым түріне арналған талапта көзделген Салым бойынша операция жүргізілгені үшін комиссия және Салымшы қол қоя отырып, Шарттың талаптарын қабылдайтынын растайтын Шарттың әрекет ету мерзімі көрсетіледі;
-
Код сөз – Шоттағы Салымды заңсыз беруден қосымша қорғау ретінде пайдаланылатын мәтіндік немесе сандық хабарлама;
-
Айырбастау бағамы – Банк айырбастау күніне белгілеген, мультивалюталық Салық бойынша соманы қолма-қолсыз айырбастау бағамы;
-
Азайтылмайтын қалдық – Өтінішке сәйсес Салымша Шарттың әрекет ету мерзімі бойында Шотта сақтауға міндетті Салым сомасы. Салым бойынша азайтылмайтын қалдық түрлі валюталардағы түрлі Шоттарда бірнеше сомамен берілуі мүмкін, оның бөліктеп алу күні есепке алу бағамы бойынша теңгемен есептелген жалпы сомасы Банк белгілеген азайтылмайтын қалдық сомасына сәйкес келеді;
-
Жоспарлы күн – Шарт жасалған айдың күні;
-
Төлем карточкасы (бұдан әрі ТК) – бұл Салымшы Банктен Шот ашу кезінде оның қалауы бойынша берілетін төлем карточкасын пайдаланумен жүзеге асырылған банк операцияларын көрсететін, сыйақы төлеуге арналған банк шоты;
-
Шарттың мерзімін ұзарту – Салымды орналастыру мерзімі аяқталғаннан кейін оны жаңа мерзімге орналастыру;
-
Жұмыс күні – Қазақстан Республикасындағы банктер операциялар жасайтын күнтізбелік күн (ресми демалыс және жұмыс емес мереке күндерінен басқа);
-
Шот – банкілік жинақтау шоты, Салымды және онымен жүргізілген операцияларды есепке алу мақсатында ашылған, Шарт талаптарына сәйкес Салымшыға банкте қызмет көрсетумен байланысты Салымды қабылдау және Банктің операция жасау бойынша Банк пен Салымшының арасындағы шарт қатынастарын көрсету тәсілі.
-
Тарап – Банк немесе Салымшы.
-
Тараптар – Банк және Салымшы.
-
Шарттың нысаны
-
Банк Салымшыға Шот ашады, ал Салымшы осы Шартта және Өтініште белгіленген сомада, мерзімге және талаптарда Салым орналастырады.
-
Салымшының Шот бойынша кәсіпкерлік, адвокаттық, жекеше нотариустық, сонымен бірге жекеше сот орындаушысы қызметтерін жүзеге асыруға байланысты операцияларды жүргізуіне рұқсат етілмейді. Шарттың осы тармағының ережелерін бұзу жауапкершілігін Салымшы алады (Банк Шоттың осындай қызметпен байланысты болуы мүмкін нұсқауларының орындалуына жауапкершілік алмайды).
-
Салымшыны сәйкестендіру мақсатында, Шоттағы ақшаны заңсыз беруден қосымша қорғау ретінде Банк «Код сөзді» пайдаланады.
-
Салымд иелене алады:
-
Салымшы;
-
Салымшының өкілдері – тиісті түрде рәсімделген сенімхат негізінде/ заңды өкілдер, қамқоршылар – олардың өкілеттігін растайтын құжаттар негізінде;
-
Салымшы қайтыс болған жағдайда – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заңды мұрагерлер.
-
Өтінішке қол қоя отырып, Салымшы Банкке шектеусіз: жинауды (жазуды), жинақтауды, сақтауды, өзгертуді (жаңартуды, нақтылауды), толықтыруды, жүйелеуді, пайдалануды, таратуды, дара биліктен айыруды, бұғаттауды, жоюды, трансшекаралық беруді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруды қоса алғанда Банктің өзінің дербес деректерін жинауына және өңдеуіне сөзсіз келісімін білдіреді.
Жинауға және өңдеуге жататын дербес деректер тізбесі: Салымшының анкеталық және өмірбаян деректері; паспорт деректері; тіркелген/тұратын жерінің мекенжайы; үй телефоны, сондай-ақ Салымшының Шартты орындауы үшін қажетті, Банкке табыстайтын құжаттарында қамтылған өзге де дербес деректер.
Осымен Салымшы қажет болған жағдайда дербес деректер, не болмаса дербес деректері қамтылған құжаттар Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңында көзделген негіздер бойынша; Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңында көрсетілген тұлғаларға және мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-әрекеттер туралы» Заңының талаптарына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын мемлекеттік органға; Банкке қатысты аудит жүргізу шеңберінде аудиторларға, Банк консультанттарын қоса алғанда және олармен шектелмей өзге де тұлғаларға берілуі мүмкін екенін мойындайды және растайды, осымен Салымшы дербес деректерді/дербес деректер қамтылған құжаттарды жоғарыда көрсетілген органдарға/тұлғаларға беру туралы қосымша келісімді алудың қажеттігі жоқ екеніне сөзсіз келіседі және растайды.
-
Салымшы көрсетілген ұялы телефон нөміріне және/немесе электронды мекенжайға банк қызметтері туралы ақпарат алуға өз келісімін білдіреді.
-
Салымды сақтандырар кезде, Салымшы салым бойынша банктік құпияны құрайтын ақпараттарды Банк арқылы осы сақтандыруды жүзеге асырушы Сақтандыру компаниясына ашуға өз келісімін береді.
-
Шарттың негізгі талаптары
-
Есеп айырысу үшін 360 күнге тең шартты жыл немесе 30 күнге тең шартты ай қабылданды.
-
Шарт бойынша салымға/шотқа қызмет көрсетумен байланысты комиссияларды ұстап қалу, Банктің сыйақы мөлшерлемесін өзгерту жағдайында тиімді сыйақы мөлшерлемесі шот бойынша жүргізілетін опеарацияларға сәйкес ұлғаюы немесе азаюы мүмкін.
-
Шартқа қол қою күні алыну фактісі белгісіз болған комиссиялар төлемнен кейін Салымшының талап етуі бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесін қайта есептеу кезінде есепке алынады. Комиссия Салымшыға төленуге тиісті сомадан ұсталуы мүмкін.
-
Салым бойынша нөлдік қалдықпен Салым ашу мүмкіндігі қарастырылған.
-
Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Салымшы және/немесе үшінші тұлға Салымның кез келген валютасын қосымша ақша жарналарынмен толықтыра алады. Қосымша ақша жарналары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін тәсілдермен жүргізіледі. Шотқа алғашқы жарна салу валюта түріне сәйкес бастапқы жарна үшін Салым талаптарында белгіленген ең төменгі мөлшерді міндетті сақтау жағдайында ғана жүргізіледі.
-
Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Салымшы бөліктеп алу күні Банк белгілеген есептік бағам бойынша теңгемен есептелген, жиынтық ақша қалдығынан және Шартта көрсетілген азайтылмайтын қалдық сомасынан аспайтын мөлшерде Шоттан салымның кез келген валютасында ақшаны бөліктеп ала алады.
-
Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Салымшыны жазбаша өтініші негізінде Банк салым Шотындағы сомаларды Банктің айырбастау күні белгілеген Айырбастау курсы бойынша, Шартта көзделген басқа валюталарға қолма-қолсыз айырбастау жүргізеді.
-
Салымды қолма-қолсыз айырбастау сенбі, жексенбі және жалпыға белгіленген мереке күндерін, сондай-ақ айырбастауға тиесілі валюталардың бірі бойынша валюталау жоқ күндерді қоспағанда, барлық жұмыс күндері Астана уақыты бойынша күн сайын 15:00с. Дейін жүргізіледі.
-
Салым бойынша айырбасталған сома ақшасының айырбасталғанан күннен бастап кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн Шотта міндетті орналастырылуы көзделген. Салым бойынша Шотқа қолма-қолсыз жолмен түскен ақшаның келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде міндетті орналастырылуы көзделген.
-
Салымды және сыйақыны төлеу
-
Салым бойынша сыйақы есептеу мерзімін бастау Салымшының Шотына ақша түскен күннен кейінгі күннен басталады және Шарттың әрекеті тоқтатылған күні аяқталады.
-
Салым бойынша сыйақы Салымның әрбір валютасы үшін белгіленген Салымның сыйақы мөлшерлемесі бойыншы Шоттардағы әрбір ақша қалдығына жеке есептеледі.
-
Шоттағы нақты сақтау мерзімі Шарттың әрекет етуі тоқтатылған күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен аз болған қосымша жарна сомасына сыйақы есептелмейді.
-
Ақшаны бөліктеп алу / соманы басқа валютаға айырбастау жағдайында сыйақы есептеу бөліктеп алу / соманы айырбастау жүргізілген валюта үшін Шартта/Өтініште көрсетілген негізгі салымның сыйақы мөлшерлемесі бойынша Шоттағы нақты ақша қалдықтарына жүргізіледі.
-
Банкте Салым бойынша сыйақы төленуі төлем карточкасын немесе ағымдық шотты пайдалану арқылы банк шотында жүргізіледі. Салымшы сыйақыны капитализациялауды таңдаған жағдайда Банк әрбір Шот бойынша есептелген сыйақыны қалдықтарға қосады.
-
Салымды төлеу Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін, мерзімінен бұрын бұзу, бөліктеп алу кезінде Салмшыдан өтініш түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Салымды төлеу Шоттарда ақша қалдықтары бар валюталарда жүргізіледі.
-
Егер Салымшы Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталған күні Салым сомасын талап етпеген жағдайда, Банк сол күні мерзімі өткен Шартты автоматты түрде ұзартады және Салым сомасын аударады, ал капиталзация жағдайында, Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесін қоспағанда, есептелген сыйақыны ұқсас Салымға ұқсас валюталарда, мерзімі өткен Шартта белгіленген ұқсас мерзімге ұзартады. Банк сыйақы мөлшерлемесін Шартты ұзарту күні қолданыстағы талаптарға сәйкес белгілейді.
-
Банктің Уәкілетті органы банк Салымының тиісті түрінің әрекет етуін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, Банк мерзімі өткен Шарттың әрекетін ұзартпайды. Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталған күннен бастап Шоттағы ақша қалдықтарына сыйақы есептеу жылдық 0,1% мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.
-
Шартты мерзімінен бұрын бұзу.
-
Салымшының бастамасы бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзу жағдайында, Салымды Шотта орналастырудың нақты мерзімі төмендегідей болған кезде:
-
күнтізбелік 7 (жеті) күннен аз – Салым бойынша сыйақы есептелмейді және Шарт бұзылған күні қолданыстағы Банк тарифтеріне сәйкес, қолма-қол түрде келіп түскен ақшаны қайта есептеу және беру үшін комиссия ұсталады;
-
күнтізбелік 7 күннен 30 күнге дейін – Салым бойынша сыйақы есептелмейді;
-
күнтізбелік 30 күннен 180 күнге дейін – ссыйақы Шартты бұзу күні қолданылатын базалық сыйақы мөлшерлемесінің ½ бойынша есептеледі;
-
күнтізбелік 180 күн және одан артық – сыйақы Шартты бұзу күні қолданылатын базалық сыйақы мөлшерлемесі бойынша ақшаның Шотта сақталған нақты мерзімі үшін есептеледі.
Бұл ретте артық төленген сыйақы сомасы Салымның негізгі сомасынан ұсталынады.
-
Шотта айырбасталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аз жатқан айырбасталған соманы алу кезінде Банк Шартты бұзу күні қолданыстағы Банк тарифтеріне сәйкес алынуға тиесілі айырбасталған сомадан ұстайды. Қолма-қолсыз жолмен түскен, Шотқа келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аз шотта жатқан соманы алу кезінде Банк Шартты бұзу күні қолданыстағы Банк тарифтеріне сәйкес комиссия ұстайды.
-
5.8. т. сәйкес Шарттың әрекет ету мерзімі ұзартылғаннан кейін Салымшының бастамасы бойынша Шарт бұзылған жағайда Салым бойынша сыйақы Шарттың 6.1. т. көрсетілген талаптарға сәйкес есептеледі, бұл ретте Салымды орналастыру мерзімін бастау Шарттың әрекет ету мерзімін ұзарту сәтінен басталады.
-
Банктің Салымға кепілдендіруі.
-
Банк жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылады және Банктің депозиттердің міндетті кепілдендіру жүйесіне қатысуын куәландыратын, депозиттерді міндетті кепілдендіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган берген куәлік негізінде әрекет етеді.
-
Салымды кепілдендіру талаптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерімен анықталады.
-
Банктің құқықтары мен міндеттері.
-
Банк құқылы:
-
Шарттың әрекет ету мерзімі ұзартылған жағдайда Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесін біржақты тәртіпте өзгертуге;
-
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Шарт бойынша Салымды кепілдендіру талаптарын біржақты тәртіпте өзгертуге;
-
Салымша Шоттар ашу кезінде талап етуге: Салымшының жеке басын куәландыратын құжат және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес өзге де құжаттар;
-
Салымшының өз Шоттары бойынша операциялар жүргізуі кезінде (Салымның ағыдмағы жағдайы туралы ақпарат алу / Салымды толықтыру / соманы айырбастау / Банк Салымы Шартының әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін немесе оны мерзімінен бұрын бұзу жағдайында Шотты жабу), салымшының қолын Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттағы қолымен сәйкестігін тексеру, сондай-ақ «Код сөзді» хабарлауды талап етуге. Қолы және/немесе «Код сөз» сәйкес келмеген кезде жағдаяттар анықталғанға дейін Шоттар бойынша операциялар жүргізбеу;
-
Салымшының Шоттарынан Банк тарифтеріне сәйкес Шартта көзделген комиссияларды ұстап қалу. Егер Шартты мерзімінен бұзу кезінде ұстап қалуға тиесілі комиссия сомасы Салымшының Шотындағы ақша қалдығынан артық болған жағдайда, Банк Салымшыға Шартты мерзімінен бұрын бұзудан бас тартуға құқылы;
-
Банк осы Салым түрі бойынша ұтыс (акция) жүргізген жағдайд, ұтыстарды (акцияларды) өткізу ережелері мен рәсімдерін, жүлде қорының сапалық және сандық құрамын, ұтыстарға қатысу шартын, ұтыс жеңімпаздарына хабарлау тәртібі мен мерзімдерін, жүлделерді алу шарттары мен негіздемелері, сондай-ақ ұтыстарды (акцияларды) жүргізуге қажетті өзге де талаптарды, оларды кез келген өзгертуге және толықтыруға өз бетінше белгілеу;
-
Шартқа/Өтінішке қол қоя отырып, Салымшы Банк алдындағы міндеттемелері бойынша Берешектің барлық сомасын Салымшының Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Банкте, сондай-ақ басқа банктерде (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) ашқан кез келген банк шоттарынан, оның ішінде жинақтау шотынан (Шарт бойынша азайтылмайтын қалдықты қоса алғанда) акцептсіз алуға (есептен шығаруға) Банкке сөзсіз құқық береді.
-
Салымшының банк шотында ақша сомасы болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда Банк Салымшының Банк алдындағы міндеттемелері бойынша Берешек сомасы шегінде картотекадағы төлем құжаттары бойынша (төлем ордері, төлем талаптары – тапсырмалары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген акцептсіз тәртіпте орындалатын өзге де төлем құжаттары) міндеттемесін толық өтегенге дейін жинақтау жолымен банк шоты бойынша Салымшының шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқылы.
-
Банк арқылы Салымдар бойынша ұтыс ойындары (акциялары) өткізілетін кезде, ұтыс ойындарының (акциялардың) өткізілу ережелері және рәсімдерін, жүлделік қордың сапалы әрі мөлшерлі құрамын, ұтыс ойындарында қатысу шарттарын, ұтыс ойындары жүлдегерлерін хабарландыру ережелері және мерзімдерін, жүлделерді алу шарттары және негіздерін, ұтыс ойындарын (акцияларды) өткізудің басқа да қажетті шарттарын, олардың кез келген өзгертулері және толықтыруларын өздігінен анықтау.
-
Банк міндетті:
-
Салымшыға Шот ашуға және осы Шоттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Салымшы және/немесе үшінші тұлғалар қолма-қол немесе қолма-қолсыз аударған ақшаны енгізу;
-
Салымшыға осы Шарттың және Өтініштің талаптарына сәйкес Салым бойынша сыйақы есептеуге және төлеуге;
-
Салымшының жазбаша өтініші негізінде Салым Шоттарындағы соманы басқа валютаға айырбастауға;
-
Салымшының ақшасының сақталуын және Салымшының Шоттары бойынша жасалатын операциялардың аса құпиялылығын қамтамасыз етуге. Салымшының Шоттары бойынша операцияларына қатысты мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ғана үшін тұлғаларға белгілі болуы мүмкін;
-
Уәкілетті органдардың Салымшының ақшасына тыйым салу және Шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру, Салымшының ақшасын тыйым салудан босату және Шоттар бойынша операцияларды жаңғырту туралы заңды нұсқауларын орындау;
-
Егер Салымшы жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде есепте тұратын болса, Салық комитетіне Салымшының банк шотының нөмірі туралы ақпарат беру;
-
Банктің филиалдарында және Банктің интернет-ресурстарында Банктің мөлшерлемлері мен тарифтері әр өзгерген сайын олар туралы ақпаратты жариялау және Салымшының Банк филиалына жолығуы немесе телефон бойынша сұратуы бойынша таныстыру;
-
Салымшының бастамасы бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Шотты жабу.
-
Салымшының құқықтары мен міндеттері.
-
Салымшы құқылы:
-
Салым және Шарт талаптарына сәйкес ол бойынша есептелген сыйақыны алуға;
-
өзінің Салымының ағымдық жағдайы туралы ақпарат алуға;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сенімхат рәсімдеу жолымен заңды өкілдеріне, қамқоршыларына немесе басқа тұлғаға Салымды және ол бойынша сыйақыны иеленуді сеніп тапсыруға;
-
Болжанған Шартты бұзу күнінен дейін кеміде 5 (бес) жұмыс күні бұрын міндетті түрде Банкке ескерту арқылы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға.
-
Салымшы міндетті:
-
Шотты/тарды ашу үшін Банкке Салымның жеке басын куәландыратын құжатты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес өзге де құжаттарды тапсыруға;
-
Осы шот бойынша жеке кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариалдық қызметпен байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сот орындаушысының қызметімен байланысты операцияларды жүезег асырмау;
-
Шартқа қол қойылған күні, Шартта көрсетілген кез келген Шоттардың біріне Шартта көрсетілген мөлшерде қолма-қол немесе қолма-қолсыз аудару жолымен ақша салуға. Салымшы қалауы бойынша Салымға бір валютада бастапқы жарна сала алады, бұл ретте Банк Салым бойынша ең төменгі бастапқы жарна мөлшері сақталған жағдайда, бастапқы жарнаның бір бөлігін ағымдық Айырбастау бағамы бойынша Салымшы көрсеткен Салымның басқа валютасына айырбастайды.;
-
Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Шотта Өтініште көрсетілген азайтылмайтын қалдық сомасын сақтауға;
-
Банкке соманы Салымның басқа валюталарына айырбастау үшін белгіленген үлгілдегі жазбаша өтініш беруге;
-
Шоттар бойынша операциялар жүргізу кезінде (Салымның ағымдық жағдайы туралы ақпарат алу / Салымды толықтыру / Шоттарды жабу және т.б.) Банкке Салымшының жеке басын куәландыратын құжатты беруге және «Код сөзді» хабарлауға.
-
Банкке барлық жағдайлдар міндетті түрде хабарлауға: тұрғылықты мекенжайдың, байланыс телефоны, тегі (аты), Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың өзгеруі, Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың, Өтініштің өзіндегі данасының түпнұсқасының жоғалуы немесе ұрлануы, Сенім білдірілген тұлғаға берілген сенімхат бойынша оның өкілеттігінің тоқтатылу және/немесе оған берілген сенімхат күшінің жойылуы;
-
Мерзімінен бұрын бұзу кезінде, егер Шоттағы қалдық комиссияны өтеуге жеткіліксіз болған жағдайда, жеткіліксіз соманы Шотқа қолма-қол ақшамен салуға немесе жетіспей тұрған комиссия сомасын есептен шығару үшін Салымның кез клеген Шотын көрсетуге;
-
Өз Шотынан 1 000 000 (бір миллион) теңгеден асатын немесе шетелдік валютадағы баламадағы сомаға қолма-қол ақша алу бойынша операция күніне дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын Банкке міндетті түрде хабарлауға;
-
Операция жасау сәтінде Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес Банк қызметтеріне ақы төлеуге;
-
Банктің мөлшерлемелері мен тарифтерінің өзгеруі туралы оның филиалдарынан немесе Банктің анықтама қызметінің телефондары бойынша өз бетінше білуге;
-
Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанда немесе Салымшының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған кезде Банкке Өтініштің өзіндегі данасының түпнұсқасын қайтаруға және Банкке Шарттың 9.2.6. т. көрсетілген құжаттарды беруге.
-
Сенімхат негізінде Шот бойынша операциялар жасау
-
Банктің сенімхат бойынша операциялар жүргізуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
-
Сенім білдірілген тұлға Салымшының пайдасына Шоттар ашу кезінде Банкке келесі құжаттарды ұсынуы керек: Салымшының жеке басын куәландыратын құжат және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес өзге де құжаттар; Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат; Салымның Сенім білдірілген тұлғаға Салымшының атына жинақтау шотын ашу және Салым енгізу құқығына берген, нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы.
-
Сенім білдірілген тұлғаның Шоттар бойынша операция жүргізуі кезінде, Сенім білдірілген тұлға Банкке Сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты, Салымшы Сенім білдірілген тұлғаға Салымды иеленуге берген, нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға және «Код сөзді» хабарлауға міндетті. Салымның Мұрагері шоттар бойыша операциялар жүргізуі кезінде (Салымшы қайтыс болған жағдайда), Мұрагер Банкке Мұрагердің жеке басын куәландыратын құжатты және Мұрагерлік құқық куәлігінің түпнұсқасын ұсынуға міндетті.
-
Салымшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде сенімхат негізінде Салымды иеленуге уәкілетті тұлғалардың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылғаны туралы тиісті сенімхат өзгертілген немесе күші жойылған құжаттың тиісті нотарияус куәландырылған түпнұсқасын ұсыну жолымен Банкке өзін хабарлауға міндетті.
-
Салымшы мына жағдайларда Банкке Сенім білдірілген тұлғаларға шоттар бойынша операциялар жүргізуден бас тарту құқығын береді, егер:
-
Сенімхат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделген болмаса;
-
Сенім білдірілген тұлға «Код сөзді» хабарламаса, бұл ретте Сенім білдіріоген тұлға «Код сөзді» ауыстыруға құқылы емес;
-
Сенімхаттағы Салымшының қолы Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттағы қол қою үлгісіне сәйкес келмейді;
-
Сенім білдірілген тұлға сенімхаттың түпнұсқасын ұсынбаса.
-
Салымшы Өтінішке қол қоя отырып, Банкке Салымшының сенімхат беру фактісін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ Сенім білдірілген тұлған Банкке сенімхат ұсынған сәтінен 3 (үш) жұмыс күні ішінде Шоттар бойынша операцияларды жүзеге асырмау құқығын береді.
-
Салымшы қайтыс болған жағдайда, егер Банкке бұл факт туралы белгілі болмаса, сондай-ақ Салымшы Шарттың 10.4 т. талаптарын орындамаған жағдайда, Банк Сенім білдірілген тұлғаға сенімхат бойынша шоттардан соманы бергені үшін жауапкершілік алмайды.
-
Дауларды шешу тәртібі.
Тараптардың жауапкершілігі.
-
Тараптар Шартты іске асыру барысында Банк пен Салымшы арасында пайда болуы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер ерік пен өзара келісім қағидаттары бойынша реттеуге бар күшін салады. Егер Банк пен Салымшы арасындағы келіспеушіліктер мен даулар келіссөздер барысында реттелмеген болса, онда бұл мәселелерді шешу Қазақстан Республикасының сот органдарының қарауына берілуі мүмкін.
-
Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті орындамағаны үшін, егер олардың орындалуына соғыс, әскери іс-қимылдар, террористік актілер, табиғи стихиялық апаттар, ереуіл, электр энергиясының ағытылуы, байланыс желісінің зақымдалуы және Тараптардың еркінен тыс басқа да жағдайдар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін заңдар, жарлықтар, қаулылар мен ұйғарымдар қабылдауы сияқты жағайлар кедергі келтірген жағайда, жауапкершілік алмайды.
-
Қорытынды ережелер.
-
Банк қолданыстағы немесе болашақта жасалатын Банк пен Салымшы арасындағы шарттар бойынша талаптар құқығын кез келген түрде иеліктен шығарған жағайда, Салымшы Шартқа негізделген біртекті қарсы талаптарды есепке алу жолымен Банкке осы шарт бойынша өз міндеттемелерін тоқтата тұруды талап етпейді.
-
Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалғанда және екі Тарап қол қойған кезде ғана жарамды.
-
Осы арқылы Салымшы Банктің оған сыйақы мөлшерлемесінің, Салым бойынша комиссия мөлшерінің, банктің жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы туралы Банктің ресми WEB – сайтында тиісті ақпаратты орналастыру және көрнекі ақпараты Банк орынжайларындағы жарнама стендерінде жариялау арқылы хабарлайтындығына келісім береді.
-
Тараптар Салым бойынша комиссия мөлшері және (немесе) сыйақы мөлшерлемесі өзгерген жағдайда, тиісті өзгерістер тиісінше Банктің ресми WEB – сайтында Банк орынжайларының жарнама стендерінде қайталану арқылы ақпарат жарияланған сәтінен Шартқа тиісті өзгерістер енгізілген болып саналады деген Келісімге келді.
-
Салымшы Өтінішке қол қоя отырып, Шарттың барлық талаптарымен келісетіндігін, оны қандай да бір наразылықсыз және ескертусіз қабылдайтынын растайды.
Достарыңызбен бөлісу: |