Тақырыбы: Білім алушылардың топпен және қатармен жүру ережелері
|
Мектеп:
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП:
|
Күні:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушыларда жолда жүру ережесі туралы білім қалыптастыру. Жолда абайлап жүруге баулу. Көшеде жүру ережесімен таныстыра отырып, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.
|
Бағалау критерийі
|
Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Ресурстар
|
Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт
|
Сабақ барысы
|
Ресурстар
|
Басталуы 3минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
1)Оқушылармен сәлемдесу.
2)Оқушыларды түгелдеу.
3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.
«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу
Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.
Топқа парта бойынша бөлу:
І топ «Бағдаршам»
ІІ топ «Жүргізуші»
ІІІ топ «Аялдама»
Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
|
Суреттер, слайд
Бағалау
|
Ортасы 20 минут
|
1-тапсырма. Бағдаршам ойыны.
Қызыл көтерген де-тұр, сары –күт, жасыл-жүр.
Бағдаршамның сұрақтарына жауап беріп көрелік.
1.Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?
2.Қала көшесінде келе жатқанда қандай жермен жүру керек?
3.Көше тәртібін не басқарады?
4.Жолдың қай жағымен жүру керек?
5.Бағдаршамның әр түсі нені хабарлайды?
2-тапсырма. Жұмбақ
1. Сом дене, табаны бар сонша тісті,
Бір өзі бітіреді сонша істі. (Трактор)
2. Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында жаны жоқ,
Май жейді,
Су ішеді. (Машина)
3. Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не, кім біледі? (Троллейбус)
4. Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)
5.Көзін ашып жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
3-тапсырма. Жанатын бағдаршам
Келесі ойнайтын ойынымыз «Жанатын бағдаршам»
Бағдаршам қызыл көзін көрсеткенде орындарыңнан қозғалмай тұрасыңдар. Сары көзін көрсеткенде қолдарыңды шапалақтайсыңдар. Жасыл көзі жанғанда орындарыңда тұрып жүресіңдер.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |