«Көктегілер мен жердегілер Аллаһтікі, Оның қасындағылыр оған құлшылық етуден дандайсымайды да шаршамайды. Олар күндіз-түні Аллаһты дәріптеуден жалықпайды» («Әнбия» сүресі, 19:20)
Пайғамбардың, с.ғ.с., бір хадистерінде: «Періштелер нұрдан жаратылған, жындар – жанып тұрған оттан жаратылған, ал Адам өздерің білетіннен жаратылған3», - делінеді. Муслим риуаяты бойнша.
Олардың сандары өте көп. Оны тек Аллаһ біледі. Періштелерге иман келтіру төрт нәрсені қамтиды:
1. Олардың хақтығына, яғни бар екендігіне иман келтіру.
2. Құранда және хадистерде айтылған періштелердің есімдеріне иман келтіру. Есімдерін білмегендерімізге жалпылай иман келтіру.
3. Құранда және хадистерде айтылған періштелердің сипаттарына иман келтіру. Мысалы, Пайғамбар, с.ғ.с., Жебірейіл періштені Аллаһ алғашқы жаратқан қалпында көргенін айтқан, сонда оның 600 қанаты болғанын айтады. Аллаһтың әмірімен періштелер түрлі сипатта бола алады. Мысалы, Аллаһтың әмірімен Жәбірейіл періште Мариямға жылы лебізді кісі ретінде келсе, ал біздің пайғамбарымызға, с.ғ.с., осы кітабтың екінші бетінде келтірілген хадис бойынша ақ киімді және қара шашты кісі ретінде келген. Сол сияқты Аллаһтың Ибраһимге, оған Аллаһтың сәлемі болсын, Лұтқа, оған Аллаһтың сәлемі болсын, жіберген періштелері де адам түрінде келген.
4. Аллаһ Тағаланың әмірімен олардың істейтін істеріне иман келтіру. Олардың кейбіреуінің Құранда және хадистерде айтылған арнаулы істері де бар:
-
Жебірейіл, оған Аллаһтың сәлемі болсын, пайғамбарларға Аллаһтан уаһи жеткізуші. Аллаһтың кітаптары осы періште арқылы түсірілген.
-
Мекайл, оған Аллаһтың сәлемі болсын, жаңбыр, өсімдік сияқты табиғат істерге жауапты.
-
Өлім періштесі жан алуға міндеттелген.
-
Мәлік, оған Аллаһтың сәлемі болсын – Тозаққа жауапты.
-
Жатырдағы баланың ризық-несібесін жазуға жүктелген періштелер.
-
Исрафил, оған Аллаһтың сәлемі болсын, Ақыр заман мен адамдардың қайта тірілуінде сүр үрлеуге міндеттелген періште.
-
Мәйіттен сұрақ алуға міндеттелген періштелер және т.б. періштелер.
АЛЛАҺТЫҢ КІТАПТАРЫНА ИМАН1
Кітап деген сөз – жазылған деген мағынаны білдіреді. Ал бұл жердегі кітаптардан мұрат – халыққа рақымшылық әрі тура жол болу үшін, сөйтіп адамдар бұл дүние мен Ақіретте бақытқа жетулері үшін Аллаһтың пайғамбарларына түсірген кітаптары. Біз Құранда айтылған кітаптарға иман келтіреміз. Олар:
Ұлы Құран, Мұхаммадқа, с.ғ.с., түсірілген.
Тәурат (Тора), Мұсаға, оған Аллаһтың сәлемі болсын, түсірілген. Алла Тағала Кітабында былай дейді: «Күдіксіз Тауратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар...» («Маида», 44 аят)
Інжіл (Евангелие), Мариям ұлы Исаға, оған Аллаһтың сәлемі болсын, түсірілген. Аллаһ Тағала былай дейді: «Және пайғамбарлардың ізінше өзінің алдындағы Тауратты растаушы етіп, Мариям ұлы Исаны жалғастырдық. Әрі оған ішіндегі туралық, нұр болған алдындағы Туратты бекітуші сондай-ақ сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді жібердік.» («Маида», 46 аят)
Зәбур, Дәуітке, оған Аллаһтың сәлемі болсын, түсірілген. Аллаһ Тағала былай деді: “ ...және біз Дәуідке ЗӘбур бердік,” (“Миғраж” сүресі”, 55 аят)
Нұсқалар- сухуф (парақ қағаздар), Ибраһим мен Мұсаға, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, жіберілген. Алла Тағала былай дейді: “Негізінен бұл үкімдер бұрынғы нұсқаларда бар. Ибраһим, Мұсалардың нұсқаларында” (“Ағла” 18-19 аяттар)
Құранда аты аталған жазбалар жоғарыда келтірілген жазбалар. Аллаһ Тағала басқа да жазбаларды, Өзінің басқа пайғамбарларына жіберген. Біз оларға жалпылай сенеміз. Барша бұрынғы кітаптар Құранның келуімен үкімдері тоқталған. Аллаһ Тағала былай дейді: “(Мұхаммад,) саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік...” ("Маида” сүресі , 48 аят) Яғни сол кітаптарға төреші түрінде түсірген, соған байланысты бұрынғы кітаптардың бірде-бір үкіміне амал жасауға болмайды. Ал егер біз Құраннан бұрынғы кітаптардың түп нұскасының қазіргі кезде жоқ екендігін айтсақ, бұл ескертуіміздің мәні одан да жоғарылайтын сияқты. Бір хадисте мынандай әңгіме келтіріледі, ол хадистің мағынасы: “Бірде Омардың, р.а., бір қағаздар ұстап жүргенін көріп Пайғамбар, с.ғ.с.: "Иә Омар, қолыңдағы не зат?” – деген сұрағына, Омар: “Бұл – Тәурат”, - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар, с.ғ.с., ашуланып: “Иә Омар, оныңды қой. Егер Мұса қазір тірі болса еді, ол менің жолыммен жүрер еді” – деген”. Және Ақыр заманның алдында Мариям ұлы Иса, оған Аллаһтың сәлемі болсын, жерге түсірілгенде ол Мұхаммад пайғамбардың, с.ғ.с., шариғатын, яғни Құранды басшылыққа алады.
АЛЛАҺТЫҢ ЕЛШІЛЕРІНЕ,
яғни пайғамбарларға иман.2
Елші арабша "расул" – деген сөз. Оның сөздіктегі мағынасы әр нәрсені жеткізу үшін жіберлген, деген мағынаны білдіреді. Ал дінімізде – шариғат берілген немесе соны жеткізуге бұйырылған адам. Пайғамбарлар екі түрлі болады: 1) Расул (пайғамбар), 2) Нәби (хабаршы). Расулдардың алғашқысы Нух, оған Аллаһтың сәлемі болсын, соңғысы Мұхаммад, с.ғ.с.. Бұл жөнінде аяттар мен хадистер баршылық. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Біз Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да уахи еттік» («Ниса» сүресі, 163 аят)
Әл-Бухаридің сахихында Әнәстан риуаят еткен шапағат жөніндегі хадисте Пайғамбар, с.ғ.с., былай деген: «Өздеріне шапағат ету үшін адамдар Адам атаға келеді. Ол оларға: "Айыпқа бұйырмаңыздар, Нұхқа барыңызыдар. Ол Аллаһтың жіберген ең алғашқы расулі – дейді. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Мұхаммад сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ Аллаһтың елшісі және пайғамбарлардың соңы» («Ахзаб» сүресі, 40 аят) Қауымына дербес шариғат әкелмеген, расул немесе алдыңғы пайғамбарлардың шариғатын жаңартып келмеген хабаршы болмаған. Құран бұл жөнінде былай хабар айтады: «Расында әр үмметке: "Аллаға құлшылық етіңдер. Бұзықтардан аулақ болыңдар дейтін елші жібердік.» («Нахыл» сүресі, 36 аят)
Пайғамбарлар да, адам баласы, яғни олар да адамдар секілді Аллаһтың жаратқан мақлұқаты. Оларда үстемдіктен және құдайлықтан ешқандай қасиет жоқ. Мұхаммад, с.ғ.с., пайғамбарлардың бекзадасы әрі Аллаһтың қасындағы ең беделдісі болса да, Аллаһ ол жөнінде былай деген: «(Мұхаммад), "Аллаһ қаламайынша, өзім үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емеспін. Егер көместі (ғайыпты) білген болсам, әрине, жақсылықты көбейте алар едім. Сондай-ақ маған бір сәтсіздік жұғыспас еді. Мен иман келтірген елді қорқытушы, қуандырушы ғанамын", - де» («Ағраф» сүресі, 188 аят)
Пайғамбарларға иман келтіру төрт нәрсені қамтиды:
1. Олардың пайғамбарлығы Аллаһ Тағаладан екендегіне сену. Кімде-кім солардың біреуінің пайғамбарлығын теріске шығарған болса, ол барлық пайғамбарларды теріске шығарған болады.
2. Құранда есімі аталғандардың есіміне сену. Және барлық пайғамбарлардың ішінде бесеуі ең беделділері (жүректілер) болып саналады. Олар: Нух, Ибраһим, Муса, Иса және Мұхаммад, олардың барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Бұл жөнінде Құранда былай делінеді: «(Мұхаммад), сол уақытта пайғамбарлардан уәде алған едік. Сенен, Нұх, Ибраһим, Мұса және Марим ұлы Исалардан, солардан берік уәде алған едік.» («Ахзаб» сүресі, 7 аят)
3. Олардың айтқан хабарларын растау.
4. Солардан бізге жіберілген пайғамбарлардың шариғатымен жүру. Олардың соңғысы Мұхаммад пайғамбар, с.ғ.с., екендігіне сену. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «(Мұхаммад,) Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би етіп, сонысоң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бойұсынғанға дейін мұсылман бола алмайды". («Ниса», 65 аят)
Бүкіл адамзатқа жіберілген және пайғамбарлардың
соңы болған, Мұхаммадқа, с.ғ.с., сүйіспеншілік.1
Мұхаммад пайғамбар, с.ғ.с., бүкіл адамзатқа ғана емес және жын әлеміне де жіберілген пайғамбар. Бұл жөнінде Раббымыз Аллаһ Тағаланың мына сөздерін айта аламыз: «(Мұхаммад,) оларға: "Жындардан бір тобының Құран тыңдағаны маған уахи етілді", - де. Сонда жындар: "Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық", - деді. "Құран бізді тура жолға салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді серік қоспаймыз» («Жын» сүресі, 1-2 аяттар) Және де Аллаһ Тағала былай деді: «Сені біртұтас (яғни барлық) адам баласына қуандырушы, қорқытушы етіп қана жібердік...» («Сәбә» сүресі 28 аят)
Аллаһқа құлшылық етудің ең жоғарғы түрі – ол Аллаһ Тағалаға деген сүйіспеншілік. Әрине Аллаһқа деген сүйіспеншілік Аллаһтың әр-бір құлының жүрегінде бірінші орында болу керек. Аллаһ Тағала айтты: «...Ал мүминдер, Аллаһты тағы артық сүйеді...» («Бақара» сүресі, 165 ят) Ал Аллаһ Тағалаға деген сүйіспеншіліктен кейін Аллаһтың елшісі Мұхаммадқа, с.ғ.с., деген сүйіспеншілік әр мұсылманның міндеті болып табылады. Әнәстан, р.а., жеткен бір хадисте Пайғамбардың, с.ғ.с., былай деп айтқаны жеткізіледі:
«Қашан мені өз әкесінен, өз ұлынан, басқалардың барлығынан артық жақсы көрмейінше сендерден ешкім иман келтірмейді» Хадисті келтірушілер әл-Бухари мен Муслим.
Пайғамбардың, с.ғ.с., ерекше жаратылғаны соншалық, оны әр адам өз жанынан да артық жақсы көруі тиіс. Әл-Бухаридің сахих кітабында келтірілген төмендегі хадис, соның айқын дәлелі: «Бір күні төрт халифаның бірі Омар, р.а., Пайғамбарға, с.ғ.с.: "Иә Аллаһтың елшісі, расында. мен сені өзімнен басқаның барлығынан да артық жақсы көремін!", - дейді, сонда Пайғамбар, с.ғ.с.: "Иә Омар! Жанымның Иесінің атымен ант етемін, сен мені өзіңнен де артық, жақсы көрмейінше толық иман иесі бола алмайсың!", - деп айтады. Біраз уақыт өткен соң Омар, р.а., тағы келіп: "Иә Аллаһтың елшісі! Расында, мен қазір сені өзімнен де артық жақсы көремін", - дегенде, Пайғамбар, с.ғ.с.: "Иә Омар! Міне, енді иманның ең биік дәрежесіне жеттің", - дейді».
Пайғамбарды, с.ғ.с., шынайы көңілмен жақсы көруге итермелейтін сезімнің негізіне – оның Құдіретті Аллаһтың сүйікті елшісі, әрі екі арадағы дәнекер ретінде хақ дінге алып баратын тура жолды көрсетуші тұлға болғандығы жатады. Осы жолды ұстану арқылы кез-келген адамға Ақырет азабынан, Тозақ отынан құтылудың, Аллаһ Тағала уәде еткен мәңгілік өмірдегі табыстарға кенелудің мүмкіндігі ашылмақ. Пайғамбарға, с.ғ.с., деген сүйіспеншілік жеңіл-желпі жақсы көру немесе ұнату сезімдерімен мүлдем үйлеспейді, ол – жүректің түкпірінен мәңгі орын алуы тиіс, сонда ғана шынайы мұсылманның жүрегіндегі сүю сезімі оның өмірін мағыналы етеді және тек қана жақсылық істеуге ұмтылдырып, харам нәрселерден, күнә істерден сақтандырып отырады. Пайғамбарға, с.ғ.с., деген сүйіспеншіліктің белгілері мынадай:
-
Пайғамбардың,2с.ғ.с., бұйрықтарына мойынсұну, дұрыс деген істерін орындау, тыйым салған істерінен алыс болу.
-
Пайғамбарға, с.ғ.с., көмек көрсету, оны құрмет тұту. Ол қайтыс болғаннан кейін, сахабалар қалай сүйіспеншілігімен адал оның сүннетін басшылыққа алса, қалған мұсылмандардың солай оның сүннеттерін көп адамдарға ұнамаса да басшылыққа алуы және оны халық арасына тарату болып табылады.
-
Пайғамбарға, с.ғ.с., сүйіспеншіліктің тағы бір белгісі – оның барлық ісінен үлгі-өнеге алу болып табылады. Атап айтқанда оның Аллаһқа жасаған ғибадатын, дәрет алуын, тамақ жеуін, ұйықтауын, сондай-ақ кішіпейілдігін, ұстамдылығын, жомарттығын, сабырлығын т.б. іс-әрекеттері мен көркем мінездерін өзімізге үлгі тұтып, бойымызға жұқтыра алсақ, онда нағыз мұсылмандардан, әрі шынайылардан болғандығымыз.
-
Пайғамбарды, с.ғ.с., әрдайым шын жүректен сағына, тебірене еске алып отыруымыз, әр уақытта салауат айтып жүруіміз – ол да оған деген сүйіспеншілігіміздің бір белгісі. Пайғамбардан, с.ғ.с., жеткен мына хабарды әркімнің есте ұстағаны абзал: «Кім мен үшін бір салауат айтса, Аллаһ Тағала оған он есе алғыс айтады» Муслим риуаяту бойынша.
-
Пайғамбар, с.ғ.с., кімді және нені жақсы көрсе соларды жақсы көру. Мысалы бұған Пайғамбардың, с.ғ.с., сахабаларына деген сүйіспеншілік жатады. Әнәстан жеткен бір хадисте былай делінеді: «Аллаһтың елшісінің, с.ғ.с., асқабақты сүйсіне жегенін көріп, сол мезеттен бастап мен де сол дақылды1 сүйіп жейтін болдым» әл-Бухари риуаяты бойнша.
Сонымен қорытып айтқанда Пайғамбарға, с.ғ.с., деген сүйіспеншілік сезімі - өз дініне шын ықыласымен берілген, не үшін жаратылғандығын айқын ұғынып, Ұлық, Жоғары Аллаһ Тағалаға құлшылық етуді өмірінің басты мәніне айналдырған, бұл дүниенің алдамшы қызығынан гөрі ақірет дүниесінің жағдайын көбірек ойлаған адамдарға тән. Құрметті оқырман, егер сіздің жүрегіңізде жоғарыда айтылып кеткен сүйіспеншілік белгілерінің бірі болмаса ренжімеңіз. Бұл сүйіспеншілік Аллаһқа көп құлшылық етумен, ислам дінін түсінумен келеді. Әрине бәріміз де сондай сүйіспеншілікке талпынамыз. Ал Аллаһ Тағала ниеттерді Білуші және сұраушыға Беруші. Аллаһтан дін іздеген әр-бір мұсылман бауырымыз үшін және өзіміз үшін Алла Тағаладан, ең бірінші Алла Тағаланың Өзіне ғашық болуды одан кейін Өзінің елшісіне ғашық болуды сұраймыз. Пайғамбарымыз Мұхаммадқа, Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Аллаһтың бәріне күші жетуші! Әмин.
Пайғамбардың, с.ғ.с., суреттемесі.
1. Аллаһтың елшісі, с.ғ.с., адамдардың ішіндегі денесімен де, бет әлпетімен де әдемісі болатын, сондай-ақ оның бойы тым биік те, тым тапал да болған жоқ. Әл-Бухари, Муслим.
2. Аллаһтың елшісі ақ жүзді әдемі болатын. Муслим.
3. әл-Бараъ бин ъАзибтың жеткізуімен: «Аллаһтың елшісі, с.ғ.с., орта бойлы, кең иықты, сақалы қалың, жүзі албырт (қызғылт) болатын да, ал шаштары құлағының сырғалықтарына дейін жететін. Мен оны қызыл түсті киімде көрдім, сондай-ақ ол секілді әдемі адамды көрген емес едім». Әл-Бухари.
4. «Оның беті ай мен күнге ұқсас дөңгелек болатын». Муслим.
5. «Аллаһтың елшісі, с.ғ.с., бір нәрсеге қуанғанда жүзі нұрлы ай секілді болып кететін, оның қуанғанын осылайша нұрланған жүзінен білетінбіз». . Әл-Бухари, Муслим.
6. Абдуллаһ бин Сирджистің, р.а., жеткізуімен: «Мен Аллаһтың елшісін, с.ғ.с., көрдім, оған келіп тұратынмын және оның жегенін жеп, ішкенін ішкенмін, сондай-ақ мен оның сол иығында пайғамбарлық мөрін көрдім, ол бір жерге жиылған қалдар секілді болатын. Муслим.
7. Жәбір бин Самурдың, р.а., жткізуімен: «Мен ол мөрді Аллаһтың елшісінің, с.ғ.с., екі жауырынының ортасынан көрдім. Ол көлемімен көгершінің жұмыртқасы секілді қызғылт түсті бұлтыққа ұқсайтын». Муслим.
8. Әнәстің, р.а., жеткізуімен: «Аллаһтың елшісінен, с.ғ.с., нұр төгіліп тұратын, оның денесінен шыққан тері маржандай болатын, жүргенде ол кішкенен алдыға еңкейіп салмақты жүретін, сондай-ақ мен оның қолының жұмсақтығындай не жібекті, не паршаны ұстаған емеспін және оның денесінен шыққан иістей жұпар иісті де еш нәрседен сезінген емеспін». Әл-Бухари, Муслим.
9. Айшаның, с.ғ.с., жеткізуімен: «Аллаһтың елшісі, с.ғ.с., аяқ киімін өзі жөндеп, киімін өзі тігетін және сендердің кез-келгенің қалай үй шаруасын істейтін болсаңдар солай ол да солай үй шаруасын істейтін». Сондай-ақ Айша, р.а., мына сөздерді айтты: «Аллаһтың елшісі, с.ғ.с., басқа адамдар секілді болатын, киімін де өзі тігетін, қойды да сауатын және өз-өзіне де өзі қарайтын». Ат-Тирмизи. 2
10. Умм Маъбадтан жеткен ұзын хадистің бөлігінде, Умм Маъбад Пайғамбарды, с.ғ.с., былай суреттейді:
Мен түсі нұрлы адамды көрдім, оның түрінде әбігерлік пен ашығандықтың белгісі болмады. Ол көрікті әрі сүйкімді болды. Оның кірпіктері сүрмемен боялғандай ұзын болды. Оның даусында құлаққа жақсы әсер беретін қырыл болды, мойны – ұзын, ал сақалы – қалың, және қастары қосылған ұзын болды. Ол үндемей тұрғанда, сенімді құрметпен тұратын, ал сөйлесе одан да тамаша болып кететін. Алыстан адамдардың ең әдемісі болып көрінетін, ал жақыннан – адамдардың ең жақсысы болатын. Ол әдемі сөйлейтін және сөздері тым қысқа да тым ұзақ та болмай анық болатын, ал сөздері жерге түскен маржандай болды. Бойы тым ұзын да, тым қысқа да болмады. Оның жол серігі екі адам болды, сонда ол үшеудің ең әдемісі және ең құрметтісі болды. Оның серіктері оған құрмет көрсететін, егер ол сөйлесе мұқият тыңдайтын, егер ол оларға бір нәрсе әмір берсе, олар оны орындауға асығатын және ол ашулы да болмады және бос сөздер де сөйлемеді. Әл-Хакім риуаяты бойынша.
СОҢҒЫ КҮН – АХІРЕТКЕ ИМАН
Ахірет күніне иман Құран мен хадистерде айтылып кеткен ақиқат істерді қамтиды. Оған мыналар жатады: 1) Қабір сынағы, азабы мен рахаты; 2) Ахірет күнінің басталуы және оның белгілері; 3) Қайта тірілу; 4) Жиналу; 5) Есеп беру, амал дәптері және таразы; 6) Сират көпірінен өту; 7) Жұмақ пен тозақ;
1 – Қабір сынағы, оның азабы мен рахаты.
Имам Ахмад өзінің кітабында әл-Бара бин Азибтің, оған Аллаһтның ризашылығы болсын, айтуымен мына хадисті келтіреді: «Бірде біз Аллаһтың елшісімен, с.ғ.с., бір ансарды жерлеу рәсіміне қатысқан кезде, оның қабіріне дейін жеттік. Оны жерлеп болмай тұрып, Пайғамбар, с.ғ.с., оның жанына отырды, біз болсақ оны айнала қимылдамай отырдық. Біраз уақыт Пайғамбар, с.ғ.с., қолындағы таяғымен жерді шұқылап отырды да : "Аллаһтан қабір азабынан қорғауын сұраңдар!", - деп үш қайтара айтып былай деді: "Шындығында, Аллаһтың иманды құлы осы дүниеден шығып о дүниеге көшкенде, оған көктен аппақ күн сияқты көріктерімен періштелер түседі, олар өздерімен Жәннәттің ораныштарынан ораныш және Жәннәттің иіс маиларынан иіс май әкеліп, ол көретіндей жерге отырады. Сонан соң, оған жан алушы періште келіп, оның бас жағына отырып: "Мейірбан жан, Аллаһтың кешірімі мен игілігіне шық", - дейді».
Содан соң Пайғамбар, с.ғ.с., сөзін былай деп жалғастырды: «Ол (жан) бір ыдыстан аққан су сияқты адамның денесінен ағып шығады да жан алушы періште оны қабылдап алады. Ол жанды алысымен оның жанындағы ақ жүзді періштелер, оны бір сәтке де кідіртпестен одан алып Жәннәт оранышына және Жәннәт иіс майына орайды. Содан кейін одан жер бетіндегі әдемі иістердің хош иісі шыға бастайды. Олар онымен1 бірге жоғарыға көтеріледі, сонда оларға жолда жолыққан (періштелер): «Бұл қандай ізгі жан?», - деп сұрайды. «Бұл пәленше де пәленшенің баласы», - деп олар оның осы дүниедегі әдемі аттарымен атайды. Осылай бірінші көкке жетіп қақпаны ашуын сұрағанша жалғасады. Сосын оған есіктер ашылып, сол көктің бүкіл періштелері оны келесі көкке дейін шығарып салады. Бұл жағдай жетінші көкке жеткенше жалғасады, сонда Аллаһ: "Менің құлымның жазуларын2 ииллийунге3 кіргізіңдер де жерге қайтарыңдар, өйткені Мен оларды одан жараттым, оған қайтарамын және одан тағы да шығарамын!", - дейді».
Содан соң Пайғамбар, с.ғ.с., сөзін жалғастырды: «Оның жанын денесіне қайтарады да, оны екі періште келіп отырғызып: «Сенің Раббың кім?», - деп сұрайды, ол: «Менің Раббым – Аллаһ», - деп жауап береді. Олар одан: «Дінің қайсы?», - деп сұрайды, ол: «Менің дінім – Ислам», - деп жауап береді. Олар одан: «Сендерге жіберілген адам кім?», - деп сұрайды, сонда ол: «Ол – Аллаһтың елшісі», - деп жауап береді. Олар одан: «Сен бұны қайдан білесің?», - деп сұрайды, сонда ол: «Мен Аллаһтың Кітабын оқыдым, оған сендім және оны мойындадым», - деп жауап береді. Сонда көктен: «Менің құлым мойндады. Оған Жәннәттан төсеніш төсеңдер және Жәннәтән киім киіндіріңдер де, оған Жәннәттің қақпасын ашыңдар», - деп дауысталады.
Содан соң Пайғамбар, с.ғ.с., сөзін былай деп жалғастырды: «Оны қуаныш пен Жәннәттің рахаты баурып алады, ал жатқан жері көз жетерліктей жерге кеңейеді де, оған әдемі жүзді, тамаша киімді және жұпар иісі аңқыған бір адам келіп: "Сені осы күні қуандыратын және саған уәде етілген хабар айтамын", - дейді. Ол: "Сенің жүзіңде ізгіліктің хабары бар! Сен кімсің?", - деп сұрайды. Сонда ол адам: "Мен – сенің ізгі істеріңмін", - деп жауап береді.Сонда ол қуанып: «Өзімнің жан ұяма және дүниеме қайтуым үшін, Раббым, сол уақытты келтір, Раббым, сол уақытты келтір4!", - дейді».
Содан соң Пайғамбар, с.ғ.с., сөзін жалғастырды: "Шындығында, Аллаһтың имансыз құлы осы дүниеден шығып о дүниеге өтерінде, оған көктен қара жүзді періштелер түседі, олар өздерімен тұрпайы, дөрекі ораныш әкеліп ол көретіндей жерге отырады. Сонан соң жан алушы періште келіп, оның бас жағына отырып: "Көргенсіз жан, Аллаһтың қаһары мен ашуына шық", - дейді».
Содан соң Пайғамбар, с.ғ.с., сөзін жалғастырды: «Денедегі жан қатты үрей сезінеді де, періште оның жанын сулы жүннен темір ілгішті жұлып алғандай жұлып алады. Ол жанды алысымен оның жанындағы қара жүзді періштелер оны бір сәтке де кідіртпестен одан алып дөрекі ораныштарына орайды да, одан жер бетіндегі ең жаман өліктің сасық иісіндей иіс шыға бастайды. Содан соң олар онымен жоғарыға көтеріледі, сонда оларға жолда жолыққан (періштелер) : «Бұл неғылған сасық иіс?», - деп сұрайды. «Бұл пәленше, пәленшенің баласы», - деп олар оның осы дүниедегі жаман есімдерін айтады. Ал олар онымен көктегі төменгі қабатқа жетіп қақпаның ашуын сұрағанда, оған оны ашпайды».
Содан соң Пайғамбар, с.ғ.с., мына аятты оқыды: «Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғары көтергендерге көктің есіктері ашылмайды... Және олар, түйе иненің көзінен өткенге дейін, Жәннәтқа кірмейді. Күнәһарларды осылай жазаландырамыз» («Ағраф»сүресі 40 аят)
Содан соң Пайғамбар, с.ғ.с., сөзін былай жалғастырды: «Сосын Аллаһ: "Оның амал жазуларын жердің төменгі қабатындағы сиджжинге (күнәһарлардың кітабы) орналастырыңдар" – деп бұйырады да, оның жаны соған лақтырылады».
Содан соң Пайғамбар, с.ғ.с., мына аятты оқыды: «...Кім Аллаһқа серік қосса; Сонда ол, көктен түсіп, оны құс іліп, әкететін немесе оны, ұзаққа жел ұшырып кеткен нәрсе сияқты» («Хаж» сүресі, 31 аят)
Содан соң Пайғамбар, с.ғ.с., сөзін былай деп жалғастырды: «Оның жанын денесіне қайтарады да, оны екіі періште отырғызып: «Сенің Раббың кім?», - деп сұрайды, ол: «Қап, қап, мен білмеймін!», - деп жауап береді. Олар одан: «Дінің қайсы?», - деп және сұрайды, ол болса: «Қап, қап, мен білмеймін!», - деп жауап береді. Олар одан және: «Сендерге жіберілген адам кім?», - деп сұрайды, сонда ол: «Қап, қап, мен білмеймін!», - деп жауап береді. Сонда көктен: «Менің құлым жалғанға шығарды1. Оған оттан төсеніш төсеңдер және тозақтың қақпасын ашыңдар», - деп дауыстайды да, оған Тозақтың ыстығы мен Тозақтың күйдіретін ыстық желі соға бастайды. Оның қабірінің тарылғаны соншалық, денесіндегі қабырғалары бір-біріне айқасып қалады. Сосын оған тұрпайы жүзді, тұрпайы киімді және жан-жағына сасық иісі аңқыған бір адам келіп: "Мен саған жағымсыз болған және саған уәде етілген хабарды жеткіземін", - дейді. Ол: "Сенің жүзің жамандықты сездіреді Сен кімсің?", - деп сұрайды, оған ол адам: "Мен сенің – жаман істеріңмін", – деп жауап береді, сонда мәйіт: "Раббым, ол уақытты болдырма", – деп шырылдайды.» Аба Дауд, ибн Маджа
2 – Ахірет күнінің басталуы және оның белгілері;
Ахірет күніне иман келтірудің бір бөлігі болып, соңғы уақыттың басталуына, сол уақыттың басталуымен жер бетіндегі өмірдің аяқталып, өліктердің қайтадан тірілуіне деген сенім жатады. Бұл уақыттың басталуы Құранда айтылуы бойынша, бүкіл дүниені дүр сілкіндіріп әр-бір жанға үрей тудырады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар. Расында, Қияметтің сілкінісі үлкен нәрсе. Ол күні, әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және әр бір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Негізінде, олар мас емес. Бірақ Аллаһтың азабы қатты» («Хаж» сүресі, 1-2 аяттар)
Шындығында, дүниедегі өзгеріс, аспан мен жерде үрей тудырады: аспан айырылып жұлдыздар құлайды, жер дірілдеп мұхиттар арнасынан шығып өртенеді. Ал таулар болса быт-шыты шығып күл талқан болады. Аллаһ Тағала айтады: «Оны теп тегіс жазық қылады. Сен онда ешбір қия не томпақ көрмейсің. Олар; Қиямет күні, шақырушыға еш бұрылмай ілеседі. Сондай-ақ Рахманның алдында дауыстар бәсеңдейді. Тіпті сыбдырдан басқаны естімейсің.» («Та-ха» сүресі 105-108 аяттар)
Бұл уақыттың, қай уақытта болатынын бір Аллаһ ғана біледі. Біздер үшін ғайып – құпия болып есептеледі. Егер кімде-кім бұл уақытты білемін десе, не болмаса бұл уақыт болмайды десе ол күпірлік жасады, діннен шықты деген сөз. Аллаһ Тағала айтады: «Ол сондай Аллаһ, Кітапты және өлшеуді шындықпен түсірді. Қайдан білесің? Қиямет жақын шығар. Оған сенбегендер, асығыс тілейді. Сенгендер, одан үрейленіп, оның хақ екенін біледі. Сақ болыңдар! Ол мезгіл жайында тартысатындар, әлбетте ұзақ адасуда.» («Шура» сүресі, 17-18 аяттар)2
Дегенмен, Пайғамбар, с.ғ.с., бұл уақыттың жақындайтын мезгіл белгілерін көрсетіп кеткен. Солардың бірі осы кітаптың екінші бетіндегі хадисте көрсетілген. Және де Хузайфадан, оған Алланың ризашылығы болсын, жеткен бір хадисте былай деп айтылады: «Бірде біз өзара әңгімелесіп отырған кезімізде Аллаһтың елшісі, с.ғ.с., келіп: "Не жайында әңгімелесіп отырсыңдар?" -, деп сұрады. Біз: "Қиямет жайлы айтып отырмыз" – деп жауап бердік. Сонда ол: «Қиямет - ол күннің он белгісі болмай басталмайды» - деп, олар: «Түтін (шығуы), Даджал (келуі); жануар (келуі), күннің батыстан шығуы, Мариям ұлы Исаның, оған Аллаһтың сәлемі болсын, келуі, Йаджуж бен Маджуж (келуі), үш рет шығыста, батыста және Арабстанның үстінде күннің тұтылуы, одан кейін Йеменнен оттың шығып адамдарды жиналыс орнына қууы», - деп атап шықты». Муслим риуаяты бойнша.
Қиямет күнінің басталуының екі рет сүр үрленумен байланысы бар. Аллаһ Тағала былай дейді: «Сүр үрілгенде Аллаһтың қалағанынан басқа көктердегі жан иелері, жердегі жан иелері жығылып өледі. Бірақ Аллаһтың қалағандары қалады. Сосын екінші рет сүр үрілейді де сонда олар тұрған бойда қарап қалады (не істелетіндігін күтеді)» («Зүмәр» сүресі, 68 аят) Демек, бірінші сүр үрленгеннен кейін Аллаһтың қалағанынан басқа барлық жандар өледі де, екінші сүр үрленгеннен кейін барлық өліктер тіріледі.
Әбу Хурайраның жеткізуімен, ол Пайғамбардың, с.ғ.с., былай деп айтқанын естіген: «Осы екі сүр үрлеудің арасында қырық жыл өтеді. Сосын Аллаһ Тағала көктен су жібереді де олар өсімдік секілді өсе бастайды. Адамдардан құйымшақ сүйегінен басқа еш нәрсе қалмай шіриді. Сол сүйектері арқылы олар Қиямет күні қайта жаратылады».Әл-Бухари және Муслим риуаяттары бойнша
3 - Қайта тірілу.
Қайта тірілу – ол екінші рет сүр үрленгенде өлілердің тіріліп, аяқ киімсіз, жалаңаш, сүндетке отырғызылмаған күйде қайтадан тірілуі.
Бұл жөнінде Пайғамбардың, с.ғ.с., кезінде көпқұдайшылдар: «Біз өлгеннен кейін қалай қайта тірілеміз?», - деп сенбеген. Сол мүшриктердің бірі Пайғамбарға, с.ғ.с., келіп, жерден бір шіріген сүйекті алып, оны қолымен езіп топырақ етіп Пайғамбардың, с.ғ.с., көзіне үрлеп: «Осыны сенің Раббың тірілте ала ма?», - деген ұятсыз сұрағына, Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанын көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді. Олар өз жаратылысын ұмытып, Бізге мысал берді: "Міне шіріген сүйектерді кім тірілтеді?" – деді (Мұхаммад,)"Оны сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол, барлық жаратылысты біледі" – де. Ол сондай Аллаһ сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны жағасыңдар. Сондай көктер мен жерді жаратқан Аллаһ, олар сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол әр нәрсені жаратушы, толық білуші. Шын мәнінде Ол бір істің болуын қаласа, Оның бұйрығы оған "бол" деу, сонда ол бола қалады. Барлық нәрсенің билігі қолында болған әрі сендер соған қайтарылатын Аллаһ, кемшіліктен пәк». («Йа-син» сүресі, 77-83 аяттар) 1
Шын мәнінде, бізді бірінші рет жаратқан, жер мен көкті жаратқан және оларды өзінің құдіретімен жұмыс істетіп қойған, Аллаһ Тағала үшін сүйектері күл болып кеткен, өлген адамдарды қайта жарату қиын емес. Әрине біз қайта тірілу күніне сенеміз. Аллаһтың бізді қайта тірілу күніне сенетіндердің қатарынан еткеніне сансыз көп шүкіршілік айтамыз, және Одан, бізді сол иман келтіргендердің қатарында жанымызды алуды және солардың қатарында қайта тірілтуін сұраймыз. Расында, Аллаһ Тағала сұраушыға беруші. Әмин!
4 – Жиналу.
Аллаһ Тағала өлілерді тірілткен соң, олардан есеп алу үшін жинайды: Шын мәнінде, бұл жиналыста әр кім өз басының қамын ойлап, бұ дүниедегі барлық туысқандық, жолдастық қатынастарын ұмытады. Бұл бір өте ауыр күн. Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай дейді: «Сол күні, кісі туысынан қашады. Шешесінен, әкесінен, әйелінен және балаларынан. Ол күні әркімнің ісі ауыр». («Ғабаса» сүресі, 34-37 аяттар)
Айша анамыздан, оған Аллаһтың ризалығы болсын, жеткен бір хадисте былай делінеді; Пайғамбар, с.ғ.с.: «Қиямет күні адамдар жалаң аяқ, жалаңаш, сүндеттелмеген күйде жиналады», - деген кезде, мен: «Иә Аллаһтың елшісі, әйелдер мен еркектер бірге жиналып бір-біріне қалай қарайды?», - дегенде, Пайғамбар, с.ғ.с.: «Иә Айша, олардың бір-біріне қарауға мұршасы болмайды» – деп жауап берді». әл-Бухари мен Муслим риуаяттары бойнша.
Дегенмен, олардың дәрежелері, олардың істеген амалдарына сай әр түрлі болады. Ол жөнінде Аллаһ Тағала былай дейді: «Ол күні кейбір жүздер жарқырайды; Күлген қуанышты. Ол күні кейбір жүздің үстін шаң басқан болады; Оны қара түнек қаптаған болады. Міне солар қарсы келген бұзақылар. («Ғабаса» сүресі, 37-42 аяттар) Аллаһ Тағала және былай дейді: «Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар. Олардың беттерінде бір дақ не қорлық әсері көрінбейді, солар жәннәттық. Олар онда мәңгі қалады. Ал сондай жамандық істегендердің жазасы, сондай ғана болады, беттерінде қорлық әсері болады. Оларды, Аллаһтан қорғаушы болмайды. Олардың беттері түннің қараңғылығынан бір бөлім қаптағандай. Солар тозақтық. Олар онда мүлде қалады». («Юнус» сүресі, 26-27 аяттар)
Бір хадисте әл-Микдад, р.а., Пайғамбар, с.ғ.с., былай дегенін келтіреді: «Қияметте, күн адамдарға бір миль2 қашықтыққа жақындалады. Адамдар болса, өздерінің амалдарына сәйкес, әркім өз терлерінің суына батады. Олардың бірі тобықтарына дейін, енді бірі тізелеріне дейін, енді бірі белдеріне дейін батса, ал бірі аузына дейін батады». имам Муслим риуаяты бойнша.
Әбу Хурайраның, р.а., жеткізуімен ол Аллаһтың елшісінің, с.ғ.с., былай деп айтқанын естіген: «Аллаһтан басқа ешкімнің көлеңкесі болмаған күні, Аллаһ Тағала жеті (түрлі) адамды Өзінің көлеңкесіне алады:
-
Әділ басқарушы,
-
Ұлы Аллаһ Тағалаға құлшылық етумен есейген жас,
-
Жүрегі мешіттерде байланған3,
-
Тек қана Аллаһ Тағала үшін кездесіп-қоштасатын және бір-бірін Аллаһ үшін жақсы көргендер,
-
Абыройлы әрі әдемі әйел қалап шақырып, бірақ ол: «Расында, Мен Аллаһтан қорқамын», - деп бармаған еркек,
-
Садақаны жасырын бергені сонша, оның сол қолы оң қолының бергенін көрмейтін,
-
Оңашада Аллаһ Тағалны еске алғанда көзіне жас толатын (адамдар). Әл-Бухари, Муслим.
Сонымен, хадистер мен Құран аяттарына қарайтын болсақ, ол күні адамдар, әр түрлі жағдайда болады. Олардың бірі осы аласапыранда істеген істеріне сай қорыққан, қорланған түрде болса. Ал енде бір бөлігі жасаған амалдарына сәйкес қуанып, тыныш, Раббысының уәде еткен Жәннәтін күтеді. Иә Аллаһ, бізді тыныш, әрі қуанышты Жәннәтті күтетіндердің қатарынан қыла гөр. Сен Рахымды, Мейірімдісің! Әмин.
5 – Есеп беру, таразы және амал дәптері.
Осындай адам баласы бәрін ұмытқан, жан ашырлықтай жағадайда жиналғаннан кейін, есеп беру басталады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Олар Раббыңның құзырына қатарланып келтіріледі. Оларға. «Бастапта жаратқанымыз тәрізді келдіңдер, тіпті сендерге бір уәделі мерзім белгілемедік деп, ойламадыңдар (делінеді)» («Кеһф» сүресі, 48 аят)
Аллаһтың алдына сап түзеп барғанда адам баласына оның қолдары мен аяқтары куә болып, Оның алдында есеп бере бастайды. Аллаһ Тағала айтады: «Қиямет күні, оларға тілдері, қол аяқтары не істегендеріне айғақ болады. Сол күні Аллаһ оларға лайықты жазасын толық береді. Сондай-ақ рас Аллаһтың ашық шындық екенін толық біледі». («Нұр» сүресі, 24-25 аяттар) «Ол күні олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, не істегендеріне аяқтары айғақ болады». («Йа-син» сүресі, 65 аят) «Сол күні Аллаһтың дұшпандары тозаққа айдалуға жиналып, сонда олар алды артын тосады. Ақыр олар оған барған кезде; оларға құлақтары, көздері және терілері олардың не істегендеріне айғақ болады. Олар терілеріне: "Не үшін бізге куә болдыңдар?", - дейді. (Терілері): "Бізді әр нәрсені сөйлеткен Аллаһ сөйлетті; сендерді алғаш рет жаратқан және сол жаққа қайтарыласыңдар", – деп жауап береді. Сендер өздеріңе құлақтарың, көздерің және терілерің айғақ болады деп жасырынбаушы едіңдер. Тіпті Аллаһ, істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер. Міне осы Раббыларың туралы ойлаған ойларың, өздеріңді жойды да сонда зиян ұшыраушылардан болдыңдар. Егер олар, енді шыдайтын болса, олардың орны от. Олар кешірім тілесе де қабыл етілмейді.» («Фұсилат» сүресі 19-24 аяттар)1
Есеп беріп болысымен, адамның істерінің жақсысы мен жаманын айыру үшін, және өздеріне істеген істерінің көлемін көрсету үшін, таразыға салып өлшенеді. Бұл жөнінде Құран аяттарында былай делінген: «Қиямет күні туралық таразысын қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз». («Әнбия» сүресі, 47 аят) «Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса, Онда ол разы болатын бір тіршілікте болады. Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса. Онда оның орны "һауя" болады. Ол Һауяның не екенін білесің бе? Ол, жалындаған от». («Қариға» сүресі, 6-11 аяттар)
Ал Пайғамбардың, с.ғ.с., айтқан сөздеріне келетін болсақ, Әбу Хурайрадан, р.а.: «Екі сөз бар, олар тілге айтуға жеңіл де, ал таразыда ауыр және оны Мейірімді Аллаһ Тағала жақсы көреді, олар: "Субхана-Ллаһи уа бихамдиһи, субхана-Ллаһиль-Азиим!"» әл-Бухари риуаяты бойынша.
Сонымен қатар, адам баласына есеп берген соң істері таразыда өлшенген соң амал дәптері беріледі. Амал дәптері дегеніміз – ол бүкіл осы дүниеде істеген, үлкен кішісіне қарамай жазылған дәптер. Ол туралы Аллаһ Тағала былай дейді: «Амал дәптері алдарына қойылады. Сонда күнәһәрлардың, одан қорыққанын көресің. Олар: «Масқара! Бізге нендей өкініш! Мына кітапта кішкенені де үлкенді де тастамай-ақ түгендепті", – дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды». («Кеһф» сүресі, 49 аят)
Адамдарға амал дәптерін, істеген істеріне байланысты әр түрлі дәрежеде береді. Біріне оң жағынан оң қолына (не алдынан) берсе, енді біріне сол жағынан сол қолына (не артынан). береді. Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай дейді: «Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе. Сонда ол дереу жеңіл есеппен есептеледі. Ол үй-ішіне қуанып қайтады. Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе. Сонда ол дереу өлім шақырады. Қайнаған тозаққа түседі» («Іншиқақ» сүресі 7-12 аяттар)
6 - Сират көпірі.2
Барлық сұрақ-жауап өткен соң, адамдардың ісі таразыланған соң және амал дәптерлері беріліп тағдырлар шешілген соң адамдар не жәннәтқа, не тозаққа жіберіледі. Сол жолда барлық адам тозақтың үстінен тартылған сират көпірінен өтеді. Сол көпірдің үстінен өткенде тозаққа баратындар отқа құлайды да онда оларды жаза күтеді. Жаннаттық болғандар да, Аллаһ Тағаланың оларды қандай азаптан құтқарғанын көрсету үшін және имансыздарды қандай азап күтіп тұрғанын білдіру үшін сол оттың үстінен өткізеді. Аллаһ Тағала былай дейді: «Сендерден тозаққа келмейтін (сираттан өтпейтін) ешкім болмайды. (Бұл) Раббыңа тұжырымды міндетті бір үкім. Соңыра тақуа болғандарды құтқарамыз да залымдарды тозаққа жүгіндіріп қоямыз». («Марйам» сүресі, 70-71 аяттар)
Хузейфаның жеткізуімен, р.а., ол Пайғамбардың, с.ғ.с., былай деп айтқанын естіген: «Сираттың екі шетінде ілгіштер ілінеді, олар өздеріне әмір берілгендерді ұстай бастайды. Кімдерді сол ілгіштер тырнаса ғана олар құтылады да, ал ұстап алғандары тозаққа тасталынады» Муслим риуаяты бойнша.
Әбу Сағид әл-Худридің жеткізуі бойнша, оған Аллаһтың ризалығы болсын, ол Пайғамбардың, с.ғ.с., сират көпірі жайлы айтып жатқанда, одан ол неғылған көпір деп сұрағандарға ол былай деп жауап бергенін естіген: «Оның үстінде саан өсімдігіне ұқсас тікенектер мен ілгіштер болады. Имандылардың бір бөлігі оның үстінен көзбен қарағандай, бір бөлігі – найзағайдай, бір бөлігі – жел сияқты, бір бөлігі – құс сияқты, бір бөлігі – шапқан ат сияқты жылдам өтеді. Мұсылман баласы құтылады. Ал ілгіштер тырнап ұстағандар тозаққа түседі». Муслим риуаяты бойнша.
7 – Жәннәт және Тозақ.
Басы осы дүниеге шыр етіп түскеннен бастап өмір сүру, өлу, қабір өмірі, тірілу, жиналу, есеп беру сияқты бөліктерден тұратын ұзын саяхаттың аяғы не Жәннәт, не Тозақ болып екеуінің бірімен аяқталады. Бұл екеуінен басқа барар жер жоқ. Осы дүниеде тура жолмен жүрген мұсылман баласы Аллаһтың рахымымен Жәннәтқа кіреді. Олар жайлы Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс жасағандар, міне солар жаратылғандардың жақсысы. Олардың Раббылырының қасындағы сыйлықтары, астарынан өзендер ағатын Ғадын жәннәттары. Олар онда мәңгі қалады. Аллаһ олардан разы, олар Аллаһтан разы. Осы сыйлық Раббысынан қорыққан кісі үшін» («Бәййнә» сүресі, 7-8 аяттар) Ал Аллаһқа иман келтірмеген, Аллаһқа қарсы шыққан, адасқан қауым тозаққа барады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Расында, Аллаһ кәпірлерге лағнет етті. Және оларға жалындаған тозақ әзірледі. Олар онда мәңгі қалады. Не дос, не көмекші таба алмайды. Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: "Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа бой ұсынып, пайғамбарына көнген болсақ еді" – дейді» («Әхзап» сүресі, 64-66 аяттяр)
Жәннәт және оның тұрғындарының суреттемесі.1
Алла Тағала былай дейді: «Раббының хұзырынан шығудан корыққан кісіге екі бейіш бар. Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер? Екеуі де түрлі жемісті. Ендеше раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер? Ол екеуінде ағатын екі бұлақ бар. Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер? Ол екеуінде жемістер қос-қосымен. Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсңдер? Олар астары қалың жібек төсектерге сүйеніп отырады. Екі бақшаның жемістері жақын тұрады. Ендеше Раббыларыңның қай ныметтерін өтірік дейсіңдер? Бейіштерде өз ерлеріне телмірген сондай-ақ өздеріне олардан бұрын адамдар да жындар да соқтықпаған жұбайлар бар. Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер? Ол жұбайлар яқұт, маржан сияқты. Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер? Жақсылық сыйлығы жақсылық қана. («Рахман» сүресі, 46-60 аяттар) «Сөссіз тақуалар бақшаларда және бастауларда болады. Жәннәтқа амандықпен кіріңдер. Олардың жүректеріндегі кекті шығардық, туыс болып, тақтардың үстінде бір-біріне қарсы отырды. Жәннәтта олар шаршамайды да одан шығарылмайды. (Мұхаммад,) құлдарыма хабар бер. Күдіксіз Мен Жарылқаушы, Мейірімдімін». («Хыжыр», 46-49)
Әбу Хурайраның, р.а., жеткізуімен ол Аллаһтың елшісінің, с.ғ.с., былай деп айтқанын естіген: «Бірінші топ болып Жәннәтқа кіретіндер (жарық түндегі) толған ай секілді болады, Сосын олардың артынан ергендер кіреді, сонда олар көктегі ең жарық планетадай болады. Олар не зәр шығарушы, не іш босатушы, не сіңбіруші болмайды, тарақтары алтыннан болады, терлері мускустай жұпар иісті болады, хош иісті бөлмерінде игілікті ағаш алоэ (мүңкіп) жанатын болады, олардың әйелдері үлкен көзді хор қыздары болады, түрлері жағынан олар ұқсас болады, өйткені бейнелерімен олар әкелері Адамға ұқсас болады, сондай-ақ олардың бойлары алпыс білек болады». Әл-Бухари, Муслим.
Әбу Хурайраның, р.а., жеткізуімен ол Аллаһтың елшісінің, с.ғ.с., былай деп айтқанын естіген: «Расында, Жәннәттағы садақтай жер, күннің шығатынының (бататынының) бәрінен артық!» Әл-Бухари, Муслим.2
Сухайб, р.а., жеткізуімен ол Аллаһтың елшісінің, с.ғ.с., былай деп айтқанын жеткізді: «Жәннәт тұрғындары Жәннәтқа кірген кездерінде Мейірімді Аллаһ Тағала: «Сендерге тағы бір нәрсе беруімді қалайсыңдар ма?», - деп сұрайды. Олар: «Сен біздің жүзімізді ағарттың емес пе? Сен бізді Жәннәтқа кіргізіп Оттан құтқардың емес пе?!», - дейді. Осыдан кейін Аллаһ пердені алады да, сонда Оның барлық бергендерінің ішіндегі олар үшін ең қымбаты Олардың Раббыларына қарауы болады». Муслим.
Тозақ және Тозақ тұрғындарының суреттемесі.
Аллаһ Тағала былай дейді: «Я, осы! Ал расында азғындар үшін жаман орын бар. Олардың кірер жерлері тозақ. Сонда нендей жаман орын; Я, осы! Енді олар, қайнар су, ірің татсын! Тағы басқа осы сияқтылардың неше түрлісі бар». («Сад» сүресі, 55-58 аяттар) «Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты татулары үшін, оны басқа терілерге ауыстырамыз. Шексіз Аллаһ тым үстем хикмет иесі». («Ниса» сүресі, 56 аят)
Сонымен, хадистер мен Құран аяттарына жүгінетін болсақ, Жәннәт пен Тозақтың ешбір серік нәрсесі жоқ. Жәннәт Аллаһтың Өзіне бой ұсынған, яғни бағынған құлдарына көрсететін рахымы болса, ал тозақ ол Аллаһтың Өзіне қарсы келген, яғни бағынбаған құлдарына жазалайтын орын болып табылады. Жәннәт адам баласының көзі көрмеген және құлағы естімеген, керек десеңіз ойына да ала алмайтын, шаршамайтын мәңгілік рахат орын болса. Ал тозақ, еш уақытта демалуы жоқ мәңгілік өкініш, қайғы, қорлық азап орны болып табылады.
Иә Раббым Аллаһ, егер Саған құлың Өзіңе қол жайып сұраса, Сен оның қолын бос қайтармайсың және сұрағанын Берушісің. Иә Раббым Аллаһ, Өзіңнен қолымызды жайып Өзіңнің Жәннәтіңді сұраймыз, Өзіңе Өзіңнің Тозағыңнан, қабір азабынан, сыйынамыз, пана іздейміз! Пайғамбарымыз Мұхаммадқа Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Серігі жоқ Аллаһ Тағалаға мақтаулар болсын! Амин.
Пайғамбардың, с.ғ.с., шапағаты, яғни болысуы.1
Әбу Хурайраның, р.а., жеткізуімен:
Бірде біз Аллаһтың елшісімен, с.ғ.с., бірге қонақта болған кезімізде оған оның сүйетін (тамағы), қойдың жауырынын берді, сонда Пайғамбар, с.ғ.с., былай деді: «Мен Ахіретте барлық адамдардың басшысы боламын. Сендер бұның себебін білесіңдер ме? Өйткені Аллаһ алғашқылар мен соңғыларды бәрін бір төбенің басына жинайды, ал сонда төбеде тұрған олардың бәрін көріп, ал жаршының айқайын бәрі ести алатындай болады. Сонда оларға күн жақындатылып оларды қайғы мен қасырет қинағаны сонша олардың күштері құрып, шыдамдары таусылып бір-біріне: «Сендер қандай жағадайға жеткендеріңді көрмейсіңдер ме? Сендер өздерің үшін кім болысатын шапағатшыны іздемейсіңдер ме?», - дей бастайды. Сонда бір адамдар басқаларына: «Сендердің әкелерің – Адам!» Солай адамдар оған барып: «Иә Адам, сен – адамдардың әкесісің, Аллаһ сені өзінің қолымен жаратты және саған өзінің рухынан үрледі, сондай-ақ Оның әмірімен олар сенің алдыңда сәжде жасады және Ол сені Жәннәтта орналастырды, сондықтан біз үшін өзіңнің Раббыңның алдында болысып шапағат жасамайсың ба! Сен біздің қандай күйге жетіп, қандай жағдайда тұрғанымызды көрмейсің бе?!», - дейді. Сонда Адам: «Расында, бүгін менің Раббымның ашуланғаны соншалық, Ол бұдан бұрын бұлай ашуланған емес және бұдан кейін де бұлай ашуланушы болмайды, сондай-ақ, расында, Ол маған ол ағаштың жемісін жеуге тыйым салды, ал мен болсам оның айтқанын орындамадым! Мен өзім, мен өзім қорғанға мұқтажбын, ал сендер болсаңдар Нұхқа барыңдар!», - дейді. Солай олар Нұхқа келіп: «Иә Нұх, сен жердегі Аллаһтың ең бірінші елшісісің, сондай-ақ Аллаһ сені игілікті құлым деп атады. Сен біздің қандай күйге жетіп, қандай жағдайда тұрғанымызды көрмейсің бе?! Біз үшін өзіңнің Раббыңның алдында болысып шапағат жасамайсың ба!», - дейді. Сонда ол: «Расында, бүгін менің Ұлы да Құдіретті Раббымның ашуланғаны соншалық, Ол бұдан бұрын бұлай ашуланған емес және бұдан кейін де бұлай ашуланушы болмайды, сондай-ақ, расында, менің жердегі өмірімде Аллаһқа бір дұға айтуыма рұқсат берілген болатын, мен сол дұғаны өзімнің халқым үшін жасап қойдым. Мен өзім, мен өзім қорғанға мұқтажбын, ал сендер болсаңдар менен басқаға Ибраһимге барыңдар!», - дейді. Сонымен олар Ибраһимге келіп. «Иә Ибраһим, сен – Аллаһтың2 пайғамбарысың және Оның Жер тұрғындарының арасындағы досысың, біз үшін Раббыңның алдында болысып шапағатшы болсайшы! Сен біздің қандай жағадайда тұрғанымызды көріп тұрған жоқсың ба?!», - дейді. Сонда ол оларға: «Расында, бүгін менің Раббымның ашуланғаны соншалық, Ол бұдан бұрын бұлай ашуланған емес және бұдан кейін де бұлай ашуланушы болмайды, мен жайлы айтатын болсақ мен үш рет шындықты айтпадым! Мен өзім, мен өзім қорғанға мұқтажбын, ал сендер болсаңдар Мұсаға барыңдар!», - дейді. Сонымен олар Мұсаға барып: «Иә Мұса, сен – Аллаһтың елшісісің, сондай-ақ Аллаһ сенімен Өзінің жолдауын ұстатып және сенімен сөйлесіп, сені басқалардан гөрі жоғары бағалады, біз үшін Раббыңның алдында болысып шапағатшы бол! Сен біздің қандай күйде тұрғанымызды көрмейсің бе?!», - дейді. Сонда ол: «Расында, бүгін менің Раббымның ашуланғаны соншалық, Ол бұдан бұрын бұлай ашуланған емес және бұдан кейін де бұлай ашуланушы болмайды, ал мен жайлы айтатын болсақ, мен маған әмір етілмеген адамды өлтірдім! Мен өзім, мен өзім қорғанға мұқтажбын, ал сендер менен басқаға Исаға барыңдар!», - дейді. Сонымен олар Исаға келіп: «Сен Аллаһтың елшісі әрі Оның Мәриәмға сыйлаған сөзісің және Оның рухысың, сондай-ақ сен адамдармен бесікте жатқан кезіңде-ақ сөйлестің, біз үшін Раббыңның алдында болысып шапағат жасасайшы! Сен біздің қандай күйге жеткенімізді көрмейсің бе?!», - дейді. Сонда Иса: «Расында, бүгін менің Раббымның ашуланғаны соншалық, Ол бұдан бұрын бұлай ашуланған емес және бұдан кейін де бұлай ашуланушы болмайды!», - дейді де, бірақ өзінің ешқандай күнәләрі жайлы айтпастан: «Мен өзім, мен өзім қорғанға мұқтажбын, ал сендер болсаңдар менен басқаға, Мұхаммадқа, с.ғ.с., барыңдар», - деді.
Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Пайғамбардың, с.ғ.с., былай дегені келтіріледі: 1
Сонымен олар маған келіп: «Иә Мұхаммад, сен – Аллаһтың елшісісің және пайғамбарлардың соңысың, ал Аллаһ болса сенің өткен және болашақ күнәләрәңнің бәрін кешірді, біз үшін өзіңнің Раббыңның алдында болысып шапағатшы болсайшы! Сен біздің қандай күйде тұрғанымызды көрмейсің бе?», - дейді. Сонда мен Аллаһтың Күрсісінің етегінің жанына барып Раббымның алдында сәждеге құлаймын, сосын ол маған бұрын соңды ешкімге ашпаған мақтау мен мадақтау сөздерін ашады, сосын маған: «Иә Мұхаммад, басыңды көтер! Сұра, сұрағаның беріледі, шапағатшы бол, сенің шапағатың қабылданады!», - делінеді. Сонда мен басымды көтеріп: «Менің үмметім, иә Раббым, менің үмметім, иә Раббым, менің үмметім, иә Раббым!», - деймін. Сонда маған: «Иә Мұхаммад, үмметіңнен есептен босатылғандарды Жәннәттің оң қақпасынан кіргіз, бірақта олар адамдармен бірге басқа қақпалардан да кіре алады!», - делінеді.
Сосын Аллаһтың елшісі, с.ғ.с., былай деді:
Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, расында, жәннәт қақпаларының екі жармасының арасы Мекке мен Хаджардың (не:... Мекке мен Бусраның) арасындай! Әл-Бухари, Муслим.
Ал енді бізге шапағат жайлы осы хадистен артық қандай ілім керек. Бізге осындай ілімді жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірліктер айтамыз. Алла Тағаладан, Пайғамбарды, с.ғ.с., бізге шапағатшы етуін сұраймыз. Мұхаммадқа Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Бүкіл Әлемнің Раббы Аллаһқа мақтаулар болсын. Әмин.
ТАҒДЫРҒА ИМАН
Барлық жақсылық пен жамандық Аллаһ
тарапынан жазмыш екендігіне сену.
Тағдыр дегеніміз – ол Аллаһ Тағаланың барлық Өзінің жаратқандарына, яғни бүкіл Әлемге және сол әлемдегі бүкіл тіршілікке олардың не істеп, не қоятынын алдын-ала біліп оларды жазып қоюын айтамыз.
Тағдырға иман келтіру келесі мәселелерді қамтиды:
1. Аллаһ Тағала барлық нәрсені жалпылама да, егжей-тегжейлі де алдын ала, мәңгі біледі.
2. Соны Аллаһ Тағала ләухул-махфузға жазып қойғандығына сену. Бұл жөнінде Алла Тағала былай дейді: «Аллаһтың жер көктегі нәрселерді білетінін білмейсің бе? Шексіз бұлар кітапта жазулы. Күдіксіз бұл Аллаһқа оңай». («Хаж», 70 аят)
3. Барлық болатын нәрселер Аллаһтың қалауымен ғана болады деп сену. Аллаһ Тағала былай дейді: «Аллаһ сендерді де жасаған нәрселеріңді де жаратты» («Сәффат» сүресі, 96 аят)
Аллаһ, адам баласына талғам еркін берген. Қалағанын істеуде ерікті. Сондықтан адамдар барлық істегеніне жауапкер болады. Еңбек ететін және табысқа қол жеткізетін кісінің өзі. Бірақ оны, жаратқан Аллаһ. Аллаһтың бар нәрсені ежелден біліп отыруы біздің бір істі ерікті түрде істеуімізге кедергі болмайды. Аллаһ Тағала біздің өз қалауымызбен қалай әрекет ететіндігімізді біледі. Қалағанымызды істей алуымыз үшін бізге ерік берген. Әр істен нәтиже алу үшін, қолдан келген қажетті жұмыстарды істегеннен басқа, істейтін іс қалмағаннан кейін, істі, Аллаһқа тапсыру, Аллаһқа бел байлау керек. Міне бұны дінімізде "Тәуекел" дейді.
Бір хадисте Убада өзінің баласына былай дегені айтылады: «Балам, сенің басыңнан өткен барлық істің болмауының мүмкін еместігін және болмаған істің болуының мүмкін еместігін түсінбейінше, сен еш уақытта діннің (тәтті) дәмін тата алмайсың. Мен Пайғамбардың, с.ғ.с., былай деп айтқанын естідім: "Аллаһтың ең бірінші жаратқаны Қалам болды. Сосын Ол оған: «Жаз!», – деп әмір берді. Қалам: «Не жазайын?» – деп сұрады. Аллаһ Тағала: «Ахырет күніне дейін бәрін жаз», – деді." Балам, мен сондай-ақ Пайғамбардың, с.ғ.с.: "Кімде-кім осындай сеніммен2 өлмесе, ол менен емес", - дегенін естідім. Әбу Дауд риуаяты бойнша.
Тағдыр негізінен біз үшін ғайып. Оны адам баласы зерттеп түбіне жете алмайды. Жоғарыда келтірілген хадиске сүйенетін болсақ тағдырға иман, мұсылман баласы үшін екі нәрсе үшін ауадай қажет. Олар:
-
Болған іске өкінбеу, яғни болған нәрсенің болмауы мүмкін
еместігіне сенім;
2) Болашақ үшін уайымдамау, яғни болатын нәрсенің де болмай қалуы мумкін еместігіне сенім;
Осы екеуін жақсы түсінген адам – сол бақытты адам деп ойлаймыз. Ал бәрін білуші бір Аллаһ Тағала ғана.
КҮПІРЛІК - имансыздық жайлы.
Жоғарыда айтылған иманның біріне, не бәріне, не біреуінің ішіндегі тармақтарының біріне сенбеу, не дұрыс емес деу, не болмаса осы күні ол өзгерді деу - имансыздық, яғни күпірлік болып табылады. Күпірлік те серік қосу секілді бірінші тоаптығы және екінші опағы болып екі түрге бөлінеді.
Бірінші топтағы күпірлік пен екінші топтағы күпірліктің де бір-бірінен айырмашылығы бірінші топтағы серік қосу мен екінші топтағы серік қосудың айырмашылығы сияқты, бірінші топтағы күпірлік жасаған адам діннен шығыды, бүкіл жасаған амалдарын күйдіреді және бірінші топтағы күпірлікті жасаған адам өлгенінше тәубеге келіп Аллаһ Тағала мейірімімен кешірмесе олар Жәннәтқа кірмейді. Ал екінші топтағы күпірлік үлкен күнәләрдің бірі болып табылады, бірақ оны жасаған адам діннен шықпайды, екінші топтағы күпірлік жасаған адмның тек қана сол екінші топтағы күпірлік жасаған амалы ғана қабыл емес, және екінші топтағы күпірлік иелерін Аллаһ Тағала тәубесіз де кешіруі мүмкін, ал тозаққа түссе де онда мәңгілік болады деп те айта алмаймыз.
Бірінші топтағы күпірлік.
Бірінші топтағы күпірліктің өзін үшке бөлуге болады: 1
1. Пайғамбарға, с.ғ.с., түсірілгеннің біреуін не болмаса бәрін теріске шығару жатады. Мысалы, парыздардың бірін теріске шығару, тыйым салынған нәрселердің бірін теріске шығару, не болмаса Құранда және хадистерде айтылып кеткен Аллаһтың сипаттарының не есімдерінің бірін теріске шығарса бірінші топтағы күпірлік болып табылады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Аллаһқа жасанды жала жапқаннан немесе келген шындыққа қарсы болғаннан залым бар ма? Кәпірлердің орны тозақ емес пе?» («ҒанкӘбут» сүресі, 68 аят) «Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра зұлымдық, менмендікпен қарсы шықты...» («Нәміл» сүресі, 14 аят) «Самүдтің азғындары өтіріксінді» («Шаміс» сүресі, 11 аят)
Бұған мысал ретінде, егер адам ораза ұстау парыз емес десе, не болмаса намаз оқу парыз емес, не болмаса күніне бес уақыттың орнына екі рет намаз оқу парыз десе. Не болмаса адам, Аллаһ Тағаланы мойындаймын, бірақ Ол бәрін көріп тұруы мүкін емес, деп Аллаһтың бір сипатын мойындамаса, бұл да күпірлікке жатады. Және бұған періштелер жоқ, не болмаса Ақыр заман болмайды деген сияқты сенімдер жатады. Әрине бұлар күпірліктің үлкен түрі.
2. Такаппарлықтан мойындамау, яғни қарсы шығу. Бұған Шайтанның (Ібілістің) күпірлігі жатады. Алла Тағала айтады: «Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар», – дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды». («Бақара» сүресі, 34 аят)
Бұған Пайғамбардың пайғамбар екенін біліп, бірақ оған көкіректіктен бағынбағандар жатады, бұл яһудилерге тән. Олар туралы Аллаһ Тағала былай деді: «Олардың қасындағы Тауратты растаушы Құран келген шақта, олар бұрын (ақыр заман пайғамбары арқылы кәпірлерге) үстемдік тілеген бола тұра өздеріне Тауратта таныған (Мұхаммад с.ғ.с..) келген заманда (ол яһуди емес басқа ұлттан деп) қарсы шықты. Қарсы болушыларға Аллаһтың лағінеті болсын». («Бақара» сүресі, 89 аят) 2
3. Иманнан бұлтару, ауытқу. Бұл иманды біле тұра оны жүрегімен сіңірмей одан бұлтарып, орындамаса. Аллаһ Тағала былай дейді: «Раббыңның аяттары арқылы үгіт берілгеннен кейін олардан бет бұрғаннан кім залымырақ? Әрине күнәһарлардың лайықты жазасын береміз» («Сәжде» сүресі, 22 аят)
Бұған жай мысал келтіретін болсақ, егер адам айтса: «Менің жүрегім таза, дін ең бастысы ақ болу, таза болу мен онсызда көңілім ақ намаз оқымасам да болады» – десе, онда ол күпірлік жасады, неге десеңіз ол Аллаһтың орында дегенін, яғни бір парызын орындамаса да болады деп, бұлтарып не теріске шығарып тұр. Не болмаса адам: «Аллаһ Тағала, арақты бұзақылық жасамас үшін ішпе деді, ал мен болсам арақты ішіп алып тып-тыныш ешкімге зияным тимей отырамын, олай арақ ішсе болады», - десе, ол да күпірлік болады, діннен шығады. Біз Аллаһ Тағаланың тыйым салған нәрсесін, тыйым деп санаймыз. Егер Аллаһ Тағала бізге шәйді ішпеңдер десе еді, біз шәйді де ішпес едік, бірақ Аллаһ бізге шәйға тыйым салған жоқ, араққа тыйым салды, сондықтан арақ ішу – харам. Оның ар жағын, яғни неге, қалай, не үшін оларды біз зерттемейміз.
Екінші топтағы күпірлік.
Шариғатта күпірлікке теңестірілген, кунәләрдің үлкенін, бірақ бірінші топтағы күпірлікке кірмейтін түрін, екінші топтағы күпірлік дейді. Мысалы, Пайғамбар, с.ғ.с., былай деген: «Мұсылманды балағаттау арсыздық болады, ал мұсылманмен соғысу – күпірлік» әл-Бухари және Муслим риуаяты бойнша, ибн Масғұдтың жеткізуімен. «Мен өлген соң бір-бірінің басын шапқан кәпірлерден болмаңдар» әл-Бухари және Муслим ибн Омардың жеткізуімен. «Егер адам өзінің бауырына: «Иә кәпір!» дейтін болса -, әлбетте бұл (кәпірлік) екеуінің біреуіне қайтып келеді (яғни тиеді)» имам Муслим, әл-Бухари Омардың айтуымен риуаят еткен. «Менің үмметімнен екеуі күпірлікке кірді олар: біреуді шыққан тегіне байланысты жәбірлеген адам және өлген адамға (шектен шығып) жоқтап жылау (шашын жұлу, айқайлау, тырнау т.б.)». Муслим риуаяты бойнша.
Құрамында күпірлік бар сөздер жайлы:
«Алтын көрсе періште жолдан таяды», деп айту иманға қарсы сөз болып саналады. Аллаһ Тағала періштені нұрдан жаратқан. Олар тамаққа, киімге, әйелге немесе еркекке мұқтаж емес. Сондықтан олар үшін тас не, алтын не бәрі бір. Және де оларды Аллаһ Тағала күнә істеуден пәк етіп жаратқан. Періштелердің осы сипаттарына иман келтіру иманның шарттарының бірі болып табылады. Демек, бұған қарсы жоғарыдағы сөзді айту иманға қарсы келу, яғни күпірлік болып табылады. 1
«Мың күндік Жәннәттан, бір күндік жарық дүние артық», деп айту жатады. Бұл сөздерді айтқан адам Құранға қарсы шығады және Ақырет күніне қарсы шығады. Олай дейтініміз Құранда Аллаһ Тағала Жәннәтті бұл дүниеден өте көп есе артық, дейді. Ал Ақырет күніне иман келтірудің бір тармағы, ол Жәннттің бұ дүниеден анағұрлым жақсы екендігіне иман келтіру жатады. Демек жоғарыдағы айтылған сөзді айту иманға қарсы келу, яғни күпірлік болып табылады.
«Ұра берсе Шайтан да өледі», деп айту да жақсы сөз емес. Біз бәріміз әрине лағынетті Шайтанды жақтырмаймыз, бірақ Құранда Аллаһ Тағаланың белгілі уақытқа дейін оған өмір бергендігі айтылады, сондықтан оны сол уақытына жеткенше өлтіру мүмкін емес. Ал егер бұған біреу сенбесе ол Құранға иман келтірмеген болып табылады. Ал иманның шарттарының бірі болған Құранға иман келтірмеу ол иманға қарсы келу, яғни күпірлік болып табылады.
НИФАҚ – екіжүзділік туралы.
Екіжүзділік дегеніміз, ол осы сөздің өзі айтып тұрғанындай - біріне былай, ал екішісіне басқаша көрінгісі келген адамдар. Ал Исламдағы екіжүзділік - ол өзін мұсылмандарға мұсылманмын деп, олардың көзінше шариғаттың барлық амалдарын жасап, ал өзінің жан дүниесі Исламға қарсы адамдарды айтады. Олар туралы Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Олар (өздерінше) Аллаһты және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді. Олардың жүректерінде дерт бар. Сонда Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. Сондай-ақ оларға өтірікшіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар.» («Бақара сүресі, 9-10 аяттар) Екі жүзділік те үлкен және кіші болып екіге бөлінеді.
Бірінші топтағы екіжүзділік.
Бірінші топтағы екіжүзділікке адамның сырт көрінісі мұсылман болып және өзін мұсылманмын деп жариялап, шын мәнінде өздерін мұсылман санамайтын адамдар жатады. Олар кәпірліктің ең үлкен түрі болып тозақтың ең төменгі орнынан орын алады. Олар жөнінде Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Негізінен мүнафиқтар (екі жүзділер) тозақтың ең төменгі қабатында болады. Әрі оларға ешбір жәрдемші таба алмайсың». («Ниса» сүресі, 145 аят)
Екінші топтағы екіжүзділік.
Екінші оптағы екіжүзділік те екінші топтағы күпірлік секілді күнәләрдің бірі болып, бірақ оны жасаған адам діннен шықпайды және Аллаһ Тағаланың тәубесіз де кешіруі мүмкін күнәләрінің қатарына жатады. Бұған мысал ретінде Пайғамбардың, с.ғ.с., келесі айтқан хадистерін келтіруге болады: «Екі жүзді адамды үш түрлі белгісімен айыруға болады олар: "Ол бір нәрсе айтса - өтірік айтады, бір нәрсе уәде етсе – уәдесін орындамайды және оған бір нәрсе аманат етілсе – оған опасыздық жасайды» әл-Бухари, Муслим Әбу Хурайраның жеткізуімен.
«Нағыз мунафиқты (екі жүздіні) төрт түрлі сипатымен айыруға болады. Егер адамда осы сипаттардың бірі болса, онда ол адамда екі жүзділіктің бір белгісі болады. Төртеуімен ерекшеленетіндер олар, егер оған сеніп тапсырылса (аманат) - опасыздық етеді, әңгіме айтса - өтірік айтады, егер келіссе - сатқындық жасайды, егер жауласса - шектен шығып жауласады –» әл-Бухари мен Муслим бин Амр арқылы жеткізеді.
Дінге жаңалық енгізудің зияны жайлы.
Айша анамыздың, р.а., жеткізуімен ол Аллаһтың елшісінің, с.ғ.с., былай деп айтқанын естіген: «Біздің іске2 қатысы жоқ амалды кіргізгеннің амалы қайтарылады3». Әл-Бухари, Муслим.
Бұд хадистің Муслим келтірген басқа бір нұсқасында былай делінеді:
«Біздің іске сәйкес келмейтін кез келгеннің амалы, қайтарылады».
Бұл жердегі «Жаңалық енгізу» сөзі, дін мәселесінде жаңадан бір нәрсені ойлап тӘбуды білдіреді.
Муслимнің «Сахихінде» Жәбірдің жеткізуімен, р.а., Пайғамбардың, с.ғ.с., былай деп айтқаны келтіріледі: «Содан соң, расында, ең жақсы сөздер болып Аллаһтың Кітабы саналады, жақсы басшылық – ол Мұхаммадтың басшылығы, амалдардың ең жаманы болып жаңадан ойлап табылған амалдар болып табылады, ал барлық жаңадан енгізу адасу болып табылады!»
Өткен ғалымдардың айтуы бойынша, дінге жаңалық енгізген адам, Пайғамбар, с.ғ.с., үмметіне діндегі кейбір мәселелерді жеткізбеді, ал мен болсам оларды толықтырамын, деп өзін пайғамбар дәрежесіне көтергенмен тең болады, дейді. Ал мұндай көз қарас Құран мен Пайғамбардың, с.ғ.с. сүннетіне қарсы келу болып саналады. Аллаһ Тағала Өзінің кітабы Құранда былай деді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым...» («Мәида» сүресі, 3 аят.)
Дінге жаңалық енгізудегі қатерлердің бірі, жаңалық енгізіп жатқан адам өзінің қателігін мойындамай, өзінің ісін дұрыс және тура жол санауында. Ал, расында тура жолдағы адам біріншіден Құран мен Пайғамбардың, с.ғ.с., жолынан ауытқымаушы және дінге жаңалық енгізбеуші адам болса ал екінші жағынан өзінің нәпсісін жеңіп, діннің бүкіл бұйрықтарын бұлжыттпай орындаушы адам болып табылады.
Әбу Хурайраның, р.а., жеткізуімен ол Аллаһтың елшісінің, с.ғ.с., былай деп айтқанын естіген: «Расында, бұл дін оңай, бірақ кімде-кім онымен жарысатын болса, онда дін оны сөссіз жеңеді, сондықтан дұрысын ұстаныңдар да (дінге неғұрлым) жақындаңдар, қуаныңдар да Аллаһтан таңертең, түсте, кешке және түннің бір бөлігінде көмек сұраңдар». Әл-Бухари.
Бұл хадистің басқа бір нұсқасында былай делінеді:1
… сондықтан дұрысын ұстаныңдар да (дінге неғұрлым) жақындаңдар, қуаныңдар да Аллаһтан таңертең, түсте, кешке және түннің бір бөлігінде көмек сұраңдар, сонда көздеген мақсаттарыңа жетесіңдер.
Аллаһтың елшісінің, с.ғ.с., «..онда дін сендерді сөссіз жеңеді...», дегені, Аллаһ Тағала Өзі жаратқан адам баласының шама шарқын жақсы біледі, Ол дінді адамның сол шама шарқына сай етіп түсірді. Оны дұрыс түсініп ұстанған адам үшін, ол адамға қуат беріп, оны көздеген мақсаты Жәннәтқа жеңіл әрі қуандырып жетелейді. Ал адам баласы діннің бұйырмаған нәрсесінен артық амалдар жасаймын деп, яғни жаңалықтар енгізіп онымен жарысатын болса, онда адам соңында қажып, істеген ісі оған қуаныш әкелмей керісінше реніш әкеледі. Сондықтан Аллаһтың елшісі, с.ғ.с.: «…дұрысын ұстаныңдар да (дінге неғұрлым) жақындаңдар, қуаныңдар да Аллаһтан таңертең, түсте, кешке және түннің бір бөлігінде көмек сұраңдар, сонда көздеген мақсаттарыңа жетесіңдер», - дейді. Ал бәрін білуші бір Аллаһ ғана.
Жаңалық енгізгеннің қатерлі жақтарының бірі, әр-бір жаңалықтар енгізу имансыз бен исламның жаулары үшін дінді іштей бұзуға кең мүмкіншілік береді, өйткені жаңалықтар исламның негіздеріне қайшы келеді. Сондай-ақ жаңалық енгізулер, шариғатты өзінің қосқандары мен ойлап тапқандарына мұқтаж, деп ойлайтын әрбір ақылсызға жол ашып шариғатқа нұқсан келтіреді, ал ол болса өзін сауапты істер істеп, шариғатқа пайдамды тигізіп жатырмын, деп ойлайды.
Дін амалдарының қалай жасалу керектігі, сондай-ақ амалға берілетін сауаб жайлы мағлұматты Аллаһ біледі, одан кейін Оның елшісі, Аллаһтың білдіргендерінен біледі. Сондықтан, кімде-кім Құранда және Пайғамбардың, с.ғ.с., сүннетінде жоқ амалдарды орындайтын болса, демек ол адам ғайып мәселесіндегі істермен шұғылданып жатыр, өйткені қандай істе сауб бар екендігі жайлы және ол саубтың үлкен кішілігі жайлы біз үшін ғайып болып табылады. Әр бір жаңалық енгізушінің ниетінде ешбір жаман ой болмайды, ол адам керісінше Аллаһ Тағалаға жақындағысы келіп қосымша амалдар жасайды. Бірақ амалдардың қабыл болуының шарттарына біріншісі ниет болса, екіншіден жасалатын амалдың сүннетке сәйкес болуы жатады. Сондықтан сүннетке сәкес келмейтін амалдың, адам баласына әкелетін пйдасы жоқ, пайда тұрмақ адам баласы одан көп зиян табады. Бұған дәлел төмендегі хадис:
Анас, р.а., ол былай деді: «Бірде Пайғамбардың, с.ғ.с., әйелдерінің үйінің жанына, Пайғамбардың, с.ғ.с., қалай құлшылық ететіндігі жайлы сұрап үш адам келді. Оларға оның қалай құлшылық ететіндігі жайлы айтқанда, олар оны аз санап былай деді: “Алдыңғы және өткен күнәләрі кешірілген Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, ілесу бізге қайда”. Содан олардың бірі: “Мен болсам түнімен тынымсыз намаз оқимын”, - деді. Екіншісі: “Ал мен болсам үздіксіз ораза ұстаймын”, - десе, үшіншісі: “Ал мен болсам әйелдерден алшақтап ешқашан үйленбеймін”, – деді. Біраз уақыт өтісімен оларға Аллаһтың елшісі, с.ғ.с., келді де: “Осылай да осылай деген сендер ме? Аллаһтың атымен ант етемін, мен сендерден гөрі Аллаһтан көбірек қорқамын, бырақ мен кейбір күндері ораза ұстаймын да, ал басқа күндері ораза ұстамаймын, мен түнде намаз да оқимын және ұйықтаймын да, және де әйелдермен некелесемін, ал кім менің сүннетіммен жүргісі келмесе, оның маған қатысы жоқ!”, – деді. Әл-Бухари, Муслим.2
Кемшіліктен пәк, Ұлы Аллаһ Тағаладан, жанымызды Өзінің риза болған Ислам дінінде алуын сұраймыз және Оған жаңалықтар енгізуден сыйынамыз. Жаңалықтар енгізуші адамның жаңалығына Аллаһ мұқтаж емес!
* * *
Бұл кітапты құрастыруда қолданылған әдебиеттер: Ә. Дербісәлі «Ислам және заман», М. Естеміров «Дінбасы», У. Алсабеков «Знамения для людей убежденных», М. Исаұлы, Қ. Жолдыбайұлы «Ислам Ғылымхалы», имам ан-Науауи «Тақуалардың бақтары» және «Пайғамбардың қасиеттері».
М А З М Ұ Н Ы:
Иман, Ислам; Ихсан; Қиямет .....................................................................2
Достарыңызбен бөлісу: |